Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Сексеуіл – қасиетті ағаш. Ілгеріде ата – бабаларымыз сексеуілдің бірер бұтағын немесе томарын үйдің үстіне шығарып қоятын еді. Үлкендердің сөзіне қарағанда бұл ырым «Жамандықтан сақтайды, найзағай ұрмайды» деген сенімдікті беретін көрінеді.
Бір қызығы сексеуілдің жасын анықтауға да халық даналығы себеп болыпты В.Леонтьев өз саяхатында бір ауылда қаралы жиынға тап болады. Саяхатшы өлген адамның жасының қаншада екендігін сұрағанда бір ақсақал «бар болғаны сексеуілдің жасында қайтыс болды»- деп жауап береді. Сексеуілді 400 жыл жасайды деп түсінетін саяхатшы бұған таң –тамаша болып анықтап сұрағанда, марқұмның жасы қырық бесте екен. Осы сөз себеп болған ғалым сексеуілдің жылдық шеңберін мұхият зерттеуге кіріседі. Сөйтсе осы уақытқа дейін жұрттың шатастырып жүрген сексеуіл сабағы басқа ағаштар сияқты жылына бір рет ғана шеңбер емес сегізге дейін жалған шеңбер жасайды екен. Егер төрт жүзді сегізге бөлсек сексеуіл жасы орташа 40-50 жыл болады. Сексеуілдерде өте ұсақ қабыршақ тәрізді жапырақ болғанымен ол тіршілік етпейді. Сонда жапырақсыз өсімдік қалай тіршілік етеді? Құпия мынада –мыңдаған жылдар бойы ыстық жерде өсуіне байланысты кәдімгі жасыл жапырақтың қызметін бір жас бұтақ атқарады. Осы арқылы көптеген гүлді өсімдіктердің жапырағын түсіріп суыққа бейімделгені сияқты сексеуіл де күннің ыстығында жапырақсыз өсуге бейімделіп алған. Сексеуілдің жапырақ қызметін атқаратын жас бұтақтары жапырақтары сияқты жылда түсіп қалады. Сексеуіл басқа өсімдіктердей жылда гүлдейді. Ұсақ реңсіз гүлдері бір жылдық бұтаққа сағақсыз орналасады. Үш төрт жылдық сексеуілдер гүлдей бастайды, ал 6-12жасқа келген сексеуілден 5 келіге дейін жинауға болады. Бір гектар сексеуіл тоғайы 150-200 келіге дейін тұқым береді.Сексеуіл тұқымы күздің аяғында пісіп жерге шашылады да, қантардың жылылығында өне бастайды. Сексеуіл сырын жақсы білетін орманшылар күздің аяғында тұқым жинауға кіріседі де, қаңтардың басында себеді. Себілген сексеуіл тұқымы тез өседі. Бұлай шұғыл қимыл жасамағанда жағдайда тұқым өнімділігінен айырылып қалады.Сексеуіл құмды шөлдің қорғаны болады, ол құмды бекітіп ұстап тұрады.Алайда шөл даланың көркіне айналған, елді мекендерді құм көшкінінен қорғайтын сексеуілге жанашырлық жасау, адамдар санасынан кемшілік көруде.Шөлейтті дала құм көшкінін «кісендеп» ұстайтын, ұлан-ғайыр адырлардың топырағын эрозиядан сақтайтын, атыраптарда тіршілк ететін елді мекендерді дауылдардан қорғайтын сексеуілдің қадір- қасиетін білмейтін адам аз болар. Шеткі көзге шалынбасқұладүзді құлазудан құтқаратын табиғаты айрықша ағаштың бұл түрі негізінен оңтүстік өңірінің Қызылорда облысы, Арал, Қармақшы аймақтарында өседі. Егер өсімі жақсы болса, тамыры 30 метрге дейін тереңдеуімен жерге де, елге де паналық пайдасы орасан сексеуіл қоры көп. Қызылорда облысыныңҚармақшы ауданына барып тіреледі. Шөлейтті, құмды далада табиғи өсетін қатты ағаш тұқымдасқа жататын сексеуілдің жалпы ақ, қара Зайсан деп аталатын үш түрі бар. Қармақшыда екеуі өседі. Ағы құмды төбелерде, қарасы тегіс жазықтарда өседі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
