Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AiG_2_uroven_kaz-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81 Кб
Скачать
☆

17 Жасар қыздың етеккірі 14 жасында келген, тұрақты, аздаған, ауру сезімінсіз. 16 жасында аппендектомия жасалған, осыдан кейін етеккірі ауру сезімімен және ұзағырақ болған.

Осы жағдайдың МЕЙЛІНШЕ болуы мүмкін себебін көрсетіңіз:

*Инфантилизм

*Эндометриоз

*Туыт жарақаты

*Кіші жмбастағы жабысқақ үрдісі

*Жыныс мүшелерінің даму ақауы

#92

Науқас 30 жаста. Күніне 10 шылым шегеді. Жүктілік мерзімі 29 апта 5 күн.

Ұрықта қандай патологиялық жағдай МЕЙЛІНШЕ болуы мүмкін?

*Құрсақішілік даму кезінде қарыншаішілік қан құйылу

*Құрсақішілік дамудың ассиметриялық тип бойынша артта қалуы

*Құрсақішілік дамудың симетриялық тип бойынша артта қалуы

*Кеуде қуысы мүшелерінің даму ақауы

*Нерв түтігінің даму ақауы

#93

Жүкті әйел 30 жаста. Жүктілік мерзімінің 28 аптасы. 1 сағат бұрын ішінің төменгі жағында толғақтәрізді ауру сезімі пада болған. Толғақтары ретсіз 20 минут сайын, 20-25 секундтан, күшә әлсіз. Жедел жәрдем бригадасы келген.

Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс: «Жүктіліктің 28 аптасы. …:?

*Жалған толғақ

*Босану ізашары

*Әдетті жүктіліктің үзілуі

*Уақытына жетпей босану қаупі

*Уақытына жетпей босану. Босанудың бірінші кезеңі.

#94

25 жасар босанушы босанудан кейінгі кезеңнің IV күні уыз сүттің келуімен алмасқан.

Сүт өндірілуіне қандай себеп МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

*Сүт жолдарындағы миоэпителиальды клеткалардың тарылуы

*Пролактин секретциясының ұлғаюы

*Эстроген құрамының ұлғаюы

*Эстроген құрамының төмендеуі

*Пролактин секрециясының төмендеуі

#95

32 жасар әйел, әйелдер кеңесінде: Жүктіліктің 34 аптасы3 күн диагнозымен есепте тұрады. 1 апта бұрын пайда болған бас ауруына, физикалық жүктемеден кейін болған ентігуге, шағымданады. АҚҚ 150/90 мм с.б, пульсі 90 рет/мин. Жүрек үндері кереңделген, ырғағы дұрыс. Ісіктері жоқ. Жатыры жүктілікке сәйкес келеді. Ұрықтың жүрек қағысы анықғ ырғақты, 134 рет/мин. Жалпы зәр анализінде: протеинурия 0,099 г/л., тұнба микроскопиясы – ерекшеліксіз. МЕЙЛІНШЕ болуы мүмкін диагноз: «Жүктілік 34 аптасы 3 күн. …»?

*Жүктілікпен шақырылған гипертензия, аздаған протеинуриямен

*Бұрын болған гипертензия, жүктілікпен асқынған

*Ауыр преэклампсия, жүктілік гепатозымен асқынған

*Преэклампсия (гестационды гипертензия протеинуриямен)

*Ауыр преэклампсия

#96

19 жасар қыз етеккірінің болмауына шағымданады. Анамнезінде: ешқашан ауырмаған. Тұқым қуалаушылықты терістейді. Өсуі мен дамуы қалыпты. Бойы 164 см, салмағы 52 кг. Екіншілік жыныстық жетілуі әйелдік типте, гипопластикалық. Тұрмыс құрмаған, жыныстық қатынаста болмаған. Кариотип анықталған – патологиясыз. Кіші жамбас қуысының УДЗ: Жатыр өлшемдері кішірейген, жұмыртқаларында бірен-саран майда фолликулалар анықталады. Гинеколог МЕЙЛІНШЕ қандай зерттеуді тағайындайды:

*Гистероскопияны

*Электрокардиограмманы

*Гистеросальпингографияны

*Бас сүйегі мен түрік ершігінің рентгенографиясын

*Биохимиялық қан анализін

#97

17 жасар қыз бала, әйелдер кеңесіне 1 аптадан етеккірінің болмауына шағымданып келді. Анамнезінде: етеккірі 17 жасынан, тұрақты, әрбір 28 күн сайын, 5 күннен, аздаған, ауру сезімінсіз. Жыныстық өмірі 16 жасынан, жүктіліктен сақтанбайды. Айнамен қарағанда: қынап пен жатыр мойны қалыпты түсті. PV: жатыры қалыптыдан аздап үлкен, мойнақ аймағы жұмсарған, ауру сезімінсіз. Қосалқылары ерекшеліксіз.

Жатырдан тыс жүктілікті дәл анықтау үшін қандай қосымша зерттеуді МЕЙЛІНШЕ жүргізу қажет?

*Кіші жамбас МРТ

*ХГЧ анықтау

*Жүктілікке тест жасау

*Кіші жамбас қуысының УДЗ

*Динамикада ХГЧ анықтау

#98

24 жасар әйел. Ішінің төменгі жағындағы жағымсыз сезім, кейде сыздайтын ауру сезімі, жиі зәр шығару. Аталған симптомдар 5 ай бұрын пайда болған. Қарап тексерген соң гинеколог болжам диагнозын қойды: «Жатыр миомасы? Аналық безі ісігі (фиброма)?».

Диагнозды анықтауда қандай зерттеу әдісі МЕЙЛІНШЕ орынды?

*Қынапты қолмен тексеру

*Жатыр қуысын зондтау

*Гистероскопия

*Лапароскопия

*УДЗ

#99

34 жастағы әйел. 5 жылдан бері жүкті бола алмай жүргеніне шағымданып келді. Анамнезінде: 24 жасынан жыныстық қатынаста өмір сүреді. 2 рет жүкті болған: 26 жасында босану, 29 жасында медициналық аборт. Асқыну болмаған. 5 жылдан бері екінші рет тұрмыста. Күйеуі сау, балалары бар.

Осы жағдайда аурудың генезін анықтау үшін қандай зерттеу әдісі МЕЙЛІНШЕ орынды:

*Лапароскопия

*Бас сүйегінің рентгенографиясы

*Гистеросальпингография

*Әйел жыныс гормондарының деңгейін анықтау

*Қалқанша безінің қызметін зерттеу

#100

Жүкті әйел әйелдер кеңесінде жүктілік бойынша есепте тұрады. Бактерурия анықталып, екіншілік флораға несеп егілген. «Симптомсыз бактериурия» диагнозы қойылған.

Осы жағдайда жүкті әйелде Ампициллинмен антибиотикотерапияның МЕЙЛІНШЕ ұзақтығын көрсетіңіз(Пр. МЗ РК №239 от 07.04.2010)?

*4-күндік курс 2,0мг\тәу

*7-күндік курс 2,0мг\тәу

*Бірреттік доза 2,0 мг\тәу

*3-күндік курс 2,0мг\тәу

*5-күндік курс 2,0мг\тәу

#101

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]