- •Силлабус
- •1.7 Оқытушылар туралы жалпы мәлімет
- •1.8 Байланыс ақпараты:
- •1.9 Пәннің саясаты
- •2.Бағдарлама
- •2.2 Пәннің мақсаты:
- •2.3 Пәннің міндеттері:
- •2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері :
- •2.7 Тақырыптық жоспар
- •2.7.1 Дәріс тақырыптарының жоспары
- •2.6 Пәннің қысқаша мазмұны
- •2.7.3 Суденттердің өзіндік жұмыс (сөж) жоспары:.
- •2.8. Суденттердің өзіндік жұмыс (сөж) тапсырмалары.
- •2.9 Ұсынылатын әдебиет:
- •2.10 Оқыту әдістері
- •2.11 Білімдерді бағалауының критерийлері және ережелері:
- •Оқудағы жетістіктерді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі Білім алушыларды дәстүрлі бағалау шкаласымен қоса
- •Гистология, цитология және эмбриология кафедрасындағы рефератқа қойылатын талаптары мен сөж бағалау критерийлері
- •7) Алдын-ала алынған тақырыпқа кез-келген еңгізілген өзгеріс оқытушымен келісіледі. Рефератты бағалау критерийлері
- •2. Пән бойынша толтырылған альбомның бағалау критерийлері
2.10 Оқыту әдістері
Дәрістер: шолу және проблемді, интеграцияланған.
Практикалық сабақтар: Гистологиялық препараттарды микроскопиялау және суретін салу, электронды микросуреттерді оқу, жағдаяттық есептердің шешімін табу және тестердің сұрақтарына жауап беру, мультимедиялық базалар мәліметтерімен, компьютерлік модельдермен және бағдарларымен жұмыс жасау. Кіші топтарда жұмыс жасау: түрлі жағдайларды талдау және талқылау, ситуацияларды модельдеу.
Студенттердің өз бетінше жұмыс жасауы: Әдебиетпен жұмыс, электрондық базалар мәліметтерімен және компьютерлі оқытатын бағдарларымен жұмыс жасау; жағдаяттық есептердің шешімін табу, тест тапсырмаларының шешімін табу, рефераттардың дайындауы және қорғауы, кеңес беру.
2.11 Білімдерді бағалауының критерийлері және ережелері:
Ағымдық бақылау: Тестілеу, ауызша сұрауы, жағдаяттық есептердің шешімін табу, студенттердің гистологиялық препараттарды микроскопиялау, электрондық микросуреттерді және сызбаларды орындауындағы берілген тапсырмаларды тексеру.
Аралық бақылау: тестілеу , ауызша сұрауы, жазбаша бақылау.
Қорытынды бақылау: Емтихан 2-кезеңде өткізіледі: 1)гистологиялық препараттарды диагностикалау және жағдаяттық тапсырмалардың шешімін табу; 2) ауызша сұрауы, аралық бақылаудың нәтижелері бойынша, СӨЖ тақырыптарының сұрақтарын қосқанда.
Оқудағы жетістіктерді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі Білім алушыларды дәстүрлі бағалау шкаласымен қоса
Әріптік жүйе бойынша бағалау |
Баллдың цифрлық эквиваленті |
Пайыздық мазмұны |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
А |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
Баллы |
Ауызша сұрау. |
100 балл |
Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Жауап толық, әрі дұрыс. Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді терең меңгергендігін көрсетіп, өзінің көзқарасын жеңіл, ұғынықты жеткізе біледі. Спецификалық терминологияның негізгі терминдерін тірекке ала отырып, өз ойын сауатты, еркін жеткізе алады. Пререквизит және постреквизит материалдарының арасындағы логикалық байланысты көрсете білуге қабілетті. Практикалық машықтарды қатесіз орындайды, зерттеу нәтижелерін түсіндіріп, дәлелдеп тұжырымдай біледі. Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды; аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды; аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын. Емдеудің классикалық түрлерін жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда өзіндік көзқарасын білдіріп, емдеудің өзге де тәсілдерін ұсына алады. |
90 балл |
Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Айқын және жан-жақты жауап береді. Деректерді бағалай біледі, өздігінен ақылға салады, қорытындыны негіздеуге қабілеттілігімен ерекшеленеді және оларды логикалық бірізділікпен түсіндіреді, бірақ жалпы мінездемелерде кейбір қателер жібереді, орташа біліммен бұрынғы оқытылған пәндердің материалдарын меңгеруде өзін жоғары деңгейде көрсетті. Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді (монографиялар, мақалалар) терең меңгергендігін көрсетіп, өзінің көзқарасын жеңіл, ұғынықты жеткізе біледі. Пререквизит және постреквизит материалдарының арасындағы логикалық байланысты көрсете білуге қабілетті. Практикалық машықтарды қатесіз орындайды, зерттеу нәтижелерін түсіндіріп, дәлелдеп тұжырымдай біледі. Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын. |
85 балл |
Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Айқын және жан-жақты жауап береді, бірақ кейде теориялық қорытындыларды негіздей алмайды және логикалық негіздемелерді бере алмайды, орташа біліммен бұрынғы оқытылған пәндердің материалдарын меңгеруде жақсы деңгейді көрсетті, негізгі және қосымша материалдарды (басқа оқулық) пайдаланады. Студент сұраққа сенімсіз жауап береді. Кейде қателер жібереді және өзі түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады. Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды; аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Логикалық, клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын. |
80 балл |
Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды жақсы меңгергендігін көрсетті. Бұрынғы оқыған пәндерінің материалдарын орташа деңгейдегі біліммен жақсы меңгергендігін көрсетеді, негізгі әдебиетті және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) пайдаланады, өзінің көзқарасын жеткізе алады. Студент қателер жібереді және оқытушының жаңа сұрақтар қоюы арқылы түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады. Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын. |
75 балл |
Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды толық баяндай алмады, талқыланатын сұрақтар туралы түсінігі жоқ, пайымдауда қателер жібереді, осыған қатысты бұрынғы оқыған пәндерінің материалдарын орташа деңгейдегі білім деңгейінің жақсы екендігін көрсетті, негізгі әдебиетті және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) пайдаланады. Студент маңызы жоқ қателер жібереді және оқытушының көмегімен түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады. Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін нақты сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Тек қана оқытушының көмегімен аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті айқын. |
70 балл |
Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды толық баяндай алмады, бұрынғы оқытылған материалдарды меңгеруде орташа білім деңгейін көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті пайдаланады. Жауабы толық емес, оқытушының белсенді қатысуы арқылы түзетуге болатын маңызы жоқ қателер жібереді. Студенттің меңгерген материалдары алдағы оқуына жеткілікті, студент негізгі әдебиет бойынша білімін көрсетті. Нақты мысалдар келтіргенде білімін еркін қолдану оған қиынға соғады. Практикалық машықтарды орындаудың техникасы мен әдістерін біледі. Тақырып бойынша сұрақтарды талқылауда белсенді емес. Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін бөлшектеп сипаттап, дифференциялық диагностикаға бөлшектеп сипаттама жасайды, аурудың этиологиясы мен патогенезіне нақты емес дәлелдермен диагноз қойды, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық емес. |
|
|
60 балл |
Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды терең түсінбейді, логикалық ойларын негіздей алмайды, бұрынғы оқытылған материалдарды меңгеруде білім деңгейінің төмен екендігін көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті толық емес деңгейде пайдаланады. Жауабы толық емес, оқытушының көмегімен кейбір бөлігін ғана түзете алатын маңызды қателер жібереді, практикалық машықтарды орындаудың техникасын толық білмейді (кейбір кезеңдерді білмейді). Практикалық машықтарды қорытындылауды білмейді және тұжырымдай алмайды. Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша тексеру әдістерін толық сипаттай алмады, тексерудің қосымша әдістерін баяндай алмады. Дифференциялық диагностикаға бөлшектеп сипаттама жасайды, аурудың этиологиясы мен патогенезіне нақты емес дәлелдермен диагноз қойды. Емдеудің жоспарын тек қана оқытушымен бірге жасай алады, аурудың этиологиясы, патогенезі жөніндегі мәліметтерді толық қолдана алмады, болжаммен анықтады. Клиникалық ойлауды меңгермеген. |
50 балл |
Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды талдауда белсенділік танытпады, сондықтан бұрынғы оқыған пәндердің материалдарын нашар меңгеріп, білім деңгейінің төмен екендігін көрсетті, негізгі әдебиетті толық көлемде пайдалана алмайды. Жауабы толық емес, қателері көп, оқытушының жаңа сұрақтарынан кейін де кейбір қателерді түзете алмайды. Практикалық машықтарды орындаудың техникасын толық білмейді. Қорытынды жасай алмайды, сонымен бірге зерттеудің нәтижесін де сипаттай алмайды. Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін, қосымша тексеру әдістерін толық сипаттай алмады және дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасай алмады. Диагноз қоюды бөлшектеп сипаттады. Емдеудің жоспарын тек қана оқытушымен бірге ғана жасай алады, түрлі аурулардың этиологиясы, патогенезі туралы мәліметтерді толық қолдана алмады, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ. |
0 балл |
Студент сұраққа жауап бергенде тақырып бойынша білімінің жоқтығын көрсетті. Практикалық машықтарды білмейді. Жауап бере алмайды. |
РРБ-на әрбір себепсіз қатыспағаны үшін 1 балл шегеріледі.
Білім алушылар рейтингісінің бағасы ағымдық және аралық бақылаудың бағаларынан құралады.
Пән бойынша рейтинг келесі формуламен есептеледі:
РРБ=(АББх0,5 +РББх0,3 + СӨЖх0,2)
РРБ- рұқсат рейтингісінің бағасы. Сабаққа немесе емтиханға рұқсат рейтингінің бағасы. Бұл практикалық сабақтан, аралық бақылаудан алған және СӨЖ- ден алған балының орташа көрсеткішін есептегендегі алынған орташа бағасы.
АББ – практикалық сабақтан алған орташа баға (ағымдық бақылаудың бағасы) СӨЖ – СӨЖ- дің орташа бағасы
Рұқсат рейтингісі-студенттің қорытынды бағасы, кемінде 50 балл болуы керек.
Рұқсат рейтингісінде 50 балдан төмен болса, қорытынды баға есептелмейді.
Білім алушылардың семестрлік балы 50 не одан жоғары болса емтиханға кіруге рұқсат беріледі.
Пән бойынша қорытынды бағаға рұқсат рейтингісінің және қорытынды бақылаудың бағалары қоса есептеледі. Қорытынды бағаны есептегенде әрбір компоненттің үлесі есептеледі:
рұқсат рейтингісінің бағасы - 60%-ды құрайды, қорытынды бақылаудың бағасы - 40%-ды құрайды.
Білім алушының пән бойынша (ҚБ) академиялық рейтингісі білім алушы рұқсат рейтингісінен де, қорытынды бақылаудан да оң баға алған жағдайда ғана есептеледі. (ҚБ) есептеуде емтихан қабылдаушы келесі формулаға сүйенеді:
ҚБ = РРБ*0,6 + ҚББ*0,4
Қорытынды бақылау 2- кезеңде өткізілген жағдайда 1 және 2- кезеңдегі емтихан бағалары ведомостың тиісті графаларына жеке-жеке қойылады және ҚБ келесі формулаға сәйкес есептеледі:
ҚБ= РРБ* 0,6 +(ҚББ1 + ҚББ2)/2* 0,4
Пәндер бойынша ҚБ қорытынды бақылаудың әрбір кезеңдері бойынша тек оң баға (ҚББ≥50 бал) алған жағдайда ғана есептеледі.
Аттестация кезеңдерінің бірінде қорытынды бақылаудан (ҚБ) қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда қорытынды баға (ҚББ) есептелмейді.
