Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.Лекция БжанеЭ.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86 Кб
Скачать
☆
  1. Ғылыми басқару мектебі

Ғылыми басқару (1856-1920). Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредерик Уинслоу Тейлордың (1856-1915) eciмiмeн байланысты. Оның басты еңбектері «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету» (1912). Филадельфиядағы оның зиратының басына «ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған.

1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредерик Тейлор еңбек процесін зерттей бастайды. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын ic ретінде қарастырмай, оған терең ден койып, зерттей бастаған туңғыш адам болды.

1856 жылы филадельфиялық адвокаттың отбасында дүниеге келген Фредерик Тейлор жасынан талапкер, ізденгіш болып өcтi, Әуелі көзі уақытша нашар көргендіктен, Гарвард университетінде оқуды тоқтатып, Тейлор Филадельфиядағы шағын шеберханға қарапайым жұмысшы болып орналасты.

Төрт жылдың ішінде ол модельші және механик мамандықтарын меңгерді. Кейіннен Тейлор Филадельфиядағы «Миндвейл Стил Воркста» жұмыс icтeп, түнге қарай инженер-механик мамандығы оқып үйренді. Тейлор «Миндвейльдің» басқарушысы болғанда өнеркәсіп практикасындағы берекесіздікке қайран қалды. Ол басқарушы мен жұмысшы арасындағы ешқандай ынтымақтастықты көре алмады. Берекесіздік пен ысырапшылдық етек алған еді Жұмысшылардың өнім өндіруінің шектелуі кең етек алған Мұны Тейлор ұдаиы әскери қызмет деп атады. Нашар жабдықталған әpi жеткілікті үйретілмеген жұмысшыларға ешбір талғамсыз кез-келген жұмыс тапсырылды. Осыдан бастап Тейлор ғылыми менеджменттің атасы «тандаулы жол іздестіруге» құлшына кipicтi

Ф.Тейлордын ғылыми менеджменті ұдайы бақылау эксперименттеу және логикалық топшылау арқылы анықталған нормативтер көмегімен бизнесті жандандыратын менеджмент түрі болып саналады. «Миндвейльде», кейіннен «Бетлехем Стилде» жұмыс істеген кезде Ф.Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты: нормалау, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру.

Тейлордың пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы қожайынға жұмысшыға да молшылық әкеледі. Ол үшін қожайынның да жұмысшының да психологиясын түбегейлі өзгерту қажет Екі жағы да қосымша өнімді өзара бөлуге назар аудармай, бар күш-жігерін оны молаитуға жұмсауы тиіс. Ф.Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамаға келді: «дәстүрлі әдістің орнына ғылым; қарама-қарсылыктың орнына үйлесімділік; дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық; еңбек өнімділігін шектеудің орнына еңбек өнімділігін барынша арттыру; әрбір жұмысшының еңбек өнімділігін барынша арттыру, оларға барынша қолайлы жағдай жасау Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:

  1. тәжірибеде қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оныц әp6ip элементің ғылыми тұрғыда зерттеу. Ол былай деді: басқаруда да көпір салу секиілді асқан дәлелдік керек;

  2. жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және баулу;

  3. енбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу, әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық;

  4. еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.

Еңбек өнімділігін барынша арттыруды басты мақсат етіп қоя отырып, Ф.Тейлор жұмысшы еңбек мен өндіріс құралдарын пайдалануды; материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияларға бөліп, кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуді, әp6ip операцияға бақылау орнатуды, бірыңғайланған еңбек ақыны қолдануды т.б. көздеді,

Ф.Тейлор жеке жұмыскерлердің еңбек операцияларын талдай отырып, әpбіp операцияны жекелеген құрамдас бөліктерге жіктеуге және де хронометраж көмегімен жұмыстың неғұрлым прогрессивті әдістерін анықтау болатындығын дәлелдеді. Ф.Тейлор жүйесінде еңбек қарқынының артатындығы соншалық, жұмысшылардың күш-қуатын қалпына келтіруге мүлде дерлік уақыты болмайды екен. Тиімсіз қозғалыстарды жоя отырып, Ф.Тейлор «ең қолайлы» жұмыс тәсілін жасады. Осыған орай жекелеген жұмысшылардың мамандығын ескере отырып, олардың еңбегін мамандандыру, неғұрлым тиімді жұмыс амалдарын пайдалану үшін жұмысшыларды баулу және жаттықтыру қажеттілігі туды.

Жұмыс уақытын дәл есептеу еңбек құралдарын, жұмыс операциялары мен қозғалыстарын стандарттауды, нұсқаулық карталарды еңгізуді және жұмыс барысын бақылауды қажет eттi. Мұның өзi өндірісті жоспарлағанда басқаруға өзгepic еңгізуге, цехтарды басқаруды қайта құруға мүмкіндік берді. Линиядағы 6ip мастердің орнын әр түрлі жұмысты атқаратын сегіз мастер орындады. Цехта тікелей 4 мастер жұмыс істеді: инспектор жөндеу жөніндегі мастер, жұмыс ырғағын белгілейтін мастер, бригадир. Қалган мастерлер «үйлестіру бюросы» деп аталатындар маршруттармен, нұсқау әзірлеумен және есеп берумен, өзіндік құнды анықтаумен, тәртіп мәселелерімен т.б. шұғылданады. Тейлор еңбек ақы жүйесіне де түбегейлі өзгepic енгізді . Оның өзi белгіленген норманы орындауына қарай жеке дара жүргізілді.

Ф.Тейлор жұмысындағы басты жүйе — жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды ету, өндіріс процестерін және де осыған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру болды. Тейлор ілімінің дәл осы жағы өнеркәсіп орындарында жаппай қолданыдды.

XX ғасырдың 20-шы жылдары Ф.Тейлордың көрнекті зерттеушілері мен белсенді насихатшылары Генри Гантт, Френк Гилберт, Лилиан Гилберт, Хрейс Хеэуй, Сенфорт, Г.Эммерсон, Г.Форд т. б. болды. Гильберт прибор ойлап шығарып, оны микрохронометром деп атады. Оны кинокамерамен қоса қолданып, белгілі 6ip операцияда қандай қозғалыстардың атқарылатындығын және де олардың әрқайсысы қанша уақыт алатындығын дәл анықтау үшін пайдаланды. Осылайша алынған ақпараттарға (информацияларға) сүйене отырып, олар артық өнімсіз қозғалыстарды жою мақсатында жұмыс операцияларын өзгертті, әpi стандартты процедуралар мен жабдықтарды пайдаланып жұмыс тиімділігін арттыруға тырысты. Г.Эммерсон 1953-1931 ж.ж. ойлап шығарған «өнімділіктің 12 принципін жұртқа кеңінен мәлім болды (1912 ж). Мұнда ол кәсіпорынды басқарудың принциптерін қарастырды әpi тұжырымдады: Г.Эммерсонның пікірінше, мұндай принциптерге мыналар жатады:

  1. дәл тұжырымдалған мақсат, басқарудың барлық деңгейінде бұған жетуге әрбір басшы мен қол астындағылар ұмтылады;

  2. болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесті талдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу;

  3. білікті кеңес беру - өндіріске және басқаруға байланысты арнайы білімнің қажеттігі және барлық мәселеде білікті кеңес бірлесіп ақылдасқанда ғана нәтижелі болады;

  4. тәртіп – барлық ұжым мүшелерінің белгіленген тәртіп пен ережеге бағынуы;

  5. қызметкерлерге әділ төрелік;

  6. басшыны қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін жедел, сенімді, толық, дәл және тұрақты есеп;

  7. ұжым қызметін мұқият, жедел, басқаруды қамтамасыз ететін диспетчерлік жұмыс;

  8. ұйымдастырудағы бүкіл кемшілікті дәл белгілеуге және одан келетін шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін нормалар мен жұмыс кестелері;

  9. ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін уақыт, күш-қуат және өзіндік құнның үйлесімдерін қамтамасыз ететін жағдайларды қалыпқа келтіру;

  10. уақытты белгілеуді және операцияның кезегімен орындалуын ұсынатын операциялар нормасы;

  11. атқарылатын жұмыстардың барлық ережесін нақты бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;

  12. әрбір жұмысшылар еңбегін көтермелеу мақсатында еңбек өнімділігі үшін сыйлыққа ақы төлеу.

Г.Эммерсон өндірісті және басқарманы ұйымдастырудың күрделі міндеттерін жан-жақты ойластырып шешудің кажеттілігін және тиімділігін тұңғыш рет атап көрсетті. Әcipece, тиімділік тұрғысынан рационализациялауды (ұтымды етуді) қарастыруы (ол алғаш рет енгізген ұғым) ерекше коңіл аударарлық. Тиімділік деп, шығын мен нәтиже арасындағы ең қолайлы ара қатынасты атап көрсетті.

Өнеркәсіп орындарындағы өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен классикалық мектептің өкілі Г.Форд шұғылданып, Тейлор жүйесін пайдалануды одан әpi жетілдірді. Ол Ф.Тейлор принциптерін негізге ала отырып, оны көпшілік өндірісте қолданды. Г.Форд бұйым өңдеу жөніндегі операцияларды қарапайым қозғалыстарға дейін (мамандандырылмаған механикалық операция) жіктеуге тырысты. Мұның өзi өндірісті ұйымдастырғанда бұйымның 6ip операциядан келесі операцияға жылжуы жұмысының біліктігіне қарай емес, тек машинаның операцияны атқару уақытына тәуелді болатындай етуіне мүмкіндік берді. Жаппай өндіріс өнімнің өзіндік құнын едәуір кемітуге ықпал eттi. Өндіріс процесін мұқият ұйымдастыру басқару жүйелерін тиісінше ұйымдастыруды қажет eттi. Осы мақсатта Г.Форд басқаруды ұйымдастырудың мынадай принциптерін қолданды:

  1. барлық өндіріс процесін, ондағы сатыларды, байланыстарды дәл есептеу және жоспарлау;

  2. жұмыс жағдайын есептеу және жоспарлау;

  3. шикізаттарды, материалдарды, механизмдерді, жұмысшы күштерін әзірлеу;

  4. өндірісті стандартты технология бойынша жүзеге асыру;

  5. өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру.

Өндірісті ғылыми басқару концепциясы елеулі өзгepicтi кезең болды, соның әсерінен басқару ici ғылыми зертгеудің дербес саласы ретінде танылды. Басшылар — практиктер мен ғалымдар ғылым мен техникада пайдаланатын тәсілдер мен әдістерді практикада ұйымдастыру мақсатына жетуде тиімді қолдануға болатындығына тұңғыш рет көздері жетті. Дәл осы кезеңде «басқару жөніндегі кеңесшілер» немесе «еңбек өнімділігі мәселесі жөніндегі сарапшылар» секілді жаңа мамандықтар пайда болып, тез етек алды, күн өткен сайын, әр түрлі мектептер, колледждер, басқару жөніндегі семинарлар саны көбейді жоғары оқу орындарында: «Кәсіпорынды басқару туралы» «Өнеркәсіпті басқару туралы» курстарды оқыту ұдайы жүргізіле бастады, басқаруды ұйымдастыру мәселесін зертгеуге ғалымдар көптеп тартылды, «ғылыми басқару» мәселелер бойынша жарияланымдар көбейді.

«Ғылыми басқару» қозғалысы АҚШ-тан тыс жерлерге қанат жайып, Германияда, Англияда, Францияда, Швецияда және басқа да еуропалық елдерде кеңінен мәлім болды, мұның өзі оларды «басқару», «ғылыми басқару», «рационализация», «еңбекті ғылым ұйымдастыру» т.б. аттарымен жарияланды. Егер әуелде тек өндіріс табыстарына бизнеске ғана көңіл бөлген болса, кейіннен адамдар қызметінің барлық саласында бірдей қолданылатын басқаруды ұйымдастырудың «ғылыми принциптері» концепциям қалыптасты

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]