Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсавойнерксіптік ластану жне автокліктерден блінітін заттар примерно.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
431 Кб
Скачать
☆

1.2.Автокөліктерден шығарылған зиянды заттардың төлем мөлшерін анықтау.

Төлемдер автокөліктерді пайдаланатын, жөндеу жұмыстарын жүргізетін, автотранспорт көліктерін шығаратын мекемелер үшін және және жеке меншік иелері үшін белгіленеді.

Төлемдер атмофералық ауаға шығарылған зиянды заттардың рұқсат етілген мөлшері үшін және рұқсат етілген мөлшерден асып кеткенде белгіленеді.

Зиянды заттың рұқсат етілген мөлшеріүшін төлем нормасы келесі формуламен анықталады:

мұндағы: Pti - зиянды заттардың рұқсат етілеген мөлшері үшін төлемнормасы теңге/литр – сұйық отын үшін, теңге/м3 – газ отын үшін.

gti - былтырғы жылы қоршаған ортаға автокөліктердің і-ші тобы бойынша тигізгензиянның орнын толтыру үшін жұмсалған қаражаттың зиянды заттың келтірілген массасына қатынасы, АТС теңге/жыл

- дің автокөліктер түрлеріне байланысты мәндер кестеде көрсетілген.

Qti - өткен жылғы і-ші топтағы автокөліктердің отын шығыны, мың л/жыл, мың м3/жыл

Mti - бүкіл аймақ бойынша і-ші топтағыавтокөліктерінен шығарылған зиянды заттардың келтірілген массасы келесі формуламен анықталады:

мұндағы: mii - і-ші топтағы зиянды заттың бір жылдағы автокөліктерден шығарылған мөлшері, т/жыл;

J - атмосфераға шығарылған зиянды заттың саны;

Ki - і-ші зиянды заттың салыстырмалы қауіптілігін анықтайтын келтірілген коэффициент, ол келесі формуламен анықталады:

ПДКCCI - зиянды заттың атмосферадағы орташа тәуліктік рұқсат етілген шоғырлануы, мг/м3.

Жегілікті басқару ұйымдарының шешімі бойынша зиянды заттардың рұқсат етілген мөлшеріне төлем нормасы маторлы орындардың экономикалық сипаттамасын және жергілікті жағдайларды ескере отырып дифференциалдану мүмкін. Қажетті мәліметтердің болмауына байланыстытөлем нормасы 1 литр бензин, дизельді отын,сұйытылған газ және бір куб метр табиғи газ үшін 0,01 теңге деп белгіленеді. Былтырғы жылғы өнеркәсіптің автокөліктерінен шығарылған зиянды заттардың рұқсат етілгенмөлшері үшін төлем келесі формуламен анықталады:

мұндағы: Qgti - былтырғы жылғы і-тобындағы автокөліктердің отын шығыны, мың л/жыл, мың м3/жыл

J - әртүрлі отынмен жүмыс істейтін автокөліктердің топ саны;

r - әртұрлі типтегі аймақтар үшін атмосфералық ауаның ластануының салыстырмалы қауіптілік көрсеткіші, кестеде келтірілген. Берілген қауіптілік көрсеткіші отын материалдары фонд бойынша бөлінетін өнеркәсіптер үшін қолданылады. Басқа автокөліктер үшін r=1.

Автокөліктерді дайындап, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, пайдаланатын өнеркәсіптер үшін жаңадан салынған, қалпына келтірілген автокөлік жабдықтары қолданылып, стандарт бойынша белгіленген нормаға зиянды сипаттамалары сәйкес келмеген жағдайда өнеркәсіпке штраф салынады.

Штраф төлемінің мөлшері таза пайдаға байланысты пайызбен белгіленеді:

мұндағы: 0,1 – атаусыз коэффициент;

Н – таза пайда, мың/теңге;

К - өнеркәсіптің өндірістік қызметіне байланысты коэффициент;

S – зияндылығы бойынша стандартқа сәйкес келмейтін автокөліктер үлесі.

К коэффициенті өнеркәсіптің финанстық қызметінде тасымалдау жұмыстарынан түскен таза пайда бөлінбейтін транспорт цехы бар өнеркәсіп үшін және балансына қызмет бабына байланысты тасымалдау жұмыстарын жүргізетін немесе технологиялық мақсаттар үшін пайдаланатын, бірақ басқа тасымалдау (жүк, жолаушы) жұмыстарын жүргізбейтін автотранспорттары бар өнеркәсіптер үшін пайдаланылады:

мұндағы: d –өнеркәсіптің автопаркінде қызмет істейтін жүргізушілер мен ремонт жасаушылардың саны;

d0 – тізім бойынша өнеркәсіптегі жұмыс істеушілердің саны;

Таза тасымалдау жұмыстарын жүргізетін өнеркәсәптер үшін К коэффициенті 1-ге тең.

Штраф (айыппұл) төлемінің мөлшері зияндылығы бойынша стандартқа сәйкес келмейтін автотранспорт үлесіне прапорционалды түрде белгіленеді:

мұндағы: Q1j - зияндылығы стандартқа сәйкес кемейтін автотранспорт саны;

Q2j - тексерілген барлық типтегі автотранспорт саны (бензинді, дизельді, газбалонды)

Стандартқа сай келмейтін автотранспорт саны жеке топ бойынша (бензинді, дизельді, газбалонды) аз болу керек.

30%-автотранспорт саны 100-ге дейінгі өнеркәсіптер үшін:

20%- автотранспорт саны 500-ге дейінгі өнеркәсіптер үшін:

10 %- автотранспорт саны 500-ден асатыні өнеркәсіптер үшін:

15%-автотранспорт дайындайтын зауыттар және жөндеу жұмыстарын жүргізетін өнеркәсіптер үшін бір ауысымдағы шығарылатын өнімнің санына байланысты

10%-техникалық қызмет көрсету станциясындағы бір ауысымдағы автотранспорт санына байланысты:

Автокөліктерді пайдаланатын өнеркәсіптер үшін зияндылығы қолданылып жүрген стандартқа сәйкес келмейтін автокөліктер саны 30%-тен көп болса және автокөлік дайындайтын зауыттар 10 %–тен көп болса, штраф (айыппұл) төлемі былай анықталады:

, мың теңге

мұндағы:F – АТС-ты пайдаланатын өнеркәсіптер үшін 30%, АТС-ты дайындап шығаратын және ремонт жүргізетін (техникалық қызмет көрсету стациясы) зауыттар үшін 10%.

Штраф өнеркәсіпке түскен таза пайдадан төленеді.

Штраф төлемдері жергілікті табиғатты қорғау фондының есебіне аударылды.

Зиянды заттардың келтірілген коэффициенттері

№

Зиянды заттар

Рұқсат етілген шоғырлануы (орт. тәуліктік) ПДКор, мг/м3

Келтірілген коэффициент, К.

1

Көміртегі тотығы

5,0

0,3

2

Күкірт қос тотығы

0,05

20

3

Азот тотықтары

0,04

25

4

Көмірсутектер

1,5

0,7

5

Қатты заттар

0,05

20

6

Қорғасын

0,0003

3333

7

Формальдегид

0,003

333,3

8

Күкіртті көміртек

0,005

200

9

Күкіртті сутегі

0,008

125

Әртүрлі типтегі аймақтар үшін атмосфералық ауаның ластануының салыстырмалы қауіптілік көрсеткішінің мәндері

№

Аймақтар түрлері

Салыстырмалы қауіптілік көрсеткіші, г

1

Курортты санаториялық аймақтар

1,3

2

100 мың адам тұрғыны бар қала аймақтары

1,0

3

Басқа аймақтар

0,2