Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new dis.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
925 Кб
Скачать
☆

1.3 Қызанақтың биологиясы

Қызанақ – жылу сүйгіш дақыл. Оның өсіп-өнуі үшін оңтайлы температура: күндіз +20+25°С, түнде +12+15°С. Температура +15°С-тан төмендесе қызанақ гүлдемейді. +10°Сөсуін тоқтатады, ал +1,5°С температурада опат болады. Сонымен қатар ол үшін өте жоғары температура да қауіпті болып табылады. Температура +33°С–қажеткенде, өсімдіктің өсуі баяулайды, ал +35°Сболғанда фотосинтез тоқталады; егер осы кезде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе, ондатүйіні түсе бастайды. +25+30°С және топырақтың орташа ылғалдылығына өскін 5-6 тәулікте пайда болады. Топырақтың температурасы +11°С -дан аспаса, онда тұқымдары өнбейді. Бірақ термиялық өңдеуден өткен тұқымдар +8°С, тіпті одан да төмен температурада біркелкі өскін бере алады.[4]

1.5 Топыраққа және қоректік заттарға талабы

Қызанақты өсіру үшін топырақ белгілі бір талаптарға сай болуы тиіс: жоғары бос топыраққа (65-75%), ылғал сыйымдылығы барынша аз 45-50%, ауа сыйымдылығы 20-25%, тығыздығы -

0,4-0,6 г/см3. Сондықтан топырақтың құрамында барынша бос және су өткізгішке ие құрамдауыштар енеді. Қызанақтың өнімділігі мен олардан алынатын өнім сапасына оңтайлы топырақ-климаттық жағдайларынан басқа өсімдіктің топырақтық қоректенуі де ерекше әсер етеді. Оңтайлы суару режимдерін қамтамасыз ету дақылдың өнімділігін 60-тан 100%-ға дейін, кейде одан да көпке арттырады. Қызанақ өз кезегінде органикалық, минералдық және микротыңайтқыштарға өте сезімтал келеді. Өнімнің шығымдылығына, сапасы мен олардың сақтауға төзімділігіне әсер ететін минералдық азықтың негізгі элементтері – азот, калий, фосфор, кальций, магний. Сол себептен тыңайтқыш енгізуде өте мұқият болу керек. Мысалы: азот тыңайтқышының артық болуы вегетациялық мүшелерінің күшті дамуына алып келіп, ол өз кезегінде өнім сапасы мен жеміс қалыптасуын тежейді. Фосфор тыңайтқышы жеміс қалыптасу процесін жеделдетіп, олардың қанттылығын арттырады. Калий тыңайтқышы жеміс бойындағы құрғақ зат мөлшері мен жеміс жетілуіне әсер етеді. Қызанақ 100 ц өніммен топырақтан 32 кг азот, 10 кг фосфор және 43 кг калий алып шығады.

2 Қызанақтың агротехникасы

2.1 Жылыжай жағдайында қызанақ өсірудің агротехнологиялық және экологиялық жағдайлары

Жылыжай қызанақтың жоғары және сапалы өнімін алу үшін барлық кешенді шараларды өз уақтысында жоғары деңгейде жүргізу керек. Барлық агротехнологиялық күтіп-баптау шараларын дұрыс сақтау кезінде ғана, өсімдікті суару, тыңайтқыш, қорғау және т.б. сияқты шараларға қосымша шығындарды төмендетіп, өндірістің пайдалылығын жоғарлатуға болады. Сондықтан, жылыжай жағдайында қиярдың жоғары өнімін алу үшін өсімдіктерді кешенді технологиялармен өсіруді қамтамасыз ету керек. Бұл технологияларға әртүрлі негізделген топырақ-субстраттарын қолдану, топырақтың қолайлы ауа және су режимдерін жасау, органикалық және минералдық тыңайтқыштардың үйлестірілген мөлшерлерін беру, өсімдіктерді егу және түптерін қалыптастырудың қолайлы сұлбаларын жасау кіреді. Сондай-ақ, зиянкестер, аурулармен және арамшөптермен күресуде негізгі агротехникалық шаралардың бірі, ауыспалы егістерді менгеру және енгізу болып табылады.

В.Д. Мухинның (1991) мәліметтері бойынша, бір дақылды бір орында екі және одан көп жылдар ішінде өсірсе, топырақтың бір жақты әлсіреуіне алып келеді. Дара дақыл егісі қауіпті емес, ол топырақта ауру тудырғыш негіздер мен көп мөлшерде зиянкестердің жиналуына алып келеді. Сондықтан, қызанақ жемістерінің жоғары өнімін алуда оның алғы дақылдары және оларды ауыспалы егісте орналастыру аса маңызды рөл болып табылады. Көпжылдық шөптер, біржылдық азықтық қоспалар, астық пен дәнді-бұршақ дақылдар, көк азыққа жүгері мен ерте сүр шөптер, қырыққабат, пияз және басқа дақылдар ең жақсы алғы дақылдары болып табылады. Олар танапты ерте босатып, топырақты дайындауға жақсы мүмкіндік береді. [25].

С. Ващенко, В. Брызгалов, Н. Савинова [34-36] өсімдікті отырғызудың қолайлы тығыздығы 1 м² 1,6-1,4 дана деп ойлайды. З. Пичугина [37] өсімдіктерді бір қатарға бір-бірінен аралығы 27-28 см немесе екі қатарда 40-45 см аралықта өсімдік арасы бір-бірінен 40-42 см етіп отырғызу керектігін ұсынады. Ол өсімдікке жақсы жарық түсуін қамтамасыз етуге және аналық гүлдері көбірек қалыптасуына мүмкіндік беретінін сендіреді.

Ю. Тулупов, Г. Гринберг, С. Литвинов және басқа Батыс Сібір ғалымдары қызанақ дақылы үшін отырғызудың қолайлы тығыздығы 1 м2 жерге 2,2 өсімдік болып табылады деп ойлайды [38]. Қызанақ өсімдігі жылуды өте талап етеді. 20º С температурадан төмен болған кезде, барлық даму кезеңдері ұзаққа созылады, ал 10º С температурада өсу тоқталып, 0º С-та қиярдың барлық сорттары өледі. Қызанақ көленкелі жағдайда әлсіз өсуі мүмкін, бірақ толық жарықта оның өнімділігі артады. Қысқа күнгі өсімдікті ұзақ күнде өсіру кезінде оның жеміс беруі айтарлықтай кейіндеу болады [39]

Бүгінгі күннің нарықтық жағдайы ауылшаруашылық дақылдарын энергия мен ресурсты үнемдеу технологиялармен өсіруді ендіруді талап етеді. Қызанақ дақылын дәстүрлі технологиямен өсіруден айырмашылығы, шпалерды тамшылатып суарумен бірге қолданғанда, жеміс беруін тиімді пайдаланып, ең жақсы жарықта зиянкестер мен аурулармен аз зақымдалуға көмектеседі. Өнімді жинауға, өсімдік қорғауды жүргізуге, арамшөптермен күресуде өте ыңғайлы. Өсірудің шпалерлік тәсілі қызанақтың өнімділігін едәуір деңгейде жоғарлатуға мүмкіндік береді. Вертикальды шпалерде қызанақты өсіру бойынша еуропалық елдердің тәжірибесі шпалерлік тәсілмен жемістерінің беруі, кәдімгі технологиямен салыстырғанда (17 т/га) орташа 46 т/га болғанын дәлелдейді [42; 43]. Көкөніс шаруашылығының тропикалық және субтропикалық ылғалды аймақтарында (Қытай, Жапония, Въетнам) қызанақтың шпалерлік дақылы бұрыннан ашық танапта да, жабық танапта да қолданылып келеді. Ол жоғары өнімділік пен өсімдіктің аурулар және өнім жинаушылардан аз зақымдалуын қамтамасыз етеді. Ұсақ жемісті қызанақтың шпалерлік дақылын үй маңындағы көкөніс шаруашылығы мен фермаларда қолданылады. Шпалерлік дақылды қолданғанда, өнімділікті 5-тен 18 кг/м3 дейін жоғарлатуға мүмкіндік береді [44].

Жылыжайда қызанақтың өсуіне әсер ететін негізгі факторға топырақ пен ауа ылғалдылығы және суару жүйесі жатады. А.Г. Матвиец және А.А. Матвиецтің көпжылдық зерттеулерінің мәліметтері бойынша, нақты ауа-райы жағдайы мен өнімділікке байланысты 1 ц өнімді қалыптастыруға 10-20 м3 су қажет. Транспирациялық коэффициент жыл мезгіліне байланысты 300-ден 500 шамасында ауытқып, басқа жылу сүйгіш дақылдармен салыстырғанда өте жоғары болып табылады. Өсімдіктің ылғалға талабы жоғары, ең алдымен терең емес орналасқан түптері және олардың сору қабілеттілігі әлсіз, сондай-ақ жоғары өнімді қалыптастыратын қысқа вегетациялық кезеңіне байланысты түсіндіріледі. Одан басқа қызанақтың тамыр жүйесі әлсіз болып келеді. Топырақтың негізі жыртылатын жоғары қабатында (0-20 см) ылғал қоры тұрақсыз болады. Сол себепті топырақта ылғалдың жетіспеушілігінен жапырақтары сола бастайды, өсімдіктің өсуі тоқтап, олардың өнімділігі едәуір азаяды. Жылыжай жағдайында қызанақ үшін ең аз ылғал сыйымдылығынан қолайлы ауа ылғалдылығы - 80-90%, топырақтың 70-80% болу керек [45].

Б.Шумаков (1978), И.Кружилин (1981), М.Григоров (2005), А.Овчинников (2009), В.Коринец (2002), О.Ясониди (2003), J.Barragan (2001), Н.Daghari (2001) және басқалардың зерттеулері көрсеткендей, қызанақтың тұрақты өнімін алуда топырақ тұрақсыз және жеткіліксіз дымқылданса, оны міндетті түрде суару керек. Сондықтан оларды жылы сумен көбірек суару керек. Себебі, қызанақты суық сумен суарса, оның сабақтары бүрісіп, түйіндерінің түсіп қалуына алып келеді. Өсімдікті суару үшін судың температурасы +20ºС төмен болмау керек. Дер кезінде және сапалы суарса, өсімдіктің физиологиялық солуынан сақтап қалады. Жапырақтың үстін суаруға болмайды, ал топырақты шектен шықпай дымқылдату керек. Органикалық немесе минералдық тыңайтқыштарды сумен қоса қызанақты қоректендіруге болады. Мұны фертигация деп атайды [46-53]

В. Докучаевтың мәліметтері бойынша, минералдық тыңайтқыштарды тамшылатып суару жүйесімен қолданғанда, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарлатады. Бірақ, ресурс үнемдеу агротехникалық шаралармен тыңайтқыштарды жүйелі және дұрыс (мөлшері мен әдісі) қолданғанда ғана, өсімдіктің дұрыс дамуына қолайлы жағдайлар жасалады. Сөйтіп, P135, K60 фонына N120 мөлшерінде азот тыңайтқыштарын бір рет, сондай-ақ бөліп бергенде, қияр өсімдіктерінің дамуы мен өсуіне оң әсерін тигізіп, жемістерінің өнімділігін жоғарлатып, сапасын жақсартады. Яғни, азотпен қоректендіргенде, қызанақтың жоғары өнімін алуын (44 т/га) қамтамасыз етеді [54].

Тамшылатып суару тәсілін дәстүрлі (жалмен) суару тәсілімен салыстырғанда, көкөніс дақылдары биомассасының жақсы қалыптасуына мүмкіндік береді. Бұл жайы ҚазККШҒЗИ тәжірибе стационарында жүргізілген ғылыми тәжірибелер нәтижелерінде айтылған. Қызанақ дақылымен жүргізілген тәжірибеде биометриялық зерттеулердің мәліметтері бойынша негізгі сабақтың ұзындығы, жалмен суарылған жағдайда 107 см болса, тамшылатып суару кезінде 128 см болды. Жалпы өсімдіктің салмағы сәйкесінше 369 және 771, соның ішінде өркендердің салмағы 229 және 256 г болды. Жапырақтарының салмағы – 226 және 325 г, ал олардың 1 га шаққандағы ауданы 39,6 және 43,8 мың м2. Есепке алу кезінде (жаппай жеміс беру кезеңі) қалыптасқан жемістердің саны 2,6 дана және 3,5 дана, ал олардың салмағы сәйкесінше 144 г және 189 г болды. Мұнда тамшылатып суарудың артықшылығы көрініп тұр. Өңделетін және енгізілетін агротәсілдердің тиімділігі ауылшаруашылық дақылынан алынған өнімділікпен бағаланады. Қияр дақылының қосымша өнімділігі тамшылытып суару технологиясын пайдалану кезінде айтарлықтай жоғары болды. Мұнда жалмен суаруға қарағанда, 8,1 т/га немесе 43,3% қосымша қияр өнімі алынған. Тәжірибеде суару тәсіліне байланысты дақылдан 18,7 және 26,8 т/га өнім алынған [55]

А.П. Разумов мәліметтері бойынша, көктемде пленкалы жылыжайларда тамшылатып суару жүйесін айтарлықтай мөлшерде пайдалану арқылы топырақтағы қоректік және су режимдерін реттегенде, 80-120 т/га қызанақ жемістерінің қалыптасуына мүмкіндік берген. Қызанақ өнімділігі стандартты жемістері 80 т/га деңгейінде болу үшін 40 және 15 см тереңдікте минералды тыңайтқыштарды N170P140K90 мөлшерінде беру арқылы дифференцияланған суару алды ылғалдылық 75-85% HB, сонымен қатар N290P200K320 мөлшерінде минералды тыңайтқыштарды беру арқылы суару алды топырақ ылғалдылығына сәйкестендіру керек. Қызанақ өнімділігінің стандартты жемістері 120 т/га болу үшін суару алдында топырақтың 40 және 15 тереңдігінде ылғалдылықтың 85% HB дәрежесінде N290P200K320 мөлшерінде минералды тыңайтқыштар бергенде, сондай-ақ суару алдында 40 см тереңдікте 85% HB топырақ ылғалдылығымен сәйкестендіріп, N290P200K320 мөлшерінде минералды тыңайтқыштармен қоректендіру арқылы қол жеткізуге болады. Көктем кезде пленкалы жылыжайларда 40 см және 15 см тереңдікте топырақ ылғалдылық шегі 85% НВ болған жағдайда, су пайдалану мөлшерінің жиынтығы орташа есеппен 2063-2204 м³/га құрайды [56].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]