Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_1497.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
386 Кб
Скачать
☆

2. Эксперименталды бөлім.

2.1 Зерттеу объектісі және әдістемелер

Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасында алғаш рет ашылған Алматы қаласының Қарасай ауданында орналасқан целлюлоза қағаз бен картон шығарушы комбинатының ас суы мен сарқынды сулары алынып, оларға ТОО «Казэкоанализ» лабораториясында белгіленген сапалық көрсеткіштеріне зерттеу жүргізілді.

Су және топырақ құрамындағы қауіпті және улы заттарды анықтауда жүргізілетін мультипараметрлі мониторингін жүргізетін ТОО «Казэкоанализ» АҚШ-ң «НАСН» компаниясымен шығарылған зертханалық бақылауды жүргізуге арналған әртүрлі қондырғылар мен құралдардан тұрады. Олардың құрамына DR/4000 UV-VІS маманданған спектрофотометрі, pH-метрі, 2100 N/AN сериясының турбудиметрлері және ОХҚ микрометоды сияқты құралдар кіреді. Осындай құралдар арқылы су немесе топырақ құрамындағы түсті, ауыр және улы металдар мен элементтерді (As, Al, Cu, Fe, Ag, N, Cd, Mn, Pb, Hg және т.б.) жоғары дәлділікпен анықтауға болады. Сонымен қатар фенолдарды, АБЗ (ПАВ), нитрат пен нитритті, түстілігі мен тұндылығы, ОХҚ (ХПК), жалпы микроб саны, коли-индекс және т.б. көрсеткіштерді кең диапазонда 1 мкГ/л 150-200г/л дейінгі концентрацияларын анықтауға болады. Жоғарыда аталған зертханалық құралдардың кейбір түрлерінің жұмыс істеу шарттарына сипаттама берілген.

Сарқынды сулардың оттегінің химиялық қолданысына бақылау

Оттегінің химиялық қолданысы «НАСН» микрометодикасы арқылы анықталды.

Анықтау жолы 3 сатыдан тұрады:

  1. ОХҚ анықтау үшін арналған ыдысқа пипетка арқылы 2 мл көлемінде үлгілерді құяды да жауып қояды. Әр арнаулы ыдыс ішінде 3 мл дайын реагент болады.

  2. Ыдысты реакторға орнатады. Реактор 150Ғ20С температурасын ұстап тұрады. Ол үзіліссіз жұмыс істеп автоматты түрде 2 сағаттан соң өшеді.

  3. Нәтижелердің оқылуы. Суығаннан кейін үлгілерді колориметрлік немесе титрлеу жолдары арқылы анализдеуге болады. ол үшін үлгілері бар ыдысты НАСН спектрометріне немесе колориметрге орнатып нәтижелерін мг/л оқиды.

DR/400 UV-VІS маманданған спектрофотометрі

DR/400 UV-VІS – бұл инфрақызыл, ультракүлгін сәулелері арқылы анализдерін жүргізетін зертханалық спектрофотометр. Құрал 3 өлшеу режимінде жұмыс істейді:

  • концентрация

  • А жұтылу

  • өткізу пайызы

DR/400 оптикалық жүйесіне дифракционды тор, вольфрамды шам (көрінетін аудандарда) және дейтерий шамы (УК аудандарында) кіреді. Монохроматор барлық диапазондағы 190-1100 нм ұзындық аралығындағы спектральды түзудің ені 4 нм болатын толқынды сәулелерді өлшеуге мүмкіндік береді. Толқын ұзындығының дәлділігі №1 нм шамасында.

Құралдың бойында 130 әдістің қисықтар жұмыс бағдарламасына енгізілген. Бұл нәтижелерді концентрациялық бірлікте алуға мүмкіндік береді, сондықтан колибрленген қисықтың тұрғызудың қажеті жоқ. Стандартты реагенттердің болуы зерттеу жолын оңай және тез жүруіне мүмкіндік береді.

Судың тұндылығы мен түстілігін анықтайтын 2100 серияның зертханалық турбидиметрлері

НАСН фирмасының турбидиметрлердің бұл сериясы европалық стандарттар мен Ресейдің ГОСТ-ары ескеріле отырып шығарылған.

2100 N/AN бұл ең алғашқы ауыспалы жарықфильтрлары арқылы тұндылығын, түстілігін, жұтыну және өткізу көрсеткіштерін барлық диапазондарда максималды дәлділікпен өлшеуге жол ашады.

2100 AN моделінің ішіне микропроцессорлы бақылағыш және принтер орнатылған.

Оптикалық сызба нұсқасы

Жарық көзінен (сынап шамы) шыққан жарық монохроматордан өтіп фокустеніп үлгісі бар кюветаға түседі. 900С бұрышта орналасқан детектор бөлшектерден шағылған жарықты фиксациялайды. Ал оның интенсивтілігі үлгінің тұндылығына тәуелді анықталады.

рН электрохимиялық анализі

EC 20 тасымалданғыш рН/ИСЭ зертханалық өлшегіш құрал. ЕС 20 рН-ң 3 нүктелі калибрленген қисығы бар және концентрациясының 5 нүктелі калибрленген қисығы бар, сонымен қатар дәлділігін (0,1/0,01/0,001) диапазонында анықтайды. Құрал автоматты түрде НАСН буферлерінің рН температурасын анықтап қадағалайды. Оның құрамына қосымша компьютерге немесе принтерге қосылатын RS232 интерфейсі кіреді. 25 нүктелі есте сақтау құралы орнатылған интерфейс қосымша мәліметтерді жазып сақтауға мүмкіндік береді.

Техникалық сипаттамасы

2100 AN

2100 N

Жұмыс істеу принциптері

Тікелей фелометриялық, емес (900С) және салыстырмалы (ratіo)

NTU, EBC, ABS. % T түстілігі

NTU, EBC

Диапазон

фелометриялық емес (ratіo on)

фелометриялық емес (ratіo off)

NTU режимі (ratіo on)

Автоматты немесе автоматты емес

О – 9,99; 0-99,9

0-67000

0-268

01-0,999; 0-9,99

0-99,9; 0-10000

Тұндылығы (0-500 NTU)

Ғ2 % алынған мәліметтерден + 0,01NTU

(500-1000 NTU)

алынған мәліметтерден Ғ2 % +0,01 NTU

(1000-4000 NTU)

алынған мәліметтерден Ғ5 %

(4000-10000 NTU)

Ғ10%

Түстілігі (0-30Cu)

(0-500Cu)

Ғ2 Cu

Ғ 5 Cu

-

-

Жұту (фотомет. түзу)

Ғ0,005 ABS

(0-1 ABS, 455 нм)

-

-

өткізу (фотомет.түзу)

Ғ1,2% т (10-100%Т, 455 нм)

-

Калибр қисығы

Бастапқы + (NTU) формазинді стандарттар бойынша

Жарық көзі

Сынап шамы

Үлгінің қажетті көлемі

30 мл

Кюветалар

Биіктігі 95 мм Ш 25 мм кюветалар резина пробкасы бар боросиликатты шыны

Жұмсалатын күш энергия

115/230ВҒ17%, 50/60Гц, 60 Вт

Корпус

Поликабонатты пластиктен жасалған жоғарғы берікті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]