- •3 Билет
- •3. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мен принциптері.
- •2. Медициналық қызметтерді жеткізушілердің осмс тұрғысынан нарығы.
- •3. Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы.
- •11 Билет
- •Азаматтардың, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың міндеттері
- •12 Билет
12 Билет
1сұрақ.
МӘМС жоспарлау және қаржыландыру қағидалары
25-бап. Қаржыландыру көздері
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру көздері:
1) аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімінің өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл және инвестициялық кіріс;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер болып табылады.
2. Жарналарды төлеушілер:
1) мемлекет;
2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;
3) дара кәсіпкерлер;
4) жекеше нотариустар;
5) жеке сот орындаушылары;
6) адвокаттар;
7) кәсіби медиаторлар;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);
МӘМС кезінде денсаулық сақтауды қаржыландыру көздері мыналар болып табылады:
мемлекет (ОАЖ-дан 4% (01.07.17 ж. бастап) - 2 жыл, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін 5% (2018 ж. бастап), 6% (2023 ж. бастап), 7% (2024 ж. бастап) (МӘМС туралы заңға сәйкес 15 санат);
жұмыс берушілер (кірістен 2% (2017 ж.) бастап 5%-ға дейін (2020 ж.);
жұмыскерлердің өзі кірістен (1% (2019 ж.) бастап 2% (2020 ж.).
МӘМС қағидалары:
Әмбебаптылық және міндеттілік
Әлеуметтік әдәлеттілік
Ортақ жауапкершілік
Медициналық көмекті пайдалануға тең қол жетімділік
Қаржылық тұрақтылық
Сапаға ерекше назар аудару
2сұрақ.
Медициналық қызметті сатып алушы мен төлеушілер арасындағы өзара әрекеттесу ерекшелігі?
1.Медициналық көмек шығындары мен көлемін жоспарлау.
2.Әлеуетті өнім берушілерді таңдау
3.Келісім шарт жасау
4. Шарттық міндеттемелерді орындау.
Қызметті берушілерді таңдау мен медициналық қызметтерді сатып алу ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бекітетін Бірыңғай келісімшарт қағидаларына сәйкес екі кезеңдік тәсіл бойынша жүзеге асырылатын болады
МӘМС және де ТМККК шеңберінде де ӘМСҚ стратегиялық сатып алушы рөлін атқарады
схема электрондық денсаулық сақтау және барлық мед.ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің шоғырланған жүйесінің негізінде жасалатын болады - жүйелерді жаңғырту басталды
өздерінің ақпараттық жүйелері және оны құруға мүмкіндіктері жоқ мед.ұйымдар, жеке кабинеттері арқылы жұмыс істеу үшін электрондық денсаулық сақтау жүйесіне кіру кілтін алатын болады
осылайша, келіссөздерді қоспағанда барлық процесс автоматтандырылатын болады
Қызметті берушілердің бірыңғай тізіміндегі мәліметтер де, оның ішінде өнім берушілердің оң және теріс рейтингілері бойынша декрекқорды жаңартқан кезде автоматты түрде жаңартылып отырады – осындай рейтингтерді аталған қызметтерді бағалаудың нәтижелері бойынша ӘМСҚ қалыптастыратын болады
3 сұрақ.
МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек
7-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде:
1) мыналарды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда);
2) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда):
ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйым жолдамасының болу-болмауына қарамастан – шұғыл көрсетілімдер бойынша;
3) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда) ұсынылады.
енгізіледі);
2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету:
белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және арнайы емдік өнімдердің уәкілетті орган бекітетін тізбесіне сәйкес - амбулаториялық-емханалық көмек;
денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес - стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.
3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін біріккен комиссияның ұсынымдарын ескере отырып уәкілетті орган әзірлейді.
