- •1.1 Шаштараз залындағы орын санын жобалап есептеу
- •1.2 Шаштаразда тұрмыстық қызмет көрсетуді жүзеге асыру көлемінің есебі
- •2.1 2016 Жыл бойынша бір жұмысшыға арналған жұмыс уақытының балансы
- •2.2 Шаштараз және залдары бойынша шеберлердің санының есебі
- •2.3 Шаштараз шеберлері еңбек төлемі қорының есебі
- •V. Өнім мен рентабельділік сапасын есептеу
- •VI. Шаш сәні және макияж калькуляциясын есептеу
- •VII. Жобадағы шаштараз жұмысының техникалық – экономикалық көрсеткіштері
2.1 2016 Жыл бойынша бір жұмысшыға арналған жұмыс уақытының балансы
Кәсіпорынның жоспарлау жүйесінде еңбек және жалақы бойынша жоспар ерекше орын алады. Шығарылатын өнім көлемі қызметкерлер санынан және олардың өнімді жұмыстарынан тығыз тәуелділікте болады.
Еңбек және жалақы бойынша жоспар келесі бөлімдерден тұрады.
а) еңбек өнімділігін көтеру жоспары;
б) жұмыс істеушілердің саны мен құрамының жоспары;
в) жалақы қорын жоспарлау;
г) кадрлардың біліктілігін көтеру және сақтандыру жоспары;
Жоспардың мақсаттары: еңбек өнімділігін арттырудың жоғары және тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, кадрларға деген сұраныстарды қамтамасыз ету, жұмыс күшін және жұмыс уақытын тиімді пайдалану, жұмыс істеушілердің біліктілігін көтеру, жалақы қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, өндіріс тиімділігін көтерудегі қызметкерлердің материалдық қызығушылықтарын күшейтуді және іс-шараны әзірлеу. Жоспар әзірлемесі еңбек өнімділігінің белгілі бір деңгейінен басталады.
Шаштараз саны – тұрмыс қызметі кәсіпорнына шеберлер жұмыс орын санының есебімен жоспарланады. Санын есептеуде оқу демалысы, кезекті демалысы және тағы басқа, сияқты жұмыс уақытының барлық жоғалулары есептеледі. Шаштараз салондарында штаттық кесте бойынша электриктер, сантехниктер, жабдықтарды жөндеу бойынша механиктер сияқты көмекші қызметкерлердің саны жоспарланбайды. Аталған қызметкерлер категориясы келісім шарттың негізінде жұмыс істейді.
Инженерлік – техникалық қызметкерлер және қызметшілер саны штаттық кесте негізінде жоспарланады, онда әрбір қызмет бойынша қызметкерлер саны жалақысының көрсетілуімен қызметтер тізімі жүргізіледі.
Жалақы қоры негізгі жалақы – орындалған жұмыс және өтелген уақыт үшін төленеді. Мұнда тікелей тариф, сыйақы, әртүрлі қосымша төлемдер кіреді.
Қосымша жалақы – төлемдер кіреді. Олар орындалған жұмыс төлемдері емес, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі, мұнда кезекті демалыс, оқу демалысы төлемдері, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытының төлемі, жасөспірімдерге, асыраушы аналарға қосымша төлемдер кіреді.
Барлық жоғалтылған жұмыс уақыттары есептелінетін жұмыс уақыты балансының жүйесін, қызметкерлер санын жоспарланғаннан бұрын
1) Егер өзгесі жұмыс берушілердің жеке еңбектік, ұжымдық шарттарды және актілерімен, қызметкерлердің бөлек категориясы үшін басқа нормативтік құқықтық актілермен қарастырылмаса, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы қызметкерлерге 18 күнтізбелік күннен кем берілмейді.
2) Білім берудің оқытушы ұйымдар қызметкерлерінің оқу демалысы төленетін немесе төленбейтін емтихан тапсыру, диплом жобасын дайындау және қорғау, бітіру, емтихандарын тапсыру кезеңіне қосымша демалыстар ұсынылады.
3) Әйелдерге жүктілік және босану бойынша демалысынан басқа олардың өтініштері бойынша жалақысы сақталмаған қосымша демалыс ұсынылады. Бала 3 жасқа толғанға дейін оны күту бойынша берілген қосымша демалыс уақытында жұмыс орны сақталады.
4) Емделу төлемі (ауырған күндер), жұмыс берушінің бастамасы бойынша жеке-еңбектік шартты бұзу үшін: 2 айдан аса жұмысқа келмеу, уақытша жұмысқа жарамсыздық салдары болып табылады.
5) Жасөспірімнің толық емес күні немесе қысқартылған жұмыс күнінің қысқартылған ұзақтығы тағайындалады. 14 жастан 16 жасқа дейін қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан көп емес. 16 жастан 18 жасқа дейін 36 сағаттан көп емес, ал жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.
Көрсеткіштер
|
Жұмыс орнының қоры |
||
Күндері |
Сағаттары |
Пайызы % |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
Күнтізбелік уақыт қоры |
366 |
|
|
Жұмыс істемейтін күндер саны |
|
|
|
Мерекелік күндер демалыс |
14 54 |
|
100% |
Күнтізбелік жұмыс күндер саны |
298 |
1986 |
100% |
Жұмыс емес күндер Соның ішінде: 1. Кезекті демалыс 2. Оқу демалыс 3. Ауырған күндер 4. Декреттік демалыс 5. Заңмен рұқсат берілген демалыс |
20,71
12,20 0,07 7,57 0,11 0,11 |
141,97
85,4 0,49 52,99 0,77 0,77 |
14,44
10,41 0,0003 4,01 0,0008 0,0008 |
Жұмыс уақытын жоғалту |
0,5 |
3,5 |
0,017 |
Жасөспірімнің толық емес күні |
0,1 |
0,7 |
0,0007 |
Ананың бала емізу сағаты |
0,05 |
0,35 |
0,0002 |
Жұмыс уақытының тиімді қоры |
277,29 |
1841,03 |
85,56 |
Бір жұмысшыға арналған жұмыс уақытының балансын табу үшін күнтізбесі бойынша шаштараздың мерекелік және демалыс күндер санын анықтаймыз. Ол үшін күнтізбелік жұмыс күнінің саны 298 күнді 100 пайызға теңестіріп кезекті демалыс күнінің санын анықтадым. Шыққан санды 7 сағатқа көбейтіп, кезекті демалыс күндерін сағатын есептедім.
