- •Курстық жұмыс Тақырыбы: «Қазақстандағы этно-мәдени туризмднің дамуы»
- •5B090200 – «Туризм» мамандығы бойынша
- •1 Қазақстандағы этно-мәдени туризмді дамытудың теориялық негіздері
- •Этно-мәдени туризм түсінігі және оның түрлері
- •1.2 Отандық этно-мәдени туризм және қазақтың салт-дәстүрлер
- •1.3 Этно-мәдени туризмдегі халықаралық тәжірибе
- •2.1 Мәдениет – туристік ынталандыру факторы ретінде
- •2.2 Қазақстандағы этно-мәдени туризмді дамыту мүмкіндіктері
- •3.1 Ұлытау өңіріндегі этно-мәдени туризмді дамыту жолдары
- •3.2 Қазақстандағы этно-мәдени туризмді жетілдіру жолдары
3.2 Қазақстандағы этно-мәдени туризмді жетілдіру жолдары
Елімізде туризмнің дамуына қажеттi – зор аумақ, бай тарихи және мәдени мұралар бар. Әр түрлi кезеңдерде Қазақстанның бай тарихында, кең көлемді алып жатқан аумағында сақтар, ежелгi үйсіндер, ғұндар, қаңлылар, түркі тілдес тайпалар тағы басқалар өз iздерiн қалдырды. Осындай ұлттық салт-дәстүрлер, мәдениет, ұлттық ойындар, тағамдар, әдет-ғұрыптарға, ұлттық құндылықтарымызға бай елімізде этнографиялық туризмді дамыту мақсатында «Этноауыл» деп аталатын жобамызды ұсынғымыз келеді. Туристерге арналған «Қазақ этноауыл» жобасы. Бұл жобада демалуға, мәдениетімізбен танысуға арналған киіз үй орналастырылады, ұлттық тағамдарымыздан дәм татуға негізделген ұлттық мейрамхана, ұлттық қолөнерімізді дәріптеуге, кәде-сый жасауға арналған шеберханалар, әр түрлі кәде-сыйларды, ұлттық тауарларымызды сатып алуға мүмкіндік беретін базар, көкпар ойынына арналған ипподром, ұлттық ойындарымызды тамашалауға, қатысуға мүмкіншілік туғызатын ойын алаңдары орналастырылады (Сурет-1).
1-қазақ үй;
2-ипподром;
3-шеберханалар;
4-сауда орны;
5-мейрамхана;
6-ойын алаңы. .
Сурет
1. «Қазақ этно ауылы» жобасының сұлбасы
(автордан)
Егер біз этнографиялық ауылдарды дұрыс ұйымдастыра алсақ, Қазақстанның барлық өңіріне туристерді көп тарта алатын болар едік. Бұл үшін онда жергілікті тұрғындардың көмегімен этнографиялық ауылдарды құрастыру қажет. Бізде оған қажетті барлық негіз бар. Жалпы этнографиялық туризм арқылы халқымызды әлемге таныстырудың мүмкіндігі өте зор. Этнотуристік бизнесті тек қана шетелдік қонақтарға ғана арнап емес, сонымен қоса белсенді өмір ырғағына үйреніп қалған, рухани демалуды іздейтін қала тұрғындарына да бағыттауға болады. Этнотуризм нені ұсына алады (қазақ этносының мысалында): ұлттық киімдерге киініп суретке түсу, белгілі уақытқа жергілікті халықпен бірігіп өмір сүру, сол халықтың дәстүрлі кәсібімен, шаруашылығымен айналысу, ұлттық тағамдардың дәмін татып қана қоймай- әзірлеуді де үйрену; кешкі уақытта ұлттық ойындарын ойнап, халық ауыз әдебиетімен танысу – аңыз әңгімелерін тыңдау, аңшылық, бүркітшілік шоуларына, салт-дәстүрлерді көрсетуінде қатысу, ұлттық спорт түрлерін тамашалау, жылқымен серуендеу, кешкі мал сауу процесін бақылау т.б.
Этнотуризмді кешенді дамытудың табысты іске асырылуын қамтамасыз ету, саланы мемлекеттік басқару әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Этноауыл жобамыздың еліміздің дамуына тигізетін оң әсерлері :
Этноауыл жобамызда ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді көрсету арқылы, қазақ атауының әлемге танылуы;
Ұлттық қолөнердің дамуына негіз болуы;
Қолөнер бұйымдарын жасау арқылы отандық туризм саласына инвестиция тарту;
Халқымыздың бүкіл тарихы, салт дәстүрінен толық мағлұмат беруі;
Қазақ халқының осыншама тереңнен бастау алған бай тарихы этнографиясы арқасында,сан мыңдаған шетелдік туристердің танып білу мүмкіндігі;
Ауыл адамдарының жұмыспен қамтамасыз етілуі;
Туристік инфрақұрылымның дамуына септігін тигізуі;
Ұлттық мейрамдардың аталып өтуіне мүмкіншілік жасауы;
Мәдени мұраның сақталуына ықпал етуі;
Еліміздің экономикасына қаржы түсіруге негіз болуы, 1 турист 9 адамды жұмыспен қамтитынын ескерсек, экономиканың да дамуына үлес қосар еді;
Ауыл халқының тұрмыс тіршілігінің өсуіне, әл ауқатының артуына түрткі болуы.
Қорытынды
Қорыта келгенде, этнографиялық туризм, туризмның перспективалық даму саласы болып табылады. Этнографиялық туризмның дамуы, сөз жоқ, туристерді орналастыру орындарының, құрал-жабдықтары, кәде-сый жасап шығару жұмыстарының , құрылыс, өндiрiс және тағы басқа да салалардың дамуына мүмкіндік туғызады. Этнотуризм ұлттық брендке әсер ететін факторлардың бірі екені анық.
Этно-мәдени туризм ең әйгілі және бұқаралы туризм түрі болып келеді. Әлемде мәдени туризм бөлек бағытпен ерекшеленген және Қазақстанда жыл сайын үлкен даму қарқынын алуда.
Қазақстан – тарихи және мәдени мұраға бай мемлекет. Еуразияның орталығында орналасқан, Қазақстан әлемнің көне өркениеті торабында Батыс пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстікті әлеуметтік және экономикалық, мәдени және идеологиялық тұрғыда байланыстырған. Ежелгі қазақ даласында Ұлы Жібек жолы өтетін. Әр түрлі тарихи кезеңдерде қазіргі Қазақстан территориясында өзіндік мәдениетті мемлекеттер пайда болып дамыған.
Сол дәуірдің мұрасы ретінде көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер болуда.
Ескерткіштердің саны және әр түрлілігімен Қазақстан Индия, Қытай, Жерортатеңізі мен Таяу Шығыс мемлекеттерінен қалыспайды және өзінше ашық аспандағы мұражай болып келеді.
Көптеген ескерткіштерді бүкіл әлемдік маңызы бар деп ЮНЕСКО мойындаған.
Қазақстан үшін елдің ішінде де, шетелде де тұрақты үздіксіз ақпараттық имидждік акциялардың өткізілуі қажет. Ол үшін елдегі туристік саланың географиялық жағдайын, халықтың бай тарихын, тұрақты экономикалық және саяси жағдайын, әрине Ұлы Жібек жолында жатқан басымда объектілер санын дамыту үшін барлық артықшылықтарын көрсететін бағдарламалар қажет. Егер америкалық жағдаймен салыстырғанда, табиғи түрде, Қазақстан шетелдіктер бағалайтын параметрлер бойынша институционалды үлгі қазір жасай алмайды. Бірақ ол ландшафтылық ерекшеліктерінің алуан түрлілігі бойынша, тарихи және археологиялық ескерткіштер саны және ерекше қорғанатын территорлар - ұлтық парктер мен қорықтар, экологиялық туризм объектілерінің тартымдылық деңгейі жоғарылылығы бойынша объектінің болуы бойынша тіпті АҚШ- тан да озып кетуі мүмкін.
Қазақстан да бірегейлі мұраларға ие мемлекет. Әрине қазіргі таңда туризмнің атрибуттары – сувенирлер, карталар, белгілер, сондай-ақ туристік құрылғылар – шатырлар, сөмкелер, аяқ киім, жататын орындар жайында ойлану қажет. Осылардың Республикада жасап шығарылуын қадағалау қажет. Оның негізгі құраушылары: транспорт – қонақүй – тамақтану орындары – экскурсия сияқты біз көріп жүргендер болып табылады. Қалғандары – бұл спорттық туризм үшін қажет құрылғыларды қоса есептегендегі түрлі туристік өнімдерді шығару, мәдени орталықтардың қызметі және табиғи зонлардағы қорықтардың күзетін есептегендегі көп салалы өндірістік туризм болып табылады. Әрине бұл адекватты туризм индустриясының компоненттерін құратындардың аз ғана бөлігі болып табылады.
Мәдениет және туризм аясында түрлі ұйымдардың іскерлік қарым-қатынасын қамтамасыз ету үшін ортақ жұмыстың негізгі бағыттары туралы өзара ақпарат қажет. Туристік даму саясаты келесідей негізгі аспектілерді көрсетуі керек:
- туристік қорлар тізімін дайындау, әсіресе ерекше назарда мәдени, тарихи және табиғи мұра және туризмнің дамуына арналған аса маңызды обьектілерді анықтау;
- негізгі туристік аймақтарды және туристік тағайындау орындары, сонымен қатар, жергілікті мәдени, тарихи және табиғи мүсіндерді күзету бойынша сәйкес шаралармен қамтамасыз ету;
- жасанды және табиғи, материалды және материалды емес обьектілерді, жергілікті халық шығармашылығын (өнер, қолөнер кәсібі, фольклор) қосқанда ұлттық игілікті туризм мақсатында пайдалану;
- аймақтың табиғатын бағалау негізінде жергілікті халық және туристерді тәрбиелеуге бағытталған мерекелерді жүргізу.
Бірегей тарихи обьектілердің болуы аймақта туризмнің табысты дамуын анықтай алады. Тарихпен және тарихи обьектілермен таныстыру – бұл қатты түрткі болатын туристік ынталандыру.
Бүгінде туризм жекелеген мемлекеттердің табыс көзіне айналған заманда, Қазақстан да жерінің бай қазбаларымен ғана емес, мыңдаған жылдық тарихы бар этнос ретінде маңызды туризм саласын дамытуға бет бұрды. Оған дәлел, Үкімен тарапынан, Елбасының айқын басымдылық тұрғыдан қолға алған біршама шаралары, жақын уақытта дамытылуы тиіс туризм туралы заңдар мен мемлекеттік бағдарламаны айтуға болады. Осы тұрғыдан алғанда, туризм саласының ең маңызды бір бағыты – этнотуризмді кеңінен өрістету бүгінгі күннің басты талабы деуге болады.
Қорыта келгенде, Қазақстан үшін басты сала, этнотуризм өз деңгейінде өркендейтін болса, халықтың әл ауқатының көтерілуңне аз да болса көтерілері анық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
С.Р.Ердәулетов,Ж.Н.Алиева, А.Р.Жұмаділов.
Туризм географиясы, Алматы 2011
Биржаков М.Б. Введение в туризм / М.Б Биржаков Невский Фонд, Москва: 2000.
Ердавлетов А.Ю. Международный туризм / А.Ю. Ердавлетов Учебное пособие для вузов. Аспект Пресс , М. 2001
Шайкенова P.P., Мамутова К.Р. Современное состояние экологического туризма в Казахстане II I Сборник статей Всероссийской научно-практической конференции «Экологический и этнографический I туризм: становление, проблемы и перспективы развития». - Хабаровск, 2009.
Чеботарь Ю.М., Туристический бизнес, М, 1998 г.
Костюкова О.И., Основы туризма
Е.Л. Ильина «Туроперейтинг: организация деятельности». Москва, 2002 г.
Ильина Е.Н. Туризм – путешествия. Создание туристской фирмы Агентский бизнес. - М.: РМАТ, 1998 г. – 58 бет.
