- •1 Сурет – Қаныққан бу қысымының температураға тәуелділігі диаграммасы.
- •2 Сурет – Идеал сұйық үшін «Құрам – ерітінді буының қысымы» диаграммасы.
- •3 Сурет – Нақты сұйық үшін «Құрам – ерітінді буының қысымы» диаграммасы.
- •2.1 Сублимация және дистилляция процестерінің негізгі заңдылықтары
- •4 Сурет – Қорғасынды мырыштан вакуумды тазартуға арналған аппарат сұлбасы.
- •Вакуум сорғыға Al
- •7 Сурет – Алюминий қорытпаларынан магнийді айдауға арналған электропешінің сұлбасы.
- •8 Сурет – Ректификациялық қондырғы.
- •9 Сурет – Титан – кремний тетрахлориді жүйесі үшін бу құрамының ерітінді құрамына тәуелділігінің диаграммасы.
- •10 Сурет – Азеотроптық (а) және
- •11 Сурет Қайтымды эндотермиялық реакция көмегімен металды (Ме1) айдау сұлбасы.
- •12 Сурет – Металдарды иодидті тазартуға арналған реакциялық ыдыс.
- •13 Сурет – металл иодидінің синтезі мен термиялық ыдырауы жолымен айдау сұлбасы.
- •15 Сурет – Қалыпты (а) және бағытты кристалданудың (б) сұлбалық кескіні.
- •16 Сурет – Балқымадан тарту (а), бағытты кристалдану (б) және аймақтық балқу (в) әдістерінің сұлбалары.
- •17 Сурет – Жүйелердің күй диаграммасының бөлігі: тазартылатын зат а – қоспа в.
- •18 Сурет – Қоспа концентрациясының кристалдануға әсері.
- •19 Сурет – Аймақтық балқыту процесінің сұлбасы.
- •20 Сурет – Таралу коэффициентінің шамасына тәуелді аймақтық балқыту кезінде құймакесек ұзындығы бойынша қоспалардың таралуы.
- •21 Сурет – Қоспалардың таралуының аймақтық теңестірілуі.
- •22 Сурет – Таралудың тиімді коэффициентінің шамасын графикалық әдіспен анықтау.
- •23 Сурет – Аймақтық балқытуды жүзеге асыру сұлбасы.
- •7.2 Кристалданудың кейбір заңдалықтары.
- •24 Сурет – Туындының пайда болуы еркін энергиясының оның мөлшеріне тәуелділігі.
- •7.3 Кристалдану әдісімен тұздарды бөлу.
- •25 Сурет – Белгілі температурадағы екі тұздың ерігіштік диаграммасы.
- •26 Сурет – а тұзының ерітіндінің қайтарылуымен қоспалардан тазартылу сұлбасы.
- •Оксидтер қоспасы
- •30 Сурет – k2ZrF6. Бөлшекті кристалдау әдісімен гафнийді цирконийден бөлудің принципиалдық сұлбасы.
- •32 Сурет – Цементация процесінің сұлбасы.
- •33 Сурет – Балқыған тұздарда сұйық анодпен және катодпен металдарды электролиттік тазартуға арналған электролизер сұлбасы.
- •11.3 Ионалмастырушы процестердің негіздері
- •35 Сурет – Иондық алмасудың изотермасы.
- •36 Сурет – Колоннадағы ион алмасу сұлбасы.
- •38 Сурет – Сорбциялық аппарат квс сұлбасы.
- •40 Сурет – Аммоний парамолибдаты өндірісінің ерітінділерінен молибденді
- •42 Сурет – Экстракциялық колонналар сұлбасы.
- •Жеңіл фаза Жеңіл фаза Ауыр фаза Ауыр фаза
- •43 Сурет – Араластырғыш-тұндырғыш типті экстрактор сатысының сұлбасы.
- •44 Сурет – Мысты экстракциялық бөліп алу сұлбасы меди.
- •1 2 3 Снnо3, моль/дм3
- •45 Сурет – Цирконийдің (1), гафнийдің (2) таралу және олардың бөліну
- •46 Сурет – Құрамы бойынша күрделі ерітіндіден индийді экстракциялық бөліп алудың сұлбасы.
2 Сурет – Идеал сұйық үшін «Құрам – ерітінді буының қысымы» диаграммасы.
> Р 0 > және ерітінді буының қысымыда Р 0 құрамның функциясы болатыны байқалады.
Нақты сұйықтарда, қағида бойынша, әртүрлі молекулалардың өзара тартылысы бірдей молекулалардың өзара тартылысынан ерекшеленеді. Егер әртүрлі ерітінділер арасындағы өзара тартылыс, бірдей молекулалар арасындағыдан жоғары болса, онда ерітіндінің пайда болуы жылудың бөлінуімен жүредіде, Рауль заңынан теріс ауытқу туады. Бұл жағдайда «Құрам – ерітінді буының қысымы» диаграммасындағы изотермалар (3 а сурет) қисық сызықты және идеал ерітінді изотермасынан төмен жатады, яғни идеал ерітіндідегіге қарағанда будың төменгі қысықтарына сәйкес болады.
3 Сурет – Нақты сұйық үшін «Құрам – ерітінді буының қысымы» диаграммасы.
Мұның себебі – А және В заттарының химиялық қосылыстарды түзей өзара әрекеттесуге бейімділігі, соның нәтижесінде олар ерітіндіде, идеал ерітінділердегіге қарағанда, күштірек ұсталады және идеал ерітіндідегі қысымға тең бу қысымын жасай алмайды, оған қарағанда төменгі қысым жасайды. Егер әртүрлі молекулалар арасындағы өзара тартылыс, бірдей молекулалар арасындағыдан төмен болса, онда ерітіндінің түзілуі жылуды жұтумен жүреді, жәнеде Рауль заңынан оң ауытқу орын алады.
Диаграммадағы сызық (3 б сурет) идеал ерітіндінің изотермасынан жоғары орналасқан. Бұл осындай ерітінділерде А және В компоненттері арасында, зат молекулаларын ерітіндіден итеретін, үлкен тебу күшінің әрекеттенетінімен байланысты, бұл бу қысымын жоғарылатады. Идеал емес ерітінді үшін ерітінді үстіндегі компонент буының парциалдық қысымы ХА компонентінің молярлық үлесіне емес, ал ерітіндідегі компоненттің активтілік шамасына пропорционал болады.
2.1 Сублимация және дистилляция процестерінің негізгі заңдылықтары
Сублимация (немесе буландыру) – заттың қатты күйден бу тәріздес күйге тікелей өту жолымен булану процесі. Сублимация, зат өзінің балқу температурасынан төменгі температураға дейін қыздырыла отырып, будың жоғары қысымымен сипатталатын жағдайында мүмкіндікті. Негізгі металға қарағанда ұшқыштығы жоғары қоспалар, төменгі температурада аластала алады, ал ұшқыштығы төменгі қоспалар – қалдыққа жиналады.
Дистилляция (немесе айдау) – сұйықтың булану процесін көрсетеді және булары қысымдарының айырмашылығымен сипатталатын, ерітіндіні немесе балқыманы оның құрама бөліктеріне бөлінуінің жүзеге асырылуына мүмкіндік береді. Бұл кезде тазару мен бөліну жеңілірек өтеді, егер тепе-теңдікті фазалар – сұйық пен бу – құрамы бойынша көбірек айырмашылықты болса.
Тазарту мен бөлінудің сандық сипаттамалары үшін, бұл жерде таралу коэффициентінің шамасын қолданады:
және
,
(12)
мұндағы NA және N'A – ерітіндідегі және булардағы А компонентінің мольдік үлесі;
NВ және N'В – ерітіндідегі және булардағы В компонентінің мольдік үлесі.
КА және КВ шамалары бірден қаншалықты алыс тұрса, тазартуда соншалықты тиімді болады.
Сублимация мен дистилляция процестерінің жылдамдығына бірқатар факторлар әсер етеді. Олардың ішіндегі ең маңыздылары: жүйенің құрамы (яғни оның құрамындағы қоспалардың мөлшері), булану бетінің шамасы, температура және қалдықты қысым.
Басқалай теңдей жағдайларда, булану жылдамдығы буланатын компоненттің материалда концентрациясының жоғарылауымен (дәлірек айтқанда, белсенділігімен) артады, яғни оның буының қысымының жоғарылауымен. Жәнеде, керісінше, булану шамасына қарай жүйенің компоненттерінің активтілігі төмендейді, демек, булану жылдамдығы бәсеңдейді.
Металдардың булануы беттік құбылысты көрсететіндіктен, процестің жылдамдығын жоғарылатуды қамтамасыздандыру үшін, мүмкін, буланатын металдың дамыған беті қажет болады.
Температураның артуымен металдың булану жылдамдығыда жоғарылайды.
Булану жылдамдығы, түзілген өнімдердің реакция аймағынан аласталу жылдамдығына үлкен тәуелділікте болады. Қалдықтық газдар булануды тежейді, өйткені конденсатор бағытында бу диффузиясының жылдамдығын кемітеді. Қалдықтық қысым, демек, қалдықтық газдардың тығыздығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты будың конденсаторға диффузиясы баяу, яғни булану жылдамдығы төмен. Сондықтан дистилляция мен сублимацияны әдетте, терең вакуумда жүргізеді, өйткені бұл жағдайда буланудың қажетті жылдамдығына салыстырмалы төменгі температураларда қол жеткізуге болады. Вакуумда буландыру үшін қажетті шарт болып табылатындар: айдалатын металдың буының тепе-теңдік қысымы (Ртеп.) жүйедегі қалдықтық қысымға (Рқал) тең немесе одан көп болуы керек: Ртеп ≥ Рқал. Ртеп. Температураны жоғарылату арқылы арттыруға болады. Және, керісінше, төменгі температурада, қалдықтық қысымды төмендете отырып, процестің жоғары жылдамдығын қамтамасыз етуге болады.
Сублимация және дистилляция процестері үшін булардың конденсатталуының әдістері мен шарттары үлкен маңызды орын алады. Әншейінде, вакуумдық қондырғыларда металдар булары олардың конденсаторға түскен кездегі кеңеюінің нәтижесінде және конденсатталу орталығының ролін атқаратын, конденсатор қабырғаларының төменгі температураларының салдарынан мұздатылады.
Кейде, негізгі металл мен қоспалардың буларының қысымы жақын болған кездерде, булардың конденсатталуын қыздырылған беттікте жүргізеді. Конденсатор бетінде белгілі бір температура градиенті болған кезде, ондағы қоспалар өздерінің физикалық қасиеттеріне сәйкес таралады.
2.2 Металдардың дистилдік бөлінуіне мысалдар.
Қорғасынды мырыштан тазарту. Бұл металдардың қайнау температураларындағы үлкен айырмашылық оларды дистилдеумен бөлуге мүмкіндік береді. Мырыштың балқу температурасы Zn 419 оС, қайнау t 907 оС, осы уақыттағы қорғасынның балқу температурасы Pb 327 оС, ал қайнау температурасы 1740 оС.
Бұл жүйеде t 400 оС болған кезінде, екі фазалық сұйықтың көлемді аймағы пайда болады. Қорғасынды фаза қорытпадан тамшылар түріне айналады және ауыр фаза ретінде былау түбіне біртіндеп түседі. Екі фазалық аймақта мырыш буының қысымы мырышты фаза жоғалғанға дейін, тұрақты болып қалады (ол қорытпадағы Zn мөлшері сәйкесті төмендеуі кезінде нөлге дейін құлайды). Процестің температурасы мырыш қорғасын бетінен буланатындай шамада болуы қажет (мысалы, 600 оС). Булану қарқынды жүруі үшін балқыманының айдалуы мен араласуын жүргізеді. Процесс болат қазанда жүргізіледі (4 сурет).
