Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус гистология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
274 Кб
Скачать
☆

2. Пән бойынша толтырылған альбомның бағалау критерийлері

«0» балл гистология альбомына (оқытушының қалауына) қойылады, егерде:

1) альбомы болмаса;

2) альбомды ұқыпсыз ұстаса;

3) суреттердің 20%-ы болмаса;

4) суреттердің сапасы төмен, атаулары және белгілеулері жоқ болса.

«50-74» балл гистология альбомына қойылады, егерде:

1) альбом ұқыпсыз ұсталса;

2) суреттердің 10%-ы болмаса;

3) суреттердің сапасы төмен, атаулары және белгілеулері дұрыс емес және толық болмаса;

4) барлық суреттерге оқытушының қол таңбасы қойылған.

«75-89» балл гистология альбомына қойылады, егерде:

1) суреттердің бірлі-жарымы болмаса;

2) суреттері сауатты салынған, атаулары және белгілеулері болса;

3) барлық суреттерге оқытушының қол таңбасы қойылған.

«90-100» балл гистология альбомына қойылады, егерде:

1) салынған суреттердің жиынтығы толық, атаулары және белгілеулері максимальді нақтыланған;

2) барлық суреттерге оқытушының қол таңбасы қойылған.