Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатикадан дстрлі емес сабатарды ткізу дістемесі.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104 Кб
Скачать
☆

2 Дәстүрлі емес сабақты оқыту үрдісін технологизацияландыру

2.1 Дәстүрлі емес сабақтардың технологиясы

Білім беру саласында соңғы жылдары оқыту технологияларды оқыту үрдісінде пайдалану мәселелері кен түрде талқыланып жатыр. Белгілі ғалым Г.Ф. Селевко дәстүрлі емес сабақтарды технологиялық тұрғыдан қарастырды ұсынады. Ол «дәстүрлі емес сабақ – оқытудың классикалық түрлерінің негізінде жетілген стандарттан тыс әдісі – тәсіл дейді. Осы концепциясына сүйенгенде - дәстүрлі емес сабақ – оқытудың жаңа технологиясы деп атауға болады.

Оқытуды технологизацияландыру дегеніміз – ең алдымен әр сабақта зарым қатынас педагогикалық жағдайды орнатып, оқытушылар мен оқушылардың арасына гумандық – жеке даралық көңіл күйін жоғары деңгейге жеткізу тура келеді. Жаңа қарым қатынастын негізгі мазмұны – оқу үрдісіндей қарым қатынас қолайлы жайлы болып оқушылардың білім санасын арттырадындай болады осы технологияны орта және жоғары сыныптарда іске асыруға болады жолы – Ш.А. Оснонашвилидің гумандық технологиясы С.Н. Лысенкованның анықтамалық басқару, В.Ф. Шоталовтың тірек сигналдарға сүйеніп оқыту, В.В. Фирсовтың саралап оқыту және осындай басқа технологияларды негізге алып, оқыту үрдісі технологияландыру қажет.

Орта және жоғарғы саыныптарда жиі қолданылатын оқыту технологияларды атап кетсек, оқыту технологияларды атап кетсек, түрлері, мен іске асыру жолдары аз емес, ал олардың оқытудағы тиімділігі – мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тәрбие ұйымдастыруына көмектеседі. 

Өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетінің тиімділігін арттырудың жолдарының бірі – педагогикалық жаңа технологияларды орынды қолдану болып табылады. Педагог білім беру іс-әрекетінің субъектісі ретінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін, формаларын жүзеге асыратын кәсіп иесі. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер падагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, өзіне және шәкіртіне деген жаңа қатынасымен тікелей байланысты болмақ. 

Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, өзбекстан психологтар ассоциациясының мүшесі Ф.Я.Вассерманның биоақпараттық технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары оқу үрдісінде кеңінен танымал. Ал, Қазақстанда Б.А.Тұрғынбаевтың дамыта оқыту технологиясы, М.М.Жанпейісовтың модульдік оқыту технологиясы, Ж.Қараевтың технологиялары оқу үрдісінде қолданылуда. 

Әрбір ұстаз өз оқу үрдісінде сабақтың мақсаты мен мазмұнына сай өз қалауы бойынша инновациялық технологияларды қолдана алатыны белгілі. Ал, білімгерлердің біліктілігін шыңдау мақсатында пән оқытушылары жаңа технологияларды жүйелі қолданса, оны өзіне түртіп алған болашақ маман кейінгі қызметінде сол іс-әрекетке қайта оралып, тәжірибесінде жемісін көрері сөзсіз. 

Жаңа педагогикалық технологиялардың қайсы бір түрі болсын маман даярлауға ықпалы зор. Олар: 

·        Оқу мақсаттарының қойылуы; 

·        Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру; 

·        Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. 

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық  жүйе. Оның нәтижесінде әр білімгердің өзіне-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайықты жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу  үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлернде, т.б. Дамыта оқыту идеясы бойынша білімгерге оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, жинақтау арқылы жүзеге асады. Оқытушы – сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Әрбір білімгер шешімді тапқан кезінде оның дұрыстығын өзінше дәлелдей біліп, пікрін айтуға мүмкіндік беріліп, жауаптар тыңдалады. Дамыта оқытуда болашақ маманның ізденушілік-зерттеушілік және білім алуға деген ынта-ықыласы артып, кәсіби белсенділігі мен қызығушылығы молаяды. Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктерде тұратын болады.  

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтар жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Дамыта оқыту жүйесінде оқытушы мен білімгер арасында қарым-қатынастар, ынтымақтасу, өзара сыйластық пен түсіністік қасиеттер қалыптасатын болады. Білімгер өз ойын нақты сеніммен айта алатындай ахуалға басты назар аударады.  

Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар - соңғы жылдарындағы білім беру жүйесін ақпараттандыруға, оқытуда компьютер, интернетті қолдануға байланысты. Ақпараттық технология туралы Г.К. Селевко былай деген: «кез келген педагогикалық технологиялары – ақпараттық технологиялары немесе оның негізін ақпарат және оның дамуы құрайды». Бірақ іс-тәжірибеде басқа да ұғым жиі кездеседі мұнда информациялық технологиялық деңгейі – барлық арнайы техникалық ақпараттарды (аудио, видио, кино т.б.) оқыту үстіне қолдану. Осы ұғым оқыту үрдісін ақпараттандыруға дәл келеді. Ал олардың ішінде ең тиімдісі – оқытуды ұйымдастыруда – компьютерлік технологияларды қолдану. Компьютерлік технологиясы бағдарламасы оқытудың технологиялық компьютерді қолданудың негізінде оқытуды дамыта отырып, нұсқаларын ашады; оқушыларға білім беру үрдісі компьютер арқылы өтеді.

Компьютерді оқыту үрдісіне кен пайдалану интерактивтік оқыту деп атайды, оның негізгі заманға сай ерекшелігі – мұғаліммен оқушы заманға сай «компьютерлік» диолы жүргізеді компьютерді сабақтын барлық кезендерінде қолдануға болады: жаңа білімді хабарлау, бекіту, білімді тексеру. Сабақта компьютер бір неше функцияны атқарады; мұғалімдік (білім беруді, оқу құралы (дәптер, оқулық, қалам) оқу объектісі (нені оқыды) қарым – қатынас жасаушы ұжым (оқшы – компьютердегі материал), бос уақытын ұйымдастырушы орта компьютерлік технологияны қолдануда қойылатын мұғалімнің алдына қойылатын

  • оқу үрдісін (пәндер, сыныпты) дұрыс ұйымдастыру;

  • оқушылар белсендіру және үлестіру жұмыстарын ойластыру: тәртіп туралы нұсқау беру, отыратын орындарын ойластыру, компьютерлік жүйені құру т.б.

  • оқушыларға жеке дара бақылау жүргізу, қажет кезінде көмек ету.

  • ақпараттық материалдарды даярлау.

Оқытуды ақпараттандыру оқушылармен оқушылардан компьютерлік

сауаттықтың талап етеді:

  • информатика мен есептеу техниканың негізгі ұғымдарын жете білу;

  • компьютердің функционалдық мүмкіндіктерін;

  • тексттік редактормен жұмыс істеу жүйесін;

  • компьютердің алгоритмдерін, тілі мен бағдарламалау программаларын.

Компьютерлік сабақты өткізу бір кезегінен түрады:

І –мұғалім қажетті оқу материалын дайындайды;

ІІ – мұғалім сабақтын үлгісін жасайды;

ІІІ – мектептің компьютерлік бағдарламашы мұғалімнің ұсыныстары бойынша сабақтын компьютерлық бағдарламасын жасайды;

ІV – мұғалім жасалған компьютерлік сабақтын үлгісін қарап, керекті ұсыныстарын кірізеді;

V - компьютерлік сабақты өткізу.

Компьютерлік сабақтарды қазіргі мектепте өткізу мүмкіндік бар бірақ

мұғалімдер ондай сабақты өткізуге әлі дайын емес, оның негізгі себебі – компьютерді, оның мүмкіндіктерін жете білмейтіні. Оқушылар үшін компьютерлік сабақ тиімді және заманға сай болу керек.

Қазіргі оқыту үрдісінде тиімді оқытудың технологиялардың бірі – тиімді сабақтардың негізіндеоқыту. Оқу материалы көлемі жыл сайын көбейіп жатыр, ал оқуға бөлінген уақыт жетіспейді, ал оқуға бөлінген уақыт жетіспейді, осы тұрғыдан қарағанда А.А. Окупев ұсынған технология сабаққа бөлінген уақытты ұқыптықолдану әр мұғалімге қажет. Технология дәстүрлі сабақтың негізіне сүйеніп, сабақта әр түрлі тиімді әдістемелерді қолдануды көздейді, оған:

- пәнаралық байланыстарға сүйену арқылы сабақты интеграциялану;

- зерттеулік жұмыс негізінде өткізілетін сабақтар; зерттеу «мозговой штурлі», реферат, пікір беру.

- дәстүрлі емес әдістерді қолдануға сүйенген сабақтар

- қоғамдық қарым – қатынастарды қолданып өткізген сабақтар; дебат, пресс – конференция, пікірталас, телебағдарлама...

- фактазия элементтерін пайдалану: ертегі, елестету, сыйлық т.б....

- тәрбие сағаттардың элементтерін қолдану: КВН «Что где, когда», «Таңғажайып аланы» т.б.

Технологияның негізінде мектеп мұғалімдері өз пәнін оқытуда өздеріне қолайлы әдістерін таңдап оқытады, немесе мүмкіндігіне қарай кез келген оқытудың түрін таңдайды. Сабақты ұйымдастырудың түрі тиімді және нәтижелі болу үшін тиімді оқыту технологтяның көп түрлілігін қолдану керек.

Мектептерде кен дамыған технологиялардың тағы да бір түрі – дамыта оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы ХХ ғасырдың 30-ші жылдарынан басталып, түрлерін біздің заманымызға дейін жетті. Қазіргі таңда технология әлі де қолдануда.

Дамыта оқыту технологиясы И.Г. Бесталаанций, А.Дистервеч, К.Д. Ушинскийдің педагогикалық қызметтерін басталып, Л.С. Выгодскийдің «оқыту дамудың алдында түрін отыру қажет» деген ғылыми теориясына сүйеніп қалыптасқан. ХХ ғасырдың 50-60-ші жылдары Л.В. Занков.

Модульдік оқыту технологиясы – 60-жылдардың соңында ағылшын тілді елдерде пайда болады. Модуль дегеніміз – іріленген дидактикалық бірлік. Модуль – латынның «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Қазір дүниежүзінде модульдеп оқытудың 4 түрлі жолы бар. 

1. Американдық модуль. 

2. Неміс модулі. 

3. Сковиннің орыс модулі. 

4. Алексюк пен Фурманның Украина модулі. 

Қазақстанда М.М.Жанпейісова әзірлеген одульдік оқыту технологиясы белсенді түрде юарық оқу орындарында қолданылуда. Оның оқыту технологиясының ұсынған нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық процестерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қармы-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы. 

Модульдік оқыту технологиясы – оқу үрдісінде модульдік жүйені пайдалана отырып, білмгерлерге ұсынылып жатқан көлемді материалдарды қысқартуға және жедел меңгертуге жол ашады, яғни;           1. Білімгерлерді шығармашылық топтарға бөлу. Олар тәуелсіз түрде оқытушы тарапынан қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін үздіксіз ізденеді. Білімгерлердің бұрынғы бар біліміне сүйене отырып, оқытушы олардың алдына тапсырыс қояды. Оған аудиторияның түгел назарын аударады. Мұның мәні – қажеттілік туғызу. 

2. Әрбір топ өз көзқарасын белсенді түрде қорғайды. Оқытудың мұндай ретте келтірілуі білімгерлердің сабаққа тәуелсіз түрде дайындалуы үшін өте қажет. Бұл кезең іскерлік ойындар, дәстүрлі емес сабақтарды өткенде білімгер белсенділігін байқау үшін өте тиімді. Нәтижесінде пікір-талас сұхбат басталады. Мұндай жағдайда оқытушы орнықты дәлелдер талап етеді және білімгерлердің талқылауын дұрыс шешімге бағыттайды. 

Модульдік оқыту технологиясы зерттеулер көрсеткендей, оқу үрдісін мұқият құра білген жағдайда білімгерлердің білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық білімгерлердің жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері заманына сй өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отыр. Ол үшін барлық мұғалімдерді даярлайтын орта кәсіптік оқу орындары төмендегідей жұмыстарды атқаруға тиісті: 

1. Болашақ мұғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу; 

2. Жаңа ақпараттық және телекоммункациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқрудың және формалры мен әдістерін пайдалана отырып, орта кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту; 

3. Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта кәсіптік білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кірістіру; 

4. Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үрдісінде білімгер шығармашылығына негізделген оқыту әдістерін пайдаланға түбегейлі көшу. 

Болашық мамандаярлауда оқыту мазмұнын, форма, құрал, әдістерді іріктеп, дидактикада кейінгі кезде көбірек назар аударылап жүрген кәсіби мақсатты көздеу принципін негізге алудың маңызы зор.