- •Курстық жұмыс
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті
- •“__________________________” Кафедрасы
- •Тапсырма
- •Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті
- •Курстық жұмысты қорғайтын пән:
- •Мазмұны информатикадан дәстүрлі емес сабақтарды өткізу әдістемесі
- •1.1 Дәстүрлі емес сабақтың түрлері
- •1 Дәтүрлі емес сабақ
- •2 Дәстүрлі емес сабақты оқыту үрдісін технологизацияландыру
- •2.1 Дәстүрлі емес сабақтардың технологиясы
- •2.2 Информатика сабағында дәстүрліеме сабақтарды өткізу сабақ жоспары
- •1. Сұрақ-жауап
- •2. Сөзжұмбақ шешу
- •3. Сергіту сәті.
- •IV.Сабақты қорытындылау.
- •V.Қорытынды.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2. Сөзжұмбақ шешу
1.Сызбалық өңдегіші қарапайым сызбалық кескіндер,суреттер жасауға арналған бағдарлама.
2.Лазерлік дискіні оқитын дискжетек
3.Қазіргі кездегі компьютерде кең тараған АЖ.
4.Мәтін ендіру кезінде меңзерді бір қатар төмен түсіру пернесі.
5.Арнайы комбинация пернесі.
6.Үлкен әріппен жазу пернесі.
7.Мәтін енгізу программасы.
8.Суреттер салу үшін қолданылатын стандартты программа.
9.Жүгіргіні сөздің соңына апаратын перне қалай аталады?
10.Жүгіргінің оң жағында тұрған символды өшіретін перне.
3. Сергіту сәті.
Файлдар кеңейтілімі мен түрлерін сәйкестендір
Еxcel Нысанға жан бітіру
программасы (.ppt)
Word Графикалық қолданба (.bmp)
PowerPoint Мәтіндік редактор (.doc)
Paint Электрондық кесте (.xls)
Сәйкестендір
Қатты аппарат
Перне сақтау
Мәліметтерді диск
Файлды блок
Ақпарат шығару
Жұмсақ
Серігі бар қасында, кілемі бар астында
Құлағы бар қалқиған, құйрығы бар жалғанған
(тінтуір)
Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(басып шығарғыш)
Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған.
(монитор)
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағазға қаламсыз.
(пернетақта)
4. Кім білгір?
Оқушының ағылшын, орысша, қазақ тілдерінде информатика пәніне қатысты терминдерді меңгеруін тексеру.
Windows ортасының жүйеге қызмет ету программасы немесе жүйелік бумасы. (Менің компьютерім – Мой компьютер – My computer)
Компьютер жады сыйымдылығын өлшеу бірлігі. (Мбайт-Мегабайт, Мбайт-Мегабайт, МВ-megabyte).
Компьютерде дыбысты, информацияны,тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. (Мультимедия – Мультимедия – Мультимедия – Multimedia).
Сандарды жазып, бейнелеу тәсілі. (Санау жүйесі – система счисления – Number system).
Программаға сәйкес операцияларды орындауға арналған компьютерлердің негізгі құрылғысы. (Процессор- Процессор – Processor).
Желіге кіру үшін, рұқсатсыз пайдалануға болмайтын файлдарды оқу үшін қолданылатын жасырын бүркеме атау. (Пароль- Пароль-Password).
Жазылған ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтай алатын қасиеті бар жұқа материалмен қапталған дөңгелек пластина түрінде жасалған мәлімет жинақтауыш құрылғы. (Диск- Диск – Disk).
Программадағы немесе құрылғыдағы ақау. (Қате – Ошибка – Error).
Компьютердің сыртқы жады ретінде пайдаланылатын алмалы-салмалы шағын табақша түрінде жасалған.(Диск- диск- disk)
Сандық шамалар мен олардың ара қатынастарын геометриялық тәсілдермен көрсете отырып шартты түрде кескіндеу.(Диаграмма- диагремма-diagram)
5.Үй тапсырма. (анатомия пәнінен «адамның ішкі ағзалары», микробиология пәнінен «микробтар мен вирустар» слайд құрастыру,қорғау)
IV.Сабақты қорытындылау.
V.Қорытынды.
Қорытынды
Жұмысымды қорытындылай келе айтарым, информатика сабағында дәстүрлі емес сабақтардың әдіс-тәсілдерін жүйелеп қолданса, оқушылардың білім сапасы жақсаратындығы сөзсіз. Оқушылар өз бетімен ойлауға, ізденуге, шығармашылық жұмыс жасауға дағдыланады. Сондықтан да математиканы оқыту барысында өз бетімен орындайтын жұмыстардың алатын орны ерекше.
Қазіргі кездегі оқытудың дәстүрлі емес түрлері «Педагогикалық технологиялар- бұл білімнің басымды мақсаттары мен біріктірілген пәндер мен әдістердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ мазмұнын, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». Қазіргі заманғы ғылыми-техиикалык үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдында мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Жаңалықты ендіруге даярлык бұл, ең алдымен, стратегиялық және технологиялық өнделген білімділік кұжаттардың болуы. Аталған жұмыстағы ең негізгі өзекті мәселесі қазіргі таңда ғылымға мықтап енген «жаңа педагогикалық технология» ұғымына әр түрлі түсініктемелер берілген. Дегенмен, барлық анықтамалардың басты ортақ негізі бар, бұл біздің ойымызша келесі, түсіндірмелерден айқан көрінеді. Педагогикалык технологияның негізі болып педагогикалык - психологиялық және әлеуметтік ғылым жетістіктері, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибеде, халықтың педагогика, отандық және шетелдік педагогиканың өткенінің барлық жақсы жинақталғаны негіз болып табылады, яғни педагогикалық технология жеке түлганың қасиеттерімен орташаланады, бірақ онымен анықталмайды. «Педагогикалық технология» деген түсінік «Окыту әдісінен» кеңірек.
Қазіргі кездегі оқытудың дәстүрлі емес түрлеріне технология оқыту мақсатына осы жүйенің меңгерілуіне - алын ала жоспарланған жүйені жүйелі іске асыруға бағытталган іс-әрекеттердің барысы және оның нәтижесіндегі көрсеткіш. Ең алдымен педагогикалық технодлгия жоспарлау, педагогикалык технологияның нақты шарттарын таңдау болып табылады. Ол тұлғаның жеке ерекшеліктеріне және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін іс- кимылды, сондай-ақ олардың дайындығының шарттарын таңдауды талап етеді. Білім беру ісіндегі жаңа педагогикалык технологияның мақсаты, бағыты, сипаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болуына, ұлттық білім беру ісін әлемдік білім беру жүйесіне кірігуіне тығыз байланысты.
Сондықтан казіргі заманғы оқушылардың ойлау белсенділігін кеңінен дамытып білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға, оларды теориялык және тэжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті, ғылым мен техиканың кең канат жайған кезеңінде ғылыми таным әдіснамасы өте зор маңызға ие. Сондықтан оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны енгізудің жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, жаңа педагогикалық технологияны енгізудің алғы шарттары мен жолдарын көрсету қажет. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың білім мең ғылым қызметкерлерінін III съезінде білім сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп мүғалімдерге де үлкен міндеттрді жүктегені мәлім. Ендеше келешекте Казақсатанның қарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі оқушы - ертеңгі азамат болғандықтан педагогикалық технология- оқыту мақсатына жетудің ең тиімді жолы болып табылады.
Оқу - тәрбие үрдісін жаңартып, білімін сапасын арттыру мұғалім құзырындағы жауапты іс. Білім алу, шеберлікке, іс - әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы- оқыту болып табылады.
Осы жоғарыда айтылған сөздің астарында қаншама керемет ой мен болашаққа жетелейтін үлен сенім мен үміт жатқаны мәлім. XXI ғасыр жан-жакты дамыған, білімді өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлес қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр. Олай болса осы жұмысымды тәмамдауда бір ауыз сөзбен аяқтағым келеді "Уақыт өтіп бара жатыр дегенге үйреніп алғанбыз, уақыт өтпейді, уақыт түр. Өтіп бара жатқан сіз бен біз. Сондықтан қоғамды дұрыс жолға салмай, болашақты дұрыс дайындамай бекер өтіп кетпейік", демекпін.
Қорыта айтқанда, жаңа педагогикалық технологиялар білімгерге білім берудің мазмұны мен формасын іргерілеушілік жағына өзгерістер ендіріп келе жатқанын толық сеніммен айтуға болады.
