Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1. Бастауыш мектеп жасындаы балаларды жйке жйесі.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Кб
Скачать
☆

2. Жұлынның құрылысы мен қызметі

Жұлын адамның омыртқа жотасының орта арнасында орналасқан. Жұлынның алдыңғы және артқы бетін бойлай екі сайша өтеді. Олар жұлынды оң және сол жартыға бөледі. Жұлынның жоғары бөлімі тікелей мимен байланысқан. Әрбір омыртқа тұсында жұлыннан жұлын түбірінің жұбы таралады, жұлынның жұр түбір таралған бөлімін сегмент деа атайды.

Жұлын түбірлері омыртқа жотасының арнасынан шығар тұста жұптаса бірігіп, 31 жұп аралас жұлын жүйкелерін құрайды. Омыртқа бөлімдеріне сәйкес жұлынның мынадай бөлімдерін ажыратады:

- мойын бөлімі;

- арқа бөлімі;

- бел бөлімі;

- сегізкөз бөлімі.

Жұлынның ұзындығы және оның салмағы адамның жасы мен жынысына байланысты

Жас кезеңдері

Жұлынның ұзындығы (см)

Жұлынның салмағы (гр)

1. Нәресте

14-16

1

2. Бастауыш мектеп жасындағы оқушы

30-32

18

3. Ересек адам

43-456

30

Адамның жасы ұлғайған сайын жұлынның ұзындығы мен салмағы үлкейеді.

Жүйке жүйесінде те қана қозу процестері емес, тежелу де пайда болады. Тежелуді 1863 жылы көрнекті орыс физиологы И.М.Сеченов (1829-1905) ашқан болатын. Тежелудің биологиялық маңызы өте зор. Себебі ағзада бір кезде қозудан кейін тежелу болуы нейрондардың дұрыс қызмет атқаруын қалыптастырады.

Жұлынның сыртын жұмсақ, торлы және қатты қабықшалар қаптап тұрады. Жұмсақ қабықша тікелей жұлынға жанасқан жəне онда қоректік заттар мен оттегін жеткізетін қан тамырлары өте жиі орналасқан. Торлы қабықша өте жұқа, əрі нəзік, ол жұмсақ қабықшаны көмкеріп тұрады. Қатты қабықша жұлынды сыртынан жауып жатады. Қабықшалар арасындағы кеңістікті ликсор (ми жұлын сұйықтығы) деп аталатын сұйықтық толтырып тұрады.

Жұлынның көлденең кесіндісін қарасақ, оның сұр жəне ақ заттан тұратынын көреміз (1-сурет). Сұр зат жұлынның ортасында орналасқан, ол нейрондар денесі мен олардың өсінділерінің шоғырынан жəне нейроглиядан түзілген. Ақ зат бір-біріне жанаса орналасқан көптеген жүйке талшықтары мен нейроглиядан тұрады. Жұлынның мұр затындағы қысқа жəне кең шығыңқы бөліктерін алдыңғы мүйіз, ал артқысын артқы мүйіз деп атайды. Алдыңғы мүйіз қозғағыш (эфферентті), ал артқысында қосымша сезімтал нейрондар орналасқан. Жұлынның ақ заты бағаналарды құрайды, ол арқылы жұлынды мимен жəне дене мүшелерімен əр түрлі деңгейде байланыстыратын жолдар өтеді. Жұлынның дəл ортасында ликвор сұйықтыңы бар арна орналасқан.

Жұлын түбірлері омыртқа жортасының арнасынан шығар тұста жұптаса бірігіп, 31 жұп араласа жұлын жүйкелерін құрайды. Əрбір жүйке эфферентті жəне афферентті жүйке талшықтарының шоғырынан құралған. Осылайша, əрбір жүйке алдыңғы жəне артқы түбірлер басталады. Артқы түбірлер афферентті нейрондардың аксондарынан ғана түзілген. Олардың денесі жұлын тораптарында жұлыннан тыс жатқан сұр заттың шоғырланған жері, артқы түбірлерде орналасды. Шеткі жатқан афферентті нейрондардың денесіне қарай жүйке құрамына кіретін ұзын дендриттер өтеді. Афферентті нейрондардың денесінен аксондар шығады, олар жұлынның сұр затына тарамдалады. Бұдан соң импульстер қосымша нейрондардың дендриттеріне, ал кейді тікелей афферентті нейрондарға беріледі.

Жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан эфферентті нейрондардың денесінен импульстер аксондар арқылы жұмыс істейтін мүшелерге өтеді.

Жұлынның қызметі. Рефлекс жүйке жүйесі қызметінің негізі болып табылады. Жұлынның кейбір рефлекстерін қарастырайық. Адам қолф ыстық затқа жанасса, бірден тартып алады. Бұл рефлекторлық реакция. Ол қалай орындалады?

Температуралық тітіркендіргіш теріде болатын рецепторға əсер етеді де, онда қозу туады (2 сурет). Қозу афферентті нейрондардың сезгіш жүйке талшықтары арқылы оның жұлын тораптарында орналасқан денесіне өтеді. Одан қозу қосымша нейронға беріледі, содан кейін эфферентті нейронның өте тарамдалған дендриттеріне жəне сол нейронның денесіне беріледі. Қозу эфферентті нейронның денесінен сол нейронның жұлын жүйкесінің алдыңғы түбірінде болатын аксонына өтеді. Қолдың тиісті бұлшық еттеріне жеткен қозу оның жиырылуына əсер етеді.

Енді рефлекс ұғымына анықтама беру қиын емес. Рефлекс - ағзаның орталық жүйке жүйесі арқылы жүзеге асатын тітіркендіруге доға деп атайды.

Жұлын рефлексінің доғасы бес бөлімнен тұрады: рецептор, афферентті нейрон, жұлынның белгілі бір бөлімі, эфферентті нейрон жəне жұмыс істейтін мүше.

Жұлын арқылы көптеген рефлекторлың доғалары өтеді. Рефлекторлық доға құрамына кіретін бес бөлімнің біртұтас байланысы болған жағдайда ғана рефлекс жүзеге асады. Олардың біреуінің зпқымдануы соған жауап қайтару реакциясының жойылуына əуеп соғады. Бірақ рефлекс кезінде қозудың жүру жолы жұмыс істейтін мүшеде аяқталмайды. Мүше тітіркендіруге жауап берген кезде, оның рецепторларында пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді жəне рефлекторлық əрекеттің аяқталғандығын туралы хабар береді.

Жұлын рефлекторлық əрекетімен қатар өте маңызды өткізгіштік қызмет те атқарады. Жұлынның ақ затындағы бағананы құрайтын нейрон талшықтары арқылы өткен қозу миға беріледі. Жұлынның өткізгіш жолдары арқылы қозу мидан дене мүщелеріне өтеді.

Жұлын орталықтары. Дененің кез келген жерін тітіркендірген кезде афферентті нейрондар арқылы жұлынның осы рефлекс доғасы өтетін белгілі бір аймағына қарай өтеді. Белгілі бір рефлекс доғасы өтетін, жұлынның сұр затында орналасқан нейрондар денесінің шоғырын жұлынның жүйке орталығы деп атайды. Мəселен, қолдың қимылдарына қатысты рефлекс орталықтары жұлынның мойын-кеуде бөлімінде орналасқан. Жұлынның бел жəне сегізкөз бөлімдерінен аяқтың қозғалуын басқаратын рефлекторлық доғалары өтеді.

Бірақ жүйке орталықтарын тұйық жүйе деп ойлауға болмайды. Бұл мәселені зерттеу кейбір орталықтың нейрондары зақымданса, оның қызметін көршілес орналасқан жүйке жасушалары атқара бастайтынын көрсетті. Бірақ мұндай бірін-бірі алмастырудың да шегі бар. Тіршілік үшін маңызды орталықтардың біртұтастығының бұзылуы ағзаны өлімге душар етеді.

Жүйке орталықтарында қозудың сипаты өзгеріп, онда өз алдына жауап реакциясын тудыра алмайтын өте әлсіз қозу жинақталады. Мұны жинақтау құбылысы деп атайды. Осының нәтижесінде бірнеше әлсіз қозу жиналып, жауап реакциясын тудырады. Кейде басқаша да жағдай байқалады. Жүйке орталығына жекелеген импульстер келеді, бірақ олар мұнда өзгеріске ұшырайды да, эфферентті нейрондар арқылы орталықтан жұмыс істейтін мүшелерге жеке импульсті емес, белгілі ырғақпен бірінен кейін бірі келетін бірнеше жиынтық импульстерді жеткізеді. Мұны өзгеру немесе трансформация құбылысы деп атайды.

Жүйке жүйесі арқылы қозудың тек бір бағытта өткізілуі жүйке орталықтарының физиологиялық ерекшелігіне байланысты: синапстарда қозу бір бағытта ғана, яғни бір жасушаның аксондарынан екінші жасушаның дендриттеріне өтеді.