- •Әзірлеуші-оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән бойынша мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Пән бойынша қорытынды бағалау 5 - кестесінде келтірілген пайыз бойынша анықталады.
- •1.8 Модульдер және аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •2 Модуль бойынша сұрақтар тізімі
- •1.9 Курстың мазмұны мен саясаты
- •2 Активті тарату материалдарының мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •Дәріс сабақтарының конспектісі
- •6 Дәріс тақырыбы: Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы
- •Электр тоғымен зақымдануға әсер ететін факторлар:
- •Электр тоғымен зақымданудан қорғану. Электр желілері мен қондырғылары олардың тоқ жүргізетін бөліктері кенеттен жанасуына қол жетімсіз болатындай орындалуы керек.
- •Электр тоғымен зақымдану дәрежесі бойынша жайларды жіктеу.
- •13 Дәрістің тақырыбы: Сәтсіз жағдайларда зардап шегушілерге көрсетілетін алғашқы көмек
- •Ағза – бүл біріккен толық жүйе, онда әр бір мүше бір-бірімен тығыз байланыста болады.
- •Жапа шегушінің жағдайын бағалау. Зардап шегушінің қаншалықты ауыр деңгейі мен жағдайын анықтау үшін оны жақсылап тексеру керек, сұрау (мүмкін болса) және зардап шегушіні қауіпсіз тексеру (бас, дене).
- •Сурет 14.1. Еңбекті қорғауды басқару жүйесі
- •2.3 Тәжірибелік жұмыстар жоспары
- •2.4 Студентердің өзіндік жұмыстары (соөж) аясында өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары (сөж) бойынша сабақ жоспары
- •2.6 Өзін өзі бақылауға арналған тест сұрақтары
- •Дұрыс жауап кілттері
- •2.8 Перечень экзаменационных вопросов по пройденному курсу
- •Глоссарий
Электр тоғымен зақымданудан қорғану. Электр желілері мен қондырғылары олардың тоқ жүргізетін бөліктері кенеттен жанасуына қол жетімсіз болатындай орындалуы керек.
Тоқ жүру бөліктерінің қол жетімсіздігі оларды сенімді оқшаулау жолымен, қорғайтын қоршауларды қолданумен (қаптамалар, қақпақтар, торлар және т.б.) қол жетімсіз биіктіктегі тоқ жүретін бөліктерін орналастыруға рұқсат етіледі.
1000 В дейінгі кернеулі қондырғыда оқшауланған сымдарды қолдану жеткілікті қорғануды қамтамасыз етеді. Сенімді оқшаулау немесе тоқ жүретін бөліктің қоршауына қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда қауіпті аумаққа адамның түсуі кезінде қауіпті кернеуді автоматты түрде өшіру үшін, қоршау (электрлік және механикалық) қолданылады. Оқшаулауды конструктивті орындау қондырғының кернеуіне байланысты. Қоршаулар кілт пен аспаптың көмегімен оларды ашуға және алуға болатындай етіп жасалуы қажет. Тұрғын, қоғамдық және басқа тұрмыстық жайлардағы тоқ жүргізетін бөліктерді сеткамен (тормен) қоршауға рұқсат берілмейді. Қоршаулар мұнда тұтас болуы қажет.
Шағын кернеулерді қолдану. ПОТ РМ 016-2001/РД 153-34.0-03.150-00 «Электр қондырғыларын пайдаланудағы еңбекті қорғау бойынша сала аралық ережелер (қауіпсіздік ережелері)» әртүрлі санаттағы жайларға арналған қолдық тоқ қабылдағыштардың кернеулеріне шектеу қойылады.
Айрықша қауіпті жайлар үшін:
- қол аспабы – 50 В дейінгі кернеу;
- тасымалданатын шамдар – 12 В кернеу;
- шахтерлік лампалар – 2,5 В кернеу.
Айрықша қауіпті жайлар үшін:
- қол аспабы – 50 В кернеу;
- шамдар – 50 В кернеу.
50 В кернеуді қолдану мүмкін болмаған жағдайда қорғау құралдарын міндетті пайдаланумен электр аспаптарының корпусын сенімді жерге тұйықтау немесе қорғайтындай сөндіру қондырғыларының барлығында
U=220 электр аспаптарын пайдалануға рұқсат беріледі (қолғаптар, кілемшелер).
Шағын кернеу көзі ретінде қауіпсіз бөлгіш трансформаторлар қолданылады. Тасымалданатын электр аспаптарын көздері ретінде автотрансформаторларды қолдануға тыйым салынады.
Қосарлы оқшаулау. Тоқ жүргізетін бөліктердің негізгі жұмыс оқшаулауынан басқа қос оқшаулауларына кернеуде қалып қоюы мүмкін металл тоқ жүргізбейтін бөліктерімен жабылады. Электр аспаптарының корпустары оқшаулайтын материалдардан жасалуы мүмкін (пластмассалар, капрон). Қосарлы оқшаулауды кеңінен пайдалану механикалық бүлінуіне төзімді пластмассалар мен жабындылардың жоқ болуына орай, шектеледі. Сондықтан, қосарлы оқшаулауды пайдалану шектелген. Ол шағын қуатты электр жабдықтарында қолданылады (аспап, тасымалданатын тоқ қабылдағыштар, тұрмыстық аспаптар).
Шамаларды теңестіру. Бұл әдіс электр тасымалдау сызықтарында, қосалқы бекеттерде жұмыс жасау кезінде қолдау табады. Жоғары кернеулі қосалқы бекеттерде бір-бірінен кішігірім алшақтықтағы жерге тұйықталған жабдықтардың айналасындағы контур бойынша жерге тұйықтағыштарды орналастырумен шамаларды теңестіру жүзеге асырылады, ал контурдың ішікі жерде жазық тілмелер жүргізіледі.
Жерге тұйықтағыш шегінен электр қондырғы қоршауының ішкі жағына дейінгі қашықтық 3м кем болмауы қажет. Жерге тұйықтағыштардың жайылу жиегі және де контур ішіндегі топырақтың бетіндегі кез келген нүктесінің маңызды шамасы болады. Мұның салдарынан контурдың ішінде жатқан нүктелердің арасындағы шамалардың әртүрлілігі төмендеген, және де жанасу кернеуінің коэффиценті бірліктен едәуір кем. Адым кернеуінің коэффициенті ең көп мүмкіндік шамасынан кемірек.
Кернеудің жоғары жағынан төменгі жағына ауысуы қауіпінен қорғану.
Атаулы шамадан едәуір асатын желідегі кернеудің пайда болуы осы кернеуді оқшаулауға есептелмеген тоқ қабылдағыштардың істен шығуына да, жұмыскерлердің тоқпен зақымдануына да әкеп соқтыруы мүмкін, өйткені корпуста тұйықталу болуы мүмкін және де қауіпті кернеулі жанасу мен адымның пайда болуы мүмкін.
1000 В дейінгі кернеулі желіден қорғау осы желіге жоғары кернеудің өту мүмкіндігінен оқшауланған бейтараппен тесіп өтетін тежегіш қондырғының көмегіме жүзеге асырылады.
Жерге тұйықталған бейтарапты желілерге тежегіштер орнатылмайды. Оларды қорғау RЗ жергі тұйықтауға қарсы тұруды дұрыс таңдауды қамтамасыз етіледі.
Көңіл бөлу, бағыт-бағдарды жоғалту мен бұрыс әрекеттен сақтану.Бұл қорғаныс блокадалауды (қоршалуды), дабыл, жабдықтардың арнайы бояуы, таңбалау, қауіпсіздік белгілерін қолдану жолымен жүзеге асырылады.
