- •1 Сурет – Қаныққан бу қысымының температураға тәуелділігі диаграммасы.
- •2 Сурет – Идеал сұйық үшін «Құрам – ерітінді буының қысымы» диаграммасы.
- •3 Сурет – Нақты сұйық үшін «Құрам – ерітінді буының қысымы» диаграммасы.
- •2.1 Сублимация және дистилляция процестерінің негізгі заңдылықтары
- •4 Сурет – Қорғасынды мырыштан вакуумды тазартуға арналған аппарат сұлбасы.
- •Вакуум сорғыға Al
- •7 Сурет – Алюминий қорытпаларынан магнийді айдауға арналған электропешінің сұлбасы.
- •8 Сурет – Ректификациялық қондырғы.
- •9 Сурет – Титан – кремний тетрахлориді жүйесі үшін бу құрамының ерітінді құрамына тәуелділігінің диаграммасы.
- •10 Сурет – Азеотроптық (а) және
- •11 Сурет Қайтымды эндотермиялық реакция көмегімен металды (Ме1) айдау сұлбасы.
- •12 Сурет – Металдарды иодидті тазартуға арналған реакциялық ыдыс.
- •13 Сурет – металл иодидінің синтезі мен термиялық ыдырауы жолымен айдау сұлбасы.
- •15 Сурет – Қалыпты (а) және бағытты кристалданудың (б) сұлбалық кескіні.
- •16 Сурет – Балқымадан тарту (а), бағытты кристалдану (б) және аймақтық балқу (в) әдістерінің сұлбалары.
- •17 Сурет – Жүйелердің күй диаграммасының бөлігі: тазартылатын зат а – қоспа в.
- •18 Сурет – Қоспа концентрациясының кристалдануға әсері.
- •19 Сурет – Аймақтық балқыту процесінің сұлбасы.
- •20 Сурет – Таралу коэффициентінің шамасына тәуелді аймақтық балқыту кезінде құймакесек ұзындығы бойынша қоспалардың таралуы.
- •21 Сурет – Қоспалардың таралуының аймақтық теңестірілуі.
- •22 Сурет – Таралудың тиімді коэффициентінің шамасын графикалық әдіспен анықтау.
- •23 Сурет – Аймақтық балқытуды жүзеге асыру сұлбасы.
- •7.2 Кристалданудың кейбір заңдалықтары.
- •24 Сурет – Туындының пайда болуы еркін энергиясының оның мөлшеріне тәуелділігі.
- •7.3 Кристалдану әдісімен тұздарды бөлу.
- •25 Сурет – Белгілі температурадағы екі тұздың ерігіштік диаграммасы.
- •26 Сурет – а тұзының ерітіндінің қайтарылуымен қоспалардан тазартылу сұлбасы.
- •Оксидтер қоспасы
- •30 Сурет – k2ZrF6. Бөлшекті кристалдау әдісімен гафнийді цирконийден бөлудің принципиалдық сұлбасы.
- •32 Сурет – Цементация процесінің сұлбасы.
- •33 Сурет – Балқыған тұздарда сұйық анодпен және катодпен металдарды электролиттік тазартуға арналған электролизер сұлбасы.
- •11.3 Ионалмастырушы процестердің негіздері
- •35 Сурет – Иондық алмасудың изотермасы.
- •36 Сурет – Колоннадағы ион алмасу сұлбасы.
- •38 Сурет – Сорбциялық аппарат квс сұлбасы.
- •40 Сурет – Аммоний парамолибдаты өндірісінің ерітінділерінен молибденді
- •42 Сурет – Экстракциялық колонналар сұлбасы.
- •Жеңіл фаза Жеңіл фаза Ауыр фаза Ауыр фаза
- •43 Сурет – Араластырғыш-тұндырғыш типті экстрактор сатысының сұлбасы.
- •44 Сурет – Мысты экстракциялық бөліп алу сұлбасы меди.
- •1 2 3 Снnо3, моль/дм3
- •45 Сурет – Цирконийдің (1), гафнийдің (2) таралу және олардың бөліну
- •46 Сурет – Құрамы бойынша күрделі ерітіндіден индийді экстракциялық бөліп алудың сұлбасы.
12 Сурет – Металдарды иодидті тазартуға арналған реакциялық ыдыс.
Металл иодиді ыдыстың өзінде алынады. Ол үшін металл ұнтағы мен иод құбырша 7 арқылы ыдысқа беріледі, содан соң пісіріп жабыстырылады. Құбыр 3 арқылы ыдыс эвакуацияланады, ал құбырды жаңағыдай пісіріп жабыстырады. Аппаратты электр пешінде, металл мен иод тетраиодидқа байланысатындай және буланатындай температураға дейін қыздырады. Бұл температура, иодидтің термиялық диссоциациясы өтетін кездегі вольфрам жіптің қызатын температурасынан төмен. Химиялық қосылыстың (иодидтің) синтезі мен термиялық диссоциациясы көмегімен айдау реакциясы келесідей көрсетіле алады:
t2
Ме(қат.) + 2I2(бу) ↔ МеI4(бу), (31)
t1
жәнеде t2 < t1. Процесс 13 суретте сұлбалы көрсетілген.
Берілген жағдайда Ме суық аймақтан ыстық аймаққа айдалады, өйткені МеI4 түзілу реакциясы оң жылулық эффектімен жүреді.
Процесс балқу температурасы тетраиодидтердің ыдырау температурасынан төмен металдарға қолданыла алмайды, бұл жіпте ұстауға мүмкіндік бермейді.
t2 t1
МеХ4(бу)
4х
4х
Ме(қат.)
Ме(Қат.)
13 Сурет – металл иодидінің синтезі мен термиялық ыдырауы жолымен айдау сұлбасы.
Процестің термодинамикасы. Иодидті процестің өтуін анықтаушы ең маңызды термодинамикалық фактор, бұл – иодидтердің түзілу энергиясының шамасының аздығы. Осыған сәйкес иодидтердің диссоциациясы үшін энергия бромидтер мен хлоридтердікіне қарағанда төмен, сондықтан иодидтер басқа галогенидтерге қарағанда термиялық ыдырауы жеңіл болады. Егер реакцияны қарастырсақ
МеI4(газ) ↔ Ме(ќат) + 4I(газ), (32)
онда бұл реакцияның тепе-теңдік константасы өрнегінде Кр=[I]4/[МеI4] атомарлық иодтың қысымының шамасы теңдеуге төрттік дәрежеде кіреді. Осыған байланысты металл үстіндегі иодид буының тепе-теңдік қысымы біршама мәнді болуы керек. Иод молекуласының ыдырау дәрежесінің төмендеуі қысымның төмендеуіне, демек, тепе-теңдік константасының шамасының кемуіне әкеледі. Осыдан три-ди- және моноиодидтер үшін процестің тиімділігі төмен болады.
Иодидтік процестің кинетикасы. Кинетикалық көзқараста иодидтік процесті келесі сатылардан тұрады деп қарастыруға болады:
1. иод буларының металмен өзара әрекеттесуі нәтижесінде иодидтің синтезі;
2. иодтың металмен тасымалдануы;
3. ыстық жіптегі иодидтің термиялық ыдырауы;
4. жіптен босаған иодидті қайтадан бастапқы металға тасымалдау.
Екінші және төртінші сатының механизмі бірдей деуге болады, айырмашылығы тек қана, еркін иод молекулаларының жылдамдығы иод молекулаларының жылдамдығынан үлкен болуында. Кейбір ұйғарындылар кезінде бұл сатыларды біріктіруге және оларды газдың тасымалдану сатысы деп есептеуге болады. Эксперименттік деректер негізінде, иодидтік тазарту кинетикасына реакторға енгізілген иод мөлшерінің, колбаның температурасының; қатты қыздырылған жіптің температурасы, төменгі иодидтердің түзілуі әсер ететіні табылды.
Титанның иодидті тазартылуы. Ең таза илемді титан, шағын мөлшерлерде 1925 ж. Ван-Аркелмен және де Бурмен алынды. Олармен әзірленген әдіс, жоғары температураға дейін (1300–1500 оС) қыздырылған бетпен және оған титанның шөгуімен, газ тәріздес TiI4 термиялық ыдырауына негізделген. Қазіргі уақытта иодидтің термиялық диссоциациясы әдісі жоғары тазалықты титанның шектеулі масштабтағы өндірісі үшін қолданылады. Титанды иодидті әдіспен тазарту процесі келесі сұлба арқылы көрсетіле алады:
180-200 оС 1200-1500 оС
Ti
+
2I2(бу)
TiI4(бу)
Ti
+
2I2(бу).
ласталған таза
Титан иодпен төменгі температурада өзара әрекеттеседі (180–200 оС). Титанның газ тәріздес иодиді 1300–1500 оС дейін қыздырылған сым бетінде диссоциацияланады. Осы кезде қайтадан босаған иод, төменгі температурада аппараттағы ласталған титанмен реакцияға түседі. Сымның бетінде біртіндеп таза титан өсіріледі. Иодидті тазарту кезінде титанды оттегі мен азоттың қоспаларынан тазарту келесідей түсіндіріледі: титанның тетраиодид нысанында ұшып шығуы нәтижесінде, онда еріген оттегі мен азот, төменгі температураларда иодпен өзара әрекеттеспейтін, титанның оксиді мен нитриді пішінінде бастапқы қалдықта қалады.
Техникалық титан мен иод жайғастырылған аппаратты 200 оС жоғары температураға қыздыру кезінде, газдық фаза арқылы тасымалдау және соған сәйкес титанды сымда өсіру жылдамдығы баяулайды. Бұл бастапқыда температураның жоғарылауымен TiI4 буы қысымының артуымен түсіндіріледі. Бұл сым бетінен босаған иод буларының тазартылмаған титанға диффузиясын тежейді. Температураны одан әрі 300 оС жоғары ұлғайту кезінде, титан тетраиодиді титанмен әрекеттеседі, бу қысымы төмен болатын төменгі иодидтерді түзейді (TiI3 температуралардың 300–400 оС аймағында және TiI2 400 оС және одан жоғары кезде). Диодидте солай 480 оС жоғары кезінде, тетраиодид буын түзей отырып, бөлшекті диспропорционирленеді:
2TiI2(ќат) = Ti(ќат) + TiI4(газ). (33)
Сымның температурасыда процестің жүрісіне едәуір ықпал етеді. 1100 оС төменгі температурада тетраиодид булары титан сыммен өзара әрекеттеседі:
Ti + TiI4 = 2TiI2, (34)
TiI2 + TiI4 = 2TiI3. (35)
Түзілген төменгі иодидтер аппараттың суық қабырғаларында шөгеді. 1300 оС және жоғары температурада, тәжірибе жүзінде, TiI4 толық диссоциациясы өтеді Жіптің температурасының көтерілуімен барынша тығыз және беті жылтыр тегіс ірі кристалдардан тұратын тұнба (шөгінді) алынады. Дегенмен температураның 1400–1500 оС жоғары көтерілуі қиындықтар туғызады: TiI4 жылдам диссоциациясы иод буының біршама мөлшерінің түзілуіне әкеледі (оның көлемі ыдыраған TiI4 көлемінен 2 есеге көп), бұл TiI4 сымға диффузиялануын баяулатады. 1500 оС жоғары температурада Ti булана бастайды және сымның жанып кету қауіпі туады.
Өндірістік масштабтарда тазарту металл аппараттарда жүргізіледі (14 сурет).
|
1 –аппарат корпусы; 2 – молибден тор; 3 – титан жіптерге арналған ілме; 4 – ток келтірушілер; 5 – йодты шыны ампулаға арналған термостат; 6 – вакуумдық ысырма; 7 –вакуумдық жүйеге қосылатын қысқақұбыр; 8 – аппарат қақпағы; 9 – вольфрам ілгіштер; 10 – титан жіптер; 11 – титан губка |
14 сурет – Титанның иодидті тазартылуына арналған аппарат. |
|
Аппараттың сырты, иод пен TiI4 әрекетіне қарсы тұрақты хромникельді қорытпадан (80 % Ni, 20 % Cr) дайындалады. Ірі түйірлі ұнтақ немесе титанның жаңқасын, молибденді тордан жасалған, аппаратта орнықтырылған цилиндрлік экранмен пайда болатын сақина саңылауда, аппараттың ішкі қабырғаларының бойлығында жайғастырады. Диаметрі 3-4 мм титан сымы, оқшаулаушыларда бекітілген вольфрам ілгіштерде тарту көмегімен керілген (U-тәрізді байлау көмегімен). Жіптің жалпы ұзындығы 11 м жуық, ұштары молибденді ток келтіргіштерге қосылған.
Аппараттың сыртына нығыз жабылған қақпақта иод салынған шыны ампулаға арналған ұя және вакуумдық жүйеге қосуға арналған қысқа құбыр бар. Ретортаны берілген шектердегі (100-ден 200оС-ге дейін) тазартылатын титанның температурасын ұстап тұруға мүмкіндік беретін термостатқа орналастырады.
Бастапқыда реакторды тартып шайқайды, сонсоң реакторды вакуумдық жүйеден ажыратады және аппарат ішіне иод жібереді. Ол үшін арнайы құрылғымен ампуланың ұзын мұрынын сындырады. Қалыпты жағдайда, тазартылатын титанның тиелген массасына қатынасы бойынша 7-ден 10 % дейін иод беріледі. Содан соң жіпке электр тогін береді. Кәдуілгіде, аппарат тәулігіне 10 кг тазартылған титанды алуға мүмкіндік береді.
Әдебиет: 1 нег. [141-160], 2 нег. [90-108], 5 нег. [337-341]
Бақылау сұрақтары:
1. Химиялық тасымалдау реакциясы процесінің мәні.
2.Химиялық тасымалдау реакциясы әдісінің кәдімгі дистилдеуден айырмашылығы.
3. Металдардың химиялық транспортының сатыларын санаңыз.
4. Металдарды айдауды жүзеге асырудың негізгі әдістері.
5. Қайтымды эндотермиялық реакциялар көмегімен металды айдаудың сұлбасы.
6. Субқосылыстар арқылы айдау қандай металдар үшін қолданбалы?
7. Титанды иодидті әдіспен тазарту процесінің сұлбасы.
№ 5 дәріс: Балқымалардан металды тазартудың кристалдану әдістерінің мәні
Балқымалардан кристалдану әдісі шалаөткізгіш материалдар, ерекше таза металдар өндірісінің дамуымен кеңінен қолданыс тапты. Әншейінде оларды тазартудың соңғы сатысында қоспалардың өте аз мөлшерлерін аластау үшін қолданады.
Балқымалардан кристалдану процестері қоспалардың сұйық және қатты металдарда әртүрлі ерігіштігіне, жәнеде олардың қатты фазадағы өте баяу диффузиясына негізделген.
Кристалдану процесінде бөлінетін жылуды әкету сипатына қарай қалыпты және бағытты кристалдану болып бөлінеді. Қалыпты кристалдану процестері жан-жақты жылудың әкетілуімен сипатталады (15, а сурет), ал бағытты кристалдану – бағытталған жылуәкетілумен (15, б сурет). Соңғы жағдайда, кристалдану шебі деп аталатын, қатты және сұйық фазалардың айқын көрінетін бір шекарасы пайда болады.
а б
1 – кристалдар; 2 – балқыма.
