Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диaлoгты оыту технологиясы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64 Кб
Скачать
☆

Кесте 5. Дәстүрлі оқыту мен диалогтік оқыту әдісінің айырмашылықтары мен өзгешеліктері:

Дәстүрлі сабақ барысында:

(Мұғалімнің әдістері)

Диалогтік оқыту арқылы өтетін сабақтардағы өзгерістер мен оның нәтижесі:

  • мұғалім «әмір» беруші қызметінде болады;

  • мұғалім көп сөйлеп, оқушы аз сөйлейді;

  • оқушы өзінің ойын ашық әрі толық жеткізе алмайды;

  • оқушының мүмкіндіктері шектеулі түрде болады.

  • оқушылар өзара сұхбаттасады, ойын дамытып, басқа оқушымен ой бөлісе алады;

  • мұғалім мен оқушы арасында көпірше пайда болады;

  • оқушы өзінің ойын жинақтап, тұжырымдай алады;

  • оқушының сөйлеу шеберлігі мен мәдениеті, ізденімпаздылығы, топта өзін ұстау қабілеті жоғарылайды;

  • білімге деген көзқарасы қалыптасып, қызығушылығы мен талпынысы артады;

  • топ ішінде бір-бірлерінің пікірін тыңдап, өздерінің жауабымен салыстыра отырып түйінді ой немесе пікір айтуға дағдыланады;

  • диалог арқылы оқушылар бір-бірлерінен үйрену қабілеттері дами түседі;

  • мұғалім аз сөйлеп, оқушы өл з ойын жеткізе алады.

Сонымен қатар, диалогтік оқыту әдісі - мұғалімнің жан-жақты жұмысын талап етеді. Білім беру барысында диалогтік оқытуды дамыту үшін мұғалімнің тәжірибесінде не қажет? Әрине, оқытудың әдіс-тәсілдерінің сынып жағдайында дұрыс таңдалуы қажет. Бұл мұғалімнен біліктілік пен шеберлікті талап етеді.

Диалогтік оқыту барысында оқушылардың өз ойларын айтуға мүмкіндік туғызу, оқытуда мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы диалог жүгізу дағдысы қай деңгейде екенін үнемі назарда ұстау маңызды болып табылады.

Диалогтік оқытуда оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану қажет. Оқыту әдісі дегеніміз - білім алу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, оқытушы мен оқушының бірлікті іс-әрекеттік қимыл-тәсілдері. Оқу мақсаты жолындағы мұғалімнің оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып үйрену әрекетттерінің өзара байланыстылығы осы оқытудың белсенді әдістерінен көрінеді. Оқытушы мен оқушы арасын ретке келтіретін өзара байланысты іс-әрекеттерінің оқу үрдісіндегі білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерді шешуге бағытталған іс-әрекет түрі. Сонымен, диалогтің оқыту барысында оқытудың бір топ негізгі әдіс – тәсілдер, яғни әдістер кешені қолданылады. Сол әдіс-тәсілдерге тоқталып өтелік. Атап айтатын болсақ: сұрақ қою әдісі,жіңішке және жуан сұрақтар әдісі, сұхбат, әңгімелесу,пікірталас әдісі,дөңгелек үстел әдісі,рөлдік ойындар, постер,оқу сөз жарысы (дискуссия), т.б.

1.«Сұрақ қою және қайтадан сұрақ қою» әдісінің негізгі мақсаты – бір-бірімен ой бөлісу арқылы өз білімдерін жетілдіру жұмысымен айналысу. Сұрақ қою – маңызды дағдылардың бірі. Себебі, сұрақ қойылған жағдайда ғана танымдық сұрақ сабақ берудің тиімді құралына айналады және оқушылардың ізденуіне қолдау көрсетіп, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін жақсартады және білім, ақпарат алуын кеңейте түседі. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданылатын сұрақтардың екі түрі бар: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар. Жоғары дәрежелі сұрақтар – оқушылардан ақпаратты белгілі дәрежеде қолдануды, қайта ұйымдастыруды, дамытуды, бағалауды, талдауды, яғни, ойлау операцияларына дайын болуды талап ететін сұрақтар.Мәселен, жоғары дәрежелі сұрақтар қойылған кезде, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға тиіс болады. Ашық сұрақтарды көбірек пайдалану оқушыларға әлдеқайда жоғарырақ деңгейде ойлануға көмектеседі. Сұрақ қоюда мұғалімнің мақсаты айқын болу керек. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың техникасын білу әр мұғалімге міндетті. Енді сұрақтың сол техникаларына тоқталатын болсақ:

Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.

Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.

Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?»

 Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:

  • оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

  • оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

  • білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

  • оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;

  • оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;

  • оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;

  • оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;

  • әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;

  • оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.

Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер «төмен дәрежелі» және «жоғары дәрежелі» сұрақтар қояды. Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға тиіс болады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Себебі, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың ізденуіне қолдау көрсетіп, зерттеушілік қабілеттерін жақсартады, білім, ақпарат алу көкжиектерін кеңейте түседі.Жоғары дәрежелі сұрақтар – оқушылардан ақпаратты белгілі дәрежеде қолдануды, қайта ұйымдастыруды, дамытуды, бағалауды, талдауды, яғни, ойлау операцияларына дайын болуды талап ететін сұрақтар. Мәселен, жоғары дәрежелі сұрақтар қойылған кезде, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға тиіс болады. Ашық сұрақтарды көбірек пайдалану оқушыларға әлдеқайда жоғарырақ деңгейде ойлануға көмектеседі. Сұрақ қою арқылы мұғалім оқушыларын сөйлей білуге, өзінің ойын айта білуге, сыни тұрғыдан ойлау, қабілеттерін дамытуға, басқа оқушылармен пікір таластыра алуына ықпал етеді және осы әрекеттерге жетелейді. Сұрақ қоярда, мұқият ойланып, бәріне түсінікті болатындай етіп қойылуы керек. Оқушылардың ойлау әрекетін дамытуда әңгіме әдісінің рөлі зор екенін осыдан көруімізге болады.

Сонымен қатар сұрақ беру арқылы диалогтік әдісті қолдану оқушылардың ойлау қабілеттерінің өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетінін көрсетеді. Оқушыларға сабақты терең түсіну немесе толығырақ мағлұматтар алу үшін мұғалімдер жоғары дәрежелі немесе төмен дәрежелі сұрақтармен ой бөліседі. Сонымен қатар оқушылардың қиналған тұстарында немесе дәлелдемелерін жеткізе алмаған жағдайда мұғалім оқушыларға түрткі сұрақтарды пайдалану арқылы ойларын ұғынуға болады.

2.Сұхбат әдісі –ауызша сұрау арқылы ақпарат алу тәсілі. Сұхбаттасу кезінде зерттеуші белгілі бір дәйектілікпен қойылатын,алдын ала дайындалған сұрақтарды пайдаланады. Сұхбат кезінде жауаптар ашық түрде жазылады. Диалогтік сұхбаттасау – мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де білім алуға зор үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі. Өйткені, ол - ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сындарлы қарым-қатынас жасауына ықпал ететін оқыту. Ал, сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Оқушылар арасында сұхбаттың пайда болуына сабақ кезінде орындауға қызықты тапсырмалардың да болуына әсер етеді.