- •Мазмұны
- •Қазақстандағы жер бедерінің ерекшеліктері.
- •Климаттық белдеулерге сипаттама
- •1.3.Қазақстанның жер қоры.
- •Республикадағы ауыл-шаруашылық өндірісінде пайдаланылатын жерлердің көлемі туралы мәліметтер
- •Қазақстанның су қоры
- •2.1. Шөлдену процесінің негізгі себептері
- •Қазақстанның шөлді аймақтары
- •2.3. Шөлдену процесімен күресу жолдары .
- •3.1. Топырақ экологиясы
- •Әлемдік экологиялық проблемалар құрылымы
- •2 Кесте
- •Топырақтың ауыр металдармен ластануының қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші
- •Қазақстан жеріндегі радиациялық апат аймақтары
- •Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апаттар, оның тигізетін зардаптары
- •3.2. Өсімдіктер және жануарлар экологиясы
- •3.3. Қазақстандағы ормандардың экологиясы
- •3.4. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешу жолдары.
- •Қорытынды:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3.4. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешу жолдары.
Экология қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған аса маңызды проблемаға айналды. Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады. Біздің өмір сүріп отырған дәуірімізде техникалық құралмен қаруланған адамның жер шарын аз уақытта айналып өтуіде, құрта салуы да оп-оңай. Сондықтан әлем халықтары ел тағдырларын экологиямен байланыстырып, экологиялық апатқа қарсы тұруы қажет. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикада шешуін күтіп тұрған мәселе. Сырт қарағанда, оңай көрінгенімен, бұл мәселені шешудің күрделілігін де түсінуге болады. Ол үшін адамның менталитетін, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгерту керек, табиғат пен адамның арасында жаңа көзқарас қалыптастыру қажет.
Табиғат компоненттері өзара үйлесіммен құралған. Оның даму жолының өзіндік заңдылығы бар. Қазіргі экологиялық дағдарыстың түпкі себебі осы заңдылықты білмеуде, түсінбеуде, оған жөнсіз араласуда жатыр. Осыдан табиғаттың зат және энергия алмасу жүйесі бұзылады. Сондықтан әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары заңдылықтарымен аздап болса да таныс болуы керек. Экологиялық сауатсыздықты жою – үкіметіміздің халық арасында жүргізетін негізгі міндетіне айналуға тиіс.
Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін мемлекеттік деңгейде кең көтерудің қажеттігі туындап отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігін және оны тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру.
Экологиялық білім берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздері, оны жүзеге асыру проблемалары мен бағдарламалары, БҰҰ мен ЮНЕСКО мәжілістерінде (1968) қаралды. Одан соң Стокгольм (1970), Тбилиси (1972) қалаларында өткен халықаралық конференцияларда жалғасын тапты. Ал, Рио-де-Жанейрода (1992) өткен дүниежүзілік конференция экологиялық білім беру мәселелерін қайта қарап, ондағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Олар – биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экологиялық ағарту жұмыстарының тұтас жүйесін құру, экологиялық білім беруді тұрақты жүзеге асыру және жұртшылық арасында экологиялық үгіт-насихатты күшейту. Экологиялық білім берудің нормалық-реттеуші құжаттары «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңда» (1997), «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясында» (1997), «Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясында» (1998), «Экологиялық білім бағдарламасында» (1999)қарастырылған.
Адамзаттың балалық шағы бітіп есею кезеңі басталды деген пікірмен келісу керек сияқты. Енді қазіргі бар табиғат қоры шеңберінде өмір сүруді үйрену және өндіріс көлемін ұлғайтуды шикізат ресурстары шығынының көлемін өсіру жолымен емес, аз қалдық беретін және қалдықсыз технологияға тезірек көшу, кен орны жынысы құрамындағы барлық компоненттерді комплексті түрде алу мен пайдалану, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану мен тұтыну, табиғи ортаны ластаудың алдын алатын қалдықсыз өндірістер мен технологияны енгізу, энергия мен шикізаттың дәстүрлі түрлерін қазіргі заманғы және таусылмайтын көздермен ауыстыру негізінде жүргізу қажет. Экономика ғылымы «қоғам-өндіріс-табиғи орта» жүйесінің даму проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарына басшылық ете отырып, мемлекеттің табиғи қорының үнеммен жұмсалуы және сақталынуы мәселелерімен түбегейлі түрде айналысуы керек. Экономика және экология бір түптен тарайтын сөздер, егер экономика принциптері экологияның принциптерімен қайшы келетін болса, демек қоғамда және адамдар санасында қарама-қайшылықтар бар деген сөз, олардан құтылу қажет.
Біздіңше техниканың өркениетті басты бағыт жасауда өте артық кетіп, адамзат болмысының басқа да маңыздылығы бұдан да кем емес жақтарын ұмытып кеттік. Табиғаттың үйлесімді үйлесімді құралған дүние екендігін және онда жүріп жатқан процестерге араласуға болмайтындығын түсінудің басым болуы дұрыс болар еді. Адамзат ақылы – табиғат дамуының шарықтар шыңы және ол табиғатпен ең жақсы қатынас орнату тәсілін табатын сияқты.
Қорыта келгенде, қазіргі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың түпкі тамыры адам баласының табиғаттың қарапайым даму, зат және энергия алмасу заңдарын, оның теориялық негіздерін білмеуі. Яғни, экология ғылымының негіздерін оқып-үйренбеуі болса керек.
Сондықтан да, Елбасының Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының сара жолын көрсеткен «2030» бағдарламасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, еліміздегі қалыптасқан экологиялық сауатсыздықты жою, болашағы жарқын елдің экологиялық санасы мен ойлау қабілеті жоғары мәдениетті ұрпақты тәрбиелеуді талап етуі осының айғағы болып табылады.
