- •050731Мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған
- •Пәннің оқу-әдістемелік материалдары
- •1. Глоссарий
- •Дәрістер
- •Тақырып . Экологияның ғаламдық проблемалары.
- •2.2. Озон қабатының таусылу проблемалары.
- •Экологиялық дағдарыстан шығудың экологиялық – экономикалық стратегиясы.
- •4. Экономиканы экологияландырудың негізгі бағыттары.
- •Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның экономикалық бағалануының бар әдістеріне шолу.
- •Таукен өндірісін ұйымдастыру және минералдық ресурстарды орынды пайдаланудың принциптері
- •Осы заманғы құнды анықтаудың әдісі
- •Дисконтталған таза табысты анықтаудың әдісі
- •Жер ресурстары.
- •Топырақ жамылғысының осы заманғы жағдайы
- •Қазақстанның топырақ жамылғысының және жер ресурстарының сипаттамасы
- •Қр Мемлекеттік жер комитетінің мәліметі
- •Қазақстанның топырақ жамылғысының және жер ресурстарының сипаттамасы
- •Су ресурстарын эконмикалық тұрғыдан бағалау және ұтымды пайдалану
- •Әлемдегi су ресурстары (Калинин мен Быков бойынша)
- •19.Әлем елдерiнiң сумен қамтамасыз етiлуi
- •Қазақстанның су ресурстары.
- •Жер үстi суы сапасының өзгеру сипаттамасы
- •Табиғат ресурстары үшін төлемдер
- •Жер қойнауын пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері
- •Өнімдерді бөлу туралы келісімшарттар
- •3. Семинар сабақтары
- •Тақырып Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті жөніндегі ғылыми тұрғыдағы экология.
- •Тақырып . Экологияның ғаламдық проблемалары.
- •3 Тақырып. Экологиялық дағдарыстан шығудың экологиялық – экономикалық стратегиясы.
- •4 Тақырып. Экономиканы экологияландырудың негізгі бағыттары.
- •5 Тақырып. Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның экономикалық бағалануының бар әдістеріне шолу.
- •6 Тақырып. Таукен өндірісін ұйымдастыру және минералдық ресурстарды орынды пайдаланудың принциптері
- •7 Тақырып. Жер ресурстары.
- •8 Тақырып. Су ресурстарын эконмикалық тұрғыдан бағалау және ұтымды пайдалану
- •9 Тақырып. Табиғат ресурстары үшін төлемдер
- •Студенттердің өздік жұмысы
- •Сөж орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
Дәрістер
тақырып Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті жөніндегі ғылыми тұрғыдағы экология.
Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен проблемалары.
Ғылымының пайда болуы мен дамуы
3. Экология туралы түсінік
Әлемдік экономиканың тоқтаусыз дамуы ғаламдық экологиялық көкейкесті проблемалардың туындауына себеп болып отыр. Жердің шөлге айналуы, орманның құрып кетуі, табиғи қордың сарқылуы, озон қабатының бұзылуы, жылыжай буынның әсері (парник), тұзды жауын, ауыз судың тапшылығы, мұхиттардың ластануы, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына және жердің азуына әкелуде. Жоғарыда аталған осы проблемалар қайткенде де адамзат өркениетінің болашағымен тығыз байланысты.
Тұтастай алғанда табиғат экологиялық проблемаларды білмейді. Егер де, олар кейбір организм топтарында туындай қалса, әдеттегідей эволюциялық бояу жолымен, біршама уақыт аралығында бір түрдің екінші түрге ауысуымен табиғатта білінбестен өте береді. Оларға қарағанда адамдардың экологиялық проблемалары жер шарындағы бар табиғаттың өзекті проблемаларына айналып отыр.
Табиғат пен қоршаған ортаға адамның ХХ ғасырдағы антропогендік әсер етуінің шамасы үлкен болды. Қалыпты биосфераның шегіне жақындап қалды, тіпті кейбір параметрі бойынша асып кетіп жатыр. Әрине, мұның көріністері әртүрлі:
бұзылмаған жер көлемінің күрт азайып кетуі, олардың тозуы, биологиялық табиғатқа жағымсыз әсер етуінің де ұзақ тарихы бар. Бірақ, осылардың барлығы біздің заманымыздағы жағымсыз әрекеттің түрлердің азаюы, биосфераның сандық және сапалық жағынан да кедейленуі;
Тұщы су, топырақ гумусын, биомассаны және өсімдік өнімдерінің орнын толтыруға «мұрша» бермей бәрін алып, тұтынып жатыр;
ХХ ғ. Орны толмайтын минералдық және отындық қорлардың тез азайып, сарқылуға жақындауы өз кезегінде қиын экономикалық проблемаларды тудырып отыр;
Құрамындағы заттар мен материалдар табиғат айналымында еш пайдаға аспайтын шаруашылықтағы қалдықтар ортаны ластайды, экожүйенің бұзылуына әкеліп, адам денсаулығына қауіп төндіреді;
Ортаны реттеп тұратын биосфераның қызметі әлсізденіп, экологиялық тепе – теңдіктің бұзылуына әкеледі.
Жердің геологиялық тарихында өсімдік жабындысының құрғақтығында, құрлықтың ландшафт құрылымында, климат пен атмосфераның химиялық құрамында айтарлықтай өзгерістер бұрындары болып тұрған.
Сондай – ақ, адамның жылдамдығындай болған емес. Бұл ғаламдық экологиялық дағдарыстың есіктен «сығалуы» деген сөз.
Өсіп отырған антропогендік қысымға табиғат бұрын соңды көрмеген экологиялық қауіпті өзгерістермен жауап беруде:
ортаның химиялық және радиациялық ластануының әсерінен мутацияны тездетіп және жаңа биологиялық түрлердің пайда болуына әкеліп отыр. Олардың бейімделуі мен тұрақтылығы өте жоғары, ал кей жағдайда адамға қауіпті қасиеттерге де ие;
микроорганизмдердің, өсімдіктердің немесе жануарлардың жеке түрлеріне таңдап жүріп әсер етуі, олардың табиғи бірлестіктен жойылуы көптеген түрлерді жанап өтетін, экожүйелердің тұрақтылығын бұзып және олардың ішінен көбін бүлінуге әкелетін бақылауға еш келмейтін тізбекті реакцияларға жол ашады.
Ландшафтың антропогендік тұрғыдағы қайта құрылуы мен ортаның ластануы экологиялық апаттар мен экономикалық шығындарға, экологиялық қауіп – қатері жоғары зоналардың пайда болуына әкелетін бақылауға еш келмейтін салдарлары да жоқ емес. Табиғат жауаптарының адам табиғатына тікелей қатысы бар.
Адам өзінің консерваивті биологиялық мәнінің және табиғаттан күн санап өсе түскен өгейсінудің арасындғы қайшылықтардың торында шырмалғандай күй кешуде.Өздері ойлап тапқан технологияны жақсы өмір сүру үшін тұрмыс құралдарын пайдалана отырып, табиғи сұрыптау мен түр аралық бәсекелестіктің қысымынан үлкен дәрежеде құтылып отыр. Ол биологиялық түрлер санынан бірнеше есе асып, биологиялық тұтынуды қанағаттандыру үшін заттар мен қуат (энерги) көздерін пайдалану көлемін ондаған есеге арттырды.
адам санының өсуі олардың биологиялық сапасының артуымен байланысты емес. Керісінше, тұқым қуалайтын аурулардың жұқпалы ауруларға бейімділігі, сондай – ақ егде адамдардың созылмалы арурулары да кең етек алып отыр. Адам экологиясының проблемалары денсаулықтың проблемаларына көп ұқсап келеді.
Адамзат ХХ ғ. өзінің тұтыну өркениетінің шегінде отыр.Экономика екінші қажеттіліктің үлкен санына жабысуының арқасында тұр. Осылардың бәрін қанағаттандыру қоршаған орта мен табиғатымызға артық техногенді салмақ түсіреді.
Адамзаттың экологиялық проблемалары әлеуметтік және экономикалық проблемалармен өте тығыз байланысты. Аймақтық экологияның проблемалары әлеуметтік мүлік теңсіздіктері мен геосаяси сілкіністердің тікелей ошағы болып табылады. Осы проблеманың көпшілігін тек қана экологиялық себептерге ғана емес, сонымен қатар экономика мен қоғамдық идеологиялық саясатқа да байланысты. Қазіргі тандағы экология оларды кешенді түрде зерттеп және шешудің маңызды ғылыми негіздерін енгізуде.
Ғылым ретінде қазіргі тандағы экологияның міндеті: көптеген нақты материалдардың бірегей теориялық платформаға өзар қатынасын барлық қырынан көрсетіп, осы мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, біріктіруі керек.
Қазіргі кезде ғаламшардың экологиялық проблемасын түсіну үшін, эколгияның жаңа идеологиясы мен әдісінамасын жасау үшін табиғатты пайдаланудағы тәжіриебелік істерді, экологиялық білімді дұрыс ұымдастыра білу қажет. Осы күнгі экологияның жалпы міндеттерін ғылыми іс – тәжірибелік жоспарды ауқымды түсінік бойынша төмендегідей қалыптастыруға болады:
ғаламшар табиғаты жағдайының және оның ресурстарының жан – жақты диагностикасы, ортаның ластануы мен адамзат әрекетінен биологиялық қорлардың алынуына себеп адамның ісінен, антропогендік қысымға қатынасы бойынша биосфераның шыдамдылық шамасын анықтау;
биосферасы ең маңызды өнім әлуетінің табиғатын кешенді түрде толығымен қалыпты өзгеруінің, сонымен қатар қоршаған ортаның аймақтық және ғаламдық жай – күйін, аймақтың және адамзаттың толық әлеуметтік дамуының әр түрлі елдердің түрлі сценарийі негізінде болжауын жасау;
табиғатты күштеп бағындыру идеологиясын алшақтау, эксцентризм әдіснамасы мен жаңа идеологияны қалыптастыру, өнеркәсіп өркениетіне өтуге байланысты білімді, саясатты, техниканы, өндірісті, экономиканы экологиялындыруға бағытталған шаралар;
оңтайландыру крийтерийлерін орындау – экологиялық өктемдік пен анағұрлым келісімді тандау мен қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының экологияға қарай бет түзеуі (бағдары);
адамзат қоғамының стратегиялық әрекетінің экономикасы мен технологиясы, табиғат шыдамдылығы шегінің экологиясына сәйкес шаруашылық қызметінің сипаты мен көлемін қалыптастыру ғаламдық экологиялық дағдарысты болдырмайды.
2. Экология ұзақ оқиғадан бұрын өткен ерекшелігіне қарай дербес ғылым ретінде табиғат туралы үлкен ғылыми ілімді жинақтаудың кезеңінен өткен. Ерте дүниедегі пәлсафашылардың еңбектерінен жануарлар мен өсімдіктер дүниесінен, олардың өмір сүру ортасына тәуелділігі мен ауа райының жай – күйін баяндаудың мәліметіне талпыныс жасалғанын аңғарамыз. Мәселен, Аристотель (б.з.д.384 – 382 ж.ж.) жануарлардың өзіне белгілі 500 түрінің мінез – құлқы айтады. «Ботаниканың атасы»Теофраст Эрезейский (б.э.д.372 – 287ж.ж.) өсімдіктердің түрлі жағдайларда ауа райымен топыраққа байланысты өсуінің түрліше болатындығынан мәлімет береді.
Ғасыр ортасына қарай табиғатты зерттеу дінбасылар тарапынан болған қысым нәтижесінде босанси бастаса, Дәуірлеу заманында ұлы жағрапиялық ашылуларымен жаңа қарқын ала бастады. Осы кездері зерттеушілер жануарлар мен өсімдіктердің ішкі және сыртқы құрылыстарын тәптіштеп жаза бастайды.Дж.Рей (1627 – 1705), К.Линней (1707 – 1778) және басқалары толық (жіктеу) жүйені жасауға ұмтылып, өсімдік әлемінің қыр – сырын, жан – жақты зерттеп, мол мағлұматтар жинады.
ХХVII – XVIII ғ.ғ. атақты саяхатшылардың жазбаларында да экология мәліметтері жайында айтылады. С.П.Крашенинников, И.И.Лепехин, П.С.Паллас және басқа табиғат танушылардың еңбектерінде өсімдік пен жануарлардың жер шарының түрлі аудандарында таралуы ауа райының климатына да байланысты,деп тұжырым жасайды.А.Ж.Б.Ламарк (1744 – 1829) эволюциялық ілімінің алғашқы авторы, ол жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясы «сыртқы жағдайдың» әсерінен өзгеріп, бейімделіп отыратындығын тұжырымдайды.
ХІХ ғ.басында биогеография саласындағы экологиялық зерттеулер шыға бастады. А.Гумбольдтің (1769 – 1859) еңбектерінде өсімдіктер жаратылысын танудың экологиялық жаңа бағыты анықталады. Жер ландшафтысына орай өсімдіктердің сыртқы түріне қарай: ұқсас түрлері болады, деп ол ғылымға ұсыныс енгізді.
Мәскеу университетінің профессоры К.Ф.Рульені (1814 – 1858) классикалық экологияның негізін салған адам ретінде атауға болады. Ол жануарлар өмірін жан – жақты зерттеудің зоологиядағы ерекше бағыттың даму қажеттілігін кең түрде насихаттады. Әсіресе жануарлардың қоршаған ортамен өзара байланысының күрделі жақтарына назар аудара білді (аналары мен ұрпақтарының өзара байланысы, түрлі жануарлардың өзара байланысы және өсімдік, топырақ т.б. байланысы). Ол жануарлар дүниесін зерттеудің экологиялық кең жүйесін жасады.
Ч.Дарвиннің «происхождение видов путем естественного отбора, или Сохранение благопритствуемых пород в борьбе за жизнь» кітабында (1859) табиғат аясында өмір сүру үшін күрестің барлық түрлері, олардың өзара қайшылықтары табиғи сұрыптауға алып келеді, яғни бұл эволюция факторының қозғаушысы – деп, автор жазды.
Тірі жәндіктердің өзара қатынасы мен олардың табиғаттың органикалық емес компоненттерімен байланысы («өмір үшін күрес») – зерттеудің үлкен бір саласы.
ХІХ ғ. 70 – жылдарының соңына таман экологияда биоценолгияның жаңа бағыты туындады. Неміс гидробиологі К. Мебиус ортаның белгілі бір жағдайында организмдердің үйлесуі және ұқсас экологиялық жағдайда ол түрлердің бір – біріне бейімделуінің себепшісі болатынын, тарихының ұзақтығын зерттеді. Сонымен қатар, ол биоценоз туралы түсініктің алғашқы негізін салушы болды. Экология ботаникасының жеке саласы өсімдіктер топтамасының ерекшелігі туралы – геоботаника ілімінің негізгі ережесі орман туралы ғылым негізінде Г.Ф.Морозов пен В.Н.Сукачевтің еңбектерінде зерттелді. Жер ландшафтысын танушы ботаник В.Н.Сукачев «биоценоз» терминін 1940 ж. Толықтырып, «биогеоценоз» деп атады.
Гидробиолог, ботаниктар мен экологтардың экологиялық мектебі белгілі бір жақтарымен дамып, ХХғ. Басында эклогия ғыдлымы дамыды.
1913 – 1914 жж. Экологиялық ғылымы қоғамдар құрылып, журналы да ашылып, экология пән ретінде университеттерде оқытыла бастады.
Ағылшын ғалымы Ч.Элтон негізін салған экология саласындағы жаңа – популяция экологиясы (демэкологи) 30 – жылдары қалыптасқанын жария етті.Экологиядағы популяцияны зерттеу (бір түрдің тұтас ерекшелігін) тәжірибеде айтарлықтай сұранымға, атап айтқанда: орман және ауыл шаруашылығында зиянкестермен күрес, бағалы жануарлар тұқымының нашарлауы, жабайы жануарлардың адамға және үй жануарларына түрлі ауру қоздырғыштарын жұқтыруының ашылуы себепші болды.
40 – жылдарға таман экологияда табиғат ортасын зерттеудің принципті жаңа тәсілі туды. 1935ж. Ағылшынның ғалым ботанигі А.Тенсли өздерінің тіршілік ететін ортасыиен кез келген организмнің қалыпты да жүйелі тұтастығының сипаты үшін «экожүйе» түсінігін ұсынды (биотикалық пен абиотикалық). Бұл түсінік өз шеңберінде қатысты үлкен анықтықтан еш айырмасы жоқ. Қай жерде болсын қоршаған ортамен өзара байланыстығы биосферада, тұтас ғаламдық құбылыста тіршіліктің нышаны бар болса кез келген биосфераның кәдімгі қалдығы экожүйе болуы мүмкін.
В.Н.Сукачев биогеоценоз туралы негізді ұсынды. Бұл түсінікте абиотикалық қоршаумен организмдердің тұтастығы мен заңдылығы, барлық тіршілік аталуының негізіне жататын және органикалық емес қоршаған орта заттарының айналымы туралы және олардың энергияға айналуы көрініс береді.
Соғыстан кейінгі 50 – ші жылдардың басында экология қарыштап дами түсті. Көптеген экологиялық зандылықтардың баяндау, математикалық әдіспен модельдеу (үлгілеу) кең түрде енгізіле бастады.Көбею динамикасының мүмкін деген нұсқаларының кең түрдегі суреттері алынып, түрлердің топтана бірлесіп тіршілік етуінің маңызды принциптері қисынға келтірілді. Ал, бұл нәтиженің арқасында егістікті бағдарламалау міндетінің шешіміне негіз болды. Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылық дақылдары сызбасының тиімді есебін жасауға т.б. мүмкіндік берді.
Соңғы 20 жылдың ішінде экология біздің елде секіріс жасап, экожүйені зерттейтін маңызды ғылымның біріне айналды. Адамзат алдында қоршаған ортаны үйлесімді түрде менгеру ісі, тірі табиғаттың элементтерін күрделі жүйе ретінде қарауды талап ететін міндеттер тұр. Бұл күндері экологиялық принциптер және оның теориясы сирек өсімдіктер мен жануарларға, адамға, олардың табиғи өмір сүру жағдайына қолданылуы, жалпы танылып отыр. Экология принциптерін зерттейтің экология саласы адамзат қоғамының қалыпты дамуы үшін өте қажет. Оны қоршаған орта жөніндегі ғылым, - деп орынды айтады.
өкінішке орай, ғасырлар бойы табиғат байлығын пайдалану экология заңдарын білмей жүзеге асырылып келді. Соның салдрынан табиғи қордың сарқылуы мен өмір сүріп отырған ортамызды кең ауқымда ластап отырмыз. Оның зардаптарын адамзат баласы тартып та отыр.
Адамның болашақта және бүгін әдеттегідей өмір сүруіне мүмкіндік үшін шұғыл түрде шаралар қолдану қажет. Осыған орай, экологияда биологиялық және дүниеге деген көзқарастың негізі болуы керек екенін атап өткен жөн. Сол негізге сүйене отырып, адам баласы қоршаған табиғатты сақтап қалу үшін тиісті шаралар қабылдауы қажет.
Жердегі экожүйенің жоғары дәрежелісі. Тіршілік иелері қоныстанған планетаның қабаты – биосфера болып саналады.
Қазіргі мәннің түсінігіне жақын «биосфераны» алғаш рет енгізген австрия геологы Э.Зюсс болатын. Ол өзінің «Происхождения Альп» (1875) кітабында жерден ерекше организм құрайтындай қабықты анықтады. Бүгінгі таңда бұл қабатты белгілеу үшін «биота», «биос», «жанды зат» түсінігі қолданылады.
Академик В.И.Вернадскийдің (1863 – 1945) классикалық «Биосфера» (1926) еңбегінде биосфера туралы ілім ұсынылған.
Ол биосфераны өмірмен қамтылған жердің ерекше қабаты – деп анықтады.
В.И.Вернадский келесі компоненттерді белгілейді:
Тірі зат – барлық тірі организмдердің жиынтығы;
Сірескен зат – жансыз дене немесе құбылыс (атмосфера газы, магма текті тау жынысы, органикалық емес пайда болуы т.б.);
Биотекті заттар – тіршілік әрекетінің өнімдері (топырақ гумусы, тас көмір, торф, мұнай, тақта тас т.б.);
Радиоактивті зат;
Шашыранды атомдар;
Ғарышта пайда болған заттар (ғарыштық тозаң, метеориттер).
В.И.Вернадскийдің көзқарасына байланысты барлық жердің болмысы, жер ландшафты, атмосферасы, судың химиялық құрамы, шөгінділер қалындығының пайда болғаны үшін тірі заттарға (міндетті) қарыздар. өмір – жер мен ғарышты байланыстыратын желі іспетті, ғарыштан келетін энергияны пайдалана отырып, сірескен заттарды өзінен өткізеді де, материалдық әлемнің жаңа түрін жасайды. Сонымен, тірі организмдер топырақты жасап, атмосфераны оттегімен байытады. өзінен кейін бірнеше километр болатын шөгінді жыныстарды, жер қойнауының байлығын қалдырып, жер шарындағы мұхит суларын өздері арқылы бірнеше рет өткізіп отырады.
