- •Өзара сабаққа қатысу дәптері .
- •Сабақ түрлері және оның құрылымы
- •4. Дидактикалық принциптер:
- •Сабаққа қойылатын негізгі талаптар
- •Сабақты талдау
- •Сабақ – оқытудың негізгі түрі
- •Сабақ түрлері:
- •Сабақты талдау
- •Дамыта оқыту жүйесінде сабақты талдау үлгісі
- •1. Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы.
- •Сабақ құрылымы.
- •Сабақ түрлері мен типтері.
- •Сабақ мақсаттары.
- •3.Тәрбиелiк:
- •I. Сабақтың мақсатын, мiндетiн нақты қоя бiлу.
- •II. Сабақтың құрылымын анықтай және ұйымдастыра бiлу.
- •III. Оқу материалының мазмұнын таңдай бiлу.
- •IV . Мұғалiм iс –әрекетiне сараптама
- •4.Әкiмшiлiк, әдiстемелiк бiрлестiктер тарапынан көңiл аударылмаса, өзiнiң шығамаршылық өсуiне назар аудармайды.
- •V. Оқушылардың iс-әрекетiне талдау.
- •Сабақты талдау негіздері
- •1 Кесте:
- •2 Кесте:
- •3 Кесте.
- •Талдау ережелері:
- •Сабаққа қатысу мақсаттарын топтастыру
- •Сабақты талдау
- •Сабақты бақылау және бағалау парағы
- •Сабақты талдау кестесі
Сабақ – оқытудың негізгі түрі
Оқыту жүйелері
І. Сыныптық-сабақтық жүйе
Сабақ түрлері:
Жаңа білім беру сабағы.
Құрастырылған сабақ
Білімді, дағдыны, ептілікті жүйелеу (қорытындылау) және қайталау сабағы.
Бақылау – есепке алу сабағы.
Тәжірибелік сабақ.
Кино сабақ.
Саяхат сабақ.
Конференция сабақ.
Пікірталас сабақ.
Іскерлік ойын сабағы.
Жарыс сабақ.
Не? Қайда? Қашан? Интеллектуалды ойын түріндегі сабақ.
«Емтихан» – іскерлік ойын сабағы.
Өндіріс орнында өткізілетін сабақ.
ІІ. Лекциялық-семинарлық жүйе
Сабақ түрлері:
Лекция.
Семинарлық сабақ.
Оқыту әдістері:
Репродуктивтік әдіске сай көрнекі түсіндіру.
Проблемалық жағдай, оқушылардың өзіндік жұмысы арқылы.
Оқушылардың өзіндік жұмысы. Келелі мәселелерді қозғай отырып, әңгімеге тарту арқылы лекция өткізу.
Проблемалық мәселе тудыра отырып, әңгіме өткізу, репродуктивтік және тәжірибелік әдістерге сүйене отырып түсіндіру.
Сараптау, синтез, салыстыру арқылы жалқыдан жалпыға және жалпыдан жалқыға өту әдістерін қолдану.
Мұғалім ерекше орын алатын ақпараттық-өткендеу әдістері (кеңес, әңгіме, лекция, түсіндіру).
Сабақты талдау
Сабақтың үш мақсатының орындалуы.
а) білімдік мақсат – нақты тақырып бойынша.
ә) тәрбиелік мақсат – тәрбиенің кешенді берілуі немесе бір тәрбиенің ерекше көрінуі.
б) дамытушылық мақсат – баланың іс-әрекетте белсенділігінің артуы.
Сабаққа қойылатын 6 талаптың орындалуы.
Сабақтың түріне қарай құрылымдық сәттердің жүзеге асуы.
Сабаққа қатысушының арнайы тақырыбын бақылауы.
Дамыта оқыту жүйесінде сабақты талдау үлгісі
Сабақтың дидактикалық түйіні – оқушының жаңаны ашу әрекеті. Олар бақылайды, талдайды, салыстырады, топтайды, үйлестіреді.
Балалар сабақта не істеді, шын ниетімен еңбектенеді ме? Жұмысқа барлық оқушының тартылуы.
Жаңа білімді меңгерту жұмысы мен баланы дамыту жұмысының біріктіріле жүргізілуі қалай жүзеге асты? Бала ойына шектеу қойылмады ма?
Сұрақтардың қойылуы, мазмұны.
Іздену, бірге іздену әрекетінің ұйымдастырылу жайы. Өзара түсіністік, сөйлесу, тілдесу жайы.
Балалардың сабақтағы жай-күйі:
- танымдық сипаты /қызығушылықпен, білімді баға үшін емес, қажеттілігін түсіне меңгеруі/;
- сабаққа ақыл-ой ғана емес, сезімінің де қатысуы. Қабылданған білімге сену, көзін жеткізу.
- Танымның сезіммен бірігуі. Сезімге әсер еткен дүние жақсы қабылданатынын ескеру.
Қайталау қалай жүрді? Қайталанған сайын жаңа білім қосылып отырды ма?
Сабақтың икемді түрі. Жоспармен емес, балалар арқылы жұмыс істеу.
Мөлшерді сақтай отырып, жоғарғы қиындықта оқыту.
Оқушының бұрынғы біліміне сүйену.
Мұғалімнің бүкіл жұмысының баланың білімді жете түсінуіне бағытталуы.
Білімді меңгеру жағдайын үнемі ескеріп отыру.
Оқушы мен оқушының, мұғалім мен оқушының пікірлесуі. Пікірлесу мазмұны үшін баланы кемсітпеу.
Тәрбиенің білінбей, жанама жүруі. Білім, даму және тәрбиенің бірлігі.
Сабақтағы мұғалімнің тұлғасы. Мұғалімнің таңдану сезімін оятуы, жетістікке қуануы, сананың алғашқы өсу қадамын мадақтауы т.б.
Мұғалімнің сырт бейнесі.
Қазіргі білім беру технологиясы
