- •Мазмұны
- •3 Сурет - Ұзақтық бойынша жылдық график
- •4 Сурет
- •7 Сурет - Активті қуат бойынша жүктеменің жеке графигі
- •11 Сурет - Тоқтың, кернеудің және қуаттың мәндерін көрсететін қисықтар
- •2. Реактивті жүктемелерге арналған өтемелегіш қондырғылар.
- •13 Сурет - Конденсатор батареяларының 380 в шинасына қосылу сұлбалары
- •14 Сурет - Конденсатор батареяларының кернеуі 6-10кВ шиналарға қосылу сұлбалары
- •1000 В дейінгі желілер үшін қорғаныс аппаратурасы.
- •18 Сурет - Магистральды сұлбалар
- •22 Сурет - Автоматты ауа ажыратқыш ажыратқыштардың сипаттамалары
- •25 Сурет - Электрмен жабдықтаудың радиалды сұлбасы
- •26 Сурет - Өндірістік өнеркәсіптің электржабдықтауының ішкі жүйесіндегі бір жақтан қоректелуі бар сипаттық магистральді сұлбасы
- •29 Сурет
- •2 К е с т е - Кернеудің синусоидалылығының ығысу коэффициентінің Ки нормалары
- •1КВ жоғары кернеулі, бейтараптамасы тиімді жерге қосылған тораптардың электр қондырғыларының жерлендіруші құрылғысын келесідей талаптарды сақтай отырып орындаған жөн:
- •Әдебиеттер тізімі
18 Сурет - Магистральды сұлбалар
электр құрылғыларын түгел ажыратуға тура келеді. Радиалды және магистральді желілердің ерекшеліктерін ескере отырып, әдетте қоршаған ортаның, өнеркәсіптердің сипаттамасына байланысты аралас сұлбаларды қолданады.
ШМА сериялы жабық типті шинаөткізгіштер цехтарда өндірістік жиілікті 3 фазалы тоқты U 660-қа дейін электрэнергияны беру үшін орнатылады. Оларды тікбұрыштық және шеткі секциялардан жинайды да, кронштейндер немесе арнайы тіректерде орнатады.
ШРА сериялы шина өткізгіштер өндірістік жиілікті 3 фазалы токты U=380 В немесе 660 В қоршаған орта қауіпті цехтарда орнатады.
ШМА-ны КТП-ға қосу ШМА-ның қосу секциясы арқылы іске асады, бұл секциялар коммутациялы-қорғаныстық аппараттармен қосылады, олар КТП-ның шкафында орналастырылады.
ШРА қосалқы станцияның шинасына қосу кабель немесе сыммен іске асырылады, ол шығыс қорапшасына қосылады.
ШРА-ны ШМА-ға қосу әдетте ШРА-да орналасқан, шығыс қорапша арқылы іске асады, ол ШМА-ның тармақты секциясына кабельді тұйықтаушы арқылы қосылады.
Цехтардың жарықтандыру жүктемесі радиалды сұлба бойынша қосалқы станция әдетте жеке желі арқылы қосылады, ал магистральді сұлба кезінде магистральдің басты бөліктері арқылы қосылады.
№10 дәріс. 1000В-қа дейінгі желілер үшін қорғаныс аппаратурасы
Дәрістің мазмұны:
- сақтандырғыштар және автоматты ауа ажыратқыштарының құрылысын зерттеу.
Дәрістің мақсаты:
-1000 В-қа дейінгі желілер үшін қорғаныс аппараттарын таңдау әдістемесі.
1000 В дейінгі желілер үшін қорғаныс аппаратурасы.
Сақтандырғыштар. Олар электр қондырғыларды тоқтардың қысқа тұйықталуынан қорғау үшін қолданылады; 1000 В дейінгі кең таралған сақтандырғыштар; ПР-2 жиналмалы сақтандырғыштар; НПН - құм себілген жиналмалы емес сақтандырғыш; ПН-2 - құм себілген жиналмалы сақтандырғыш.
Сақтандырғыштың негізгі типтері Iном 15 А-ден 1000 А-ге дейін болады.
Құрылымы бойынша сақтандырғышты 2 топқа бөлуге болады:
а) кварцты құммен толтырылған ( ПН-2, НПН, ПП17, ПП18);
б) толтырылмайтын (ПР-2).
Балқымалы сақтандырғыштары мынандай болып бөлінеді:
а) инерциялық - жылулық инерциясы үлкен, яғни біршама үлкен қысқа уақытты ток жүктемесіне төзімді;
б) инерциялық емес - жылулық инерциясы аз, яғни асқын жүктемеге төзімділігі шектеулі.
Сақтандырғышты таңдау шарты
Iном.пред. Iдл.,
Iном.вст Iдл
мұндағы Iдл - есептік ұзақ уақытты ток, ол былай есептеледі
.
20 Сурет - Сақтандырғыш сипаттамасы 21 Сурет
Қосылуы жеңіл жалғыз қозғалтқышқа баратын желіні қорғағанда (станоктар, желдеткіштер, насостар, т.б)
Iвст
;
Iпуск=КпускIномд.
Қосылуы жиі немесе қосылу уақыты ұзақ жалғыз қозғалтқыштарға баратын желіні қорғағанда (крандар, ұнтаққағыштар, центрифугалар т.б.)
Iвст
.
Күштік немесе аралас жүктемені қоректендіретін магистральді қорғағанда
Iвст
мұнда Iкр -желінің максималды қысқа уақытты тогы.
Iкр=
I/пуск+
I/дл,
[Iкр=
Iпуск.наиб.эп+
],
мұнда I/пуск - бір уақытта қосылатын электр қозғалтқыштардың қосылу тогы. Бұл кезде желінің қысқа уақыттағы тогы максималды мәніне ие болады;
I/дл – бір немесе ЭҚ-ыр тобының іске қосылу моментіне дейінгі желінің ұзақ уақытты есептік тогы, А.
Пісіру аппаратына баратын желіні қорғау үшін Iном.пл.вст. келесі қатынастан таңдайды.
Iвст
1,2
Iсв
мұндағы Iсв - номиналды қосылу ұзақтығы ПВ бойынша пісіру аппаратының номиналды тогы, А.
Пісіру аппаратына баратын желінің қорғау үшін алынатын Iном.пл.вст сол аппаратқа баратын өткізгіштің Iдоп -на тең деп алуға болады.
Тармақталған магистральді желіні балқымалы сақтандырғыштар мен қорғаудың селективтілігі ток көзіне жақындаған сайын Iном.пл.вст -ның өсуімен іске асырылады. Егер келесі сатыдағы сақтандырғыштың тогы алдыңғы сатыдағы сақтандырғыштың тогынан 2 сатыға көп болса, селективтілік қамтамасыздандырылады.
Автоматты ауа ажыратқыштары
Олар қалыпты режимде төмен кернеулі тізбектерді ажырату және қосу үшін, қысқа тұйықталудан сақтау үшін қолданады.
Автоматтарда 3 түрлі ажыратқыш болуы мүмкін:
а) жылулық ажыратқыш, ол уақыт ұстамы бойынша токқа кері тәуелділігі бар биметалдық пластинкадан тұрады, ол асқын жүктемеден қорғайды (22 а сурет).
б)максималды ток ажыратқышы - (электрмагниттік) қысқа тұйықталудан немесе біршама үлкен асқын токтардан қорғайтын электр магнит (22 б сурет).
в) аралас ажыратқыш асқын жүктемеден де, қысқа тұйықталу тогынан да қорғайды (22 в сурет).
а) б) в)
