Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.Лекция БжанеЭ.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86 Кб
Скачать
☆

4. Адами қатынастар және мінез-құлық мектебі. Басқару ғылыми (немесе сандық көзғарас)

Адамгершілік қарым-қатынас мектебі (1930-1950). Ғылыми басқару мектебі мен классикалық мектеп психология жаңадан дами бастаған кезде жарық көрді, сондықтан да осы мектептің авторлары адам факторының маңызын мойындай тұрса да, олардың пікір таласы ақыны әдіс төлеу, экономикалық ынталандыру және ресми қызмет қарым-қатынасты орнату секілді мәселелермен шектеледі. Адамгершілік қарым-қатынас жөніндегі қозғалыс, ұйымның негізгі тиімді элементі ретінде адам факторын толық мойындай алмауынан жауап ретінде туындаған еді. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамгершілік қарым-қатынас мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды, Ф.Тейлор және Э.Мэйо жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы 2-кестеде келтірілген.

Мэри Паркер Фоллет (1868-1933 ж.ж.) пен Элтон Мэйо (1880-1949 ж.ж.) адамгершілік қарым-қатынас мектебінің жаңа бағытта дамуының негізін салушылар деп есептелінеді Фоллет ханым менеджментке тұңғыш рет «басқа адамдардың көмегімен жұмыстың орындалуын қамтамасыз етуші» деп анықтама береді.

Э.Мэйо «Уэстерн электрик компани» фирмасымен шартқа отырып, Хоторис қаласында адам еңбегінің тиімділігіне психологиялық факторлардың ықпалын зерттеді. Бұл жұмыс кезінде бүкіл АҚШ-қа әйгілі «Хоторенстік эксперимент» деп аталды.

1926 жылы «Фонд Рокфеллер» қаржысына Гарвард университетінде өнеркәсіпті зерттеу бөлімі ашылып, 1927 жылдан бастап Э Мэйо жұмысын дамытты. «Индустриалдық өркениеттегі адамгершілік қарым-катынастар» кітабын шығарды. Бұл кітаптағы басты идея —еңбек тиімділігі үшін психологиялық жағдай және жұмысшылардың жақсы көңіл-күйінің кажеттігі туралы. «Бақытты жұмысшы дегеніміз жұмысшы» деп тұжырымдайды Э.Мэйо. Басқаша айтқанда, жұмысшылардың еңбек өнімділігін барынша арттыру үшін, оны бақытгы ету қажет. Демек, жақсы меңгеруші тек өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру техникасы туралы ғана емес, жұмыстың психологиялық жағдайларын да, жұмысшылардың көңіл-күйін де ойластырылуы тиіc, мұның өзi еңбек тиімділігінің елеулі факторларының бірі. Meңгеруші ұжымдағы жұмыс істейтіндердің кейбіреун айрықша қамқорлыққа алуы тиіс.

Кесте 2. Ф.Тейлор мен Э.Мэйо жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы

Ф.Тейлор жүйесі

Э.Мэйо жүйесі

Жұмыс істеушілерге энергетикалық ықпал ету

Жеке еңбекке кесімді ақыға сену

Жұмысшыларда әкішіліктің үйғару бойынша орналастыру.

Жұмысшыларға интелектуалдық іске қабілетсіз, «үйретілген маймыл» ретінде ықпал ету.

Жұмысшылардың өндірісті жақсарту туралы ойлауға тыйым салу.

Еңбек процестерін жұмыс тәртібін жиі – жиі өзгертіп отыру

Әкімшілік нұсқауын сөсіз орындау

Материалдық көтермелеу

жазамен қорқыту.

Жұмысшылардың ішкі өміріне басшылар тарапынан немқұрайлы қарау

Психологиялық ықпал ету.

Топтық психологиялық заңдылықты

ескере отырып, ұжымдық еңбекке сену

Жұмысшыларға твочестволық іске қабілетті адам ретінде ықпал ету.

Жұмысшылардың өндірісті жақсартуын ынталандыру.

Жұмысшыларды өндіріс процестерін талқылауға, онда тиісті шешім қабылдауға қатыстыру.

Өз мамандығына деген мақтаныш сезімін көтермелеу, олардың мақсаты фирма мақсатымен сай келетіндігі туралы иландыру.

Адамдарға көңіл бөлу, шеберлерді қарамағындағыларға, жұмысшыларға қамқор болуға насихаттау.

Бұл бағыттың негізгі қағидасы ресми емес шағын топтардың рөлін орындау, басқару практикасындағы топтағы психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерді тауып, пайдалануға мүмкіндік беретіндей тәсілдерін қабылдау болып саналады. Мәселен, осы «классиалық» мектептің, еңбекті барынша бөлісу жөніндегі негізгі тезистерінің бipiнe күмән келтіреді. Еңбекті толық бөлісудің нәтижесінде пайда болған топ ерекшелігі, тұрақтылығы әpi қатаң бақылаудың нәтижесінде жұмысшыларды қарапайым операцмялардың бірсарынды қайталануы қолайсыз әсер ету оларды жалықтырады.

Еңбек болінісіндегі қолайсыз зардаптарды жою жоніндегі ұсынылатын амалдардың ішінде жұмысшыларды операцияны жоспарлауға және нормалауға, яғни оны ұлғайту және алуан түрлігін арттыру) қатыстыру көзделген. Ұсак сериялы және көп моменклатуралы өндірісте тасқынды әдістен бас тартудан гөpi өндірістің икемділігіне ықпал ететін, өнім сапасын арттыратын, іpi шығынды азайтатын автономды құрастыру стенділерін енгізуді үсынады. Автоматтандыру кезінде мамандықтарды үйлестіру ұсынылады. Мәселен, жабдықтарды жөндеуді күту және бақылауды үйлестіpy. Мұндай жағдайда жұмысшылардың еңбекке мүдделігі артып, мамандығы жетіле түсетіндігін кәсіпкерлер атап көрсетеді.

«Адамгершілік қарым-қатынас» мектебінің өкілдері басқару жүйесіндегі жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру тәсілдерін іздестіруге eдәyip көңіл бөледі. Атап айтқанда, олар ресми емес әлеуметтік құрылымды өзертуге ерекше көңіл бөлуді немесе ұйымның формальды құрылымын қайта құруды ұсынды.

Олар классикалық мектеп ұсынған «жоғарыдан төменге қарай бағыну үйлесімділігі» принципін қатты сынғa алып, биліктің жоғарыдан төмен қарай жүруін тиімді деп есептемеді. Осыған орай олар «комиссия арқылы үйлесімділікті» ұсынды, мұның өзі идея қатынасының тиімділігін арттыруды, жалпы саяси ұйымнын жақсы қабылдануын әpi оның неғұрлым тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Осындай қорытындыларға сүйене отырып, психологиялық мектептің зерттеушілері былайша топшылайды: егер басшылар өз жұмыскерлеріне көбірек қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану ceзiмi де, еңбек өнімділігі де жоғары болады. Tiкeлей басшылық ететіндердің неғұрлым тиімді әрекет етуі жұмыскерлермен кeңecyi, қарым-қатынас жасауға барынша толық мүмкіндік беруі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасау амалдарын пайдалануды ұсынды.

Бихевиористік мінез-құлық (1950 жылдан күні бүгінге дейін). Екінші дүниежүзік соғыстан кейін психология мен социологияның дамуы, зерттеу әдістерінің жетілдіруі жұмыс орнында мінез-құлықты зерттеуді ғылыми жолға қойды. Крис Арджирис, Ренсис Ликерт, Дуглас Мак Грегор, Фредерик Герцберг, бихевиористік мінез-құлык мектебінің басқа да окілдері әлеуметтік өзара әрекеттесудің, мотивацияның, билік пен бедел сипатының, ұйымдық құрылымдарының, ұйымдастырудағы жетекшіліктің жұмыс мазмұнын ecкepтyдiң және еңбек тұрмысы санасының алуан түрлі жайларын зерттеді.

Бихевористік мектеп адамгершілік қатынас мектебінен eдәyip ауытқып, адамдар арасындағы қатынасты орнықтыру тәсілдеріне назар аударды. Бұл жаңа бағыт кобінесе адамдардың өз мүмкіндгіне ықпал етуге, ұйымды құруға және басқаруға негізделеді. Тұтастай алғанда, бұл мектептің басты мақсаты адам ресурстарының тиімділігін арттыру арқылы ұйымдастыру тиімділігін арттыру болды. Мұндағы басты мәселе мынада: мінез – құлық.

Басқару ғылыми (немесе сандық көзғарас)

Басқару ғылыми мектебі (сандық тәсіл). Басқару теориясы мен тәжірибесінің дамып жетілуінде қолданбалы және техникалық ғылым салаларының нәтижелері маңызды орын алды. Математика, статистика, кибернетика пәндері, сондай-ақ операцияны зерттеу ғылыми басқару саласындағы міндеттерді белгілеу және шешім қабылдауда тиімді әдіс-тәсілдер мен формаларды іздестіріп табуға және оларды кеңінен қолдануға жағдай тудырды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]