- •Соқырішектің құрт тәрізді өсіндісі ауруларының емдеу әдістерінің стандарттары.
- •7. Өңеш ауруларының емдеу әдістерінің стандарттары.
- •Бас миының жарақаттары кезіндегі емдеу әдістерінің стандарттары.
- •Гинекологиялық аурулардың диагностика және емдеу әдістерінің стандарттары.
- •Жедел аппендициттің диагностика және емдеу әдістерінің стандарттары.
- •Жүре пайда болған жүрек кемістігі (жжк) бар науқастардың диагностика және емдеу стандарттары
- •Созылмалы өт тас ауруының диагностика және емдеу әдістерінің стандарттары.
- •Лабораторлық зерттеулер
- •Емдеу тактикасы
7. Өңеш ауруларының емдеу әдістерінің стандарттары.
Бас миының жарақаттары кезіндегі емдеу әдістерінің стандарттары.
Медициналық көмекті көрсетудің тактикасы
Жарақаттанушының емдеу тактикасын таңдау – бас миының зақымдану сипатына қарай, қосылу сүйектері жəне бас сүйек негізінің сипатына қарай анықтайды жəне туылған асқынуларға қарайды.
БМЖ-мен жарақаттанғандарға ең алғаш жəрдем негізінде- артериалдық гипотензияға, гиповентиляцияға, гипоксияға, гиперкапнияға жол бермеу өйткені ол асқынулар мидың ауыр ишимиялық зақымдануына алып келеді жəне өлімге қауіптілігі жоғары. Осыған байланысты жарақаттан кейін бірінші минут жəне сағат емдеу шаралары « АВС» ережелеріне сəйкес орындалу қажет.
А - тыныс жолдарына өтімділігін жақсарту.
В - қалыпты тынысты қалыптастыру тыныс жолдарындағы абстракцияны алып тастау, пневмогемоторакс ИВЛ кезінде (көрсеткіш бойынша)плевра қуысына дренаж жасау.
С - жүрек қан тамыр жүйесінің жұмысына қарау: тез АҚК қалыптастыру (криссталойд жəне каллойд ерітіндісін құю) миокард жетіспеүшілігі кезінде бөтен препараттарды енгізу (допамин, добутамин) немесе вазопрессорларды (адреналин, норадреналин, мезатон) айналымдағы қанның массасын қалпына келтірмей вазопрессорларды енгізу қауіпті.
ӨЖЖ жургізуге жəне кеңірдек интубациясының көрсеткіштеріне апноэ, гипопноэ, тері жəне шырышты қабаттардың цианозы жатады. Мұрын арқылы интубация көптеген белгілері бар, өйткені БМЖ мойын-арқа жарақатының болуы мүмкін. Сондықтанда барлық жарақаттанушыларға госпитализацияға дейін жарақаттың сипатын білмейінше омыртқаның мойын бөлігін арнайы мойын жағаларын қолданып бекітеміз. БМЖ мен жарақаттанушылардың оттегі бойынша артериовеноздық айырмашылығын қалпына келтіру үшін 30-35% оттегіден құралған оттегі – ауалы қоспаларды қолданады.
Ауыр БМЖ емдеудің міндетті компоненті болып гиповолемияны жою, осы мақсатпен 30 – 35 мл/ кг сұйықтықты тəүлігіне енгізеді.
Жедел окклюзионды синдромы бар науқастарға енгізбейді, себебі ЦСЖ өнімдері су балансына тəуелді сондықтан оларда дегидротация болады. Ол ВЧД төмендетуге мүмкіндік береді. Бассүйек ішілік гипертензияның алдын алу үшін, ауруханаға дейінгі сатыда глюкокортикойдты гормондар жəне салуретиктер қолданады. Глюкокортикоидты гормондар бас ішілік гипертензияның түзілүін ескертеді, өйткені ми тініне сұйықтықтың трансудациясының төмендеуі жəне гематоэнцефальдық тосқауылдың өткізгіштігінің бірқалыптылығына байланысты. Олар жарақат аймағындағы перифокальдық ісінудің түсуіне көмектеседі.
Ауруханаға дейін көмекте венаға немесе бұлшықетке 30 мг преднизолон енгіземіз. Бірақт преднизолонның минералкортикойдтық əсерінің болуы ағзадағы натрийді ұстап, калий элиминациясын жоғарылатады, осының салдарынан БМЖ мен науқастың жалпы жағдайы жақсармауы мүмкін.
Сондықтан минералокортикойдтық құрылымы жоқ 4-8 мг дозада дексаметазон қолданған жөн. Қан айналым бұзылысының болмауында глюкокортикойдтардың гормондармен қатар мидың дегидратациясы үшін тез əсер ететін салуретиктер, мысалы 20-40 мг (2-4 мл 1% ерітіндісін) лазиксті тағайындаймыз.
Жоғарғы дəрежелі бассүйек ішілік гипертензияда ганглиоблокаторлар қолдануға болмайды, өйткені жүйелі қан қысымының төмендеуінде милық қанайналымның толық блокадасы түзілүі мүмкін, ол ми капиллярларының ісінген милық тінмен қысылуынан болады.
Бас сүйек ішілік қысымды төмендету үшін – осмотикалық белсенді заттарды (манит) қолдану керек емес немесе геметоэнцефальдық тосқауылдың зақымдануында ми затының арасында жəне қантамырының арасында градиент құру болмайды жəне бассүйек ішілік қан қысымының тез екіншілік көтерілуіне байланысты науқастың жағдайы төмендейді.
Мынадан басқа – тыныс алудың жəне қан айналымның ауыр бұзылыстарымен жүретін, бас миының дислокациясына қауіп төнеді. Осы жағдайда 0,5 г/кг дене салмағына 20% ерітінді венаға манит (манитол) енгіземіз.
Ауруханаға дейінгі сатыда жедел жəрдем жүргізудің тəртібі
Бас миының шайқалуы кезінде – жедел жəрдем қажет етпейді.
Психомоторлық қозу кезінде:
- 2-4 мл 0,5% седуксен (репаниум, сибазон) ерітіндісін венаға;
- Стационарға тасымалдау (неврологиялық бөлімге).
Бас миының соғылуы немесе қысылуы кезінде:
1. Көктамырға жол дайындау.
2. Терминальдық жағдай туса жүрек реанимациясын жүргізу.
3. Қанайналымның декомпенсациясы кезінде:
- реополиглюкин, кристаллойдтық ерітінділер көктамырға тамшылатып;
- қажет жағдайда – допамин 200 мг 400 мл изотониялық натрий хлор ерітіндісін немесе барлық басқа кристаллойдтық ерітіндіні көктамырға, жылдамдықпен, АҚ 120-140 мм.с.б болғанда.
4. Есі жоқ болған жағдайда:
- ауыз қуысын қарау жəне механикалық тазалау;
- селлик қалпын қолдану;
- тура ларингоскопияны жасау;
Мойын бөлігінде омыртқаны жазбау!
- омыртқаның мойын бөлігінің қалпына келуі ( қолмен жеңіл созу);
- кеңірдек интубациясы (миорелаксантсыз), ӨЖЖ жүргізу – жургізбеуіне байланысты емес, миорелаксанттар (сукцинил холин хлорид – дицилин, листетон 1-2 мг/кг иньекцияны тек қана реанимация – хирургиялық дəрігерлер бригадасы жасайды). Өзіндік тыныс алу дұрыс болмағанда, өкпенің жалған вентиляциясы көрсетілген, сəл гипервентиляция режимінде (75-80 кг) салмақты науқасқа 12-14 л/мин.
5. Психомоторлық қозу жағдайында, тырысу жəне премедикация ретінде:
- 0,5-1,0 мг 0,1% атропин ерітіндісін тері астына.
- көктамырға пропофон 1-2 мг/кг немесе тиопентал натрий 3-5 мг/кг немесе 15-20 мг 20% натрий оксибутират ерітіндісі немесе дормикум 0,1-0,2 мг/кг.
- тасымалдау кезінде тыныс алу тінін қадағалап тұру қажет.
6. Бассүйек ішілік гипертензиондық синдром кезінде:
- 2-4 мг 1%фурасемид ерітіндісі (лазикс) көктамырға декомпенсирлік қан жоғалтуда жарақатты еске ала отырып лазиксті енгізуге болмайды;
- өкпенің жалған гипервентиляциясы.
7. Ауру синдромы кезінде: бұлшық етке (көктамырға басу) 30 мг 1,0 кеторолок жəне 2 мг 1-2% димедрол ерітіндісі жəне 2-4 мг (200-400 мг) 0,5% трамал ерітіндісі немесе өз дозасына сəйкес наркотикалық емес анальгетик. Опиаттарды енгізбеу!
8. Бастың жарасында жəне сыртқы қан кетулерде:
- жараның қырларын антисептикпен тазалау.
9. Стационарға тасымалдау, нейрохирургиялық қызметі бар жерге, ауыр жағдайда – реанимациялық бөлімге жатқызу қажет
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Допамин 4/ 5мг- нан ампула түрінде.
2. Инфузия үшін Добутамин ерітіндісі 5мг/мл.
3. Дексаметазон 4 мг/мл ампула.
4. Преднизалон 25мг 1мл ампула.
5. Диазипам 10 мг/2мл ампула.
6. Декстран 70-400 мг флакон.
7. Натрия оксибат 20% 5мг ампула.
8. Магния сульфаты 25% 5,0 ампула.
9. Маннитол 15% 200мг флакон.
10. Фуросемид 1% 2,0 ампула.
11. Мезатон 1% - 1,0 ампула.
Қосымша дəрі-дəрмектік ем:
1. Сульфат атропині 0,1% - 1,0 ампула.
2. Бетаметазон 1мг ампула.
3. Эпинефрин 0,18% - 1мг ампула.
4. Дестран 400,0 флакон.
5. Дифенгидрамин 1% -1,0 ампуампула.
6. Кеторолак 30мг – 1,0 ампула. * – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
Күрделі:
