- •Сұрақтары
- •2.2 Дәрiстік сабақ конспектiлері
- •1 Сурет. Іргетастың осьтерін белгілеу сұлбасы
- •Технологиялық карталарда не жазылады ?
- •19 Сурет Индикатормен күшін тарту бекітетін бөлшек
- •24 Сурет. Корпуста ( а) редуктордың және (ә ) тiстi доңғалақтарды соғу
- •26 Сурет. Цилиндрлi тiстi берiлiстi сапалы
- •27 Сурет. Конусты тiстi берiлiстiң iлiктiру элементтерi
- •29 Сурет Корпуста конусты тiстi берiлiстi редуктордың остерінің тесіктерінің орналасуын бақылау әдiстерi
- •28 Сурет. Конусты тiстi берiлiстi бояуға бақылау кезінде байланыс
- •30 Сурет. Тұрқыда (корпуста) бұрамдықты редуктордың осьтік саңылауларын орналастыруын бақылау
- •31 Сурет. Бұрамдықты берiлiстi бояуға бақылау кезінде байланыс дақтарының орналасуы
- •32 Сурет Бұрамдықты берілісте (а) бүйірлі саңылау және (б) оны бақылау сұлбасы
- •3 Кесте
- •1. Бұрамдықты берiлiс қандай элементтерден тұрады?
- •6 Кесте - Ажыратылатын сырғанау мойынтірегінің жоғарғы астары мен білік мойыншасы арасындағы рұқсат етілетін саңылау көлемі, мм
- •38 Сурет. Фланецтермен құбырларды қосу
- •1. Технологиялық машинаның техникалық қызмет көрсетуi деген не ?
- •2.8 Курс бойынша емтихандық сұрақтар
- •23.Құрастыру. Құрастыру операциялары.
- •24.Құрастыруға технологиялық құжаттама.
- •25.Құрастырудың технологиялық сұлбалары.
- •33.Баспақты қосылыстар және оларды құрастыру.
- •35.Бұрандалық қосылыстарды құрастыру.
- •43.Құрастыруды бақылау. Бояуға тексеру.
- •44.Конусты тiстi берiлiстердi құрастыру.
- •46.Құрастыруды бақылау.
- •77. Баспақты қосылыстар және оларды құрастыру.
- •Глоссарий
2.2 Дәрiстік сабақ конспектiлері
1-Дәріс. Монтажды жұмыстарда қолданылатын жобалы және техника-лық құжат.
Өндірісті жобалау жұмыстары – жөндейтін және монтажды технологиялық өндірісті анықтайтын басты құжаттар. ӨЖЖ жұмыстарды қауіпсіз және көбінесе эффекті әдістермен жұмыс істеуді қарастырады, еңбек сыйымды-лығымен өздік бағасының төмендеуіне әсер етеді, жалғастыруын қысқартады және сапасын жоғарлатуды қарастырады. ӨЖЖ монтажға және технологиялық жөндеу құрылғылары өндіріспен өндіріледі, және мамандандырылған өндірістер жолдауларымен генподрядты өндіріспен ақылдасып, жөндеу немесе монтаждау өндірісінін бастығымын расталады.
ӨЖЖ жасауда басты шығарылатын өнімдер мыналар: құрылыс өндірісінін жобасы; өндірісті алаң мен кұрылыс алаңнын басты жобасы; құрылыс сызулары; жинақталынған және кұрастырылған сызу кұралдары; трубопровод және құрылғылардың жұмыс істейтін сызулары; объектінің және құрылғынын жұмыс істеу уақыты аныкталған.
ӨЖЖ құрамы мен құрылысы
ӨЖЖ технологиялық монтаж құрылғылары жалпы алаң бөліктернен және бөлек объектінін монтажды құрылғылардын бөліктерінен тұрады.
“Жалпы аудан ӨЖЖ” бөлімінде келесі сызбалар қарастырылады: құрлысбасжоспар уақытша ғимараттар көрсетілумен және көліктік коммуника-ция, монтажды онауйықтардың сызбасы, блоктардың орналасу сызбасы жинау аудандарында, газ магистралінің сызбасы, жүккөтергіш механизімдерінің монтаж сызбалары,керек жабдықтардың тізімі, инструмент және қосымша материялдар, металлопракат,құбыр және түсініктеме хатқа тапсырыс беру специффикациясы. Онда жабдықтар және іске қосу мерзімі туралы қысқаша сипаттамалар келтірілген.
ӨЖЖ жеке объектілерді монтаждау бөлімдері келесілер жатады: жоспар және монтаждалушы объектінің қималары және подъезді жолдар, монтажды блоктарға жабдықтарды бөлу сызбалары және монтаждық орындалу реті, жұмыс сызбалары блоктарды монтаждау және жинау үшін, монтажды және пісіру форлмулярлары, жұмыс өндірісінің локальді графигі жіне түсініктеме хат. Онда жұмыс көлемі туралы нақтылы мәліметтер келтірілген, қабылданған жұмыс өндіріс технологиясының сипаты келтірілген. Жұмыс өндірісі үшін үшін жеке қиын блоктар және желілер жинау монтаждауда қосымша жабдықтарын техналогиялық карта құрастырылады.
Құрылыс монтажды өндірісті дайындау
Құрылыста өндірісті дайындауда бір жүйе қолданылады, ол бір-бірімен біріктірілген өндірісті дайындау іс-шаралары, технологиялық және жоспар эканомикалық сипаты. Бұл жүйе құрылыс объектілерінің заманауи тапсырылуы қамтамасыз етеді. Құрлыс өндірісті дайындауды негізгі бағыттары болып табылады: құрылыс өндірісінің жалпы дайындалуы, құрылыс–монтаждық ұйымдарды дайындау, құрлыс объектілерін дайындау. Жалпы дайынды тапсырыс берушімен жобалық және құрлыс ұйымдарының қатысуымен болады:
-құрылыс өндірісінің жоба алды дайындық (құрылыстың техника экономикалық және жобалаудың бастапқы берілгендерін дайындау жұмыстары атқарылады )
- құрылыстың жоба сметалық құжаттарымен қамтамасыздандыру (құрылыс ұжымдарының жоба жұмыстары, сызбалар және сметалы құжаттарды дайындау); респективті жобалау (құрылыстың бес жылға капиталды жобалауы және құрылыс өндірісінің эффектілі өсіру іс-шаралары қарастырылады).
Құрлыс монтажды ұжымдарының дайындық процесінде өндірістік бағдар-ламалардың орындағанда бес жылдық жоспардың көрсеткіштері құралады, жылдық жоспарлар дайындалады; бар өндірістік базалық үлкейтілуін және жаңа өндірістік база салу сұрақтары шешіледі, іс-шаралар жоспарланады, іс-шаралар объектілердің уақытында қолданысқа берілуін қамтамасыз етеді және еңбек өнімділігінің өсуіне , жұмыстың өзіндік құнын төмендетеді.
Дайындық жұмыстарының кезеңі
Дайындық жұмыстарының кезеңі құрылыс алаңдары және құрылыс өндіріс технологиясының ұйымдастырылуын меңгеру, құрылыстың жақсы дамуын қамтамасыз етеді.
Дайындық жұмыстарына кіретіндер:
- тапсырыс берушімен геодезиялық жүйелерді құрастыру (биік реперер, ғимараттардың басты осьтері және т.б.);
- тапсырыс берушімен құрылыс алаңының тазартылуы;
- қойма шаруашылығын құрастыру (бар қоймаларды жөндеу немесе жаңа қойма салу, технологиялық жабдықтарды қабылдауға, сақтауға және монтаж-дауға беру үшін);
- құрылыс алаңының инженерлі дайындау (алаңды жоспарлағанда ең бірінші атқарылатын жұмыстар, көлік және теміржол жолдарының орналасуы, су және жарықтандыру);
Өндірісті дайындауға қажетті құжаттар
1. Жұмыс өндірісінің жобаларын қарастыруға, металлконструкциялардың бөлшектік сызбаларға, құбырларға тапсырыс.
2. Жоба-техникалық құжаттарына сапа бойынша ескертулер.
3. Жабдықтардың, стандартталмаған жабдықтардың және металлоконструк-циялардың ведомастьтары.
4. Металл илемдеудің спецификациясы, басқарушы шеберханаларда металло-конструкцияны дайындау үшін қажет;
5. Тапсырыс берушінің құбырларды жеткізу бас бригадирін құбыр жеткізу; құбырлы бөлшектерді; құбырларға технологиялық тіректер, электродтар, бояу материалдары және т.б. заттардың ведомастьтары.
6. Металлоконсрукцияларды және құбыр желілерін даярлауға тапсырыс беру;
7. Негізгі және қосымша материалдардың барлық түрлеріне тапсырысты спецификациялар.
8. Жұмыс өндірісінің графикасы;
9. Жұмыс өндірісінің жобалары, технологиялық хаттар, құбыр желілерінің бөлшекті сызбалары;
10. Қажетті монтажды механизімдер тізімі, құрал-саймандар тізімі.
11. Жұмыс күшіне қажетті графиктер ;
12. Объектінің монтажды құжаты;
13. Жоба сметалы және техникалық құжаттарды тіркеу журналы.
14. Құжаттарды тіркеу журналы, өндірісті дайындау алаңымен жасалған.
Құрал – жабдықты шаруашылық
Бригадаларды, звеноларды және жеке жұмысшыларды құрал-жабдықпен қамтуы үшін әр монтажды басқармада құрал-жабдықты шаруашылығы болады, оның құрамына кіру керек: орталық құрал-жабдықты ғимаратты жөндеу жұмыстарына арналған бөлмесімен, учаскелі құрал-жабдықты бөлмелер, бригадалы құрал-жабдықты бөлмелер, орталық құрал-жабдықты ғимарат жөндеу жұмысына арналған бөлмесімен ереже бойынша өндірістік база басқармасында орналасады.
Бұл жерде резервты қосымша жабдықтар сақталады, осы жерден учаскелі және бригадалы бөлмелеріне жіберіледі.
Құрал-жабдықтарын алу уақытын қысқарту мақсатында оларды бригадалық жиынтыққа жинақтайды, оларды монтажды алаңда бригадалы құрал-жабдықты бөлмелерде сақталады.
Құрал-жабдықтарын алу уақытын қысқарту мақсатында оларды бригадалық жиынтыққа жинақтайды, оларды монтажды алаңда бригадалы құрал-жабдықты бөлмелерде сақталады.
Құрал – жабдықты бөлмемен бригада арасында жедел байланыс үшін жылжымалы құрал-жабдықты шеберхана ұйымдастыру керек. Оның арналуы – құрал-жабдықтарды учаскелі және бригадалы құрал-жабдықты бөлмелерге жеткізу, одан басқа жұмыс орындарында жабдықтарды тексеру және техникалық қызмет көрсету.
Бригадалы құрал-жабдықты жиынды бригадирге берілуге және монтажды алаңда арнайы контейнерде сақталуы тиіс.
Қолдық машинаны таңдау жұмыстың нақты шарттарымен шарттанады.
Монтажды алаңдарда аппараттарда, резервуарларда, ыдыста жұмыс кезінде қолдық электрлі 3-ші класты (36В) екі қабатты оқшауланған электрлі машиналар қолданылады, монтаждау жұмыстарының көлемі өскен кезде пневматикалы тартқышты қолдық машиналар қолданылады.
Қолдық машиналардың жұмысқа дайындалу уақытын азайту үшін жұмыс-шыларға соңғылары толық жинақты берілуі керек.
Қолдық машиналарды қосу бекеттері жұмыс орнынан алшақта орналаспауы керек; қолдық машиналар мен оларды қосу орындарының арақашықтығы: 36В электрлік және пневматикалық машиналар үшін 10м, және 220В электрлік машиналар үшін 20м.
Механикалық монтаждау жұмытарында арнайы монтажды құрылғыларды кең қолданады: 20, 50, 100 және 200т жүккөтергіштікке сәйкес гидравликалық домкраттар ДГО 20м, ДГО 50м, ДГО 100м, ДГО 200м; жүккөтергіштігі 10т ДВ-10 винттік домкраты; жүккөтергіштігі 5т ДР-5 рейкалы домкраты; жүккөтергіш-тігі 3, 5, 10т сәйкес ПР-3, ПР-5, ПР-10 клиндік (сыналы) типті арнайы монтажды өзгерілетін астарлар; қолды рычагты арбалар – максималды тарту күші 15 және 30кН; КМ-70 және КМ-130 мультипликаторлы кілттері; НП-600 үшплунжерлі қозғалтқышты сорғы; НР-450 қолдық тартқышты гидравликалық сорғы; НШ-40 тісті доңғалақты сорғы.
Монтаждаушылар қолданатын қолдық құрал үш негізгі топқа бөлінеді:
- бұрандалы қосылыстарды бекіту құралы (гайкалы кілттер, монтажды кілттер және слесорлы монтажды бұрағыштар);
- соққылы әсерлі құрал, кесетін, шарнирлі-губкалы (балғалар, слесарлы крейцмейселі және бұзғыш, клуппалар, шаберлер, қысқыш, өткір қысқыш, жинақталған пассатиждер, металл кесетін қайшылар және т.б.); аралағыштар (аралағыштар мен надфильдер).
Бригадаға тапсырылған барлық жұмыстарда қолданылатын қолдық құрал бригадалық жиынтық құралдарының негізін құрайды. Жиынтықтағы қолдық құралды жөндеу мен ауыстыру, оның қолданылу мерзіміне немесе бұзылуына байланысты.
Монтаждау жұмысында қолданылатын белгілейтін және өлшейтін құралдар да арналуына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:
- ұзындықты белгілейтін және өлшейтін құрал (металды өлшейтін рулетка, ленталы және жиналмалы метал метрлер, штангенциркульдер және өлшегіш металл сызғыштар);
- бұрыштарды өлшейтін, тексеретін және белгілейтін құралдар (бүйірлі және жалпақ бұрыштамалар, бұрышты сызғыштар, нониусты бұрыш өлшегіштер);
- бөлшектердің мөлшерін өлшейтін құрал (нутромерлер, тереңдік өлшегіш-тер, штанген тереңдік өлшегіштер);
- саңылауларды, горизонталдан ауытқуын, түзу сызықтығын және жазықтығын тексеретін құрал (тақталар, кең жұмыстық бетті және лекальды сызғыштар, индикаторлар, қуыс бұрғылар, деңгейлер);
- бұранданы өлшейтін құрал (бұрандалы шаблондар);
- белгілейтін құрал және тіктеуіштер (сызғыштар, циркульдер, кернелер, тіктеуіштер).
Белгілейтін және өлшейтін құралды жұмыстың сапалы атқарылуын қамтамасыз ету үшін қолдану қажет.
Әдебиеттер: 4 нег. [6-13 ], 5нег. [187-191 ],
Бақылау сұрақтары
1.Негiзгi басшылыққа алынатын құжат қандай ұйымды және жинақтау жұмысшыларының технологиясын анықтайды?
2.Бөлiмдер қандай технологиялық жабдықты монтажға жұмыс өндiру жобасы тұрады?
3. Жұмыстар жинақтау жұмысшыларына объекттiң ортақ әзiрлеуi ?
5.Электр аспабының түрi неткен монтаждық алаңда қолданылуы керек?
2- Дәріс. Іргетастарды қабылдау
Жабдыққа iргетасты қабылдау дегеніміз - оның геометриялық өлшемдерiн жобалық тексеру мен сызба бойынша өлшемдерімен салыстыру болып табылады. Жоба бойынша оның маркасымен салыстыру үшін, құрылыс лабораториясынан iргетастың нақты сапасын растайтын мәлiметi болуы керек. Қабылдауды инженер-техникалық қызметкерлер немесе мамандандырылған бригадирлер өткiзедi. Құрылыс мекемесі жобалық нақты сызба және оның өлшемдері көрсетiлген iргетастың атқарушы сұлбасын ұсынуы керек.
Тексеру үшiн аспап: рулетка (ұзындық өлшеуіш), сымды шек диаметрімен 0,3-0,5мм, тіктегіштер, жонылған ағашты брус-сызғыш ұзындығымен 1,5-2м.
Қабылдау алдында бүтiн және жақтаулық iргетастың кесiк бетiн қабырғалардың бiрлерiнде немесе нивелира арқылы геодезиялық қызметпен тасымалданатын ғимараттың еден бiтелген реперден биiк белгiнi келтiредi.
Бойлай және көлденең іргетастың остеріне белгі (1 сурет) жүргізеді. Іргетастың беттеріне ось бойынша болатты ішекті 5 іліп қояды. Ілмені аунақшаға 3 немесе қапсырмаларға, кронштейнге бекітілген, іргетастқа жақын орнатылған немесе бөлмедегі қабырғаларына ілмені орындайды. Шектерді 3 жүк 6 көмегімен тартады. Шектерді ілу үшін ігретастың периметрі бойынша 80...100см биіктікте орындайды, тосқауыл бұрыштан 25÷25мм тіреулерде, іргетастың арматурасына электропісірумен ұстатылған. Үлкен емес іргетастарға шектерді ағашты брустарда немесе төсем астарда 150..200мм биіктікте іргетас бетінен тартуға болады. Шектерден тіктегіштерді (отвесы) 4 түсіреді, іргетастың беттерімен бойлай және көлденең остердің орналасу дұрыстығы тексеріледі. Тиiстi тiк сызықтар немесе кертiктер реперлерде және қапсырмаларда жасалады.
Содан кейін тіктегіштерден рулетка көмегімен және жиналмалы метрмен бұрандамаларды іргетасқа құдықтардың осьтік өлшемдерін тексеруді жүргізеді.
Іргетастарда осьтер бояумен немесе кертпе қашаумен орындалады. Іргетастың тікбұрыштығын оның диагоналы бойынша түзу тартылған баумен тексереді. Өстердiң тiкбұрыштығы - катеттерi ұзына бойына және көлденең өстер бойынша орналасатын тiк төртбұрышты үшбұрыштардың гипотенуза-ларының теңдiгi бойынша бекiтiледi. Іргетастарда, механизмдер өстерi параллель орналасады. Осьтердің ара қашықтығын тексереді. Параллель еместiк 0,1 мм/м ден аспау керек. Құрылыстық сызбада орта аралық қашықтықты, анкерлік құдықтардың өлшемдері және олардың орналасуын аса ықыласпен тексеру керек. Анкерлік құдықтардың тереңдігін қуысты саңылау арқылы немесе ойықтарға қыстыратын таңбаланған тақтайшаның ұзындығы бойынша тексередi. Есептеу барысында сүргiленген ағаш тақтайшасының сызғышынан iргетастың биiк белгiсiнiң төменгi шетi дәл келу тиiстi. Деңгей тақталанған немесе жатқызылған астар бойынша есепке алынуы қажет. Терең анкер құдықтарында (2,а сурет) бұл бастардың бұрылуын шектейтiн стопорлар өту үшін анкерлiк тақталардың тiркеме қағаздарының бiтелуiн, болттардың Т сияқты бастарының саңылауын тексеру керек. Өптелі немесе ұңғымалы анкерлiк құдықтарда төменгі тiрек беттердің көлденеңдiгін және тақтаның тұтас болуын тексеру керек .
1- іргетас; 2 - репер осьтік және биіктік белгі; 3 – шектерді аспалау үшін аунақша; 4 - тіктегіш; 5- шек; 6 - жүк
