- •Тақырыбы: ожж-ның құрылым қызмет бірлігі – нейрондар. Синапстар, оның түрлері, қызметі.
- •№ 3 Практикалық жұмыс
- •№ 4 Практикалық жұмыс
- •№ 5 Практикалық жұмыс
- •№ 6 Практикалық жұмыс
- •№ 7 Практикалық жұмыс
- •№ 8 Практикалық жұмыс
- •№ 9 Практикалық жұмыс
- •№ 10 Практикалық жұмыс
- •№ 12 Практикалық жұмыс
- •№ 13 Практикалық жұмыс
- •№ 14 Практикалық жұмыс
- •№ 15 Практикалық жұмыс
- •Бақылау сұрақтары:
№ 5 Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Рефлекстердің тежелу түрлері.
Шартты рефлекстердің тежелуі. Тежелу процесі.Ми қыртыстарында болып жататын процестердің бірі қозу болса, екіншісі тежелу . Осмы екі процесс өзара әрекеттесулерінің нәтижесінде организм сыртқы орта жағдайларының әсерлеріне өте нәзік бейімделеді. Тежелу процесінің нәтижесінде шартты рефлекстер жақсарып жетіле түседі. Шартты рефлекстердің тежелуін зерттеп, И. П. Павлов оны екі түрге бөлген шартсыз / сыртқы/ және шартты / ішкі/ тежелу деп. Тежелудің екі түрінің де үлкен педагогикалық маңызы бар екені жөнінде К. Д.Ушинский айтып кеткен. Ол үйреншікті әдет, өзіне қарама- қарсы қасиетіне сай әдетке байланысты жойылып немесе тоқталып отырады деп есептеген.
Шартсыз тежелу. Сыртқы орта өзгерістердің әсерлерінен рефлектердің толық тоқталуы немесе оның белсенділігінің төмендеуі шартсыз тежелу деп аталады.
Жаңа бөгде тітіркендіргіштер ми қыртыстарында басқа қозу ошағын туғызады да басталып келе жатқан рефлекторлық реакцияны тоқтатуы немесе бөліп жіберуі мүмкін. Ондай тітіркендіргіштер сырттан әсер ететін у-шу, жарық сәуле,ызылдаған жел, дөрекі иістер және тағы басқалар болуы мүмкін.
Жаңадан қалыптасқан шартты рефлекстің тежелуге оңай ұшырайтыны белгілі. Ол орталық нерв системасында индукция процесінің дамуына байланысты деп түсіндіріледі.Тежелудің шартты рефлекске қатысы жоқ бөгде тітіркенгдіргіштен пайда болатынын И.П. Павлов оны сыртқы индукциялы тежелу деп атаған.
Шартсыз тежелу күтпеген /аяқ асты/ пайда болады. Организмде туа қалыптасып, барлық орталық нерв системасына тән қасиет болып есептеледі. Оның қалыптасуына ми стволындағы ретикулді формацияның қатысы бар.
Сыртқы тежелу балалардың кластағы немесе топтағы жұмыс кезінде жиі байқалады, сонда сырттан келген шу рефлекторлық реакцияның бағытын бұзады. Мысалы, жазба сабағы кезінде сырттан өрт шықты деген дыбыс естілді дейік. Жайбарақат отырған оқушылардың көпшілігі дыбыс шыққан жаққа карап, көңілдері бөлініп, қобалжи бастайды. Соның нәтижесінде дәптерлерінде әріптердің дұрыс жазылмауы, сөздердің ара қашықтығының бірдей болмауы, кейбір сөздерді тастап кетуі т.б. байқалады.
Ал кейде шартсыз тежелу екінші қозу ошағы пайда болмай-ақ та байқалады. Сонда тітіркендіргіш күшінің өте жоғары болуына байланысты ми қыртыстары клеткаларының жұмыс қабілеті төмендеп немесе тоқталып қалуы мүмкін, сондықтан ми клеткаларына зақым келтіретін жағдайда тоқтату үшін тежелу процесі пайда болады.Тежелудің мұндай түрін И.П..Павлов шамадан тыс тежелу деп атаған.Тежелудің бұл түрі организмде қорғаныштық роль атқарады.
Бақылау сұрақтары:
1. ЖЖЖ жайлы түсінік.
2. Рефлекстер.
3. Шартты рефлекстер.
4. Жасалу механизмі.
5. Шартты рефлекстердің тежелуі.
№ 6 Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Сопақша миға сипаттама.
Сопақша ми (продолговатый мозг); (лат. medulla oblongata; medulla — ми, oblongata — сопақша) — мидың жұлынмен шекарасыз жалғасатын, пішіні сопақша келген артқы бөлігі. Оның алдыңғы жағы ми көпірімен жалғасады. Сопақша мидың төменгі бетінде вентральды орталық саңылау (лат. fissura mediana ventralis) мен оның екі бүйіріндегі латеральды вентральды сайлар (лат. sulcus lateralis ventralis) арқылы бөлінген: оң және сол сопақша ми пирамидалары (лат. piramis medullae oblongatae) білеуленіп көрініп тұрады.
Сопақша ми пирамидалары үлкен ми қыртысын жұлынның қозғалтқыш орталықтарымен байланыстыратын пирамидалы жүйке талшықтары аларынан (лат. fasciculus cerebro-spinalis) құралған. ( Сопақша ми пирамидаларының пирамидалы жүйке тал тары будаларынан құралған өткізгіш жолдары - жұлынның бүйір арқаншаларына өтер алдында, оң ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның сол жақтағы бүйір арқаншасына, ал сол ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның оң жақтағы бүйір арқаншасына бағытталып, жүйке талшықтарымен алмасады да, пирамидалар айқасын (лат. decussacio pyramidum) жасайды.
Сопақша мидың құрылысы біршама жүлынның құрылысына ұқсас, яғни сыртқы жағында — ақ зат, ішкі жағында — сұр зат орналасады. Ол ақ заттық аралықтар арқылы көптеген сұр заттық аралшықтарға, яғни сопақша мидың сұр заттық орталықтарына (ядроларына) бөлінеді.
Бұлар организмнің тіршілігіне тым қажет вегетативтік орталықтар құрайтын нейроцитгер ядролары. Аталган вегетативтік ядроларға: жүрек соғу; тыныс алу; тер бөлу; сілекей бөлу; шайнау; жұту, сору; көз жасын бөлу; ас қорыту сөлдерін бөлу; құсу, кекіру; күйіс қайтару; түшкіру; жөтелу, көз жыпылықтау орталықтары жатады.
Сопақша мидың сұр заты — вегетативтік ядролардан басқа, қызметіне сәйкес топтасқан нейроциттер перикариондарынан (нейроциттер денелерінен) құралған ми жүйкелерінің сезімтал және қозғалтқыш сүрзаттық ядроларын түзеді. Бұлардың араларында бір-бірімен жалгасып жатқан пішіні әр түрлі нейроциттерден және олардың жүйке талшықтарынан құралған торлы құрылым (лат. formatio reticularis) болады. Бұл құрьшым сопақша мидан ортаңғы миға, одан әрі аралық миға дейін созылып жатады. Торлы құрылым — аталған ми бөлімдері орталықта- рын өзара байланыстырып, үйлестіру қызметін атқарады. Бұған коса, ол тыныс алу және жүрек-тамырлар жүйесінің орталығы қызметін де атқарады.
Ми көпірі (варолиев мост); (лат. pons - ми көпірі) — ми табанында көлденең орналасқан қомақты жуандау құрылым. Оның негізін миды жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара жалғастыратын өткізгіш жолдар құрайды. Көлденең жатқан жүйке талшықтары мишықпен жалғасып, оның ортаңғы аяқшасын түзеді. Ми көпірінде V- жүп ми жүйкесі — үшкіл жүйкенің ядросы орналасады.
Бақылау сұрақтары:
1. Сопақша мидың қызметі.
2. Сопақша мидың маңызы.
3. Сопақша мидың ромб тәрізді ойығындағы ядролар.
4. Ми көпірінің қызметі.
