Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диaлoгты оыту технологиясы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64 Кб
Скачать
☆

Сызба 1. Диалогтік оқытудағы мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен сұхбат әдісі

Бірлескен сұхбат

Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті. Олар:

  • оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

  • басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне ықпал етеді;

  • оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

  • мұғалімдерге оқушыларды оқыту барыснда олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

3.Әңгімелесу әдісі –оқытудың диалогтік әдісі,мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материлдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу – дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін сократ әдісі деп те атайды.

Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру, жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады. Әңгімелесу әдісі арқылы оқушының жаңа білімді алуға белсене қатыстырп, оны білім алу әдістеріне, мүұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады. Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу мен ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.

Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға немесе барлық сынып оқушыларына қояды. Әңгімелесудің бір түрі – оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыптарды талқылайды.Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.

Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:

  • ес пен тілді дамытуы;

  • оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;

  • оқушылардың білім деңгейінің қай дәрежеде екенін білу;

  • жақсы диагностикалық құрал;

  • үлкен тәрбиелік құрал.

4.Пікірталас әдісі – оқытудың сөздік әдістерінің ішіндегі елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі – танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғаның және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасайды. Пікірталас әдісі – оқу материалының дау тудыратын тақырыбын қарастыруға, талдауға бағытталған және білім алушылардың әр түрлі ұстанымдарын бір арнаға тоғыстыратын оқыту тәсілі. Пікірсайыс өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі қарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оқушыларға қолдау көрсетіп, түзетіп отыруы қажет.Бұл әдіс көбінесе проблемалық жағдаятқа негізделеді. Пікірталастың туындауына тақырып жөнінде теориялар мен ережелер, қағидалар, ғылым мәселелерін талқыға салу, проблеманың бүгінгі таңдағы көрінісі себеп бола болады.

Пікірталас түрлері:

  • топ оқушыларының жалпылама түрде бір проблеманы шешу барысына аяқ астынан пайда болатын пікірталас;

  • әр түрлі педагогикалық құбылыстарға өзіндік ұстанымын білдіру үшін сенімін қалыптастыруға бағытталған пікірталас;

  • арнайы оқытушы туындатқан нақтылы ақпарат пен дәлелді дәйектерге сүйенген оқу пікірталас.

  • «пікірталас әдісі» төмендегідей артықшылықтарымен ерекшеленеді:

  • диалогтік қарым-қатынас дағдылары жетіледі;

  • сыни ойлау дамиды;

  • қарастырылатын мәселе бойынша білімдері толықтырылады.

5. «Дөңгелек үстел» әдісі –бұл әдісті өзекті деп саналатын және әр түрлі көзқарас тудыратын тақырыптар бойынша сабақ үстінде қолданылады. Әдістің ерекшелігі тақырыптық пікірталас пен топтық кеңес арасындағы үйлесімділік туғызып, «дөңгелек үстел» ұйымдастыру, яғни, «көзбе - көз» пікір алмасу. Қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап отырады, ал оқытушы да осы топтың тең дәрежелі мүшесіндей үстелден орын алады.

Осы әдісті қолданып өткізілетін сабақ үлгісін қарастырып өтейік. Сабақ төрт кезеңнен тұрады:

I кезең – дайындық: білім алушылар өз бетінше әдебиетпен танысады, қысқаша тезис құрастырады (сабаққа дейін 1-2 апта бұрын).

II кезең – мақсатты-ұйымдастырушылық: оқытушы тақырыпты, мақсатты, талқылауға шығарылған сұрақтарды хабарлайды, негізігі баяндамашылар, оппонеттер, эксперттер, эксперттер ретіндегі топтарды анықтайды, «дөңгелек үстелге» қатысушылардың ережелерімен таныстырады (уақыт 10-15 минут).

III кезең – «дөңгелек үстел»: сұрақтарды талқыға салу, өз шешімдерін, дәлелдерін келтіру; оппоненттердің ортаға салынған пікірлерді теріске шығаруы; эксперттердің айтылған пікірлерін тіркеп отыруы және «дөңгелек үстелге» қатысушылардың белсенділік деңгейін анықтау (уақыт 30-40 минут).

IV кезең – қорытынды: оқытушы талдау жасап, жалпы қорытындысын шығарады, топтардың жұмысына жалпы баға береді, алдағы уақытта талқыға салынатын сұрақтарды, мәселелерді айтып өтеді, ортақ келісімге келерлік шешімдер мен ұсыныстарды шығарады (уақыт 20 минут).

6.Оқу сөз жарысы (дискуссия) әдісі –нақты проблема бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы оқушының ой-пікірі өзінің меншікті шешімі не басқа тұлғалардың ғылыми-теориялық ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз-жарысының басты қызметі: оқушылардың танымдық ұмтылыстарына дем беру.

Сөз жарыс жәрдемімен оған қатысушылар жаңа білімдерді игереді, өз пікірлерінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізеді, өз көзқарастарын қорғап қалуға үйренеді, басқалар ой топшылауларымен есептесу қажеттігін үйренеді.

7.Көрнекілік әдістер – көрнекі әдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сызба, кесте, сурет, модульдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тәуелді. Бұлардың бәрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік және практикалық әдістермен бірге пайдаланылады.

8.Оқудың практикалық әдістері – оқушының іс-әрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті – тәжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық және тәжірибелік әдістері бірігеді.

Жаттығулар – материалды игеру, не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқу әрекеттерін көп мәрте қайталаумен орындау. Жаттығулар ауызша, жазба, графикалық және оқу-еңбектік болып ажыратылады.

Ауызша жаттығулар – оқушылардың сөйлеу мәдениетінің, қисынды ойлау, ес, зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды.

Жазба жаттығулардың – басты міндеті игерілген білімді бекіту және олар бойынша қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, қолдануға бейімдеу.

9.Интервью әдісі - бұл әдіс педагогикалық әңгімелесу әдісінің бір түрі. Айырмашылығы интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар бойынша әңгімелеушінің жауаптары жазыа алынады. Интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән мазмұны, әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады.

10.Іскерлік ойындар әдісі – оқу- кәсіби міндеттердің ережелер бойынша ойын формасында шешілетін оқыту тәсілі. Білім алушылар кәсіби іс-әрекеттің үзінділерінен көрініс қоя отырып, түрлі рөлдер мен кәсіби іс-әрекет түрлерін орындайды.

Іскерлік ойынның міндетті бөліктері бар, олар:

- дидактикалық мақсаттың болуы: білімді жүйелеу мен нақтылау, іскерлік жүйесін қалыптастыруға ұмтылу, тұлғаның кәсіби деңгейдегі қасиеттерін қалыптастыру;

- оқу-кәсіптік ойын міндеттерінің болуы: ойынға қатысушы өзінің қандай міндетті шешу керектігін нақтылы білген дұрыс;

- ойын жағдаятының болуы: ойында қарама-қайшылық, тараптар «шекісуі», әр түрлі көзқарастар мен ойлар элементі болуы керек;

- ойынның бірлескен сипаты: ойынға қатысушылардың барлығы өздеріне бөлініп берілген рөлдері бойынша өзара қарым-қатынасқа түсулері керек;

- іскерлік ойынның бағытталушы жоспарының болуы: ойын барысын, қатысушылардың негізгі сөздері мен әрекеттерін мұғалім құрастыруы керек, алайда ойын барысында оған қатысушылардың суырып салма өнерлеріне шек қойылмайды;

- бірыңғай нәтижеге қол жеткізу: білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік жетістіктерге жету.

Ойынның негізгі шарттары:

- ойынға қатысушылардың өзіне тиесілі рөлдерін өз серіктестерімен таңдауы;

- ойынға қатысушылардың ортақ шешім қабылдаулары үшін диалогтік қарым-қатынасқа түсулері;

- ойынға мүмкін болар жағдайларға байланысты суырып салмалық өнер, модельдеу түрлерін енгізу;

- ойын ережесінің бар болуы («жазалау жолдары», шектеулер);

- ойынға сайыс, ынталандыру (мақтау, құптау және т.б) элементтерін енгізу;

- ойын іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау жүйесін қолдану;

- іскерлік ойынның жоғары серпінділігі, сабақтастығы, зор мәнге ие болуы маңызды.