Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1. Бастауыш мектеп жасындаы балаларды жйке жйесі.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Кб
Скачать
☆

5. Вегативтік жүйке жүйесі

Вегативтік жүйке жүйесі арқылы ішкі мүшелердің қызметіне байланысты рефлекстер түзіледі. Мысалы, ас қорыту сөлінің бөлінуі, қан тамырларының тарылуы мен кеңеюі, т.б.

Вегативтік жүйке жүйесінің ерекшеліктері бар.

Ол екі бөлімнен тұрады:

- парасимпатикалық жүйкелер;

- симпатикалық жүйкелер.

Прасимпатикалық жүйкелерден мидан, жұлынның сегізкөз бөлімінен тарайды. Бас сүйектен тарайтын парасимпатикалық жүйкелер кеудеден және құрсақ қуысында орналасқан барлық мүшелерге тармақталады. Жұлынның сегізкөз бөлімінен тарайтын парасимпатикалық жүйке талшықтары ішектерді, жамбас астауы мүшелернің жұмысын реттейді. Симпатикалық жүйкелер дене мүшелерінің бұлшық еттеріне тарайды. Ол мойын омыртқасынан сегізкөзге дейін созылып жатады.

Вегативті жүйке жүйесінің әсері

Мүшелердің әсері

Симпатикалық жүйкенің әсері

Парасимпатикалық жүйкенің әсері

1. Жүрек

Жүректің жиырылуының жиілеуі және күшеюі

Жүрек жиырылуының баяулауы мен әлсіреуі

2. Артериялар

Тамырлардың тарылуы және қан қысымының көтерілуі

Тамырлардың кеңеюі және қан қысымының төмендеуі

3. Ас қорыту жолы

Толқын тәрізді жиырылудың баяулауы, белсенділігінің әлсіреуі

Толқынды қозғалыстардың күшеюі, белсенділігінің артуы

4. Шашты тік тұрғызатын бұлшық еттер

Шаштың тікіреюі

Шаштың жатуы

5. Тері бездері

Секрецияның артуы

Секрецияның бәсеңсуі

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ш. Набидоллина Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. Оқулық. 2-басылым. «Фолиант» баспасы. Астана-2011. 30-40 беттер.