Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_1497.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
386 Кб
Скачать
☆

2.2 Целлюлозды қағаз бен картон шығарушы өндірісінің сарқынды суларына сипаттама.

Су қоймаларының жағдайының жақсарту бағытарының біріне соларға төгілетін ластағыштардың көлемін азайту немесе мүлдем жою сияқты шаралары жатады. Ол үшін өнеркәсіптегі шикізатты өңдеу үшін қолданылатын су мөлшерін төмендету, яғни екінші реттік су айналымын құру қажет.

Біздің еліміздегі сарқынды суларды тазартуда өндіріс орны ішінде орналасқан қондырғыларды енгізу сыртқы аймақтарда орналасқан ағындарды, қоймаларды тазартуға қарағанда экономикалық жағынан әлде қайда тиімді / /.

Жұмыстың негізгі объектісі ретінде алынған целлюлозды қағаз өндіруші өнеркәсіп орны ауа және су бассейіндерін ластайтын ірі көздерінің бірі. Ал оның дамуы нәтижесінде қоршаған ортаға тигізетін әсерінің көлемі де ұлғаюда.

Жалпы алғанда целлюлозды қағаз қағаз өндірісінде 1 тонна қағаз шығару үшін 100-1500 м3 шамасында су жұмсалады / /. Өндіру барысында қолданылатын сулар бірнеше рет айналымда болса да, оның кейбір мөлшері ірі өндіріс орындарында сарқынды сулар ретінде су қоймаларына төгіледі. Сондықтан қазіргі кезде өндіріске қажетті су мөлшерінің өсуі нәтижесінде, оның тиімді пайдалану мәселесі туындап отыр / /.

Целлюлоза мен қағаз өндірісінің сарқынды сулары өзінің құрамында минералды және органикалық заттардың жоғарғы мөлшерімен сипатталады. Мысалы, 1 тонна талшықты өнім алу үшін ерітіндіге 37-1708 кг дейін органикалық заттар өтеді, ал олар өз алдына тарту жүйесі болмаған жағдайда су қоймаларына өтуі мүмкін / /.

Ағартылмаған сульфатты целлюлозаны және кейбір төменгі сортты қағаз бен шыны ыдыстарға арналған картон шығаруда өндіріс суына жоғары талаптар қойылмайды. Бірақ ағартылмаған целлюлоза мен жоғары сортты қағаз шығару, әсіресе химиялық өңдеуге арналған целлюлозаны өндіруде судың сапалық көрсеткіштерінің маңызы зор.

ТАРРІ нормалары бойынша ағартылмаған целлюлоза өндірісінде тазартылмаған судың қайта қолданылуы келесі сапалық көрсеткіштер арқылы жүзеге асуы мүмкін: Егер

ОХҚ, мг О2/л.............<12

ОБҚ, мг О2/л............ < 5

Платинді-кобальті (шкала ) бойынша

Түстілігі, град.........................<80.

Қағаз, картон және құрылысқа арналған ағаш плиталарын шығару және т.б. ұқсас өндіріс орындарынан шығатын сарқынды сулары негізінен көп мөлшерде бейорганикалық өлшенген заттармен, талшықтармен, аз мөлшерде еріген заттармен ластанса, целлюлоза өндірісінің суларының құрамында еріген органикалық және минералды заттар, сонымен қатар өлшенген талшықтар да кездеседі [25]. Сондықтан каолинді және құрамында талшықтары бар сарқынды суларды алдын-ала тазартудан өткізбей су қоймаларына төгуге болмайды. Оны бірнеше себептер арқылы дәлелдеуге болады. оларға

  • анаэробты жағдайда талшықтар су қоймасында тұнбаға түсіп көмір қышқыл газы мен метанды бөле отырып шіриді

  • белокты қосылыстар күкірт сутекті бөле отырып ыдырауға ұшырайды.

Бұндай талшықтардың ыдырауы үшін суда еріген оттегі жұмсалады. Шіруі нәтижесінде пайда болған өнімдер атмосфералық ауаны ластай отырып суға жағымсыз дәм мен иіс береді, ал бұл өз алдына сол қойманың тіршілік ортасына кері әсерін тигізеді [27].

Тазартылған сарқынды суларды тікелей су қоймаларына төгу үшін олардың тазартылу дәрежесі «беткей суларын сарқынды сулармен ластануынан қорғауң ережелерінің талаптарына сәйкес бола отырып, экономикалық жағынан тиімді болуы қажет. Бұл ережелерде сарқынды суларының су қоймаларына төгу, ағызымдарды су қоймасы суларымен араласуы, сұйыптылуы, сонымен қатар төгілу нүктесі мен жақын арада орналасқан ас суы ретінде және тұрмыстық немесе балық аулау шаруашылық бағытында қолданылатын орындарына дейінгі қашықтығы ескеріледі. Ереже бойынша қоймадағы су құрамы төмендегі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  1. Сарқынды сумен араласқан су қоймасының суларында өлшенген заттардың концентрациясы 0,25-0,75мг/л аспауы қажет. Егер өлшенген заттар ағынды су қоймасында 0,4м/с жоғары жылдамдықпен тұнба түзетін болса, онда олардың төгілуі тоқтатылады.

  2. Суда ОБҚ (оттегінің биохимиялық қолданысы) 3-6 мг О2/л шамасында (200С)

  3. Суда еріген оттегінің концентрациясы 4 мг/л.

  4. Су температурасы сарқынды сумен араласқаннан кейін жазғы мезгілде судың максималды температурасымен салыстырғанда 30С, қысқы мезгілде 50С жоғары болмауы.

Су қоймаларындағы сулардың беогілі бір деңгейде өзін-өзі тазартылуына байланысты ережелерде ескеріліп сарқынды сулардың толық тазалуының санитарлдық қажеттілігін жоқтығын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]