Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Marxovich_LKSS.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220 Кб
Скачать
☆

38.Байланыстырушы шойын қорғаныш муфтасы

Ш о й ы н б а й л а н ы с т ы р у ш ы және ү ш т і к м у ф т а л а р. Жерасты брондалған байланыс желілерінің, автоматика және телемеханика желі кабельдерінде орнатылатын қорғасын байланыстырушы муфталарды механикалық зақымдалудан қорғау үшін шойын байланыстуршы муфталарды пайдаланады.

Шойын муфта (10.4 сурет) корпустың 1 төменгі және 3 жоғарғы бөлігінен, кабельдің ұшын муфтаның мойнына бекіту үшін арналған 2 екі қаптамадан, және муфтаның қуысы монтаж аяқталғаннан кейін кабельдік масса толтырылатын 4 қақпақтан тұрады. Муфтаның жеке бөліктерін бір бірімен болттармен байланыстырады. Шойын байланыстырушы муфталарды бір бірінен өлшемдері бойынша ерекшеленетін алты түрде жасайды; муфтаның түрін қорғалатын қорғасын муфтаның өлшеміне және жалғанатын кабельдердің диаметріне тәуелді таңдалынады. Шойын байланыстырушы муфталарды МЧ немесе С әріптерімен белгілейді, әріптерден кейінгі сандар муфтаның d мойнының диаметрін білдіреді, мысалы 25, 35, 50, 55, 65, 75 немесе 85 мм. МЧ-50 муфтаның түрі: мойнының ішкі диаметрі 50 мм тең шойын муфта дегенді білдіреді.

39.Газ және су өткізбейтін муфталарды қолдану

Г а з ө т к і з б е й т і н, с у ө т к і з б е й т і н ж ә н е о қ ш а у л а ғ ы ш м у ф т а л а р. Орнатылған байланыс кабельдеріне ауа қысымы артық әсер еткенде шеткі кабельдік құрылғылардан және шеткі станциялардан, сонымен қатар магистралдық кабельден аралық пункттерге тармақталатын кабельдердің шеткі құрылғыларынан газдың шығып кетуінің алдын алу керек. Бұл тапсырма газ өткізбейтін муфталардың көмегі арқылы жүзеге асырылады.

ГМС типті газ өткізбейтін муфта қимасы 10.6, а суретте көрсетілген қорғасын цилиндрден, және екі қорғасын конустан тұрады, яғни сыртқы түрі бойынша бұл муфта екі көлденең қималы байланыстырушы муфтаға ұқсас (10, г суретке қараңыз). Муфтаны монтаждағанда конустың кең жағын цилиндрмен, ал кіші жағын – кабельдің металл қабықшасымен дәнекерлейді, яғни герметикаланған муфта пайда болады. Қорғасын цилиндрде екі бағыттаушы пластмассадан жасалған саңылауы бар 1 диск орнатылған. Осы саңылаулар арқылы жалаң мыс 2 сымдар өткізіледі, олардың саны муфта орнатылатын кабельдің сымдарының саны арқылы анықталады. Дисктердің арасындағы цилиндрдің қуысы эпоксидті компаундпен толтырылған, нәтижесінде қажетті герметика жасалынады. Компаунд толтырмамен (ұнтақталған кварц немесе коалин) араластырылған эпоксидті шайырдан және қатырғыштан тұрады.

Газ өткізбейтін муфтамен бірге суасты және жерасты кабельдердің жапсарласқан жерінде орнатылатын су өткізбейтін муфталар да қолданылады.

Су өткізбейтін муфта ретінде газ өткізбейтін муфталар немесе құрылысы соған ұқсас муфталар қолданылады.

40.Жалаң қорғасындалған кәбілдің ұшын өңдеу

ТГ және ТЗГ маркалы қорғасындалған жалаң кабелдердің ұшын өңдеу келесі түрде жүргізіледі. Кабельдердің ұшын пышақпен олар бір-бірін орнатылатын қорғасын муфтаның ұзындығына тең немесе одан үлкен ұзындыққа жауып тұратындай кеседі және қорғасын қабықшасында орнатылатын муфтаның орнын көрсетіп белгі (12, а сурет) жасайды. Егер кабельдің ұшын дәнекерлеген кезде қимасыз цилиндр қорғасын муфта қолданылса, онда оны конуспен алдына қаратып кабельдердің біреуінің ұшына кигізеді және уақытша кабель бойымен ары қарай өңдеуге бөгет жасамау үшін оны бір шетке жылжытады; көлденең қималы муфтаны қолданған кезде оның бір жарты бөлігін екіншісіне, ал екінші бөлігін кабельдің екінші ұшына кигізеді. Кабельдердегі белгіден 30-40 мм қашықтықта кабельдің қабықшасын дөңгелек кеседі және олардан кабельдің ұшына 6-8 мм қашықтықта екі бойлық тілік (12, б сурет) жасайды. Бұл тіліктерді кабельдің қорғасын қабықшасының астында орналастырлған оқшаулағышты зақымдап алмай абайлап кесу керек. Кескенен кейін пайда болған қорғасынның жіңішке жолағын тістеуікпен қысып (12, в сурет) жұлып алады. Осыдан кейін қорғасын қабықшаның қалған бөлігін (12, г сурет) майыстырады және солай алып тастайды.

Тіліктің алдындағы қорғасын қабықшаны сыртқа қарай кішкене майыстырады және қылауларын алып тастайды және жалаң кабельдік құрылымға парафинде қайнатылған миткальді таспадан жасалған қамытпен (12, д сурет) оның бір бөлігі қорғасын қабықшаның астында болатындай орайды, бұлау орау кабельдік шиыршықтың оқшаулағышын қорғасын қабықшаның үшкір шетінен зақымдалудың және таспалы оқшаулаудың кабельдік жұпқа қарай майыстырғанда үзілуінің алдын алады. Одан кейін кабельдік шиыршықтан таспалы оқшаулаудың қағаз таспаларын оларды шшығыршыққа орайды және кабельге байлайды (12, е сурет).

ТГ және ТБ маркалы жергілікті байланыс ауа-қағаз оқшаулағышпен оқшауланған кабельдерінде таспалы оқшаулаудан босатылған кабельдік шиыршықты МКП-1 кабельдік массамен күйдіреді. Ол үшін кабельдердің ұшын ыдысқа орналастырады және 120-130°С дейін қыздырылған кабельдік массаны кабельдік желіден көпіршік және ауа көбігі шығуы тоқтағанша құяды. Кордель-қағаз және пластмассамен оқшауланған кабельдерді күйдірмейді.

12 сурет. Жалаң қорғасындалған кабельдің ұшын өңдеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]