- •1.1.Балаларды тұрмыстық бейнелеу жанрымен таныстыру
- •1.2.Балаларды декоративті бейнелеу өнерімен таныстыру.
- •1.3. Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнерінің құралына тәрбиелеу мақсаты
- •1.4. Белгілі топтағы балалардың эстетикалық қабылдау ерекшеліктері.
- •1.5.Сабақты ұлттық әдет-ғұрыптар мысалдарымен түрлендіріп жүргізу
- •1.6.Балабақшадағы сабақ үшін бейнелеу өнеріне шығармашылық тақырыпты таңдап алу принципі
- •Іі.Балаларды бейнелеу өнерінің жанрымен немесе бір түрімен таныстыру методикасы.
- •2.1.Тақырыпқа байланысты және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу
- •2.2. Жүргізілген жұмыстың анализі.
- •2.3.Ересек топтардағы балалардың бейнелеу өнері шығамаларының тақырыптары
- •2.5.Балабақшада бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды
Қорыта айтқанда бейнелеу өнерін оқытудың басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттарды ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өз түсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. Егерде балалардың осы қаблеттері дұрыс қалыптасатын болса, жоғары сыныпқа қарай баланың сурет салу мүмкіншілігі арта түседі. Затқа қарап салу тапсырмасы көп берілмейді . Қарап салу үшін сыныпта қойылатын заттарды мұғалім перспективалық өзгерулері көрінбейтіндей етіп және сынып балаларының барлығына жан – жағынан қарағанда бірдей қашықтықта болатындай қылып қойғаны абзал. Сурет салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп әсерін тигізеді. Қиял, есте сақтау сияқты танымдық процестерің дамуына арнайы аулаға шығып маңайдағы заттарды бақылаудың да маңызы ор. Осы жастағы балалар сурет салуды заттың алыс, жақын, төмен, жоғары орналасу түрлерін түсіне біліп, соны сала білуі тиіс, тек осыларды меңгере алғанда ғана жоғары сыныптарда балалар сурет салудың күрделі түрі перспектива заңдылықтарын тез қолдана алуына жол ашады. Композиция тапсырмаларын орындауда алыс, жақын, алдыңғы жақта, артқы жақтарда тұрған заттарда балалар мұғалімнің түсіндіру арқылы айыра біледі. Сонымен қатар осындай композициялық шешімдрі тез түсіндіретін фланелграфты пайдалануға болады. Бұл 50 х 50 размерлі плпншет, оның үстіне арнайы мата керіледі, керуге қолданылатын матаның түгі болуы керек. Түрлі түсті түгі бар қалың қағаздардан арнайы ертегінің мазмұнына қарай заттар мен кейіпкерлер қиылып жасалады. Планшеттің бетіне осы қиылған заттардың суретін жабысып қалу арқылы композиция орындалады. Сабақта қолданылатын заттар мен түрлі аңдардың суреттері әр түрлі размерде болады. Себебі балаларға композицияның алыс, жақын, алды мен артқы жақтарында орналасқан заттарды түсіндіру үшін қажет. Мысалы, жақын жерде тұрған заттыңразмері үлкен болады да алыстағы зат кішкентай болып көрінеді. Тақырыпқа байланысты және ертегінің мазмұнына композиция салуда баланың заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруына көмегін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
А.А. Жанібеков. Жаңа буын оқулықтары. «Қазақстан жоғарғы мектеп» 1999 ж №6 28 – бет
«Қазақстан мектебі» 2000 ж №1, 8 б.
«Қазақстан мектебі» 2002 ж № 1-2, 6 – 8 б.
«Бастауыш мектеп» 2001 ж №9, 15 – б.
«Сыныптағы тәрбие» 2005 ж № 7, 8 –11 б.
«Бейнелеу өнері және сызу» 2007 ж №2, 7 – б.
« Бейнелеу өнері және сызу» 2005 ж № 8, 6 – 8 б.
«Бейнелеу өнері және сызу» 2006 ж № 3, 9 –11 б.
С. А. Аманжолов Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы – Астана: ЕҰУ, 2006. -191 6 сурет.
Аманжолов С.А. Балалар суреттерін ғылыми негізде зерттеу. Жез У. -2002. -47 б.
С.А. Аманжолов Особенности индивидуализации обучения младщих школников 1-4 классов на заниятиях тематическим рисованием. МПГУ. – М., 1992. – 180с.
Аманжолов С.А Изобразительное искусство в школе. МПГУ.. – 2002. -120с.
Аманжолов С.А Изобразительное искусство в школе. МПГУ.. 2002. 163 с.
Аманжолв С.А Индивидуальный подход младщих школьников в обучении изобразительному искусству. МПГУ. – М., 2004. –429 с.
Батаршев АВ. Психология индивидуальных различий: От темперамбета-к характеру и типологии личности. М: ВЛАДОС, 2000, - 256 с.
Бадмаев Б.Ц. Психология в работе учителя – МВЛАДОС, 2000, 240 с.
Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском творчестве. М., Просвещение, 199.-95 с.
18.Игнатьев Е.И. Психология изобразительной деятельности детей. М., 1961. – 223 с.
