Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТ.МАШИНАЛАРДЫ ЖИНАТАУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Технологиялық карталарда не жазылады ?

  2. Бірыңғай өндіріс немен сипатталады ?

  3. Өзара аумастырымдылық қандай болуы мүмкін ?

  4. Ажырамалы жылжымайтын қосылыстардың қандай түрлерін білесің?

6 - Дәріс. Баспақты қосылыстар және оларды құрастыру

Ажырамайтын баспақты қосылыстар келесі әдістермен алынады:

- бойлық құрастыру осьтік күш әсерінен (баспақтаумен) ;

- көлденең құрастырумен – бір- бірімен жанасатын бөлшектер қызып кеткен жағдайда суыту және оларды құрастыру процесі кезінде еркін қосылуына мүмкіндік береді.

- көлденең және бойлық құрастырулардың бірігуінен, мысалы гидробас-пақпен құрастыру кезінде, оның қосылу аймағына осьтік күшпен қатар көлденең құрастыруға қажетті мөлшерде жоғары қысымда май беріледі.

Баспақты қосылыстардың беріктігі көптеген факторларға байланысты, сонымен қатар құрастыру сапасымен жанасатын беттердің күйін көрсететін берілістен де болады. Баспақты қосылыстарда бөлшектерді қарапайым жеңіл әдіспен алуға болады. Олар қолдан, гидравликалық және пневматикалық әдістер арқылы жүргізуге болады. Баспақтауды орындайтын кезде, алдыменен қамтылатын бөлшектерді үлкен емес күшпен қамтитын бөлшектерге бағыт беру мақсатында іске асырылады. Баспақтаудың соңында қамтыланатын бөлшекті тығыз орналастыру үшін күшті көбейтеді. Сонымен бірге баспақтау кезінде ауытқулардың болмауын мұқият қадағалау қажет. Баспақтау өнімділігімен сапаның жоғары нәтижесін арнайы құралдарды қолдану арқылы алуға болады. Егер шағын бөлшектерді ауыр корпустарға баспақтау керек болса (әсіресе қол жетімсіз жерлерде), онда қолмен жұмыс істейтін (18,а сурет) немесе пневматикалық домкраттарды қолданған дұрыс. Осы жағдайларда арнайы гидравликалық (18,ә сурет) немесе көп еңбекті қажет етпейтін, бірқалыптылықты және баспақтау сенімділігін қамтамасыз ететін бұрандалы (18, б сурет) құралдарды қолдану мүмкін

а ә б

а- қолды домкратпен; ә,б - гидравликалық және бұрандалы құрал- сайманды домкратпен; 1 - баспақталатын бөлшек; 2 -корпус; 3 - домкрат

18- сурет. Бөлшектердi баспақтаудың әдiстерi

Баспақтау кезінде күшті азайту үшін майлауды қолданады, яғни жанасатын бөлшектердің үйкелісу беттеріне жүргізілетін ұнтақты түрдегі сернисті молибден қолданады. Сернисті молибденді қолдану баспақты қосылыстарда жанасатын беттерде үйкелістердің жоқтығын қамтамасыз етеді.

Баспақтаудан басқа қосылыстарды алу үшін керілісті термиялық құбылыспен бір немесе екі бөлшекті қосуда, бөлшекті қыздыруда және сууытуда осы әдісті қолданады. Кейбір жағдайларда бөлшектерді бір уақытта қыздыру және суыту қолдану мүмкін. Қосылыстың беріктігі, жылу құбылысын қолдану 1,5...2 рет қосылыс берiктiгiн жоғарылатады. Термиялық әсермен жалпы және жергілікті бөлшектерді қыздыру мен құрастыру әдісі тиімді қолданылады. Бұл әдіспен үлкен диаметрді кіші диаметрлі ауданымен жанасатын бөлшектерді қосуда қолданылады. Орташа және кіші өлшемді бөлшектерді қыздыру майлы немесе сулы ванналарда жүргізіледі. Ірі габаритті бөлшектерде жергілікті жылыту бөлігін саңылауларына отырғызуда қолданы-лады. Жергiлiктi жылыту газ шiлтерi көмегiмен iске асыра алады, оларға спиралi бар құрылым немесе ТВЧ индукторы кіреді. Қыздыру температурасына тиiстi керiлiстік байланыста бөлшектердi қыздыру 75 тен 400°С аралығында болып тұрады. Автоматты құрастыруда бөлшектерді қыздыру арнайы туннельді пештерде жүргізіледі. Сақиналы түрде бөлшектердi қыздыру үшiн арнайы индукциялы құрылымдар қолданады. Бөлшектерді терең суытуда сұйық азотта (-195,6°С ) немесе қатты көмір қышқылда (-78,5°С) жүргізіледі. Сұйық оттегі және сұйық ауа бұл үшін жарамайды, өйткені олар жарылғышты келеді. Бөлшектерді суыту және сұйықтарда ұстау уақыты олардың өлшемдері мен салмағына байланысты. Сұйықты азотта шамамен ұстау уақыты: жұқа-қабырғалы бөлшектерде қабырғасы 7-10мм қалыңдықта 8-10мин; төлкелерді қабырғасы 20-30 мм қалыңдықта 15-20 минут; қалың қабырғалы бөлшектерді қабырғалары 40-50 мм қалыңдықта 35-40 минут болады. Көмір қышқылды қолдану кезінде суыту арнайы термоста жүргізіледі. Суытуды жақсарту үшін мысалы көмірқышқылға метилды немесе денатурды спиртті қосып, сұйықты ортада орналастырады. Сондықтан алдымен ыдысқа сұйықты құяды, ал содан кейін көмірқышқылды қосады.

Терең суыту әдiстiң кемшiлiгi бөлшектердi қосуда соқпа тұтқыр-лығының кiшiрейуі, суыққа ұшырауы, отырғызу қосылыстарын таңдау кезінде ескерту қажет. Егер қосылыстарда нақты керілістер қарастырылған болса, онда құрамалы әдісті қолдану - бөлшектерді қыздыру және суыту ұсынылады. Бөлшектің кеңеюімен арасындағы тәуелділік (қысумен немесе диаметрі бойынша) және қыздыру температурасымен (суытумен)келесі формула бойынша есептейдi

мұнда k кеңейту (немесе қысу) мм;

d - отырғызу диаметрі, мм;

α – құюдың кеңейту (қысу) коэффициенті, қыздырылатын металл (немесе суытылатын) бөлшектер;

t – қамтылатын қыздырудың температурасы °С (немесе қамтылатын суыту), бөлшектер. Шамалы мәндерді есептеу үшін кеңейту (немесе қысумен) бөлшектер 0,001 температураны 100°С өзгерiсiнде қабылдайды.

Баспақтаудың күшін анықтау

Қажетті күштi баспақтауда мына формула бойынша анықтауға болады,

мұндағы ƒ3 - баспақтау кезде үйкелес коэффициенті;

d - түйiндестiрiлетiн бөлшектiң саңылау диаметрі, мм;

l - түйiндестiрiлетiн бөлшектiң ұзындығы, мм;

р - меншiктi қысым, Н/см2.

Тәжірибенің көрсетуінше, демек екi–үштен кейін қайталанатын баспақтауларды және баспақтан шығару күштерінің кішіреюінде ғана емес, сонымен бірге тіпті ұлғаюы да мүмкін, қосылыстардың беріктігі сақталуы шарттары бойынша қайтадан баспақтауға толық шақтамалы.

Бөлшектердi баспақтау технологиясы

Қамтылған бөлшектерді қыздырумен баспақтау негізгі бейнемен, егерде баспақтауға отырғызу мүмкiн емес немесе қиын болған жағдайда, үлкен диаметрлер кезінде және аса ұзын емес жанасатын бөлшектерде қолданылады. Қажетті қыздыру температурасын талап ететін керілісті және жанасатын өлшемдерінің тәуелдігін анықтайды. Ыстық отырғызуларда керiлiстер пайда болады, олардың орташа шамасы 2 есе көбiрек, ал алынатын отырғызуларда баспақтаулар кезінде жасалады.

Қамтыланатын бөлшектерді қыздыру температураны мына формула бойынша анықтайды

мұндағы i max - ең үлкен отырғызу керiлiсі, мм;

Δ – минималды қажетті, құрастыру кезінде берілген саңылау, мм;

α – сызықты кеңейту коэффициенті;

d - түйiндестiрiлетiн беттердің, номиналды диаметрi, мм;

t0 - қоршаған ортаның температурасы, 0С.

Қателікті компенсациялау үшін, баспақтау уақытында салқындатумен байланысты болады,ал қыздыру температурасын әдетте 15-20% -ке есептеуден көбірек қабылдайды. Негізгі артықшылықтары бумен және сумен қыздыру кезінде бөлшектерді бір қалыптылықпен қыздырады.

Бөлшектерді маймен қыздыру мойынтректерді арнайы төсемдер арқылы ваннада орнатады. Ваннаның қабырғасымен және түбіндегі байланысты қорғау үшін, сонымен қатар айналу бөлшектерін маймен қыздырғанда барлық жақтарының қалыңдығы кемінде 30÷40 мм қалыпты болу үшін. Қыздыру майда 40 минуттан көп емес және 90°С -температурада жүргізіледі. Қыздыру уақыты және майдың температурасы басқа бөлшектер үшін ұлғаюы мүмкін.

Үлкен керіліспен отырғызу кезінде құрамалы тәсілді қолданады: қамтылған бөлшекті қыздырады, ал қамытылғанды суытады. Құрамалы тәсіл кезінде құрастырулар қамтылатын бөлшек көп жағдайларда салыстырмалы темпера-турада 50÷150°С қыздырады. Мұндай қыздыру бөлшектің материа-лы үшін қауіпті емес.

Әдебиет: 1нег. [70-76 ],қос. [120-129 ]

Бақылау сұрақтары

1. Баспақтау қосылысы қандай тәсілдермен алынуы мүмкін ?

2. Баспақтау қосылыстарының қандай тәсілін алуы аса қарапайым болып табылады?

3. Баспақтау кездінде күштердi азайту үшiн не қолданылады?

4. Жылулық әсерiмен алынған қосу берiктiгi баспақта жиналған қосылыс берiктiгiн неге жоғарылатады?

5. Қандай артықшылықтарымен алынған қосылыстар терең суытуды әдiске ие болады?

7- Дәріс. Бұрандалы қосылыстарды құрастыру

Технологиялық процесстің кез келген бұрандалық қосылысты құрастыру-ды бұрандамалы (бұрандалы) қосылудың құрастыру процесіне ұқсас. Ол келесі негізгі кезеңдерден тұрады:

- бөлшектерді құрастыруға беру; - бұранды бөлшектердi орнату және оларды алдын ала бұрау; - жеткiзiп салу, аспапты орнату және бұрандалық қосылыстың бөлшектерiн тарту; -шплинттеу немесе басқа операция, бөлшектердi өздiгiнен бұрап алу.

Бұрандамалардың қоюына түйiндестiрiлетiн бөлшектерде саңылаулар белгiн немесе кондуктор бойынша бұрғылайды, және де түйiндестiрiлетiн бөлшектерде бұрандамаларға саңылау өстері дәл келуi керек. Саңылаулардың өстерiнiң түйiндестiрiлетiн бөлшектерде бұрандамаларына сәйкес келмеуге бiр бұрандамалы қосылыстарда, бiрақ 0,4 мм аспайтын жауапты қосулар үшiн бұрандаманың диаметрiнiң әрбiр 10 мм 0,15 мм ден аспайтын және кәдiмгi қосулар үшiн рұқсат етiледi. Егер бұл бөлшектердi кондуктор ретiнде қолданылса, жақсы нәтижелер бөлшектердiң қосуларындағы бұрандамаларға саңылауларды өстестiктiң қатынасында алуға болады, кондуктор ретiнде қолданылатын бөлшектi осы жағдайда басқа қосу бөлшегiмен қысқыш арқылы жалғастырады. Содан соң алып тастаған бiр-бiрiмен саңылаулар және оларда бұрғылайды уақытша монтаждық бұрандамаларға қыстырады.

Ұстастырмалы қосылыстарды құрастырулары

Ұстастырмалы қосылыстарды құрастыру кезде бір қосылатын бөлшекке ұстастырманы бұрайды, одан соң оның үстіне екінші бөлшекті орнатын сомынды бұрайды.

Ұстастырмаларды бұрау- бұл аса күрделі және еңбек сыйымды операция, - екi әдiстермен орындай алады:

1) ұстастырманың еркiн бұранды жеріне екi сомынды бұрайды, содан соң,

жоғарғы сомынды кілттің көмегімен айналдыра, ұстастырманы ұяға бұрайды

(кемшiлiгі бұл әдістің ұстастырманың отырғызуының әлсiреуі және сомын-дарды бұрап алуда болады)

2) ұстастырманың ұшына арнайы құрал-саймандарды еркiн бұрайды – солдатик, өзіне биік алты қырлы сомынды ұсынатын, арнайы бұрандамен тоқтататын ұстастырманың ұшында, диаметрi ұстастырманың диаметрінен кішіні ұсынады. Бұрандалы қосылыстарды құрастыру кезінде қолданылатын құрал-саймандар. Бұрандалы қосылыстарды бұзу және құрастыру үшiн қолмен және механикаланған аспаптарды қолданады. Негiзгi қол аспабы бұрандалы кілттер болып табылады. Бұрандалық қосылыстарды сенiмдiлiк және ұзақ уақытқа жарамдылық жағдай көпшiлiгiнде құрастыруды процесстегi олардың дұрыс тартуларынан тәуелдi болады. Мұндай жағдайларда керекті регламенттелетін тарту моменттерiн орнатады. Индикатор тығырықтың 1 (19 сурет) шығынқы-ларын тарту кезінде қарапайым тығырық 2 тіреледі және жалпая, тығырықтың арасындағы саңылауды толтырады, берілген тарту күшін қамтамасыз етеді.

1- индикаторлы тығырық; 2- қарапайым тығырық