Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалық сабақ ОЖЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

№ 3 Практикалық жұмыс

Тақырыбы: Шартты рефлекстердің жасалуы.

Жүйке жүйесі ағзада өте күрделі роль атқарады. Ол қоршаған орта мен ағза арасындағы қарым-қатыныасты реттеп отырады. Орталық жүйке жүйесінің ең басты қызметі рефлекс түрінде атқарылады. Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркенулерге беретін күрделі жауабы. Әрбір рефлекстің өзіне тәне рефлекторлық доғасы болады.

Шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің маңызы қаншалықты зор болғанымен, олар организмнің қалыпты тіршілік етуін өздігінен қамтамасыз ете алмайды, өйткені қоршаған орта жағдайы үнемі өзгеріп отырады. Демек, шартты рефлекстер шартсыз рефлекстердің негізінде өзара байланыс жасай отырып қалыптасады. Шартты рефлекс дегеніміз не? Шартты рефлекс - организмнің тітіркендіргіштерге қайыратын жауап реакциясы. Шартты рефлекстер туа пайда болмайды, олар организм тіршілігінің даму процесінде қалыптасады. Тіршілік ету жағдайының өзгеруіне байланысты шартты рефлекстер уақытша пайда болып, нығайып немесе сөніп отырады.

Егер шарты рефлекстердің пайда болу жағдайы тұрақты болып, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса қалса, онда рефлекс тұқым қуалап, шартсыз рефлекске айналады. Бұл жағдайда организм қосымша жаңа шартсыз рефлекстермен қамтамасыз етіледі. Шартты рефлекстер неғұрлым көп жасалатын болса, организм қоршаған орта жағдайларына соғұрлым оңай беріледі. Шартты рефлекстер - ми сыңарлары қыртысының қызметі. Жоғары сатыдағы жануарлардығ ми сыңарларын алып тастаса, шартты рефлекстер жойылып, шартсыз рефлекстер сақталып қалады. Бірақ, өте күрделі шартсыз рефлекстердің пайда болуына ми сыңарлары қыртысының сақталуы қажет.Шартты рефлекс сақтық ролін атқарады. Ол қауіпті сигнал болған кезде қауіпті жағдайлардан аулақ болуға мүмкіндік туғызады. Сигналдық тітіркенулердің алдын алудың өмір үшін маңызы өте зор.

И.П.Павловтың шәкірттері А.Г.Иванов-Смоленский және Н.И.Красногорский балалардың жоғары нерв әрекетін зерттеп, оларда шартты рефлекстердің тез жасалатынын және ұзақ сақталатынын анықтаған. Балада белгілң бір мінез-құлық дағдылар тез қалыптасып, өмір бойы сақталуы мүмкін. Сондықтан балаларды ерте жастан дұрыс тәрбиелеудің маңызы зор. Егер тамақтану алдында қолдарын жуу, үстелде дұрыс отыру, дұрыс тамақтану сияқты шартты рефлекстер балаларда дұрыс қалыптасса, олар келешекте ондай талаптарды рефлекторлы жолмен автоматты орындайтын болады.

Шартты рефлекстердің жасалу механизмі. Шартты рефлекстің жасалу барысында шартты тітіркену мен шартсыз тітіркенуді қабылдайтын мидағы орталықтардың арасында уақытша нерв байланыстары құрылады яғни И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, "Тұйықталу" жүреді. Уақытша нерв байланысы ми сыңарлары қыртысында екі түрлі қозу ошақтары пайда болғанда ғана қалыптасады. Ол үшін екі түрлі тітіркендіргіш әсер ететіндей болуы тиіс. Мысал үшін итке электр жарығына сілекей бөлу шартты рефлексін жасап көрейік. Иттің алдында тұрған электр шамын жаққан кезде, оның көз рецепторына әсер етіп, қозу, көру нервтері арқылы ми қыртысындағы көру орталығына барды. Осыдан кейін көп кешіктірмей, итке тамақ береді. Тамақ тіл рецепторларына әсер етіп, өозу ми қыртысындағы тамақтану орталығына барады. Сонымен, ми қыртысында екі түрлі қозу ошақтары пайда болады: 1-сі қыртыстың көру аймағында, 2-сі тамақтану орталығында. Тамақтану орталығындағы қозу ошағы күштірек келеді де, ол көру аймағынан қозуды өзіне тартып алады. Егер осындай тәжірибе бірнеше рет қайталанса, онда көру мен тамақтану орталықтарының арасында уақытша нерв байланысы түзіледі. Осындай байланыстың түзілу нәтижесінде жарық тітіркенуіне жаңа тамақтану шартты рефлексі жасалады. Сонда жарық тітіркендіргіш келешекте тамақ бермей-ақ сілекей бөлдіретін сигнал /шартты тітіркендіргіш/ болып табылады. Көру және тамақтану орталықтарына әсер ететін тітіркендіргіштер қайталап әрекет еткенде, жаңа уақытша байланыс күшейіп, тұрақтана бастайды. Пайда болған уақытша байланыс көру аймағынан тамақтану орталығына, бұл жерден эфференттік талшықтар бойымен сілекей бөлу орталығына және сілекей бездеріне импульстердің етуіне мүмкіндік туғызады да, сілекей бөліне бастайды. Шартты рефлекс жасалу үшін, тітіркендіргіштердің күші жеткілікті және ми қыртыстары клеткаларының қозымдылығы жоеғары болғаны жөн. Шартты рефлекстердің жасалу кезінде ми қыртыстарының клеткалары бөгде тітіркендіргіштерден оңаша болғаны дұрыс. Осы айтылған жағдайлар дұрыс орындалса, шартты рефлекстің жасалуы тез болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Рефлекстердің түрлері.

2. Шартсыз рефлекстер.

3. Шартты рефлекстер.

4. Жасалу механизмі.