- •Соқырішектің құрт тәрізді өсіндісі ауруларының емдеу әдістерінің стандарттары.
- •7. Өңеш ауруларының емдеу әдістерінің стандарттары.
- •Бас миының жарақаттары кезіндегі емдеу әдістерінің стандарттары.
- •Гинекологиялық аурулардың диагностика және емдеу әдістерінің стандарттары.
- •Жедел аппендициттің диагностика және емдеу әдістерінің стандарттары.
- •Жүре пайда болған жүрек кемістігі (жжк) бар науқастардың диагностика және емдеу стандарттары
- •Созылмалы өт тас ауруының диагностика және емдеу әдістерінің стандарттары.
- •Лабораторлық зерттеулер
- •Емдеу тактикасы
Жүре пайда болған жүрек кемістігі (жжк) бар науқастардың диагностика және емдеу стандарттары
Созылмалы өт тас ауруының диагностика және емдеу әдістерінің стандарттары.
Анықтамасы Созылмалы холецистит - өт қабының алты айдан астам ұзақтықта созылатын полиэтиологиялық қабынбалы ауруы, өт шығару жолдарының моторлы тондық бұзылуларымен жəне өттің физикалық химиялық қасиеттерінің өзгерістерімен қоса жүретін, өт қабында тастың пайда болуымен, билиарлы жүйенің моторлы тондық бұзылуларымен бірге жүруі мүмкін. Қабынбалық процесс таспен, қап аномалиясының дамуымен, соңғысының дискинезиясымен жүреді. Холангиттің дамуымен жəне холангиогепатиттің дамуымен бауырдың өзі зақымдалуымен, өт жолдары бойынша инфекция кіруі мүмкін.
Өт тас ауруы - сипмтомкешені, тас түзілуімен ғана емес, типтік өттік шаншулармен қоса.
Хаттама коды: Р-Т-019 "Созылмалы холецистит" Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
K80 Өт тас ауруы (холелитиаз)
K81 Холецистит
K82 Өт қабының басқа аурулары
K83 Өт шығару жолдарының басқа аурулары
К83.4 Одди сфинктерінің спазмы
K87 Басқа бөлімдерде жіктелген аурулар кезінде өт қабының, өт шығару жолдары мен ұйқы безінің зақымдануы
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез: абдоминалды ауыру сезімдік синдром (диеталық жүктемемен байланысты оң жақ қабырға асты, оң бұғанаға, иық буынына, жауырынға берілумен, диспепсиялық синдром (лоқсу, құсу, ащы кекіру), субфебрильді дене қызуы (сирек).
Физикалық тексеру: кейбір науқастарда нұрлы қабат жəне терінің сарғаюы байқалады. Науқастардың басым көпшілігінде артық дене салмағы анықталады.
Пальпация кезінде өт қабының орналасу айналасында ауырсыну байқалады – іштің оң түзу бұлшықетінің сыртқы шеті оң қабырғалық доғамен қиылысады (Кер симптомы), терең тыныс алу жəне құрсақтың ішке тартылуында өт қабының зонасында ауырсынулар (Мерфи симптомы).
Инструменталдық зерттеулер: УДЗ, КТ (конкременттердің болуы, өт қабы көлемдерінің үлкеюі немесе кішіреюі, қабырғаларының қалыңдауы), рентгенологиялық (пероралды немесе көктамырішілік холецистографияны орындайды).
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (6 параметр).
2. Глюкозаны анықтау.
3. Сілтілік фосфатазаны анықтау.
4. Билирубин мен фракцияларды анықтау.
5. Холестеринді анықтау.
6. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.
7. Эзофагогастродуоденоскопия.
8. Зəрдің жалпы анализі.
9. Капрологияға нəжісті зерттеу.
10. АЛТ анықтау.
11. АСТ анықтау.
12. С-реактивті ақуызды анықтау.
13. Жалпы ақуызды анықтау.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қан диастазасын анықтау.
2. Қандағы ақуыз фракцияларын анықтау.
3. Дуоденалдық заттарды зерттеу (зондтаусыз).
4. Биологиялық сұйықтықтарды колонияларды алып себу.
5. Көктамырішілік холангиохолецистография (көрсетімдер бойынша).
6. Пероралдық холецистография (көрсетім бойынша).
7. Мақсатты пункциондық бауыр биопсиясы (көрсетімдер бойынша).
8. Эндоскоптық ретроградтық панкреатохолангиография (көрсетімдер бойынша).
9. Бауырдың, өт қабының компьютерлік томографиясы (көрсетімдер бойынша).
