1 Қойдың дене бітімі
Қойдың әр қайсысының өзіндік ерекшелігі болады, сондай-ақ дене бітімі де әр түрлі болатыны сөзсіз.Бірақ көп қойдың ішінде дене бітімі жағынан бір-біріне ұтіршілік оқсас болады.Қойдың тұқымдары өнім бағыты, тіршілік ортасы ұқсас болғанда дене бітімінің де ұқсастығы да арта береді, кейде оларды бір топқа біріктіруге теорияда және тәжірибеде қойдың дене бітімің жіктеудің П.Н.Кулешов пен М.Ф.Иванов ұсынған жүйесі қолданады. Бұл жүйе малдың дене бітімін анатомиялық және гистологиялық көрсеткіштерге негізделген. Оның тегіне Ж.Кювье мен Ч.Дарвиннің мал денесінің ағзалар арасында биологиялық қатынастардың болатының заңдылық ретінде басшылыққа алған ұғым жатыр.Әр түрлі өнім бағытындағы қойлардың терісінің, етінің, сүйегінің, ас қорыту жүйесінің, т.б. ағзаларының өзгешеліктері болатыны және олардың ара қатынасы да өзгеріп тұратыны негізге алынады.П.Н.Кулешов осы ғылыми негіздерге сүйене отырып, малдың дене бітімін төмендегі төрт түрге бөлген. 1.Сөлекет – дене бітімге жататын малдың сүйегі ірі, басы үлкен, терісі қалың, түгі жуан, бұлшық еттері толымды болады. Мұндай малдың жалпы түр-тұлғасы сөлекеттеніп, көзге өреселеу көрінеді. Бірақ мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді, ауруға көп шалдықпайды.Сөлекет дене бітімді қойлардың жүн талшықтары жуандау болады.Мұндай сөлекет бітімді мал, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді, ауруға көп щалдықпайтын болады.
2.Нәзік – дене бітімдерінің көрінісі ашаң, дене бітімділердің терісі жұқа, етсіз, ашық, сүйегі жіңішкелеу, көзге толымсыздау көрінгенімен, ас қорыту ағзалары біршама жақсы жетілген, зат алмасуы жедел, нерв жүйесі тез тозғыш.Мұндай малдар жақсы бағып күтуді керек етеді.
3.Тығыз – дене бітімі малдың сүйегі мықты, бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі тығыз келеді. Қан айналу, тыныс алу, ас қорыту ағзалары жақсы жетілген, жүйкелері мықты. Бұл мал ірі төзімді әрі өнімді келеді, сондықтан оны өсіруге қолайлы да пайдалы. Мұндай қойлар табиғаттың өзгеруіне төзімді, ет өндіруге қолайлы келеді.
4.Борпас(болбыр) – дене бітімі малдың денесі жалпақ, ас қорыту жүйесі жақсы жетілген, зат алмасу процесі баяу жүреді. Мінезі жуас, семіруге бейім. Ет өндіретін шаруашылықта пайдалы, өте қолайлы.Мұндай бітімді қойлар жақсы, тез семіреді.
М.Ф.Иванов жоғарыда айтылған төрт дене бітіміне бесінші түрді яғни мықты деген дене бітімін қосты.Бұл ғылымда өндіріске енді.
5.Мықты – дене бітімді бар қойда нәзіктік немесе босаңдылық белгілер болмайды, сонымен қатар сөлекет те емес, қой жалпы келбетінің жарасымдылығымен көзге түседі.Малдың сүйегі берік, барлық мүшелері бір-біріне сәйкес, жақсы жетілген, терісі тығыз, бірақ аса қылшық емес, түгі жақсы дамыған. Жалпы мал өте келбетті, ширақ. Мұндай мал ауруға берік, өнімі жоғары, қажырлы болады. Өсіру үшін ең жақсы мал қатарына жатады.Мұндай қой көзге келбетті, қайратты болып көрінеді, қалыпты ортада мол өнім береді.
1.1 Дене бітіміне байланысты атаулар
Үкі бас қой. Қойдың қозы күнінен бастап, бос жүндері үкінің басына ұқсас ербие түсіп, екі шекесінің үстін ала тіктеу шыққан кішірек екі айдары барын білдіреді. Тұлымды қой. Бұл атау қойдың екі шекесінің үстін ала мүйіз орнына тұлым сияқты біткен ұзындау, екі көзін баса келген жалбыраған жүні бар деген мағынаны білдіреді. Түймелі қой. Қойдың тамақ терісінің сыртын ала пайда болған жұмыр түйме тәрізді екі қатар біткен салпыншақ кішкене түймедей безі бар деген мағынада. Шұнақ қой. Бұл қойдың екі құлағы өте кішкене бүрісіңкі келгенін білдіреді. Салпаң құлақ қой. Қойдың құлағы ұзын келгені. Үш мүйізді қой. Әдетте, қойда екі мүйіз болады. Кейде тым сирек болса да үш мүйізді қойды кездестіреміз. Осыған қарап «үш мүйізді қой» деген атау қалыптасқан. Топал қой. Мүйізі жоқ қой. Арқар мүйізді қой. Бұл қойдың (қошқарының) жабайы ата-тегінің мүйізіне ұқсас біткен мүйізі бар деген мағынада. Тегене құйрық. Қойдың құйрық бітісі аумақты болып, тірсегіне жетпей, белдемесінен ұштаса (тұтаса) келіп, үлкен тегенеге ұқсас екенін білдіреді. Қалақ құйрық. Бұл атау қойдың құйрық бітісі жалпақ қалаққа ұқсас жұқалау келіп, тірсегіне түспей, тек санының ойынды етін баса, кемерлене келгенін білдіреді. Таңқыш (таңқы) құйрық. Бұл атау қойдың бітісі жар қабақтау келіп, белдемесіне таман бейімделіп тұрғанып білдіреді. Салпы құйрыққой. Құйрығының түп жағы жіңішкелеу болып белдемеден төмен түсе бітіп, төменгі екі жаны сыртына қарай шығыңқы келіп, тірсегін немесе санын соға біткенін білдіреді. Ауыл шаруашылығы малының дене бітімі, сыртқы пішіні және ішкі құрылысы. Мал тұқымын асылдандыру жұмысында әсіресе сұрыптау мен жұп таңдауда малдың дене бітіміне үлкен мән беріледі. Себебі малдың бітімі мен өнім бағыты, қажырлылығы, белгілі жер жағдайына бейімділігі, ауа райының, бағып-күтудің жағымсыз жағдайларына төзімділігі, денсаулығының мықтылығы арасында тығыз байланыс бар. Ал малдың дене бітімі деп организмнің нәсілдік қасиеті мен анатомиялық-физиологиялық құрылыс ерекшеліктері негізінде қалыптасқан, жалпы ішкі және сыртқы құрылыс жиынтығын айтады. Дене бітімі ерекшеліктері малдың түр-тұлғасынан, өнімдік қасиеттерінен және сыртқы орта әсерлеріне жауап әрекеттерінен білінеді. Қорыта айтқанда дене бітімі малдың жақсылығын да, жамандығын да қалыптастыратын негіз, оның маңыздылығы осында.
Малдың түр-тұлғасы - сырт-пішіні. Малдың дене бітімі дегеніміз оның сыртқы түр-тұлғасы мен ішкі құрылысының бірлестігі. Сондықтан малдың дене бітіміне баға беру үшін алдымен оның түр-тұлғасын зерттеу керек. Малдың сыртқы түр-тұлғасын, пішінін - экстерьер деп атайды. Экстербер - француз сөзі, сөзбе-сөз аудармасы сыртқы түр. Орыс тілінде экстерьердің нақтылы баламасы болса да, экстерьер сөзі зоотехниялық әдебиетте орыстың төл сөзіне айналды. Сондықтан экстерьер сөзі бұл кітапта да қазақша баламасымен қатар қолданылады. Экстерьер туралы ілімнің қалыптасуының алғы шарты, малдың сыртқы түр-тұлғасы, пішіні мен өнімділік қасиетінің арасында тығыз байланыстың болуы.
Малдың өсуі дегеніміз оның клеткаларының тканьдері мен органдарының үлкеюі жалпы бойының, көлемінің, салмағының артуы. Бұлардың бәрінің негізінде клетканың бөлінуі мен үлкеюі, клетка аралық заттардың үлкеюі сияқты үш құбылыс жатады.
Даму дегеніміз философиялық тұрғыдан алғанда белгілі бір бағыттағы ілгері қозғалыс, құбылыстың бір күйден екінші күйге заңды ауысуы, қарапайымдылықтан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға көшу жолдары.
Жеке организм тұрғысынан алғанда даму дегеніміз оның күрделенуі, белгілі бір арнайы қызмет атқаратын тканьдердің, органдардың пайда болуы және олардың арасында жаңа қатынастың қалыптасуы, яғни организмдегі сапалық өзгерістер жиынтығы.
Малдың өсуін зерттеу тәсілдері. Малдың өсіп-жетілуін организм құрылымының әр түрлі деңгейінде зерттейді. Соған сәйкес зерттеу тәсілдері де әр түрлі. Біз селекция тәжірибесінде қолданылатын тәсілдерге тоқталамыз.
Селекция тәжірибесінде малдың өсіп-жетілуін туғаннан кейін оның салмағын, бойын және көлемін өлшеу арқылы анықтайды. Көбінесе алғашқы екі тәсіл қолданылады. Малдың өсіп-жетілуі туралы дұрыс мағлұматтар алу үшін өлшеу мерзімдерінің (қашан, қай жаста, қанша уақыттан кейін) маңызы үлкен. Көрсетілген мәселелерді түліктің түріне, зерттеу мақсатына байланысты шешеді.
Мысалы, малдың жас ерекшеліктеріне байланысты өсу заңдылықтарын анықтағанда, әсіресе малдың жас уақытында жиі өлшейді. Сол сияқты тез жетілгіш ұсақ малды (қоян, шошқа, қой т.б.) қара малға (сиыр, түйе, жылқы) қарағанда жиі өлшейді. Шаруашылық жағдайында малдың өсіп-жетілуін бақылау үшін малды туғанда, бір, екі, үш, алты, тоғыз, он екі және он сегіз айлықтарында өлшейді. Екі жасқа толғаннан кейін жылына бір рет өлшейді.
1.2 Түр- тұлғасы – пішіні (экстерьері)
Эктерьер туралы ғылымының қалыптасуына малдың дене бітімі, сыртқы түрі (пішіні) мен өнімділік қасиетінің тығыз байланысты болуы негіз болған. Сондықтан, қой тұқымының асылдандыру жұмысында қойға сыртқы пішініне қарап, баға беруге үлкен мән беріледі.
Қойдың сырт пішініне қарап, төмендегі:
дене бітімін бағалау;
нәсілдік ұқсастығын анықтау;
өзіндік ерекшеліктері мен өнімін бағытын анықтау;
жасын анықтау;
қоңын анықтау;
Малдың пішініне дұрыс баға беру үшін, олардың дене мүшелерінің сыртқы көрінісін, ішкі ағзалары мен, өмір-тіршілігін және нақты өнімділік қасиеттерімен байланысын таразылаған жөн.
Қойдың дене пішініне баға бергенде төменгі негізгі денелердің сыртқы көрінісіне яғни бас, мойын, шоқтық, кеуде, арқа, бел, бөксе, аяқ, желін, жыныс мүшелеріне үйлесімділігіне, келбеттің келісімдігіне жеке-жеке мән беру қажет.
Мал пішінің бағалау малдың дене бітіміне (конституциясына) кешенді түсінік берген кезде басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады.Себебі ол бір дене бітімінің типінің ішінде малдың даму дәрежесінің әртүрлі екендігін ажыратуға мүмкіндік береді.Мысалы: біздің алдымызда мықты екі қой тұр делік. Біреуінің кеудесі жақсы дамыған, әрі жалпақ, әрі терең. Екіншісінің кеудесі жіңішкелеу, таяздау. Бұл көрсеткіштер қойды мықты бітімдіден шығарып, басқа нәзік немесе тығыз бітімге жатқызуға жеткіліксіз.Бұл жерде бірінші қой жоғарырақ бағамен мықты бітімге, ал екіншісі төменірек бағамен сол бітімге жатқызылуы тиіс.
Қойдың дене бітімі ет өнімін тез анықтауға көмектеседі.Денесісінің дқңгеленіп келуі, арқасының жалпақтығы, белінің ұзындығы, сандарының тығыздығы қойдың етті екендігін анықтайды.
Қойда бонитировкалағанда дене бітімі толық сипатталып бағалануына пішінінің көрсеткіштері анық дәлелдеме ретінде пайдаланылады. Сондықтан пішінді дұрыс бағалай білу қажет.
Дене бітімінің көрсеткіштерінің қойды бонитировкалағанда зоотехнияда қабылданған шартты белгілермен, кілттермен құжатқа жазылады.
Жүнді бағыттағы қойларды басқа да бағыттағы қой ұқымдарымен салыстырғанда терісі мен сүйегі ауыр, ал бұлшық ет ұлпасы мен тері асты клетчаткасы әлсіз дамыған. Сүтті бағыттағы қой тұқымдарының ас қорыту мүшелері жақсы дамыған, бұл етті бағыттағыларда нашар, ал жүнді бағыттағы қой тұқымдарында бұл аралық сипатқа ие.Жоғарыда сипатталаған қой малдарының конституция типтерінен басқа аралық формаларда кездеседі. Мысалы, бір уақытта тығыз және ірі немесе нәзік және тығыз, немесе нәзік және болбыр конституция көресткіштері тән малдар көп кездеседі. Бірақ көбінесе, анық байқалатын мықты және болбыр немесе мықты және нәзік, және болбыр конституция көрсеткіштерді тән малдар көп кездеседі. Бірақ, көбінесе анық байқалатын мықты және болбыр немесе мықты және конституциялы қойлар кездеспейді, өйткені олар бір – бірінің қасиеттерін жояды. Аталаған конституция типтерінің морфо-биологиялық қаситтері тұқым түрлеріне байланысты әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Мәселен, Гисаар қой тұқымдарының нәзік конституциямын сөлекет және мықты конституциялы құрдастарымен салыстырғанда сүйектері едәуір жіңішке және әлсіз. Алайда, бұл сүйек Гиссар қой тұқымы үшін нәзік болып табылады. Өйткені ол жуан және салмақты болуы тиіс, ал бұл роман қой тұқымы үшін сөлекет конституцияға тән сипаттама. Басқаша айтқанда, әр түрлі типіт конституциялы қойлардың тұлғасының жеке бөліктерінің даму дәрежесін туралы түсінік әжептәуір салыстырмалы және белшілі бір тұқымның нақты көрсеткіштеріне ғана қолданылады.Алматы облысы Мыңбаев атындағы тәжірибелік шаруашылықта аутбредті және инбредті қазақстың биязы жүнді қошқарларының 8549,0564,80126, 71017, 81094 заводтық аталық іздерін тараған еркек тоқтылардың барлығы нұсқалық Қ.Сейтжан к.лк., 19981 талаптарына сай, мықты конституциялы. Алайда, инбридиттың еркек тоқтылардың мықты конститутциясына аталық із жақындығына байланысты ететіндігі ескеріледі, және инбреддтілігіне ескерілді және инбредттілігіне байланысты малдардың ұнамды типі тиімді варианты анықталған. Мұндай 8549,0564 және 71017 аталық іздері үшін Ғх = 0,78 -1,56%, ал 80128 және 81904 аталық іздері үшін Ғх =3,125 -6,25% анықталған. Бұдан мықты конституцияға сай 74,72,67,73 және 78 % еркек тоқтылар алынса, жоғары дәрежеде (78%) еркек тоқтылар (3,125 -6,25%) 81904 аталық ізінен алынды. 81904 аталық ізіндегі инбредті тоқтылар арасында аутбредтілермен салыстырғанда орта есеппен 5 % жоғары мықты. Конституциялы даралар кездесті, яғни инбридиня екі топқа да жағымды әсерін тигізді. Осыдан конституция мықтылығы, сонымен қатар аталық ізден тараған қой малдарының өсіп- дамуы инбридинг. Әсіресе қазақтың биязы жүнді қой селекциясы кезінде ескеру қажетті ескеріледі.Конституциялық ерекшелік мінездемесі мен оның негізіндегі қой малының қандай конституциялық типке сәйкес келетіндігін анықтау, қазіргі уақытта дейін өндірістік жағдайда морфологиялық көрсеткіштері (экстерьері) бойынша көзбен бағалау, кейбір өнімділік көрсеткіштері бойынша, жүн жабыны мінездемесі бойынша, қылшық жүн мен түбіт арақатынасы жүргізіледі. Көбінесе малдың конституциясын тұқым қуу қабілетіне байланысты анықтайды, бірақ ол сыртқы орта факторлары (азықтандыру, сұрыптау, жұптау, табиғи –климаттық жағдай және т.б.)әсерінен қалыптасады. Сондықтан, қой шаруашылығы мамандары алдында қойдың конституциялық типін анықтау ғана емес, оны белгілі бір талапқа сай, азықтандыру күтіп-бағу, сұрыптау мен жұптау әдістері арқылы көзделген мақсатқа сай алу керек.
Мал шаруашылығы тарихында малдың конституциялық ерекшелігін ескермей, бір жақты сұрыптау мен жұп таңдауды жүргізу нәтижесінде жеке тұқымдар мен бүкіл қой шаруашылығы бағытының құлдырағаны белгілі.
ХVIII ғ. басында батыс Европада елдерінде, сонымен қатар Ресейде қой мамандары қой өсіруге ұмытылды, өйткені сол уақытта ең бағалы және өте жақсы шикізат көзі басып табылатын биязы жүннен биязы шұға (сукөл) өндірілді. Бұл талапқа электрольді типтегі 0,5 -1,5 кг, жіңішкелгігі 16 мкм және одан жіңішке кір жүн беретін меринос қойлары сай келді. Қойдың дене салмағы 25 кг мөлшерінде болды. Электоральді меринос жүні өте жоғары бағаланды, бірақ жүні өте жіңішкелігінің бір жақты ұлғаюы конституциялық әлсіреуіне, қойдың нәзіктелуіне, сүттілгі мен иөлдегіштігінің төмендеуіне әкеледі. Олар кез –келген ауруға шалдыққан күйге ұшырамай бастады. Бүкіл қой табыны трабер ауруымен құрыды. Осының бәрі қойлардың, осы типтегі едәуір мықты әрі өнімді негретти және инфолтада, мериностары мен ауысына әкеледі. Осындай жағдайға ХІХ ғасырдың ортасында Ресейдің оңтүстік аймағында қой мамандары ағаынды Мазаевтар шығарған. Мазаев қой тұқым ұшырады. Бұл мериностарды шығарғанда көп көңіл тек жүн ұзындығы мен жіңішкелігіне аударылды,нәтижесінде, бұл белгі бойынша бір жақты сұрыптау Мазаев қойларының жоғары бағаланатын ірі, ұзын меринос жүні өндірілді, бірақ, артынша, сүйектің күрт жіңішкеруі, конституциясының әлсіреуі көрініс тауып, қойлар жаппай трабер ауруына ұшырады, соңында көптеген мазаев қой тұқымы табындары өлді. Мазаев қой тұқымы конституциясын бекіту үшін П.Н. кулешов мықты және тіпті сөлекет конституциялы (бальдебуковск типі) рамбулье қойларымен будандастыруды ұсынды.
Осы қой тұқымдарын будандастыру нәтижесінде неғұрлым мықты конституциясымен, жүнінің орташа жіңішкелігімен және жақсы төзімділігімен ерекшеленетін жаңа кавказ мериностары шығарылды.
Қазіргі жағдайда жаппай экологиялық мәселелер конституция мықтылығы, төзімділігі, стресс жағдайларға шыдамдылығы жөніндегі сұрақтардың туындауы маңызды орын алады.
