- •Гематология Задача 1
- •Ответ к задаче 1
- •Ем жоспары:
- •Этиологиялық факторды жою.
- •Ответ к задаче 2
- •Емдеу жоспары :
- •Ем жоспары,амбулаторлы этапта ем жүргізуге рекомендациялар
- •12. Хирургиялық ем: Инфекциялық және ауыр қан кетулермен асқынып жатса науқасқа шұғыл түрде хирургиялық араласулар жүргізіледі.
Ем жоспары:
Этиологиялық факторды жою.
(Бұл жағдайдағы ТТА себебі: аналық без функциясының бұзылысындағы меноррагия және метроррагия, ұзақ еттекірдің болуы);
Емдік тамақтану:
Теміртапшылық анемия кезінде, науқасқа темірге бай диета көрсетілген. Тамақтан асқазан-ішек жолдарына сіңірілетін темірдің максималды саны — тəулігіне 2 г. Жануар текті өнімдердегі темір, өсімдік өнімдерімен салыстырғанда ішекте көп мөлшерде сорылады. Əсіресе гемнің құрамына кіретін еківалентті темір өте жақсы сорылады. Ет темірі жақсы сорылады, ал бауыр темірі нашар, себебі бауырдағы темір көп жағдайда ферритин, гемосидерин, сонымен қатар гем түрінде болады. Аздаған мөлшерде темір жұмыртқа мен жемістерден сорылады. Барлығынан жақсы бұзау етінің темірі (22%) сорылады, балықтан (11%); жұмыртқа, ас бұршақтан 3% темір, күріш, шпинат, жүгеріден - 1%. Науқасқа құрамында темір бар келесі өнімдер ұсынылады: сиыр еті, балық, бауыр, бүйрек, өкпе, жұмыртқа, қарамұмық ұнтағы, ас бұршақ, ақ саңырауқұлақ, какао, шоколад, көкөністер, бұршақ, фасоль, алма, бидайық, шабдалы, жүзім, алқоры, сельдь, гематоген.
Лечение железосодержащими препаратами
Темірдің тапшылығы мен анемияға алып келген себепті жою.
Темір қорын толтыру
Рецидивке қарсы терапия
Симптоматикалық терапия
Темір препараттары: ішке қабылдау үшін (ferrous chloride, ferrous monohydratis, ferrous fumarate+ folic acidi, ferrous gluconate, ferrous sulfate, ferrous sulfate 320 мг + ascorbic acidi 60 мг, non appropriated).
темір препараттарына тәуелділік туғанда және де жедел посгеморрагиялық анемияларда темір қорын тез толықтыру үшін парентеральды енгізеді: Темір III декстраны (100 мг/2 мл), 1 рет/тәул. Микроэлементерге бай витминдер комплексі.
Профилактикалық шаралар
Темір тапшылығын шақырған себептерді жою.
Құрамында темір көп диета (ет, бауыр жəне басқалар.).
Темір препараттарын ұзақ қабылдау (4-6 ай.).
Темірдің парентералды препараттары (көрсетімдер бойынша).
Ауыр анемия кезінде эритроцитарлық масса құю.
Қауіп-қатер тобындағыларға темір препараттарын профилактикалық қабылдау
Науқастарға теміртапшылық анемиясын емдегеннен кейін, ұзақтылығы 6 апта
профилактикалық курс ұсынылады (темірдің тəуліктік дозасы — 40 мг), сонан соң жылына 6 апталық екі курс жүргізіледі немесе етеккірден соң 7-10 күн бойы күн сайын 30-40 мг темір қабылдау. Күнделікті 100 г. кем емес ет пайдалану қажет.Терапевтте тұрғылықты жері бойынша диспансерлік есеп. Жылына 2 рет тексеру, жалпы қан анализін зерттеу, сарысулық темір мөлшерін анықтау. Мұнымен қоса, теміртапшылық анемиясының этиологиясын ескеріп, диспансерлік бақылауды жүзеге асыру, яғни науқас теміртапшылық анемиясын шақырған ауру себебі бойынша диспансерлік есепте тұрады.
Әрі қарай жүргізу: қаныққан терапия.
Гемоглобиннің қалыпты деңгейіне қол жеткеннен кейін, темір қорын толтыру үшін,анемияны басу кезеңінде қолданылған дозамен салыстырғанда 2-3 есе кем тəуліктік дозада 3 ай бойы құрамында темір бар препараттармен ем жүргізеді.
Рецидивке қарсы терапия (ұстап тұрушы) терапия
Ұзақ уақыт қан кетулерде (мысалы көлемді етеккірлерде) темір препараттарын ай сайын 7-10 күндік қысқа курстармен қабылдау көрсетілген. Анемияның рецидиві кезінде 1-2 ай ішінде ем курсын қайта жүргізу көрсетілген.
ЕСЕП 2
Науқас С., 69 жаста , зейнеткер, шағымданады: айқын әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, бөлме ішінде жүрген кезде болатын аралас ентігуге, жүрегінің тез соғуына, бас айналуға, тілінің ашуына, тәбетінің төмендеуіне , іш өтуге, аяқтағы ауырсыну мен ұйып қалуға, бұлшық еттерінің әлсіздігіне («мақталы аяқ»), дене қызуының көтерілуіне 37,2 С.
Ауру анамнезі бойынша. 2 жылдан бері науқас; бастапқыдағы әлсіздік шаршағыштыққа мән бермеген, содан соң бірте- бірте жоғарыдағы шағымдары қосыла берген. Терапия және тексеру жүргізу үшін госпитализацияланды.
Объективті. Бойы 178 см, салмағы 85 кг: Терісі сарғыш-боз,склерасы субиктериялық. Ісіктер жоқ. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бұлшық ет күші әлсіреген. Төс сүйегін, қабырғаларды ұрғылағанда ауырсыну байқалады. Өкпеде визикулалық тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ 17 рет/мин. Оң жақ шынтақ артериясының жоғарғы жағынан шу естіледі. «шум волчка». Жүрек тондары тұйық, ырғақты, жүрек ұшында әлсіз систолалық шу естіледі. АҚҚ 130/80 мм.с.б. ЖСЖ 107 рет/ мин. Тілі ылғалды,ашық қызыл түсті, тегіс («лакталған»), шырышты қабат бетінде жекелеген афталар бар. Іші жұмсақ, эпигасрийда аздап ауырсыну бар. Бауырдың төменгі шегі пальпацияланады, қабырға доғасынан 2 см төмен . Көкбауыр пальпацияланбайды. Ұрғылау симптомы екі жақты теріс мәнді. Бүйрек пальпацияланбайды, пальпация аймағы ауырсынусыз.
ҚОСЫМША ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
ЖҚА: Нb –56 г/л, эр. – 2,1×1012/л, ЦП – 1,4, ретикулоциттер – 0,5‰; тромбоциттер 95×109/л; лейк. – 3,1×109/л, ЭТЖ - 36 мм/сағ. Жағындыда: анизоцитоз (макроциттер, мегалоциттер) +++, пойкилоцитоз ++, Жолли денешіктері және Кебота сақинасы +,нейтрофилдердің полисегменттелуі ++.
Сарысудағы В12 витаминің мөлшері- 50 пг/мл.
Метилмалонқышқылының мөлшері -350 нмоль/л.
Гомоцистеин мөлшері 45 мкмоль/л.
Тапсырма:
Клиникалық синдромдарды анықтаңыз және негіздеңіз, жетекші синдромды көрсетіңіз
Анықталған синдромдар негізінде болжам диагнозын анықтаңыз
Лабораторлы-аспаптық зерттеулер жоспарын құрыңыз және алынған нәтижелерге талдау жасаңыз
Дифференциялық диагноз жүргізе отырып клиникалық диагнозын негіздеңіз
5. Науқасқа ем жоспарын тағайындаңыз және амбулаторлы кезеңдегі емге ұсыныс беріңіз
