- •1.Өнеркәсіптік ластану және автокөліктерден бөлінетін заттар
- •1.1. Автокөліктердің атмосфералық ауаны ластауы, салдары
- •1.2.Автокөліктерден шығарылған зиянды заттардың төлем мөлшерін анықтау.
- •1.3.Автомобиль кабинасындағы микроклимат.
- •1.4.Өнеркәсіптік ластану
- •2. Өскемен қаласының негізгі өнеркәсіп орындары мен автотранспорт, қоршаған ортаны ластау бастауы
- •2.1.Өскемен қаласының физика-географиялық мінездемесі
- •2.2. Өскемен қаласындағы өнеркәсіп орындарының жұмысына мінездеме
- •1.1 Кесте Өскемен «Казцинк» ммаақ» - ның зиянды қалдықтарының сипаттамасы
- •2.3 Ауаның ластануына автокөліктің әсері
- •2.4 Негізгі қала өнеркәсіп орындарының экологиялық әсері
- •2.5 Қоршаған ортаны бақылауға арналған экологиялық мониторинг
2.3 Ауаның ластануына автокөліктің әсері
Дүниежүзілік балама бойынша автокөліктің ластандыру саласында ерекше орын алатыны белгілі. Үлкен қалаларда ауаны ластандырушы негізінен автокөлік болып табылады. Жыл сайын автокөліктер ауаға: 280 млн т көмір окисін, 56 млн т азот окисін тастайды. Двигательдердің газдары өз құрамында өте күрделі қоспаларды иемденген, олар 200-ден астам компоненттерді құрайды, оның ішінде канцерогендер де аз емес. Оның ішінде зиянсыз, улы емес: азот, көмір қышқылы, кислород, су буы; зиянды улы: көмір окисі, азот оксиді, этилен, бензол, этол, метан, толуол, бенз (а) пирен, күйе, күкіртті ангидрид т.б. бар. Автокөлік 1 тонна бензин жаққанда 12,3 кг азот оксиді, 1 т май жаққанда 24,5 кг азот оксиді пайда болады. Автокөлік газы 75 % - көмірқышқылы, 15 % - көмірсутегі, 7 % - азот оксидінен тұрады.
Кейбір үлкен қалаларда автокөлік арқылы ауаның ластануы 60 %-дан жоғары болып келеді.
1990 жылмен салыстырғанда автокөлік арқылы ластану 2,4 есе азайды. Автопарктердің көбейгеніне қарамастан бұлай болудың себебі төмендегідей:
- Автопарктер структурасының өзгеруі жүк көліктерінің саны 14,4 %, автобустар саны 9,1 % азайды. Оның есесіне жеңіл көліктер саны 21,8 %-ға өсті және дизельді жүк көліктері мен автобустар саны көбейгені анықталды. Дизельді жеңіл автокөліктер таралымы көбейді.
- Жүк көліктерімен жүк тасу 1,9 есе, жолаушылар тасу мен ауыр жүк тасымалдау 3,0 есе азайды.
- Жанар-жағар май қолданудың азаюы (бензин 3,2 есе, дизельдік жағар май 1,5 есе).
- Автокөлік арқылы ауаны ластандыру Алматы қаласына тән (Алматы қаласындағы қалдықтар орташа 507 т тәулігіне, жылына 170-185 т құрайды) және облыстар: Қостанай (163,24 т), Алматы (131,0 мың т), Оңтүстік Қазақстан (160,0 мың т) және Қарағанды (100 мың т).
2.4 Негізгі қала өнеркәсіп орындарының экологиялық әсері
Жоғарыда атап өткендей қаланы негізіне 4 ірі өнеркәсіп орны ластандырып отыр. Олар «Казцинк» АҚ, «AES Өскемен ТЭЦ» АҚ, «УМЗ» ААҚ, «ТМК» ААҚ. Экологиялық рольдері бірдей емес, өйткені қоршаған ортаға экологиялық әсерлерә әртүрлі.
Негізгі ластандырушыларға мінездеме 1 қосымшада көрсетілген.
Ауа бассейніне МК «Казцинк» ААҚ және «AES Өскемен ТЭЦ» ААҚоғамының, ол жер асты суларына - әсіресе қалдықтар мен су жүйелерінің инфильтрациясы «Казцинк» өнеркәсіп орны, УМЗ, ТМК, соңғы шаруашылық орны мен ескі сақтау орнына әсері көп өнеркәсіп орындары қаланың экологиялық жағдайына көп көңіл бөліп келеді. Шаң мен газ ұстағыш «Уальдор Топсе» системасы Казцинкке енгізілді, ластандырылған ағымдарды ұстауға арналған арнаулы системалар және басқада технологиялық құрылымдар қолданылып отыр. Бұның бәрі қалдықтар мен лақтырылған заттардың аз мөлшерде болуына әсері мол. Ауада қорғасын концентрациясының мөлшері 70-ші жылға қарағанда 15 есе, орташа 10 ай ішінде 2016 жылы ПДК мөлшерінен асқан жоқ. Дегенмен күкірт диоксиді мен азот концентрациялары ПДК мөлшерінен жоғары болып отыр.
Осыған байланысты барлық бақылау орындарының назары, біріншіден қалдықтардың неғұрлым аз бөлінуіне және ластанудың скважиналып дренаждық ұсталымына, өндірістік алаңдардың ластануына қоймалардың және қоқыс далаларының ластануына көңіл бөлуі керек.
