Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ркен толын баяндама.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61 Кб
Скачать
☆

2.2 XX ғ. Басындағы Бельгия мен Нидерландия бизнес мұрағаттардың қалыптасуы

ХХғасырдың бас кезінде экономикалық саяси мәселелер негізінде мұрағаттар қалыптастыру, мекемелер ашу ісі қарқынды жүре бастады. 1910ж мұрағатшылар мен кітапханашылар ассосациясының басшыларының жиналыс нәтижесінде Бельгияның Брюссель қаласында мұрағатшылар кеңесі өтті. Яғни, кеңесте мұрағат құжаттарын сақтандыру, пайдалануға беру, мұрағатқа өткізуге байланысты мәселелер қарастырылды. Кеңес нәтижесінде мұрағат құжаттары негізінде өндірістік шикізаттар көрмесін өткізу қарастырылды.

Құжаттарды сақтауға байланысты өткен конгрессте Тулуз қаласынан келген М.Паскье «жекеменшік мұрағаттар» ұғымына түсініктеме берді. М.Паскье көтерген проблемалардың негізі үлкен жекеменшік мұрағатын құру. Аталған сұраққа жауап ретінде тізімнен тыс немістің мұрағатшысы М.Шванн жауап қайтарды.

М.Шванн айтты «біз саудадан бекерден үміт күтеміз», біздің уақытымыз нақты болуы тиіс. Конгрессте белгілі бір мәселелер, программалар және жобалар қарастырылмаса да, экономикалық мұрағаттарда орталық мекемелердің мұрағат құжаттарының біріктірілуі, сақталуын қамтамасыз ету.

Голландияда 1ші дүниежүзілік соғыстан кейін мұрағат ісі 1918жылы 17-маусымдағы және 1919жылы 6-қыркүйекте қабылданған заңнамалар негізінде жүзеге асты. мемлекеттік мұрағаттарды басқару білім министрлігіне берілді. Алайда мемлекеттік қарауында Гаагадағы мемлекеттік мұрағат және 2-ші провинциялық мұрағаттар қалып, мемлекеттік мұрағатшының қоғамдағы рольі кішкене көтерілді.

Мемлекет басшылығы сонымен қатар мұрағат инспекторлары тарапынан қадағалауды күшейтті. Соның ішінде «су округінің» мұрағаттары гидротехникалық шаруашылық құру тарихын сауда жолдарының құру сызбаларының тарихы сақталды.

Мемлекеттік мұрағттардан басқа мемлекеттерде тарихи мұрағаттар, тарихи әскери мұрағаттар және Нидерланды тарихи экономикалық мұрағаты жұмыс жасады.

Нидерланды тарихи экономикалық тарихи мұрағаты 1914жылы тарихи экономикалық қауымдастық құрды. Бұл мұрағатта Голландияның экономикалық тарихына қатысты қолжазба және терілген құжаттары және кейбір басқа мемлекеттің жеке кәсіпкерліктері коорпорациялар мен биржалар тағы басқа мәліметтер сақталды.

1902жылы Маркстік идеяларды жақтаушы Голланд тарихшысы Х.Голанд-Холст Нидерландтық 1780-1900жж әлеуметтік-экономикалық тарихына байланысты алғашқы зерттеуін ұсынды. Экономикалық тарих Голландияда ғылыми пән ретінде ХХ ғасырдың басында дами бастады.

1904жылы Амстердам универсиетінің профессоры Х.Бругман «Экономикалық тарихтың мағынасы» атты лекциясын оқып, экономикалық тарих ұғымына түсінік қана бермей, оның басқа ғылымдармен байланысында атап өтті.

1904-1910ж аралығында осы тақырыпта диссертациялар қорғала бастады. Олардың ішінде В.Ван-Равенштейн(1906), Н.В.Постерлус(1908) Постерлустың бастамасымен 1914ж Нидерланды тарихи-экономикалық мұрағаты құрылды. Постерлус өзінің академиялық карьерасын экономикалық тарих бойынша неміс мектептерінің үлгісін алды, әсіресе (К.Маркс), капитализм теориясын негіздеуші К.Маркстен үлгі алды.

Постерлус 1913ж Реттердам Университетінде Голландиядағы алғашқы экономикалық-тарих кафедрасының меңгерушісі болды. Экономикалық ғылымдағы электрикалық және теориялық зерттеулердің негізі тарихи деректер болып табылатының түсінген ол, тарихшыларға, бизнесмендерге, мұрағатшыларға мемлекетте экономикалық мұрағат құру идеясын ұсынды. Мұрағатта мемлекеттік қауымдастықтардың жеке компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, акционерлік құжаттары сақталуы тиіс болатын. Ұсынысты қолдап, 2 жылда жобасы құрылып, қаржыландыру көздері табылды.