Есеп № 3
Абдоминальды ауырсыну синдром (ауырсынудың билиарлы типі), өт диспепсия синдромы, регургитациялық синдром. Негізгі - абдоминальды ауырсыну синдромы.
Созылмалы калькулезды емес холецистит, рецидивті ағымда, өршу. Өт жолдарының гипомоторлы дискинезиясы. Абдоминальды ауырсыну синдромына тән ( емдәмді бұзғаннан кейін оң қабырғаастының ауыру сезімінің пайда болуы, көпіршік симптомы оң), қауіп факторларының болуы (жынысы әйел, жасы).
Қосымша: құрттарға ИФА, нәжісті құрттарға үшреттік тексеру , холецистография – өт жолдарының жиырылу қабілетін нақтылау, липидограмма.
Жалпы қан анализінде қабыну реакцияларының белгілері: лейкоцитоз.
УЗД мәліметтері – холецистит көріністері (өт қабы қабырғасының қалыңдауы мен тығыздануы), өт қабының моторлы дискинезия белгілері (өт қабы кеңейген,кілегейтәрізді өт.
ФГДС мәліметтері – дуоденогастральды рефлюкс белгілері, беткей гастрит.
Дифференциальды диагноз: Созылмалы оңжақтық пиелонефрит– ауыру сезімі бел аймағында немесе параумбиликалды аймақта іштің ортаңғы сызығында орналасады. Жиі ауыру сезімі шап аймағы немесе белдің алдыңғы бетіне иррадиацияланады. Ауыру сезімі жоғары температура мен дизуриялық көріністермен бірге жүреді. Зәрдің клиникалық анализінде – зәрлік синдром протеинурия, лейкоцитурия, бактерийурия, гематурия әр түрлі қосылысқан түрде көрініс береді.
Оңжақтық төменгібөліктік плевропневмония жедел басталады, вирусты инфекциялармен жүруі мүмкін, суықтау. Клиникалық көріністер арасында өкпелік симптоммен бірге(кеуде торы мен оң қабырғаастында ауыру сезімі, ентігу, жөтелу) интоксикация көріністері болады: (38-40 температура жоғарлауы, қалтырау, тершеңдік, тахикардия). Науқастар мәжбүрлі қалыпта жатады – зақымданған жағына қарай жатады, бет-әлпеттері қиналған, зақымданған бөліктегі бет гиперемиясы, беткей тыныс, дем алғанда толуы, диффузды цианоз, құрғақ жөтел. Кеуде торының оң жақ бөлігі тыныс алғанда қалыс қалады, өкпе перкуссиясында – зақымданған аймақта тұйықиалу, аускультацияда – әр түрлі тыныс шулары, ауру кезеңіне байланысты (сықыр, ылғалды сырыл, плевра үйкеліс шуы). Дифференцияальды жоспарда кеуде торы ағзаларының рентген зерттеуі көмектеседі, өкпе бөлігінде өкпелік тін инфильтрациясы анықталады, плеврит көріністері.
Жедел ішек түйілуі. Симптомдары: диспепсиялық көріністер (құсу, нәжіс пен желдің ұсталуы), толғақтәрізді ауыру сезімі, бастапқыда дене температурасы қалыпты, перитонитпен асқынғанда 38-40С. Іш перденің тітіркену симптомы әлсіз, Валь симптомы оң (ішек ілмегі фиксирленген және кеңейген баллон тәрізді), Кивуль (металдық түспен тимпаникалық дыбыс), Мондор (іш перде ригидтілігі), симптом «Обуховский ауруханасы», «Табыт тыныштығы». Перитонит дамығанда іш перде тітіркену симптомы 12 сағаттан соң болады. Рентген көріністері: бөлек ішек ілмектері сұйықтық пен газға толуы, Клойбер тостағаншасы, жіңішке ішек ілмектері доғатәрізді немесе тігінен газға толып орналасуы анықталады(«ағза трубасы» симптомы).
Диагноз: Созылмалы калькулезды емес холецистит, жиі рецидивті ағым, өршу сатысы. Өт жолдарының гипомоторлы дискинезиясы. Созылмалы рефлюкс-гастрит,өршуі. (ауыру сезімі билиарлы тип бойынша; қауіп факторы болуы; қанның қабыну реакциясы; УДЗ мәліметтері бойынша өт жолдарының гипомоторлы дискинезиясы және холецистит көріністері; ФГДС мәліметтері бойынша рефлюкс-гастрит белгілері).
5. Емдеуі: Емдәм №5
Антибактериалды препараттар созылмалы калькулезды емес холециститте бактериялы этиологиялы болғанда тағайындалады: - ампициллин 4-6 г/тәу - цефазолин 2-4 г/тәу - гентамицин 3-5 мг/кг/тәу - клиндамицин 1,8-2,7 г/тәу - цефотаксим - кларитромицин 500 мг 2 рет тәулігіне - эритромицин 0,25 г 4-6 рет тәулігіне - ципрофлоксацин 500-750 мг 2 рет тәулігіне Антибактериалды препараттармен емдеу орташа 8-10 күннен кем емес уақыт жүргізіледі. - Метронидазол 500 мг х 2-3 рет тәулігіне - Орнидазол 500мг: лямблиозда 1,5г препарат 1 рет тәулігіне (Орнидазолды кешке қабылдаған дұрыс). Емдеу ұзақтығы – 1-2 күн.
Миотропты спазмолитиктер: 1. Антихолинергиялық препараттар: - атропин 0,1% - 1 мл; - платифиллин 0,2% - 2 мл; - метацин 0,1% - 1 мл. 2. Спазмолитикалық препараттар: - дротаверин 2% 2-4 мл бұлшықетке немесе тамыр ішіне; - папаверин 2% - 2 мл тері астына; - мебеверин гидрохлориді 200 мг 2 рет тәулігіне 2-4 апта; - гимекромон 200-400 мг 3 рет тәулігіне тамақ алдында 15-20 мин. бұрын; - гиасцин бутилбромиді 2% — 2 мл бұлшықетке, тамыр ішіне тамшылатып, драже 10мг 3 рет тәулігіне.
Созылмалы холециститте құсу мен жүрек айнуды басу - Метоклопрамид 2 мл × 2 рет бұлшықетке немесе тамырішіне; - Домперидон 10 мг 1 таб 2-3 рет тәулігіне, 7-14 күн.
Холелитолитикалық препараттар пероральды – рентгенонегативті тастарда (холестерді) әсерлі : Урсодезоксихол қышқылы 8-15 мг/кг/тәу в 2-3 рет қабылдау ұзақ уақытқа.
