Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сексеуіл.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆

1.2 Сексеуілдің жойылу қаупі

Биология ғылымында «энтомология» сөзі бунақдене деген мағына береді.Сондықтан сексеуілдің ең бірінші жауы Сүген қоңызы болып табылады. Оның личинкалары температура көп өзгермейтін сексеуіл тамыр мойынның айналасын бұрандалап тесіп кіріп алады да жыл сайын көбейе береді. Оның тескен «туннелъдеріне» шөл саңырауқұлағы-перия орны теуіп, ағашты жей береді. Біртіндеп сексеуілдің ара да балта да сындыра алмайтын темірдей ағашы борпылдап жұмсарады енді күшті жел соққан кезде әлі де көп жыл жасауға шамасы бар сексеуіл ағашы құлап қалады.Сексеуіл өсімдігінің маммалогиялық жауларына жер асты құм тышқандары жер астына сексеуілдің тамырын түк қалдырмай жеп қояды. Құмтышқан жерасты жұмысымен қанағаттанып қана қоймай сексеуілдің гүлі мен жемісін де жеп қояды. Жемісі жер бетінінен 2-3 метр биік орналасқанына қарамастан тышқан оған өрмелеп шығып, бұтағын бағбандарша кесіп түсіреді. Кейде бір жылдық жемісті түгелдей құртып жібереді. Құмтышқандар суы мол шырынды жас бұтақтарды да қиып түсіреді де, сусынын қандырады. Кесілген бұтақтың орнына бұрынғыдан да шырынды бұтақ өседі, тышқан оны кесіп сусындайды. Осылай көп қайталанған соң ақыры сексеуілдің күші таусылады да кеуіп қалады.Ал сексеуілдің үшінші антропогендік жауларына адамдар жатқызылады екен. Жуырда Қазақстан Республикасының Құ­қық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің отырысында кеңес төрағасы Қайрат Мәми сек­сеуілдің барлық түрлерін Қазақстанның Қы­зыл кітабына енгізуді ұсынған болатын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31-мамырдағы №441 қаулысына сәй­кес­ сексеуілді кесуге 10 жылға дейін мораторий жарияланғаны белгілі. Сондай-ақ елі­мізде сексеуіл өсіруді жылдан-жылға көбейту де қол­ға алынуда. Өткен жылы сексеуіл тұқымы 6000 гектар жерге себілген болса, биыл 6500 гектар жерге себілген. Айта ке­терлік жайт, басқа ауыл шаруашылық өнім­дерін техникаландыру мәселесі дұрыс жол­ға қойылғанымен сек­сеуіл тұқымын жинау да, себу де аса қиын. Мұның барлығы қолмен атқарылады. Жуырда сексеуіл өсірудің өзбекстандық технологиясын қолданып көр­генмен, ол да жетіл­меген технология болып­ шыққанға ұқсайды. Ал елімізде сексеуілді кесуге 10 жылға мо­раторий жарияланғанымен, толысып, өсіп жетілгендерін, яғни 25 жылдан ары қарайғы сексеуілдерді арнайы рұқсатпен кесуге болады. Қазір сексеуілдің 1 текше метрінің сатылу бағасы 1200-1800 теңге көлемінде. Ал заңсыз кесілген сексеуілдің 1 текше метрі үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл 6490 теңге болады екен. Яғни сатылу бағасынан 5 есе көп.Бірақ құқық қорғау органдары табиғатты қорғау мәселесін дұрыс көтеріп жатқанымен оны заңға сүйеніп те, заңсыз да  кесу тоқталар емес. Мысалы, өткен жылы Біріккен Араб Әмірліктерінен дуадақ аулауға келген араб шейхтарына сексеуілден 315 текше метр отын дайындап берілген болса, биыл оларға деп 400 текше метр сексеуіл ағаштары кесіліп отыр. Яғни отын дайындау өткен жылғыға қарағанда 85 текше метрге артқан. Биылғы жылы отынды шейхтарға Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік меке­месі дайындап беріп отырған көрінеді.

Бұған қарап елімізде сексеуіл өсіруді арт­тыру шетелдік қонақтардың көңілінен шығу үшін қолға алынып жатқан жоқ па екен деп те ойлап қаласыз. Оңтүстіктің аязы қысып тұрған шақта қызуы қатты отын – сексеуілге ауыл тұрғындары жаудай тиюде. Арнайы қозғалатын аймақтағы отын атаулыны жүк көліктерімен де,арба мен де тасып түгесуге кіріскендей. Тіпті оған осы аймақты қорғауы тиіс қызметкерлердің өзі де бел шешіп, білек сыбанып кірісіп кетіпті. Табиғатқа қорған болуы тиістілердің өздері сексеуілдің жойылу қаупі алдында тұрғанын ойламайды. Сексеуіл тұқымын қорғап қалу мәселесіне байланысты РеспубликаҮкіметінің 2002 жылғы «Қазақстан Республикасындағы алқаптарда сексеуілді қорғау шаралары туралы»қаулысы қабылданғанға дейін сексеуіл кесудің белгілі бір мөлшерде лимиті болған. Сол лимит бойынша сол жылға дейін 1630текше метр жердің сексеуілдері кесіп алынды. Өкініштісі сол кесуге тыйым салынған қаулыдан кейін, сол жылдың өзінен-ақ облыс көлемінде сексеуілдің санитарлық кесу көлемі 8701 текше метрге өсіп кетті. Негізінен санитарлық кесуге ауырған және отыз жалдын асып шіри бастағандары қорғау басқармасы тарапынан сарапшылар тобы құрылып, сексеуілді алқаптарды аралап, кесу лимитін нақты анықтауы қажет.Сексеуілдің ұлғаюы, экологиялық жағдайды жақсартуға, құм көшкінін тоқтатуға, мал жайылымын жақсартуға,микроклиматты оңалтуға, адамға, жан-жануарға пайдалы. Сондықтан сексеуілді «Қызыл кітапқа» енгізу жөніндегі ұсынысты толық мақұлдауға болады. Орман шарушылығын жүйелі түрде, ғылыми негізде жүргізу үшін жоғарыда айтылғанжайттар толық ескеріліп, жүйелі түрде арнайы мамандардың бақылауымен санитарлық кесу жүргізіп отыру қажет. Бұл орманды таза сақтау үшін арнайы жүргізіп отырмаса болмайтын шара. Әрі халық қажетті отынмен қамтамасыз етіледі. Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы табиғи өсіп тұрған өсімдіктер мен бұталар, сонымен қатар адам қолымен егілген сексеуіл және басқа өсімдіктер толық «Қызыл кітапқа» енгізілуі тиіс. Себебі ондағы әрбір өсіп тұрған өсімдік экологияны жақсартуға жұмыс істеп тұр. Сексеуілді отап, құртып жоюдан арыға аса алмайтын пенделер арамызда аз емес көрінеді. Нақты кезеңде Қармақшы ауданында 546000 гектар аймақта тоғайлы сексеуілді алқап бар. Әрине бұның өзі аз көрінеді. Жаппай жаңа шаруашылықтар ашыла бастаған 1964 жылдан бастап 2001 жыл аралығында осы өңірдің өзінде 11 мың гектар жердің сексеуілі құртылған деген қорытынды келтірілген: құртылуының себебі сол кезеңдерде құрылыстар салу мал қораларымен қыстауларды орналастыру кезінде табиғатпен санасқан ешкім болмағаны көрініп тұр. Бүгінгі таңға дейін сексеуілдің орны үңірейіп тұрса да, сексеуілді ұрлап сататын қарақшылар азаймаса күннен – күнге көбею үстінде Сексеуіл тұқымнан өніп биіктей бастасымен оның көлеңкесіне күннен қашқан қияқтар мен астық тұқымдастары қоныстана бастайды. Олардан қорғаланған сексеуіл жерден сорып алған тұздардың артығын денесінен шығарып, жерге шашады. Жылдан жылға жиналған тұз қалыңдап, топырақ беті тұздан тұратын қалыңдығы саусақтың қалыңдығындай қабыршаққа айналады. Бұл кезде күннен қашқан астық тұқымдастар мен қияқтар сексеуіл түбінен қолмен сыпырғандай жоғалып, әлі де сексеуіл көлеңкесі түсетін тұзды қабыршақты шетіне жағалай орын ауыстырады.

Бір гектар сексеуіл орманынан 2 тоннадан 50 тоннаға дейін отын алынады. Ал 1 текше метр сексеуілдің беретін жылуы 1,7 текше метр қайың отынына тең.Сексеуілден лимон, қымыз қышқылдары, сода, С витамин, түрлі бояу т.б. заттар алынады. Халық аңыздарында сексеуілдің қасиетін даралап пір тұтады. Мысалы: бір деректе «Ол бір түйемен Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи әулиеге он түйеге артарлықтай сексеуіл жеткізеді . Шаршап бір сексеуілдің көлеңкесіне демалайын деп қисайдым, көзім ілініп кеткен екен».Сан ғасырлық тарихы бар қазақ жерін қай саласына қарай ойыса айтсақта мүмкіндігіміз мол. Елімізден 6000- ға жуық өсімдіктер түрлерін кездестіруге болады. Тіпті бірінші орында тұр десекте болады.Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішінде мол қасиеті мен маңыздылығымен ерекшеленетін бұта тектес өсімдік сексеуілдің ерекше қасиетін зерттеудің маңыздылығы айтпасада түсінікті деп ойлаймын. Мал бағумен ықылым заманнан айналасқан қазақ халқы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін ертеден білген. Сондықтанда осы жүзеге асыру мақсатында сексеуілдің халықтық педагогикасында алатын орны ерекше.