- •Мазмұны
- •3 Сурет - Ұзақтық бойынша жылдық график
- •4 Сурет
- •7 Сурет - Активті қуат бойынша жүктеменің жеке графигі
- •11 Сурет - Тоқтың, кернеудің және қуаттың мәндерін көрсететін қисықтар
- •2. Реактивті жүктемелерге арналған өтемелегіш қондырғылар.
- •13 Сурет - Конденсатор батареяларының 380 в шинасына қосылу сұлбалары
- •14 Сурет - Конденсатор батареяларының кернеуі 6-10кВ шиналарға қосылу сұлбалары
- •1000 В дейінгі желілер үшін қорғаныс аппаратурасы.
- •18 Сурет - Магистральды сұлбалар
- •22 Сурет - Автоматты ауа ажыратқыш ажыратқыштардың сипаттамалары
- •25 Сурет - Электрмен жабдықтаудың радиалды сұлбасы
- •26 Сурет - Өндірістік өнеркәсіптің электржабдықтауының ішкі жүйесіндегі бір жақтан қоректелуі бар сипаттық магистральді сұлбасы
- •29 Сурет
- •2 К е с т е - Кернеудің синусоидалылығының ығысу коэффициентінің Ки нормалары
- •1КВ жоғары кернеулі, бейтараптамасы тиімді жерге қосылған тораптардың электр қондырғыларының жерлендіруші құрылғысын келесідей талаптарды сақтай отырып орындаған жөн:
- •Әдебиеттер тізімі
25 Сурет - Электрмен жабдықтаудың радиалды сұлбасы
ТП1, ТП2 – бірсатылы радиалды қоректену
РП1, РП2 және РП3 – екісатылы радиалды қоректену
Кернеуі 1кВ-тан жоғары магистральді сұлбалар
Магистральді сұлбаларды электрмен жабдықтаудың ішкі жүйесінде қолданады, егер де тұтынушылар айтарлықтай көп болса және радиалды сұлбаларды қолдану тиімді болмаса. Әдетте магистральді сұлбалар тұтынушылардың ортақ қуаты 5000-6000кВА-дан көп емес бес-алты ҚС-ды қорекпен қамтамасыз етеді.
Бұл сұлба қоректенудің төмен сенімділігімен сипатталады, бірақ ағытатын аппараттар санын азайтуға және тұтынушыларды қорек үшін сәтті жинақтауға мүмкіндік береді..
26 Сурет - Өндірістік өнеркәсіптің электржабдықтауының ішкі жүйесіндегі бір жақтан қоректелуі бар сипаттық магистральді сұлбасы
|
|
|
|
Магистральді сұлбалардың артықшылықтарын сақтау қажет болғанда және қоректендірудің жоғары сендімділігін қамтамасыз ету үшін транзитті магистральдар жүйесін қолданады. Мұндай жүйеде кез келген қоректендіруші жоғары кернеулі магистраль зақымдалса, тұтынушыларды автоматты түрде істе қалған трансформатордың төменгі кернеулі шиналар секциясына ауыстыру арқылы қоректендіруді екінші магистраль арқылы сенімді қамтамасыз етеді. Бұл қосылыс 0,1-0,2 с аралығында болады, яғни тұтынушыларды электрмен жабдықтауда зиян тигізбейді.
Тәжірибе жүзінде өндірістік кәсіпорындардың ЭЖЖ-ін жобалау және қолдану кезінде тек қана магистральді немесе ралиалды сұлбаларды қолдану аз кездеседі. Әдетте, үлкен және жауапкершілігі жоғары тұтынушылар немесе қабылдағыштарды радиалды сұлбалар бойынша қоректендіреді. Орта және кіші тұтынушыларды топтастырып олардың қоректенуін магистральді принцип бойынша қоректендіреді. Бұл шешім техника-экономикалық көрсеткіштері ең жақсы ішкі электрмен жабдықтау сұлбасын құруға мүмкіндік береді.
|
|
|
|
№13 дәріс. Жоғары кернеулі желілердің электрлік есебі
Дәрістің мазмұны:
- ауа және кабель желілерінің қимасын есептеу әдістерін үйрену.
Дәрістің мақсаты:
- ауа және кабель желілерін есептеу тәртібі.
Электр энергияны тасымалдаудың кернеуі 1кВ-тан жоғары ауа желілері (АЖ) ауа желілерінде ереже бойынша жалаңаш көпсымды сымдар мен арқансымдар (трос) қолданылуы қажет. Сымдардың диаметрі, қимасы мен материалы тораптың электрлік есебімен анықталады, оның параметрлері мен АЖ-де сымдарды қолдану аймағын улы фракциялымен анықтайтын орналасқан жеріне байланысты (елді немесе елсіз жер, үлкен ғимараттар болса, мұзды және желді аймақтар, аралық ұзындықтарына, қоршаған ортаның қанығу дәрежесі).
110кВ-тан және одан жоғары АЖ үшін сым диаметрі «тәжге» («корона») кеткен шығын бойынша тексерілуі қажет. Ал мұнда сымның ең минималды диаметрі кемінде 11,4мм (АС-70/11) болуы қажет. 110кВ АЖ үшін, 150кВ АЖ-сі үшін - 15,2мм (АС-120/19), 220кВ АЖ үшін - 21,6мм (АС-240/39).
6-220 кВ АЖ-нде келесідей сымдар қолданылады:
- А және АКП маркалы алюминді сымдар;
- АС, АСК, АСКС, АСКП маркалы болат-алюминді сымдар;
- ПС маркалы болат сымдар;
- АН және АЖ маркалы алюминий балқымасынан жасалған сымдар.
6-10кВ АЖ-н барлық жағдайда, қоршаған орта шарттары, трассаның шарттары, құрылыс тығыздығы немесе технологиялық коммуникациялар (галерея, эстакада) әсер етпеген қолдану қажет, мысалы ерекшеленген нысандарды қоректеу үшін (насостық және т.б.).
35-110кВ АЖ-рі үлкен электр қуатын жеткізу үшін қолданылады (терең енгізу).
АЖ есебіне мыналар кіреді:
а) электр есеп;
б) механикалық есеп.
6-220кВ АЖ электрлік есебіне мыналар кіреді:
а) энергия шығыны бойынша желінің есептелуі тоқтың экономикалық тығыздығы бойынша).
Желі бойымен энергияны таратқан кездегі шығындар желі кедергісі үлкейген сайын өседі, олар өз кезегінде сымның қимасымен анықталады; сымның қимасы үлкейген сайын шығын аз болады. Бірақ бұл кезде түсті металдың және желіні құруға кететін капитал шығын өседі. Экономикалық жағынан ең тиімді желіні таңдап алу үшін капитал шығын мен жыл сайынғы пайдалануға кететін шығынды бірнеше нұсқа (2-ден аз емес) үшін салыстыру керек.
Шығын және шығын бағасы сым мен кабельдің қимасы үлкейген сайын азаяды, бірақ сым мен кабель қимасы үлкейген сайын капиталдық шығындардың өсуіне байланысты экономикалық шығындар (отчисления) шамасы өседі. Жылдық шығындардың құраушыларының қосындысы сым қимасы минимум болады. Ол экономика жағынан тиімді Sэк болған кезде.
Электр қондырғыларын құру ережелері бойынша (ПУЭ) тоқтың экономикалық тығыздығының jэк мәні белгіленген, ол тек сымның материалына, құрылымына және жүктеме Тм максимумын қолдану уақытына тәуелді. Бұл жерде келесі факторларды есепке алмаймыз, олар: электр энергияның бағасы және желідегі кернеудің мәні. Экономикалық жағынан ең тиімді қиманы желінің есептік тоғы Iр және экономикалық тығыздық jэк арқылы есептейміз
,
мм2,
мұнда
,
А – бір тізбекті желі үшін есептік тоқ;
,
А – екі тізбекті желі үшін есептік тоқ;
Iав=2Iр;
б) ұзақ есептік тоқпен қыздыру шарты бойыншы желі есебі
Iном.пров Iр– бір тізбекті желі үшін есептік тоқ;
Iдоп.ав.Iав – екі тізбекті желі үшін есептік тоқ;
Iдоп.ав.=1,3 Iном.пров;
мұнда Iном.пров – жалаңаш сымдар үшін рұқсат етілетін үзақтық тоқ;
в) кернеу шығыны бойынша желі есебі
,
В
немесе
,
В.
Номиналды кернеу бойынша кернеу шығынының пайыздық көрсеткіші:
;
г) «тәжге» кететін шығын шарты бойынша 110кВ АЖ үшін сымның минималды қимасы АС-70, 220кВ АЖ үшін АС-240 болады, 35кВ АЖ-рі «тәжге» кететін шығынға тексерілмейді.
Механикалық төзімділік бойынша АЖ есебі
АЖ-н механикалық төзімділікке есептеу деген оның нәтижесі бойынша ауа желілерінің элементтеріне түсетін механикалық жүктемелер анықталатын, осы жүктеме әсерінен АЖ элементтерінде туатын ішкі кернеулер және сымдар мен арқансымдардың (трос) салбырауы анықталатын есептеулер.
АЖ-нің келесі элементтері есептеледі: сымдар және арқансымдар оқшауламалар мен арматура; тіректер мен іргетастар.
Кернеуі 1кВ жоғары кабель желілері (КЖ) үшін:
а) энергия шығыны (тоқтың экономикалық тығыздығы) бойынша желінің есебі
, мм2 ;
б) ұзақ есептік тоқпен қызу бойынша
Iном.каб Iр – бір тізбекті КЖ үшін;
в) апаттық режимі бойынша (екі тізбекті КЖ үшін)
Iдоп.ав. Iав,
Iдоп.ав.=1,3 Iном.каб;
г) қысқа тұйықталу тоғы бойынша (Iқт)
,
мм2
мұнда α=12 кабельдің алюминді талсымы үшін;
Тпр – келтірілген уақыт (0,3-0,7);
д) кернеу шығыны бойынша
, В
немесе , В.
Номиналды кернеу бойынша кернеу шығынының пайыздық көрсеткіші: .
№14 дәріс. Өндірістік кәсіпорындардың қосалқы станциялары
Дәрістің мазмұны:
- кәсіпорындағы төмендеткіш қосалқы станциялардың сұлбаларымен танысу.
Дәрістің мақсаты:
- қосалқы станциялардың әртүрлі сұлбаларының жұмыс істеу принциптері және оларды қолдану аймақтары.
Электрмен жабдықтау жүйесі ең қолайлы және дұрыс шешілген болса, жоғарғы кернеу көздері тұтынушыларға максималды жақын болып орналасады, ал электр энергияны қабылдау бірнеше пункттерге бөлінеді, бұл торап буындарының санын және аралық трансформациялау сатыларын минималды деңгейге жеткізеді.
Қосалқы станция дегеніміз – трансформаторлардан немесе және басқа да электр энергияның түрлендіргіштерінен, тарату құрылғысынан (ТҚ), сонымен қатар көмекші құрылғылардан (аккумулятор батареясы немесе басқа да екіншілік тізбектің қорек көздері, конденсаторлар батареясы, тығыздалған ауа алатын компрессорлық станцияларды, басқару орындары, үй-тұрмыс орындары және т.б.) тұратын электр энергияны түрлендіру мен таратуға арналған электрқондырғы.
Өндірістік кәсіпорындар үшін трансформаторлы қосалқы станциялар (БТҚ (ГПП), ТҚ (ТП)) ең ыңғайлы. Олардан басқа жартылай өткізгішті, машиналы және басқа да тоқ немесе жиілік түрлендіргіші бар түрлендіргіш қосалқы станциялар (ПП) қолданылады, олардың жалпы құрамы жағынан трансформаторлар қосалқы станциясының аз ғана айырмашылығы бар.
Қорек көзінен келетін энергия түрлендірілмей, тек электрэнергия қабылдағыштарына таратылса, мұндай қосалқы станция таратқыш қосалқы станция (РП) деп аталады.
Ірі энергосыйымдылықты кәсіпорындарда жоғарғы кернеулі 35-220 кВ терең енгізу түріндегі, 6-35кВ тоқ сымдар түріндегі ЭЖЖ (СЭС).
Кейбір кезде терең енгізу мен тоқ сымдар қатар қолданылады.
Терең енгізу деп тұтынушылардың электр қондырғыларына жоғарғы кернеу 35-220кВ максималды жақындатылған ЭЖЖ-ні атаймыз. Бұл кезде аралық трансформациялау сатысының саны және аппараттар саны минималды болады.
Өте ірі кәсіпорындарда желінің қоректенетін кернеуі 330-550 кВ болған кезде, электр энергия U=110-220кВ трансформацияланады. Терең енгізу магистральді және радиалды сұлбалар бойынша орындалады.
«Энергосетьпроект» институты жасаған 110-220кВ терең енгізу қосалқы станциялардың кең қолданылатын типтік сұлбаларын қарастырайық.
ТЕҚС (ПГВ) мен БТҚС (ГПП) сұлбалары:
а) сөндіруші импульсі бар 110-220кВ кабельдік кірмелері бар сұлба.
Бұл сұлба ең қарапайым және сенімді, өйткені онда кірмелік және шықпалық кернеулерде ашық тоқ өткізгіш бөліктері жоқ. 110-220кВ кабельдік
