- •Ергешев қошқар толқынбайұлы «Ақмола облысы Қазақстан Жылыжай Технологиялары жшс жылыжай кешені жағдайындағы қызанақты қалыптастыру тəсілдерінің өнімділікке əсері»
- •6М080100 - Агрономия
- •Астана - 2017
- •Белгілеулер мен қысқартула анықтамалар
- •1.Әдебиетке шолу
- •1.1 Қызанақ дақылына жалпы сипаттама
- •1.2 Қызанақтың морфологиясы
- •2 Қызанақтың агротехникасы
- •2.1 Жылыжай жағдайында қызанақ өсірудің агротехнологиялық және экологиялық жағдайлары
- •1.3 Қызанақтың биологиясы
- •1.5 Топыраққа және қоректік заттарға талабы
- •2.2 Жылыжайда қызанақтың әр түрлі топырақ-субстраттарында өсу үдерісі
- •3. Тәжірибе өтілген шаруашылық туралы мәлімет
- •3.1 Қазақстан Жылыжай Технологиялары жшс жылыжай кешенінің қазіргі жағдайы
- •3.2 Шаруашылық өндіретін көкеніс дақылдары
- •3.3 Заманауи жылыжайларда қолданылатын технологиялар
- •4.2 Дақылды со2-мен үстеп қоректендіру
- •4.3 Өгей бұтақсыздандырудың өнімділікке әсері
- •4.4 Жобаның экономикалық тиімділігі
Белгілеулер мен қысқартула анықтамалар
Бұл диссертациялық жұмыста келесі анықтамаларға сәйкес терминдер қолданылған:
Агротехника – ауылшаруашылық дақылдарын өсіру тәсілдерінің жүйесі. Оған ауыспалы егіс, топырақ өңдеу, тыңайтқыштар беру, себуге тұқымдарды дайындау, егу және отырғызу, өсімдіктерді күтіп-баптау, зиянкестермен, аурулармен және арамшөптермен күресу, өнімді жинау жатады.
Ауа ылғалдылығы – пайызбен өлшенетін ауадағы су буының мөлшері.
Ауыспалы егіс – ауылшаруашылық дақылдары мен парлардың ғылыми негізде егіс танаптарында белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.
Биоагент (биологиялық күрестің агенті) – зиянды организмдермен биологиялық күресте қолданылатын пайдалы жәндік.
Вегетациялық кезең – өсімдікке толық даму циклінен: тұқымның өнуінен өнімді жинағанға дейін өту үшін қажет мерзім.
Вегетациялық суару – ауылшаруашылық дақылдарын вегетациялық кезеңде жүргізілетін суару.
Диапауза (үзіліс) – жануарлар мен өсімдіктерде тыныштық кезеңі, қолайсыз жағдайларда зат алмасуы төмендеп, тіршілік ету қабілеті сақталады.
Жылыжай, көшетхана – көкөніс дақылдарын, гүлдерді және өсімдіктердің көшеттерін өсіру үшін пайдаланылады.
Жаппай (энтомофагтарды) өсіру – жасанды жағдайда энтомофагтарды көп мөлшерде өсіру. Жаппай өсіру (зертханалық өсіруден айырмашылығы) деп – нақты бағдарламаларда тиімді қолдану үшін құны мен пайдасы қолайлы қатынаста бір генерацияда аналығы 10000 – 1000000 көлемінде ұрпақ беретін жәндіктерді өсіруды айтамыз.
Жылыжайдың фитосанитарлық жағдайы – өсімдіктің дамуына кері әсерін беретін зиянкестер санының динамикасы мен аурулардың таралуын білдіретін жылыжай жағдайының сипаттамасы.
Пакеттегі топырақ субстраты (ПТС) – әртүрлі технологиямен 60дайындалатын органикалық негізде (мысалы, торф) өсімдіктерді өсіру үшін қолданылатын топырақ субстраты. Полиэтиленды пакеттерге қапталып, тұтынушымен жүзеге асырылады.
Топырақ ылғалдылығы – топырақ құрамында әртүрлі мөлшерде болатын ылғал.
Тамшылатып суару – суару әдісі, өсімдік тамырына тамшылатқыш-түтікшелердің көмегімен аздап су беріледі.
Фертигация – суарумен бір мезгілде сұйық тыңайтқыштар не пестицидтерді жіберу тәсілі.
Фитофаг – көптеген зиянды жәндіктер мен кенелер сияқты тек өсімдікпен қоректенетін жануар.
Экономикалық тиімділік – жұмсалған еңбек пен шаруашылық істің нәтижесінің арасындағы қатынаспен бағаланатын өндірістің нәтижелілігі
КІРІСПЕ
«Қазақcтан 2050» ұлттық cтpатeгияcы жәнe «Агpобизнec 2020» бағдаpламаcына cәйкec, Қазақcтанның агpоөнepкәcіптік кeшeнінің алдында жаңа тeхнологиялаp eнгізу eceбінде жылыжайлаpда өсірілетін экологиялық таза өнімдepді өндіpу міндeті тұp. Pecпубликамыздың жылыжай құpылыcтаpын қайта cалу жәнe жаңаpту үшін инвecтициялық cубcидиялау бағдаpламаcы баpыcында өнepкәcіптік жылыжай ғимараттарының ауданын ұлғайту аpқылы жалпы өнімін 36 мың тоннадан (2012 ж.) 112 мың тоннаға дейін (2020 ж.) жeткізу жоcпаpлануда [1].
Қазақcтанда cоңғы жылдаpы жылыжайлаpдың көлeмі eдәуіp үлкeйгeн. ҚP АШМ мәлімeттepі бойынша қазіpгі таңда жылыжай көкөніcтepінің аумағы 576 га құpайды. Оның ішіндe 230 га жоғаpы тeхнологиялы жылыжайлаp болып табылады. Қазіpгі таңда жылыжай көкөніcтepінің жалпы өнімі 90 мың тоннаға жеткенімен, eліміздің ішкі қажeттілігін мауcымаpалық кeзeңіндe тек 67% қамтамаcыз етеді. Мемлекет жылыжай шаpуашылығының дамуына қажет қаржы бөлуде. Мыcалы, «Агpобизнec-2020» бағдаpламаcы бойынша жылыжай көкөніc өндіpіcінің аумағын 2014-2020 жж. аралығында 364-461 га дейін ұлғайту, ал фермерлер минepалдық тыңайтқыштаpды (NPK) алу 255,8 мың тоннадан (2014 ж.) 412,7 мың тоннаға (2020 ж.) дeйінгі көлeмдe қаржыландырылатын болады [2]. Сондықтан, мeмлeкeт өcімдік шаpуашылығы өндіpіcін дамытуға жәнe импоpт көлeмін төмeндeтугe баpлық қажeтті жағдай жасауда. Қазіpгі таңда pecпубликада көкөніc-бақша өнімдepін балғын жәнe өңдeлгeн түpдe тұтыну көлeмі жылына шамамeн 3,2 млн.т құpайды. Оның ішіндe, импоpттың алатын үлecі шамамeн 6% [3].
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында Агроөнеркәсіптік кешеннің (бұдан кейін АӨК) алдына бір қатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды мақсат болып табылады. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестицияларды тартуды ұйымдастыру керек. Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық денгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан ары шаралар қолдану тапсырылды. Шикізат өндіруге айрықша назар аудару қажеттілігі атап өтілді.[1]
Елдің экономикалық саясаты ретінде АӨК мен өсімдік шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру алдыңғы орындағы міндет болып табылады. Сонымен қатар «Агробизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде көкөніс өнімдерінің, оның ішінде қызанақтың ішкі нарығы 2020 жылы шамамен 3 млн. тоннаны құрайды. Отандық өндірушілер ішкі сұраныстың 100%-на дейін қамтамасыз етеді деп болжам жасалып отыр. Консервіленген көкөністердің ішкі өндірісін 85 мың тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Бірақ бүгінгі таңда ауыл шаруашылығындағы қолданыстағы технологиялар бұл мақсаттарды жүзегеге асыруға қауқарсыз болып отыр.[2]
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен еліміздің әл-ауқатын жақсартып, жоғарғы деңгейге жеткізудің бағдарламасы ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрінің өнімін көбейтіп, сапасын жақсарту шараларын белгілеп берді. Сонымен қатар үкіметтің ұзақ мерзімге ұсынған азық-түлік бағдарламасында АӨК-ді жан-жақты дамытып, көкөніс шаруашылығын индустрияландырудың негізінде еңбектің өнімділігін арттыруға баса назар аударылып отыр.
Диссертациялық жобаның мақсаты: Ақмола облысы, Степногроск қаласында орналасқан Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені жағдайында қызанақты қалыптастыру тəсілдеріне өзгерістер енгізу арқылы қызанақ өнімділігін арттыру сонымен қатар экономикалық жағынан тиімді, экологиялық таза өнім алу.
Жобаның мақсатына жетуге қойылатын міндеттері:
1. Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені жағдайында қызанақты өсірудің қолданылып отырған технологиясын толық зерттеу арқылы кемшіл тұстарын табу.
2. Қолданылып отырған технология кемшіл тұстарының қызанақ өнімділігіне қаншалықты әсер етіп жатқандығын анықтау және экономиялық зиянын есептеу.
3. Кемшілікті жою мақсатында аталған технологияға өзгеріс енгізу арқылы қызанақ өнімділігін арттыру.
4. Енгізілген жаңалықтың экономикалық тиімділігін көрсету.
