Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_kurs-doc_4001-5000_4301-4400_4301-4320_kurs_4320.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
794 Кб
Скачать
☆

2.3.Ересек топтардағы балалардың бейнелеу өнері шығамаларының тақырыптары

Заттық сурет салу

«Автобус пен жеңіл машина»

«Мен және менің анам»

«Күзетші жауынгер»

«Шекарашы мен ит»

«Аяз ата»

«Қарша қыз» оның ғажайып үйі, сүйікті жанауралары - бүғы, қоян, ит, аю және т.б.

Ертегі кейіпкерлерінің көлік құралдары - шана, машина, ұшақ және т.б.

«Қардағы жапырақсыз ағаш»

«Қазақ биі»

«Аю жаттығу жасайды»

«Петрушка билейді»

«Балалар дене шынықтырумен айналысады»

«Аяз ата шырша жанында»

Затқа қарап сурет салу

«Құмған»

«Үлкен-кіші табақтар»

«Торсық»

«Терек бұталары»

«Гүлдейтін ағаш»

«Бүршік жарған бұталар мен ағаштар»

«Гүл жамылған дала»

Сәндік бейнелеу

«Қоржынды сәндейміз»

«Қымыз құятын тостаған»

«Тостаған»

«Саздан жасалған табақ»

«Қар кесегі»

«Атама арналған тымақ»

«Сәукеле»

«Дастарқан»

«Жаулық» (қазақ өрнектері мен сәнді маталар қолданып)

«8 Наурыз ашық хаты»

«Анама арналған мата»

«Қолғап»

«Ертегідегі құстар»

«Мерекелік дастарқан»

«Сырмақты әшекейлейміз»

«Алашаны әшекейлеу»

«Қазақ ұлттық киімін киген қуыршақ»

«Кебежені өрнектеу»

«Ыдысқа әдемі сурет саламыз»

Сюжеттік сурет салу

«Бақшада алмалар пісіп тұр»

«Күздегі орман мен бақ»

«Жаңбырлы күн»

«Астық жинау»

«Үй құрылысы»

«Біздің әкеміз - шахтер»

«Гүлдене бер, Қазақстан»

«Каспиидің балықшылары»

«Байқоңырдан зымыранды ғарышқа ұшырамыз»

«Республика күніндегі от шашу»

«Көшедегі мереке»

«Менің сүйікті ертегім»

«Қызғаншақ екі қонжық»

«Қоян мен түлкі»

«Түлкі, қоян және әтеш»

«Қызыл Телпек»

«Аққу-қаздар»

«Қыстағы шуақты күн»

«Қыстағы бұлынғыр күн»

«Жаңа жылдық мереке»

«Біздің әсем шыршамыз»

«Қыста балалар аулада ойнап жүр»

«Біздің көшедегі көліктер»

«Қысқы қала»

«Кешкі қала»

«Балалар жаттығу жасайды»

«Құрылысшылар жаңа үй салады»

«Анам (әкем) мені балабақшаға апарады»

«Балалар мерекеде билейді»

«Сен жүру»

«Құстардың қайтуы»

«Көрікті көктем»

«Гүлденген бақ, шалғын»

«Туған табиғатымды не үшін жақсы көремін?»

2.5.Балабақшада бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шығармашылық құзыреттілігінің қалыптастыру міндеттеріне сәйкес бейнелеу өнерінің мазмұнын толықтыру, сурет салудың барлық түрлеріндегі іскерліктерін жетілдіру, бейнеленетін бейнелерді түсіну қабілеттерін тәрбиелеу мен эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.

Міндеттері:

- заттар мен қоршаған ортадағы құбылыстарды түсінуі мен затқа қарап, пішінін, заттардың қатынасын, бөліктерінің орналасуы мен түсін бейнелеу тәсілдеріне үйретуді жалғастыру;

- қиялын, байқағыштығы мен әлемді бейнелі қабылдауын дамыту;

- бейнелеу өнерінің техникаларын, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырып, сурет салу барысында дұрыс отыру, қылқаламмен және қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту;

- бейнелеу өнерінің материалдары мен құралдарының қасиеттерімен таныстыру: гуашь және су бояулар, жай, түсті, көмір қарындаштары, ақ, түсті және боялған қағаздар;

- іс-әрекет мәдениетіне тәрбиелеу, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру, ұжыммен жұмыс істеуге үйрету;

- балалардың аналитикалық-синтетикалық қабілеттерін дамыту: қойылған міндеттерге сәйкес өз жұмысының нәтижесін бағалай білу іскерлігі.

Сонымен балаларда эстетикалық тәрбие арқылы көркемдік өнерін қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Эстетикалық тәрбие арқылы баланың адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы, дұрыс көзқарастарды тереңдету мен бекіту баланы қоршаған орта, өз бетінше іс-әрекетке және жауапкершілікке итермелейтіндей жағдайға қоюды талап етеді.

Балаларды жақсылыққа, әдемілікке, машықтандыру оны тұрақты әдетке айналдырудың өзін-өзі тамаша тартымды ұстай білудің, сонымен бірге өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі болмақ. Егер бала бойында қандай да бір жағымсыз мінез-құлық болса, одан арылып тазару, өзін-өзі тәрбиелеу ешқашан да кеш болмақ емес.

Қазіргі кезде барлығымыздың мүддеміз рухани-эстетикалық, рухани адамгершілік сана-сезім мен нормаларды қалыптастыру.

Табиғат адамға әдемілікті берсе де адамның өз қолымен қосатын бояулардың да мәні зор. Өйткені "баланың мәдениеті мен тәрбие деңгейі оның сырт бейнесінен, киіне білуінен де көрінеді. Олай болатын себебі біздің эстетикалық, эстетикалық мұратымыз сырт көріністің әдемілігі мен рухани кемелдіктің табиғи біте қайнасуы"[18].

Балабақшадағы сурет салу сабағы.

Сабақтың жоспары

Пәні: Бейнелеу өнері.

Сабақтың тақырыбы: Досымның келбетін бейнелеймін.

Сабақтың мақсаты: Тақырыппен таныстырып, түсінік беру. Оқушылардың қол өнерін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық. Адамдар бейнесі. Хаттама.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын сұрау: Балалардан үйтапсырмасын сұрап, тексеремін, сабаққа даярлығын көріп жаңа сабақты бастаймын.

Жаңа сабақ.

Балалар бүгін біз "Досымның келбетін бейнелеймін" деген тақырыпты өтеміз.

  • Қане, барлығымыз тынышталып сабақты тыңдаймыз.

Бүгінгі біз сурет сабағында досымның бейнесін салуды үйренеміз. Яғни, адам бейнесін бейнелейміз.

Кітаппен жұмыс.

-Балалар, қараңдаршы кітапта адам бейнесін салу жолдарын және "Менің әкем", "Менің шешем" деген тақырыпта суреттер беріліпті. Бұл суреттерді өздерің сияқты балалар салу үшін берілген және Ә.Қастеев суреттегі аталарыңның көптеген суреттері бар. Соның ішінде "Жас Абай" суретіне қараймыз. Мұнда суретші Абай аталарыңның бейнесін бейнелеген.

  • Абай кім, белесіңдер ме?

  • Ия, Абай ақын, ұлы ақын атамыз.

  • Балалар, Абай аталарыңның қандай өлеңін білесіңдер?

  • Ия, дұрыс. (Қыс, Әсемпаз болма әрнеге).

Сергіту сәті.

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп.

-Ал, балалар, енді сурет салу жолдарымен танысып, сурет саламыз. Сурет салмас бұрын мен сендерге өлең оқып берейін. Тыңдап отырыңдар.

Сурет салдым.

Мен досыма қарап алдым

Қолға қағаз, қалам алдым.

Дөңгелетіп бетін салдым.

Екі сызып шашын салдым.

Ұқсатқан жөн түрін енді

Міне мұрын мынау енді.

Салынды езу, құлағы енді,

Күлімсіреп шыға келді.

Ең соңынан көзін салдым,

Айнымаған өзін салдым.

-Балалар, өлеңді тыңдадыңдар ма? Өлеңге қарап барлығымыз сурет саламыз. Адам бейнесін салу жолдары бірнеше кезеңнен тұрады. Қазір сол кезеңдерге қарап сурет саламыз.

Сабақты қорытындылау.

  • Балалар, бүгін қандай тақырыпта сабақ өттік.

  • Ия, өте дұрыс.

  • Адам бейнесін салу жолдарын түсіндіңдер ме?

Қосымша материалдарды айта отырып, балаларға сұрақ қоя отырып, сабақты қорытындылаймын.

Үйге тапсырма.

Досыңның келбетін бейнеле.

Бағалау.

Балалардың сабаққа қатысуын бағалаймын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]