- •Курстық жұмыс Тақырыбы: «Қазақстандағы этно-мәдени туризмднің дамуы»
- •5B090200 – «Туризм» мамандығы бойынша
- •1 Қазақстандағы этно-мәдени туризмді дамытудың теориялық негіздері
- •Этно-мәдени туризм түсінігі және оның түрлері
- •1.2 Отандық этно-мәдени туризм және қазақтың салт-дәстүрлер
- •1.3 Этно-мәдени туризмдегі халықаралық тәжірибе
- •2.1 Мәдениет – туристік ынталандыру факторы ретінде
- •2.2 Қазақстандағы этно-мәдени туризмді дамыту мүмкіндіктері
- •3.1 Ұлытау өңіріндегі этно-мәдени туризмді дамыту жолдары
- •3.2 Қазақстандағы этно-мәдени туризмді жетілдіру жолдары
2.2 Қазақстандағы этно-мәдени туризмді дамыту мүмкіндіктері
Қазақстандық туристік өнімнің ерекше белгісі, оның сипатының маусымдығы болып табылады, бұл маусымнан басқа кезде нақты шаралар қабылдауды және туризмнің баламалы түрлерін дамытуды талап етеді.
Жоғарыда көрсетілген сегменттерге сәйкес, инфрақұрылымның белгілі бір талаптары бар. Ол қарапайым, салыстырмалы түрде қымбат та, үлкен де емес (25 – 100 орын шегінде) экологиялық таза жерлердегі бір орында клиенттер 2 – 3 күн болуға есептелген туристік бағыттарда орналастырылған объектілері болуы тиіс.
Турөнімнің маңызды құрамының бірі - көлік болып табылады. Туристерді Қазақстанға алып келуде авиа қатынас басты роль атқарады. Сондықтан, нарықта ұлттық авиатасымалдаушының жағдайын күшейту және дамыту мейлінше маңызды мәселе болып табылады. Ұлттық авиажелілерде осындай бағыттағы рейстер ашу арқылы бәсекелестік қабілеті төмендеуінің нәтижесін бейтараптандыру қажет.
Туризмдегі мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру туристік қызметті жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларға толық жауап беретін мақсаттарына, қағидаларына сай жаңа көзқарастарды талап етеді.
Этнотуризмді кешенді дамытудың табысты іске асырылуын қамтамасыз ету, саланы мемлекеттік басқару әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Қазіргі уақытта саланы мемлекеттік реттеу мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиіс:
Республикалық және аймақтық деңгейлерде этнотуризмді дамыту саясаты мен жоспарлауды үйлестіру;
Туристік индустрия саласындағы қарым-қатынасты ретке келтіру мен жетілдіруге бағытталған заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны қамтамасыз ету;
Сапалы туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Статистиканы және зерттеу қызметін жетілдіру;
Білім және оқу стандарттарын қоса алғанда, туризм, соның ішінде этнотуризм саласына арналған кадрларды кәсіптік даярлау;
Туризм саласында мүдделі министрліктер мен ведомоствалар, сондай-ақ, мемлекеттік және жеке секторлар арасында жоғары деңгейдегі үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тарифтерді, туристік ұйымдардың, тасымалдаушылардың қызметін лицензиялауды, туристік обьектілердің сапасын және қызмет көрсетудің стандарттарын бақылау;
Ел беделін қалыптастыру, қазақстандық туристік өнімнің маркетингі және алға жылжытудағы басым шараларды белгілеу, оның ішінде туристік көрмелерді және басқа іс-шараларды ұйымдастыру;
Халық арасында этнотуризм құндылықтарын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау;
Халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық санаттары мен топтары арасында этнотуризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
Мемлекеттің этнотуристік көрнекті орындарын құру және қорғау;
Этнотуризм инфрақұрылымының аса маңызды базалық компоненттерін жасау.
Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық өмірді реформалау туризмді және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. Жалпы, туризмнің материалдық базасының нашарлығынан Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бұл-туристік салаға күрделі қаржыны, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлар қаражатын тартуды қажет етеді.
Ұлттық туристік өнім ерекшелігін ескеріп, тұрақты туристер ағынын қамтамасыз етуге қабілетті елдің туризм инфрақұрылымын дамыту үшін:
Жалпы пайдалану және туристік мұқтажды қанағаттандыру үшін жол-көлік инфрақұрылымын дамыту;
Ілеспе инфрақұрылымды, қолданыстағы және ықтимал этнотуристік аймақтарды сумен, электрмен жабдықтау, кәріздер және қатты қалдықтарды жою жүйесін, телекоммуникацияларды дамыту;
Туристік кешендерді, этнографиялық мұражайларды және демалыс аймақтарын құру: тарихи-мәдени және этнографиялық ескерткіштерді қалпына келтіру және мұражайға айналдыру;
Жыл бойы пайдаланылуын ескере отырып, туристік обьектілер жобаларын, оның ішінде орташа және шағын орналастыру құралдарын жасау және оларды салу.
5) Ұлттық туристік өнім және оны дамытудың әлеуетіне сәйкес, маркетинг стратегиясын әзірлеу қажеттілігі бар. Осы бағытта мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:
Сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін елдерде жағымды пікір қалыптастыру;
Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
Қосымша мүмкіндіктер бере отырып, төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;
Шетелдік туристер ағынының дәстүрлі нарығына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;
Ел аумағында орналасқан көрнекті туристік орындар мен обьектілердің бүкіл ауқымын әлемдік нарыққа жылжыту;
Ұлттық туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану;
Туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау.
Жерлері Ұлы Жібек жолының аумағында сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан әлі де болса, туристік бағыт ретінде әлемге танымал бола қойған жоқ.
Туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.
Қолайлы туристік беделді құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлі мәдени, спорттық және туристік іс – шаралар өткізу ықпал етеді.
Қазақстанның туристік беделін қалыптастыруда есепке алудың компьютерлендірген бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, Республика аумағына шетелдік азаматтардың кіруі, шығуы мен болуы тәртібін, визалық және кедендік рәсімдерді оңайлатудың зор мәні бар.
Сондай-ақ, қонақжай Республика беделін жасауға туристер жиі болатын орындарда қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен қоса берілген ақпараттық таблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылуы өз септігін тигізеді.
Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қауіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор.
Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты.
Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды элемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде ұғынуға көмектеседі.
Мемлекттік органдар, туристік ұйымдар мен халықаралық ұйымдар саяхатшылардың денсаулығы үшін қауіп тудыратын табиғи апаттан, әлеуметтік тәртіпсіздіктер, террорлық әрекеттер, көлік жұмысындағы елеулі іркілістер, індет және басқа факторлар сияқты туризмге ықтимал қауіптер туралы ақпарат береді.
Туристік жағынан дамыған көпшілік елдерде туризмнен түскен жалпы табыстың отыздан елуге дейінгі пайызын ішкі туристік рынок құрайды. Бұл ретте, Қазақстанның болашағы зор. Сонымен, бір мезгілде, қазіргі кезде ішкі туризм негізінен бейберекет күйде екенін, ұйымдастырылмағандығын атап өткен жөн. Аздаған курорттар, санаторийлер және туристік базалар ғана жұмыс істеуде. Туризмнің осы түрін дамытуға тиісті көңіл бөлінбей отырғандықтан, мемлекеттің бюджеті қыруар соманы ала алмайды, инфрақұрылымның бұзылуы жалғасуда, табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштердің экологиялық жай-күйіне орасан зор нұқсан келтірілуде. Демалу құқығын пайдалануда халықтың аз қамтылған бөлігі ретінде әлеуметтік көмек көрсетілетін оқушыларға, жастарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне және өзге әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға саяхат жасау үшін жағдай жасау мақсатында, мемлекеттік және мемлекеттік емес қорлардан, басқа да қайырымдылық ұйымдары мен қорлар, әлеуметтік көмек көрсететін бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен қаражат бөлу арқылы әлеуметтік туризмді дамытудың да экономикалық әлеуеті зор.
Бұл ретте, этнотуризм түрлерін дамытуда оған қызығушылық танытатын туризм өндірісін пайдаланушылардың неғұрлым қарасы көп тобын құрайтын жандардың (балалы отбасылар, қарттар тобы, мүгедектер) көптеген шалғайдағы ауылдарға, ыңғайлы да сапалы көлік құралдарына және көрікті жерлерге қолдары жете бермейді. Сөйтіп, туристік ресурстарға қол жеткізу жалпы туризмді дамытудағы неғұрлым маңызды фактор болып табылады. Көптеген туроператорлар туристік ресурстар мен қызмет көрсетулерге қол жеткізу туристер санын көбейтуге мүмкіндік беретінін біле отырып, осыған қатысты шаралар қабылдау қажеттілігіне мән бермейді. Сондықтан, туристік қорларға қол жеткізудің стратегиясы мен саясатын жіті әзірлеу, туризм өндірісі қызметшілерінің арнайы даярлық деңгейін көтеру, әлеуметтік- экономикалық дамудағы туризмнің алатын маңызы жайында жұртшылықтың хабардар болуын арттыру қажет.
Мемлекеттік және жергілікті басқару органдары этнотуризм саласын дамытуға бағытталған жобаларды мейлінше қаржыландырып, осы салада жұмыс істеп жатқан туристік ұйымдардың көп болуына қолдау көрсетуі қажет.
Егер осының бәрін өз дәрежесінде көтерер болсақ, жыл сайын мыңдаған турист Қазақстанға жол тартатыны сөзсіз.
3 ҚР-дағы этно-мәдени туризмді дамыту мүмкіндіктері мен жолдары
