Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИРС ВВ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3 Зерттелетін объектілермен материалдарды салыстыру

3.1 Бризантты жарылғыш заттардың түрлері мен оларды жіктеу

Бризантты жарылғыш заттар (француз тілінен аударғанда "brizer" - бөлшектеу) –екінші жарылғыш заттар болы келеді және оларға тән жарылыс белгісі болып детонция жатады. Детонация— жарылғыш заттың аз ғана бөлшегінің қозуы нәтижесінде орын алады. Брезантты жарылғыш заттар бастамашыл жарылғыш заттарға қарағанды сырқы әсерлерге сезімтал емес. Брезантты жарылғыш заттар әсері детонация жылдамдығы мен жарлығыш заттың тығыздығына байланысты келеді.

Брезантты жарылғыш заттар жарылғыш құрылғының негізгі құрамына жатады және оқ-дәріні жарақтау мақсатында қолданылады.

Бризантты жарылғыш заттар бастамашыл (инициирующий) заттарға қарағанда жәй бастапқы импульстар әсерінен, мысалы ұшқынның, оттың жалынынан детонацияға ұшырамайды. Брезантты ЖЗ қозыдыру үшін бастапқы импульс көзі қажет, ол қоздырушы бастамашыл заттың аз ғана мөлшері болса жеткілікті, ал кейбір жағдайда сезімталдығы төмен жарылғыш затты қоздыру үшін бастамашыл жарылғыш заттың көмегімен сезімталдығы жоғары аралық детонаторды қолданып, қоздырылады.

Бризантты жарылғыш заттар көптеген әскери (артиллериялық оқ-дәрілерді, минометтың миналарында, әуе бомбаларында, теңіз және инженерлік миналарда) оқ-дәрілерін жарақтауда және әскери мақастта қопарылыс жасау үшін, сонымен қатар халықшаруашылық масатта кеңінен қолданылады.

Жарылғыш заттардың жарылыс барысындағы зарядқа жақын орналасқан ортаны бөлшектеуді – брезанттылық деп атайды. Оны жарылысы нәтижесі бойынша анықталады. Ол үшін 20 гр. жарылғыш затты базальттан жасалған куб (қырының ұзындығы 150 мм.) болыгна салып, бұл базальт блогын болаттан жасалған ыдысқа орнатып, жарылс жасайды. Осы жарылыс нәтижесі бойынша майдаланған базальт блогын фракциясы есептеледі. Сонымен қатар бризанттылықты жарылыс импульсын өлшеу арқылы да бағалайды. Ол үшін қорғасыннан жасалған цилиндрді, мыстан жасалған крешерді қысу дәрежесі бойынша немесе баллистикалық маятниктің ауытқуы бойынша да анықталады.

Жарылғыш заттың заряды — фугас деп те аталады. Осы фугастың әрекетін жырылыс нәтижесіндегі бөлінген жылу мен газқұраушы көлеммен сипатталады. Бризантты жарылғыш заттар тау-кен өндірісінде, құрылыс саласында және басқа да халық-шарушалығында6 жарылыспен металлды –өдеуде, сейсмобарлауда, о-дәрілерді жарақатуда қолданылады.

Бризантты жарылғыш заттар жеке-дара қосылыстар түріндде және түрлі жарылғыш заттардың қоспасы түрінде де кездеседі.

Жеке-дара жарылғыш заттар тобына O-, C- және N- нитроқосылыстар мен целлюлозанитрат (пироксилин) басқа спирт пен көміртек нитраттары, мысалы диэтиленгликольдинитритті (ТЭН) атауға болады. Бұл қоспа көптеген өндірістік жарылғыш заттардың — динамиттің, аммониттің және басқа заттардың құрамына енеді және түиінсіз порохтың негізі және зымыран отыны болып табылады. Бұл жарлығыш заттың қолданылуының кеңдігі, оның оңай алынуымен, бастапқы материалдардың қолжетімділігімен және жоғары жарлығыштық қасиетін қатысты. Ол басқа нитроқосылыстарға қарағанда термиялық әсерлерге тұрақты боыл келеді. О—NO2 қосылыстың байланыс энергиясы 147-177 кДж/моль, ал С—NO2 баланысының энергиясы 218-239 кДж/моль,, ал N—NO2 172-197 кДж/моль тең. Нитраттар үшін жылу бөлінуі 195-215°С.

С-нитроқосылыстар арасында ең маңызды орында ароматты полинитрақосылыстарын атауға болады. оның ішінде - үшнитротолуол (тротил) мен үшнитрбензолды атауға болады. С—NO2 қосылыстың беріктілігі ол қосылыстың термиялық тұрақтылығының жоғарылығымен түсіндіріледі. Бұл қасиет кейбір жарылғыш заттарда кездеспейді, соның салдарын термиялық тұрақты емесе жарылғыш заттар өз бетінше ыдырайды және тұтанады. С—NO2 қосылысты заттар қызыдыруға және механикалық әсерлерге төзімді келеді, мысалы тротил 1500С температурада ғана ақырын ыдырай бастайды.

Нитропарафиндер үшін жоғары реакциялық қасиеті, көптеген металдармен органикалық негіздермен олар тұздар түзеді. Бұл түзелген тұздар көптеген қосылысатрға әсерленеді. Жарылғыш заттарда нитропарафин қолданылмайды. Олар зымыран отынында тотықтырғыш ретінде және басқа жарылғыш заттарды алуда пайдаланады.

N-нитроқосылыстарға (нитаминдер) 1,3,5-үшазациклогексан (гексан) диэтанолнитраминдинитрат (ДИНА), циклотетраметилентетранитрамин (октоген), үшнитрофенилнитрамин (тетрил) және басқа да заттар кіреді. Бұл топтағы кейбір қосылыстар (әсіресе октоген мен гексан) жылуғатұрақты жарылғыш заттар ретінде қолданылады. Нитраминдер механикалық әсерлерге жоғары сезімталды болып келеді, сондықтан оларды парафинмен, воскпен аралыстырып пайдаланады және бұл қосылыстар механикалық әсерге сеімталдықты төмендетеді.

Түрлі жарылғыш заттардың қоспасы. Бұндай қоспалар құрамына жеке-дара жарылғыш заттар кірмеуі мүмкін. Түрлі қоспалар ЖЗ тобына бризантты жарылғыш заттар жатады, олар: нитроқосылыстардың қоспасы, мысалы, тротил мен динитронафталинмен, гексанмен, үшнитроксилмен қоспаларын және нитоқосылыстардың металдармен немесе олардың өнімдерімен айтуға болады.

Жарылғыш заттармен танысу үшін және оларды өз ара ажырата білу үшін негізгі қасиеттері мен мүмкіншіліктері, қолданылу ерекшеліктер бойынша топтар мен кластарға жіктеу арқылы танысу ыңғайлы болады. Жарылғыш заттардың қолданылуына қарай негізгі төрт топқа бөлінеді, олар:

  1. Бастамашыл (инисцинирлеуші) жарылғыш заттар;

  2. Бризантты (бөлшектеуші) жарылғыш заттар;

  3. Лақтырушы (метательные) жарылғыш заттар немесе порохтар және зымыран отындары;

  4. Пиротехникалық қоспалар.

Өте сезімтал бастамашыл жарылғыш заттар

Бұл топтағы жарылғыш заттар іс жүзінде қолданыс таппады, оның себебі бұл заттардың сезімталдық қасиеттері өте жоғары және сәл ғана механикалық, температуралық әсерлер салдарынан жарылысқа әкеліп соғу қауіпі бойынша. Соған қарамастан бұл заттардың кейбірі басқа салаларды сұранысқа ие, оның ішінде қаупісзідік техника саласын айтуға болады.

Өте сезімтал бастамашыл жарылғыш заттарға азотты йод, үшоксид ксенон, пероксиацетилнитрат, күміс нитриді, пероксид жатады.

  • Азотты йод (үшйод нитридының аммиакаты) – көпшіліке мәлім, өте қауіпті жарылғыш қоспа. Бұл қоспамен жұимыс жүргізу мен қолдану барысында көптеген қайғылы жәйттер орын алған. Азотты йод қоспасы таза күйінде жарық сәуленің шашырауынан, альфа-сәуленің әсерінен, құс қанатының талшығымен сүйкеу, әлсіз қысым жасау барысында немесе сәл қыздыру және т.б. салдардан детонацияланады. Кәдімгі жағдайда бұл қоспа йодпен және оның қоспаларымен ластандыру арқылы сезімталдығы төмендетіледі.

  • Үшоксид ксенон — ксенонның ең тұрақты тотығы ретінде мәлім. Соған қарамастан, бұл заттың құрғақ түріндегі кристаллының салмағы 20 мг асқан бөлшектері, өз салмағынан детонацияға ұшырайды және жылу бөледі. Бұл жарылстың күші тротилге тең.

  • Пероксиацетилнитрат — фотохимиялық түтіннің компоненті болып табылады. Таза күйіндегі сұйықтық себепсіз детонацияланады. Оның себебін анықтау мүмкін емес, тіпті терезе әнегінің тегіс болмауының өзі детонацияға әкеліп соғады.

  • Күміс нитриді — бұл қара түсті тұнба ретінде белгілі және ол аммиак ерітіндісіндегі күміс тұздарының ұзақ уаықт аралығында тұру салдарынан түсетіндігі белгілі. Құрғақ және ылғалды күйінде детонацияға ұшырайды.

  • Қарпайым эфирдің пероксидтері (диизопропилді диэтил) — қарапайым эфирлердің ұзақ уақытта ауамен араласуы нәтижесінде құралады. Бұл қоспаның қарапайым эфирдің құрамында болуы зертханада жарылысқа алып келеді. Әсіресе толық кепкенге дейін кептіру барысында орын авлады және бұл қауіпті қоспаның ауда бар екендігін, калий иодидімен реакцияға түсуі арқылы анықтауға болады.

Қорытынды

Болашақтағы бастамашыл жарылғыш заттар қатарына темір мен нитротетразол кешенін және кобальт перхлораты мен оның өнімдерін жатқызуға болады.

Темір мен нитротетразол кешені су молекуласынан немесе аммиактан тұратын қоспаны Green Primes ретінде – экологиялық қауіпсіз бастамашыл жарылғыш зат ретіндек ұсынылды. Бұл қоспаның құрамында қорғасын мен сынап жоқ.

Кобальт перхлоратының аммиакты кешенінің өнімі тетразол бастамашыл ретінде оптикалық талшықтар арқылы лазерь сәулесін тасымалдауда қолдану, жарылыс жұмыстарын жүргізуді қауіптті еттеді, себебі бұл зат оптикалық талшықтарда статикалық энергияның жиналуына жол бермейді.

Әдебиеттер

1. Багал Л. И. «Химия и технология инициирующих взрывчатых веществ» М. 1975

2. «Энергетические конденсированные системы» под ред. Жукова Б. П., 2-е изд. М.:Янус-К 2000

3. Аверьянова Т.В., Белкин Р.С., Корухов Ю.Г., Россинская Е.Р. Криминалистика. Учебник для вузов. — М. Издательство НОРМА. 2000

4. Бурьянова М.О. Юридический энциклопедический словарь. — М.: Проспект, 2006

5. Герасимов И.Ф. Криминалистика: Учебник для вузов — 2-е изд., перераб. и доп.— М.: Высшая школа, 2000

6. Зайцев О.А. Криминалистика. Курс лекций: учебное пособие для вузов.-М. Издательство «Экзамен» 2006

7. Ищенко Е.П., Топорков А.А. Криминалистика: Учебник. Изд. 2-е, испр. и доп. — М.: Юридическая фирма «КОНТРАКТ», «ИНФРА-М», 2006

8. Каневский Л.Л. Криминалистика. Экстерн-пособие. Издательство «Восточный университет» Уфа. 1998

9. Шапочкин В.И., Ручкин В.А., Ярмак В.А., Герасъкин М.Ю. Взрывные устройства, используемые в противоправных целях (по данным Нижневолжского региона), и задачи по совершенствованию их экспертного исследования // Теория и практика экспертных исследований в свете Закона Российской Федерации «Об оружии»: тез. докл. межвуз. науч.-практ. конф. — Волгоград: ВЮИ МВД России, 1995.

10. Контемиров В.Т., Ручкин В.А. Шапочкин В.И., Герасъкин М.Ю., Котелъников Б.В. Аналитический обзор по раскрытию преступлений, совершённых с использованием взрывных устройств (по материалам Нижневолжского региона). — Волгоград: ВЮИ МВД России, 1998.

11. Дилъдин Ю.М., Мартынов В.В., Семенов А.Ю., Шмырев А.А. Основы криминалистического исследования самодельных взрывных устройств: учеб. пособие. — М.: ВНКЦ МВД СССР, 1991