Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Патопсихология турлер (2).docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186 Кб
Скачать
☆

12.Қояншық

 

1.Балалар қояншығы

Балалар қояншық ауруының белгілері.

2.Емдеу жолдары және алдын алу

Қояншық  ауруын  емдеу   принциптерінің  қағидалары. 

           

 Қояншық - этнологиясы жағынан әр алуан болғандықтан үнемі айқын   түсіндіріле бермейтін созылмалы процеске бейім келетін ауру. Қолайсыз процесс барысында қояншық кемақылдылыққа әкеп соқтырады. Ауру өте ерте шақтан (бірнеше айлықтан) бастап, еңкейген қарттық шаққа дейінгі кез келген жаста пайда болуы мүмкін. Алайда, көбіне қояншықтың басталуы кезі 20 жасқа дейінгі жастық шаққа сәйкес келеді.Қояншық едәуір көп таралған ауру. Кейбір авторлардың мәліметі бойынша бұл аурумен халықтың 1000 адамға шаққандағы 1-ден 5 адамға шаққандағы дейінгі бөлігі ауырады.

           Балаларда қояншықтың едәуір жиі кездесетініне қарамастан, әсіресе алғашқы кезеңде бұл аурудың диагностикасын анықтау аз қиындық келтірмейді.Оттегіні өте көп қажет етуге орай, кальций алмасуының тұрақсыздығынан балалар миы қояншыққа ешбір қатысы жоқ жанталасқан күйде (тыныс жолдары ауруы, ішек интоксикациясы, дене қызуы көтерілгенде) беруге бейім келеді.

           Балалар қояншығы диагностикасын анықтау тағы да мына себептерге орай қиыншылықтар келтіреді:ауру кәдуілгі жанталасқан ұстамадан сирек басталады. Аурумен абсанс, кіші ұстама, әр алуан текті енжар, қалдық ұстамалар едәуір жиі қабаттасады.Осы себептен барып, ұстама уақыт өте барып сараланады .Сол сияқты аурудың басталуы да түс көруден, көңіл күй кеселінің , оқтын оқтын көрінісі мен, кенетттен пайда болатын қорқыныштан, әртүрлі мүшелердегі түсіндіруі қиын ұстамалардан , мінез құлық өзгерісінен басталуы мүмкін.Бұл құбылыстардың заңды түрде қайталануы қояншық тұрғысында үнемі сақтандырып отыруы тиіс. Балалар қояншығы ересектерге қарағанда  көбіне ауыр өтеді, осы себептен көбіне парасаттылықтың бәсеңденуіне және әр алуан сөйлеудің бұзылуына әкеп соғады.

  Ауру симптомдарының бұл тобына талма түрінде байқалатын көңіл күй немесе сана кеселі жатады.

Психикалық балама термині (ұстаманың орнына, соған тең дәрежеде пайда болатын психикалық кеселдер) мүлде дәл атау емес, өйткені көңіл күйдің немесе сананың мұндай кеселдері ұстамаға байланысты оған дейін де және одан кейін де бола береді.

           Көңіл - күй кеселі қояншық ауруы бар науқастарда көбіне дисфория талмасы жабыраңқы - ызалы көңіл - күй байқалады.

  Мұндай сәттерде аурулар бәріне наразы,ерегіскіш,түнжыраңқы және ашуланшақ болып келеді,көбіне ә түрлі инохондриялық сипаттағы белгілі бір сандырық идеялары да қалыптасады.Мұндайда сандырақ ұстама түрінде пайда болып,бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін дисфория кезеңіндегі сияқты созылады.Кейде жабырқаңқы -ызалы көңіл-күйге клиникалық көрінісі жағынын басым болатын қорқыныш араласады.Көңіл-күйдің кеселі оқтын-оқтын едәір сирек эйфория ұстамасымен (көтеріңкі көңіл –күй)де білінеді.

Кейбір аурулар жабырқаңқы – ызалы ұстама кезде ішуге салынады немесе бет алды басы ауған жаққа қаңғырып кетеді. Сондықтан да дипсоманияиен (салынып ішушілік) немесе драматидмен (саяхатқа ұмтылушылық) ауыратын урулардың бір бөлігі қояншықпен ауырытын науқас болып табылады.

  Сананың кеселі сананың алжасу күйінде ұстама түрінде көрінеде. Кейде сананың алжасу күйі өтіп кетісімен белгілі бір кезеңде жату немесе ұлылық сандырағы идеясы тежеледі.

  Алжасу күйіндегі аурулар қиратушылық әрекеттерге бейім келеді, сондықтан өзі үшін де, қоршағандар үшін қауіпті келеді. Осындай сәтте жасалған кісі өлтірушілік өзінің дәлелсіздігімен және шектен шыққан қаталдығымен ерекшеленеді.

Сананың алжасу күйінің өзінен басқа қояншыққ аурулары үшін амбулаториялық жаттандылыққа тән.

Алжасу күйімен айрықша күй деп аталатынның кейбір ұқсастықтары бар. Айрықша күйде сананың айқын байқалатын өзгерісі мен кейінгі амнезид болмайды, бірақ оған көңіл-күйдің өзгеруі, ойлаудың кеселге шалдығуымен сенсорлық синтез кеселі деп аталатын қабылдаудың айрықша бұзылысы тән. Ауру абдырап, қоршқыныш күйін кешеді. Оған қоршаған заттар өзгеріп, қабырғалар тербеліп, аяғы жайылып кеткендей болып көрінеді т.б. Бұл жағдайда ауру уақытта сезінудің өзгеруін бастан кешіреді және т.б. Айрықша күйдің ұзақтығы алжасу күйіндегідей болып келеді.

Этиалогиясы мен патогенезі. Өткен заманнан бері қояншықты симптоматикалық (белгілі аурулар - ми, менинго - энцефалит жарақаттарынан пайда болатын және ешбір сыртқы зиянды әсерсіз, тек тұқым қуалау себептерімен ғана түсіндірілетін. Симптоматикалық қояншыққа ошақтық, мысалы, ауру сипатында, әсіресе ұстама кезінде пайда болатын өзгерістер, ал тұқым қуалаушылыққа кәдуілгі қояншықтық сипатта пайда болатын диффузиялық бұзылыстар неғұрлым тән болады деп есептеліп келді.

  Қояншықты  сипаттай  келіп  И.Павлов: «оның  негізгі  белгісі  кенеттен  тұтанғыш  мінез,  ашуланшақтың  оқтын – оқтын  болатын  шектен  шыққан  күші болып  табылатын »  деген  еді. Қоояншық  ауруындағы  негізгі  жүйке  процестері  күштілігімен  және  селқостығымен  ерекшеленеді. Ауру да  жүйкесіндегі  селқостықтың  күшеюіне  байланысты  белгілі  бір  уақытқа  дейін  қояншықтың  ошақта  жиналатын  қозуы  шоғырланады,  содан  соң  бұл  селқостық  үзіліп, қояншық  пайрокцизміне  әкеп  соғады.  Соның  ішінде,  егер  қозу  қарқынының  индукциясы  қимыл  талдағышы  бойымен  таралады,  бұл  клиникалық  тұрғыдан  жанталасу  ұстамасы  түрінде  көрінеді.

Қояншық   ұстамасының  көп  дәрежеде  әр  алуан  болуы  ауру  нүктелерінің  әр  қилы  орналасуымен  түсіндіріледі.

Пароксизм  сипаты,  оның  саралану  дәрежесі  жүру  нүктесінің  мидың  басқа  учаскілерімен  байланысының  байлығына  байланысты  болады.  Мұның  өзі  орталық  жүйке  жүйесінің бірлігі  туралы  Павлов  ілімін  жүзеге  асыруда  айрықша  маңыз  алады.

Жүйке  процесінің  селқостығын  қояншық  ауруы  бар адамның  ойлау  ерекшелігімен,  оның  егжей – тегжейлікке,  белгілі  бір  көріністер  төңірегінде  тосылумен  түсіндіруге  болады. Қояншық  ауруының  эмоциялық  реакциясы  селқостық  күшімен  сипатталады, осыдан  барып,  қояншық  өш  алушылық,  заттарға  шектен  тыс  үйірлік,  ызалы  реакцияға  өте  бейімділік  сияқты  ерекшеліктерімен  байланысты  болады.

Емдеу  жолдары  және  алдын алу.  Қояншық  ауруын  емдеу  кезінде  екі  принципті  қағидаға  сүйену  керек:

1) ең  тиімді  дәрі – дәрмек  пеноның  мөлшерін  ең  аз  дәрежеден  бастап,  қатаң  таңдап  алумен  бірге,  сондай – ақ,  қояншыққа  қарсы  дәрілер  қоспасын да  жиі  пайдаланамыз;

2)   мөлшерін  біртіндеп  өзгерте  отырып ,   емді  ұзақ  жүргіземіз. Ескерген  жай  емді  бірден  үзуге  болмайды, өйткені  шұғыл  асқынудан  қояншық   статусы  пайда  болуға  дейін  қауіп  туады.

Көбіне  ұстамасы  аз  байқалатын  қояншықты  емдеу  үшін  триметин  кеңінен  қолданылады. Қояншықты  емдеу  үшін  жекелеген  препараттар  әр  түрлі  құрамалары: бромды,  люминал,  хлораканды люминал,  кофеинді  люминал  қолданылады.

Қояншықты емдеуді  аз  мөлшерден  бастап,  сол  ауруға  үйлесімді  мөлшерді  табу  үшін  біртіндеп  жоғарылата  беру  керек. Ауруға  басқа  препаратты  ауыстырғанда  алмастыратын  дәріні  де  біртіндеп  ауыстыру  керек. Қояншық  статусын  алдын  алу  үшін  (дереу  медициналық  жәрдем  қажет  ететін ызалы  күй)  клизма  арқылы  хлоралгидратты  құю  қажет.

Алдын  алу. Қояншық  туғызатын  зиянды  факторлардың  алдын  алу  керек. Сол  сияқты  мидың  инфекциялық  ауруларынан,  жарақатты  бұзылыстардан,  әсіресе  бала  туу  кезіндегі  жарақатқа  ұшыраудан  және  басқаларынан  сақтану  керек.

Атеросклероз созылмалы, дербес жалпы ауру. Бұл едәуір жас адамдарда да кездескенімен, көбіне егде адамдарда кездеседі. «Ми атеросклерозын» кебіне «ми артериосклерозы» деген атаумен теңестіре атайды. Ар-териосклероз — жиынтықтық ұғым. Бұл ұғымға бір жалпы сыртқы белгісі — артерия қабырғаларында өзге-ріс (тығыздану, склероздену) болатын әр түрлі нозоло-гиялық дерттер енеді.

«Артериосклероз» сөзі жиынтық ұғым және казір қол-данудан шығып бара жатыр. Бұл — артериянын, тығыздалуы деген ұғым береді. Ол атеросклероздық өзгерістерден басқа гипертониялық ауру кезіндегі гиалиноз, артерияның ортаңғы қабығының алғашқы калышнозы, аллергиялық және инфекциялық аурулар кезіндегі (мәселен, мерезде) артериянық кабынуы түрінде болуы мумкін, т. б.

Ми (церебральдық) атеросклерозы бірқатар жүйкелік-пснхикалық өзгерістермен қоса жүреді де аурудың қолайсыз барысында айқын білінетін кемақылдыққа не-месе тіпті өлімге соқтырады.

Симптомдар. Ми атеросклерозының көрінісі ауру кезеңіне, оныд байқалуына, өту барысына және басқаларға байланысты әр түрлі болады. Едәуір жиі ауыру, тітіркену, көп шаршау, жұмыс қабілетінің төмендеуі түрінде неврозға ұқсас симптоматикаға әкеп соғады. Әсіресе акыл-ой жұмыс қабілетінің темендеуі бұл ауруға тән. Ауру үмытшақ болып, қиындықты көп ойлайды, тез. шаршайды.

Сол сияқты бастапкы ми атеросклерозына тән белгі жеке бастың бұрынғы белгілерінің күшеюі. Бүрын шүбәланғыш адамдар ашықтанашық күдікшіл, бейқам жандар — одан әрі жеңіл ойлы, үнемшілдер өте сарақ, мазасыз адамдар тіпті әбігершіл бола түседі.

Аурудың даму дәрежесіне орай естің бұзылуы мен жүмыс қабілетінің төмендеуі барған сайын айқын көрінеді. Ауру өзінің не істеу керектігін үмытады, белгілі бір затты қайда қойғанын есіне түсіре алмайды, жаңа-ның бәрін қиындықпен еске алады. Әсіресе ағымдағы оқиғаларды (ауру өткенді еске едәуір жақсы сақтайды), адамдардың есімдері йен даталарды (хронологнялық бағдардың бүзылуы) еске сақтау қиындайды. Мұнық өзі өз жайкуйіне сынмен қарайтын ауруды қойын кітапшасын жиі пайдалануға мәжбүр етеді. Кейбір жағдайларда мәселе Корсаков синдіромына тән күйге апаруы мүмкін. Аурудың өршуімен бірге аурудың ойлауы да өзгереді, ол өзінін, бүрынғы икемділігінен және ұшкырлығынан айрылады. Айналадағыларды мезі ету сөзшеңдік байкалады, ауру ең бастысын қиындықпен бөліп алып, бір тақырыптан екінші тақырыпқа қиындықпен ауысады. Ми атеросклерозына өте тән белгі айқын білінетін эмоциялық түрақсыздық, оны жігерсіздік деп атайды. Ауру жылауық болады. тез жалынып жалбарынады. Музыканы тыңдағанда кинофильм көргенде көз жасын төкпей түра алмайды. Сәл кайғы мен қуанышқа жылайды немесе жылаудан қуануға және керісінше тез ауысады. Нақ осы ми атероеклерозшен ауыратын адамдар сезімге осал болады. Сол сияқты ашушаңдыққа бейімділік байқалып, болар болмас себептен шұғыл ашу шақырып, біртіндеп үлғая түседі. Ауруға маңайындағылармен араласу барған сайьга қиындайдьь әзімшілдік сезім күшейе береді. Сонымен бірге ауруда талап қоюға шыдамсыздық байкалады, шектен тыс жәбірленушілік пайда болады. Ойлау мен ес бүзылуынын, айқындығы, эмоциялык ұстамсыздық пен мінезқүлық өзгешелігі атеросклероздық кемақылдықтың басталғанын байқатады.

Ми атеросклерозы егде жаста пайда болатын қояншық ауруы себептерінін, бірі болуы мүмкін. Бірқатар жағдайларда сарыуайымшылдық өз денсаулығына карағанда айрықша күдікшілікті білдіреді, ал кейде көптеген ипохондриялық шағым туындайды. Эйфория сирегірек кездеседі. Кейде сандырақ және галлюцинациялы өзгермелі сана жедел пайда болады (көбінечтүнде). Бұл әдетте бірнеше сағатқа, оқта-санда бірнеше күнге созы-лады. Ми тамырларының   атеросклерозына ұшыраған ауруда созылмалы сандырақ күйі, көбіне паранойялык, сипатқа ие болып, едәуір жиі кездеседі. Әдетте бул — қызғаныш, ипохондрия, дәукестік сандырағы болады. Сондай-ақ баска сипаттағы сандырак идеялары (жаңашылдық, эротикалық сандырақ және т. б.) кездеседі.

Айкын атеросклерозға   тән симптом инсульт болып табылады. Күтпеген жерден сананың терең алжасуы — көбіне кома болады (сана алжасуы сопор немесе есеңгіреу түрінде де кездеседі). Егер зақымдану өмірлік маңызды орталықтарды   камтыса, мұның ақыры өлімге соғады. Басқа жағдайларда ауру күйінің белгілі бір ди-намикасы байқалады. Көбіне бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылатын қома сонормен ауысып, сананьщ айқындалуы біртіндеп калыпқа келеді. Бүл кезеңде ауру коматоздық күйден біртіндеп шығады. Бүл жағдайда ауруда бағыттан адасушылық пен шатысушылықпен қатар тілдік әрі қимылдық козу, мазасыздық, үрей пайда болады. Жанталасу күйі де болуы мүмкін. Инсульт салдары өзгеше неврологиялык бүзылыстар (сал, афазия, агнозия және т. б.) болып кана қоймай, кебіне айқьга байқалатын кемақылдық туріндегі психикалық бү-зылыстар болады.

Инсульт үнемі күтпеген жерден пайда болмайды, бірқатар қубылыстар жүреді. Инсульттің хабаршысы бас айналу, басқа кан шабу, қүлақ шуылдау, көз алды қарауыту, немесе жалтылдаған қара дақ, кеуденің белгілі бір жартысында парестезия түрінде болады. Инсульт алдындағы куй әдеттегі инсультпен аяқталуы міндетті емес, кейде іс тек өткінші бұзылыстармен ғана шектеледі.

Инсульт әр түрлі себепші факторларға байланысты кенеттен пайда болуы мумкін. Мысалы, оған психикалық куш тусу (ыза, қорқыныш, үрей), ж:ыныстық және маскүнемдік ұстамсыздық, асқазанның қатты тоюы, іш жүрмеу себеп болады.

Неврологиялық және соматикалық бузылыстар. Ате-росклерозы бар аурудың жиі басы айналады, ауырады, қүлағы шуылдайды (гуіл, ыскырык, ысылдау, тоқыл-дау түрінде және т. б.), көбіне тамыр соғысы синхрон-ды болады. Сол сияқты ауру үйқысының бүзылғанына шағым айтады( кешкісін үйқтаған ауіру әдетте едәуір тез оянады да, ұйықтай алмайды, сол сияқты үйкының ырғағы бүрмалануы мүмкін). Неврологиялык зерттеу кезінде көбіне көз карашығының кішіреюі, жарыкты нашар қабылдау, нәзік қимылдар үйлесімінің бүзылуы, сіңір рефлекстерінін, көтеріңкілігі жиі аңғарылады. Аурудың ауырлық дәрежесіне қарай неврологиялық бұзы-лыстар, әсіресе, инсульттен кейіи барған сайын айқьщ бола туседі. Бұл кезде дөрекі түрдегі органикалық симптоматика байқалады (сал, афазия, апраксия және т. б.).

Соматикалық өзгерістер былайша болады. Щеткі тамырлар мен ішкі ағзалардың склероздық өзгерістері байқалады (әсіресе жүрек, қолқа, бүйрек), жоғары артериялық қысьш, тахикардия, кейде дүркіндүркін чейнстокс тыныс алуы пайда болады, сопақша сыртқы түрі де өзгеше көрінеді. Ол өз жасьшан ерекше көрінеді, терісі сарғайып, болжыраған және әжімді болады, тері асты тамырлары тығыздалып, бүгіліп калады,. бүл әсіресе самайдан байқалады.

Этиология, патологиялық анатомия және патогенез. Атеросклерозды дербес нозологиялық бірлік ретінде бөліп алу үшін көптеген байқаулар жүргізілген. Атеросклероз негізіне липидтік алмасудьщ бұзылуы жататындығы дәлелденген (ен, алдымен холестериннің). Мүнын өзі артерияньщ ішкі қабығын липидтердің жиналуына, одан соң дәнекёр тканьнін, реактивті өсуіне әкеледі. Осыньщ салдарынан тамыр қабырғасы өагеріп, ми қан айналымынын. эр түрлі азырлығы жүреді, содан барып жүйке тканінщ белгілі бір дәрежеде бүзылуы байқа-лады.

Тамырлардын. бүзылу механизмін түсіндіруге біркатар теариялар ұсынылған. Ең көп таралғаны — икфильтрациялық теория. Бүл теорняға сәйкес атеросклероз кезінде тамырлар өзгерісінщ дамуында артерия қабыр-ғасында қанды айналымға келтіретін липидтер жиналады.

Алайда кейінгі жылдары липидтердін, жиналуының алдында көбіне тамыр кабыргаларыньщ алғашқы өзгеруі жүреді дегенді дәлелдейтін. зерттеу пайда болды.

Бұл өзгерістердщ дамуына ыкпал ететін факторлар әр түрлі интоксикация, инфекция, вазомоторлық кеселдер, алмасу процесінің жалпы бұзылуы болуы мүмкін. Липидтік алмасудьщ бүзылуын туғызатын себептерге келетін болсақ бұлар әлі онша түсінікті емес. Эндо-кринді жылжулардың, тамақтану мен өмір салтының ерекшелігі, орталық жүйке жүйесінін, жай-күйі, дене бітімінің ерекшелігі, тұқым қуалауға бейімділік және басқалардың мәні туралы деректер бар.

Ауру барысы мен болжам. Ауру барысы көбіне аурудың злғашқы жылдарында толқын тәрізді сипатқа ие болады. Болжамнық ауырлығы тамырлардың зақымдану дәрежесімен ғана емес, сондайақ процестің жергіліктенуімен де айқындалады.

Емдеу жолдары және алдын алу. Дүрыс тамақтанудан басқа атеросклероз   профилактикасында   (холесте-рин мен майлы тағамдарды шектеу) алкоголь мен темекімен улануға жол бермеу керек. Содан соң еңбек пен демалысты дұрыс үйымдастыру, жүйелі түрдегі дене жаттығуларының, әсіресе орталық жүйке жүйесіне шектен тыс күш түсіруден сактанудың үлкен маңызы бар. Атеросклерозды емдеу. (патогенетикалық және симптомати-калық) клиникалық көріністің бүкіл ерекшеліктерін қатаң ескере отырып жүргізілуі тиіс. Ауру алғаш байқалғанда йод препаратын қолданған дүрыс.

Йод препараты.мен емдеу кезінде йодизмнің мүмкін болатын құбылыстарын үмытпау керек. Соңғы жылдары линетол (күніге бір рет ертенгісін тамаққа дейін  20 мл-нан) және Диоспонин препаратын (0,02—0,2 грамнан күніге 2 рет тамақтан кейін), сол сияқты новокаинмен курстық емдеу де қолданылады.

Атеросклерозды емдеу үшін диетаның және С витаминінін, үлкен мәліііерін қабылдаудың маңызы зор. Атеросклероз   психозідарында   нейролептикалық   дәрілер: аминазин, нозинан левомепромазин, тизерцин, этаперазин   қолданылады.   Нейролептиктерді .қолдаиуды   аз мөлшерден бастайды.  Үрейшілдікте транквилизаторлар реланиум, нозенам, седуксен пайдаланылады. Атеросклерозда седативті дәрілерді байқап пайдалану керек. Өйткені мазасыздық күшейе түсуі мүмкін. Бірқатар жағдайларда антикоагулянттар пайдаланылады. Атросклероз гипертониялық аурулармен ұштасқанда гипотензиялық дәрілер белгіленеді.    Атеросклероздық   кемақылдықта  фосфоры мен глютаминді   қышқылы бар   препараттар церебрализин, ноотронил, стугерон липоцеребрин, фитин және т. б.) қолданылады. Атеросклерозы бар ауірулардың іщкі ағзаларға   бақылау жасауы (әсіресе   жүрек пен ішекке)   өте маңызды. Инсульт кезінде ішкі   веналық эуфилин қолданылады (40 проценхтік глюкоза ертіндісі-нің 10—20 млмы ерітілген 2,4 проценттік ертіндінің 5 -  10 мл-мы). Мүмкін болғанынша ертерек 4—6 минөт бойына енгізеді. Геморрагиялық инсульттарда хирургиялық жолмен емдеу жиі қолданылуда.

ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ АУРУЛАР КЕЗІНДЕП ПСИХИКАЛЫҚ КЕСЕЛДЕР

Гипертония ауруы — ең кең тараған аурулардьщ бірі. Онымен көптеген мамандык аурулары, оның ішін-де психиатрлар да бетпе-бет келуде. Гипертониялық аурулардың этиологиясы мен патогенезі мәселесі (оның алдын алу мен емдеу сияқты) қазіргі медицинаның ең бір өзекті мәселесіне жатады. Гипертониялык ауру әр түрлі психогендік (психиканы жарақаттайтын) сәттер туғызатын аздыкөпті психикалық куш түсу күйі нәти-жесійде пайда болады. Басқа сезбен айтқанда гипертониялңқ ауру негізіне жататын тамыр тонусының өзгерісі жоғарғы жүйке қызметінщ психогенді бұзылыстарын туғызады. Алайда аффектілік күш түсудін, психогендік пайда болатын жайкүйінің гипертония ауруынын шығуында үлкен: маңызы болғанмен, ол бірден-бір патогендік әсер болып табылмайды. Сол сиякты тұкым қуалау жастык бейімділік, эндокринді жылжулар сияқты фак-торлардың да әсері бар.

Симптомдар. Гипертония ауруына басқа да патологиямен қатар (көбіне жүрек немесе бүйрек бұзылыстары) ми кеселдері ете тән болады. Бұл жеңіл гипертониялық криздерден бастап, ең ауыр дерт — инсультпен аяқталатын ми қан айналымы бүзылыстарының әр түрлі типінен байқалады. Гипертониялық аурулар кезінде ми қан айналымы кеселі әсерінен елімге ұшырау саны жағынан жүректен қайтыс болғандардан екінші орында.

Ми қан айналымының белгілібір кеселмен байла-ныстң көптеген неврологиялық бүзылыстардан басқа (парёз, сал түріндегі аздыкепті бекем ошактық бүзы-лыстар, еезімталдықтың өзгеруі афазид, апраксия және т. б.) гипертониялық аурулар үшін гипертониялык, психоздар деп аталатын әр алуан психикалық бүзылыстар тән. Гипертониялык аурулар салдарынан пайда болатын психопатологиялық қүбылыстар аурудьщ кез келген түрі мен сатысында кездесуі мүмкін. Сонымен бірге психикалык, бүзылыстар сипаты мен гипертониялық ауру сатының арасында белгілі бір арасалмақ бар. Мыса-лы, неврозға үқсас симптоматика аурудьщ 1 (бастапқы) сатысына тән болса, ал кемақылдықтың дамуы III (соңғы) сатыда байкалады.

Бүдан азырақ   кездесетін кеселдер кездеседі. Олар өршіген салға ұқсас күй, ми ісігінің клиникасының туғызатын синдром, сананың транзитті алжасуы, сарыуайым-сандырақ синдромы, едәуір сирек кездесетін желікпе күй және т. б. Сол сияқты аралас клиникалық көріністер де байқалады.

Гипертониямен ауыратын науқас ашушаңдыққа, бас ауыруына, үйқысынын, нашарлығына, көп шаршайтыны-на үнжырғасы түсуіне, жүмыс қабілетінің төмендеуіне шағым айтады. Сонымен бірге сылбыр, жігерсіз және жылауық, өте жәбірленгіш болады. Бір қатар ауруларда осы кезде астениялық синдром басым болса, екінші біреулерінде ашушаңдық пен . күйгелектік басым болады. Әр түрлі жабысқақтық күйлер бойды билеп алады. Ауру жабысқақ есеп, жабысқақ естелік пен күдікшілдікке беріледі, әсіресе жабысқақ қорқыныш ауру үшін азапты бола түседі. Ауру кардиофобиядан азап шегеді, өлімнін, жабысқақ қорқынышын, биіктіктің, қозғальш келе жатқан келіктің, үлкен топтьщ және басқаның жабысқақ қорқынышын бастан кешіреді.

Гипертония ауруы кезіндегі психопатияға үқсас күй кебіне бүрынғы мінез-қүлық ерекшеліктерінін, асқынуынан пайда болады. Бүл ми атеросклерозының бастапқы сатысынДа байқалады. Ауруға араласу барған сайын қиьшдыққа түседі, аффектілік ызалануға тез беріледі, қарсы пікірге төзбейді, тез жылайды.

Гипертониялық ауруға едәуір тән болатын көрініс көңіл-күйдің төмендеуі болып табылады. Белгілі бір жағ-дайда бұл кезде мұңдыенжар күй, баска бір жағдайда үрей мен мазасыздық басым болады. Қауіпқатер көбі-не дәлелсіз сипат альга кейде күтпеген жерден, кейде түнде байқалады. Сол сияқты гипертониямен.ауыратындарда күтпеген жерден күшті қорқыныш пайда болады. Сандырақ идея кебіне сарыуайымшылдық күймен бай-ланысты болады. Ипохондриялық сандырақ, қарым-қатынас және аңду сандырағы неғүрлым жиі кездеседі, сол сияқты қызғаныш идеясымен езін-өзі айыптау идеясы, сирегірек басқа мазмұндағы. идеялар да байқалуы мүмкін.

Сана алжасуына тән күйлер мынадай: обнубилациядан басталып, ең ауыр бүзылыс — комамен (инсульт кезінде) аяқталатын әр түрлі дәрежедегі есеңгіреу синдромымен қатар сананың алжасу күйі, түс тәріздес (онейроид), елестік және аменциялық күйлер пайда болуы мүмкін. Гипертония ауруына тән белгі естің бұзылуы сәл

үмытшактықтан бастап, дөрекі кеселдерге дейінгі әр алуан дәрежеде байқалады. Кейде типтік Корсаков синдромы кездеседі. Бірқатар жағдайларда гипертониялық ауру айкын білінетін кемақылдыққа әкеледі. Деменция инсультқа байланысты, сондайақ онсыз да пайда болуы

мүмкін.

Алдын алу және емдеу жолдары. Гипертониялық аурудан сақтану үшін аффектілік күш түсетін барлык факторларды жоюдың үлкен маңызы бар. Үй ішілік қарым-қатынасты ретке келтіру, еңбек иен демалысты дүрыс үйымдастыру, дене жаттығуы, тамақ режімі, интоксика-цияньщ болмауы — осы факторлардын, бәрі гипертониялық ауру профилактикасына ықпал етіп, ал бастапқы сатысында жақсы емдік тиімділік береді.

Гипертониялық ауруды емдеу комплексті және катаң дараланған болуы тиіс. Гипертониялық психоздарды емдеу үшін әсіресе жылан раувольфиясы (резерпин, серпазил) жақсы пайда береді. Соңғы уақытта гипертониялық ауру кезінде раувольфияның тағы бір препараты — алкалоидтың жиынтығы, оның ішінде резерпині бар раунатин табысты колданылуда. Фенотиазин қатарындағы препараттардан нозинан тизерцин, ал кейбір жағдайларда (шүғыл козу, аффектілік күш түсуді білдіретін берік сандырақ идеялары) галоперидол жақсы әсер етеді. Әсі-ресе невірозға үқсас симптоматикада транквилизатор-лар тиімді. Аурудын, бастапқы сатысында электрлі ұйқымен емдеу пайдалы.

Диуретин, теобромин, сальсолин (көбіне папаверинмен бірге құрамда) пайдаланылады, сондайак иазутин мен диабазол белгіленеді.

Тиісті жағдайларда тромбоэмболиялық асқынулардан сақтану үшін антикоагулянттар қолданылады.

Гипертониялық криздерде эуфиллин, дибазол, күкірт қышқыл магнезиясы инъекциялары жүргізіледі.

Медикаментоздық емдеу үнемі ойластырылған пси-хотерзпиямен, диетатерапиямен, дұрыс ұйымдастырылған күн режимімен ұштастырылуы тиіс.

ГИПОТОНИЯЛЫҚ АУРУЛАР КЕЗІНДЕП ПСИХИКАЛЫҚ

КЕСЕЛДЕР

Гипотониясы бар ауруда гипотониялық криз байқалып, бас айналу, шүғыл әлсіздік, вазомоторлық бүзылыстар, кейде талма күй пайда болады.

Ауру көбіне бас ауруына, бас айналуына, әдетте тік калыптан келденең қальшқа ауысқанда басы айналатынына шағым айтады, қүлағы шуылдайды, босаңдана түседі, тез шаршайды.

Кейбір ауруларда астениялық симптомикадан басқа сарыуайымшылдық күй әдеттен елеусіздеу алмайтындай пайда болады. Бірқатар жағдайларда ауру мазасыз жә-не күдікшіл болып, кептеген ипохондриялык шағым  айтады. Кейде жабысқак. қорқыныш — фобия байқа-лады.

Емдеу жолдары.  Психостимуляторлар. Витаминоте-рапия (С және В), женьшень, қытай лимоннигі, пустырник, пантокрин, кофеин, көтеріңкі протромбинди антикоагулянттар пайдаланылады, психостимуляторлар.

Гипотония ауруы кезінде   медикаментозды емдеуді физиотерапиямен, емдік дене шынықтырумен еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастырумен үштастырады.

ОБЛИТЕРАЦИЯЛЫҚ (ЦЕРЕБРАЛЬДЫ) ТРОМБАНГИНТ КЕЗШДЕІГІ ПСИХИКАЛЫҚ КЕСЕЛДЕР

Ауруда бас ауруы, бас айналу, әлсіздік ұйқышылдық, көп шаршау пайда  болады. Жүйке-психика бұзылыстарының клиникасы әр алуан және әлі де жеткіліксіз зерттелген. Ошақтык, симптоматикадан баска кояншыққа : үқсас жай-күй, шизофренияға ұқсас көрініс, сана алжасуының күйіне сипаттама берілген.

Ауру айқьга білінетін кемақылдыққа әкеп соғуы мүмкін.

Алдын алу және емдеу жолдары. Алкоголь мен темекі тартуды толық тоқтату тыныштық, ауруды қобал-жудан ұсынылады. Медикаментозды дәрілерден витаминотерапия (В1 және С), т. б. көптеген дәрілер пайда-ланылады.

Еңбек сараптамасы. Тамыр ауруларының бастапқы кезеңінде ауру қатты шаршауына байланысты үлкен күшжігер жүмсайтынына қарамастан әдеттегі кәсібін жалғастыра береді. Айқын білінетін жүйкепсихикалық бүзы-лыстардағы кемтарлық ауруды III, II және тіпті I топтағы мүгедекке ауыстыруға негіз болады.

Соттық-психиатриялық сараптама. Жауапқа тартуға қабілеттілігін немесе қабілетсіздігін белгілеу мидың тамыр патологиясы бар аурудың психикалық күйіне, психикалық бұзылыстардың дәрежесіне байланысты. Айқын білінетін патологияда (кемакылдық, сандырақтық барлығы және т. б. ауру жауапқа тартуға қабілетсіз болып табылады.

    

13.  Олигофрения

 

1.Олигофрениядағы психикалық кеселдер.

Олигофрениядағы психикалық кеселдер туралы түсінік.

2.Олигофрения түрлері.

Олигофрения түрлеріне анықтама беру.

3.Емдеу жолдары.

Емдеу жолында қойылатын талаптар туралы түсінік.

       

       Олигофрения грек тілінде кемақылдылық деген мағына білдіреді. Ол ең алдымен мидың экзогенді бұзылыстары, метабализм кеселі, туа біткен кемтарлық , хромосомдық ауытқу себепші болатын патологиялық күйі.

       Этиологиялық  ықпалы жағынан олигофреннің үш тобы болады.

       Бірінші-топ-тұқым қуалайтын Даун ауруы себепші болатын. Эндогенді табиғаттағы Олигофрен.

       Екінші топ-ұрыққа ішкі құрсақ әсері мен тұқымға әр түрлі зияндылық, мысалы, вирустық ауру мен улану, оның ішінде анасының алкоголизмі есебінен пайда болатын олигофрен.

       Үшінші топ –асфексия және босану кезіндегі жарақаттан пайда болған олигофрен. Сол сияқты бұған ерте бас сүйек-ми жарақаты мен нейроинфекция әсер етеді.

        Соңғы кезде зат алмасудың тұқым   қуалаушылыық ақауы себепші болатын олигофренге үлкен назар аударылуда.

         Қазіргі уақытта олигофрен  проблемасы көптеген бағытта қарқынды зерттелуде.Олигрофеннің генетикалық аспектілері зерттелуде, мұндағы алынған деректердің нәтижесінде этиология мен патагонезіді анықтауға әрі ақыл-ой жағынан  жетімсіздіктің пайда болуының алдын алу үшін генетикалық аппаратқа ықпал ету мүмкіндігі  туып отыр. .

        Олигофрениядағы психикалық кеселдер ең алдымен  көбіне парасаттылығы жағынан жетімсіз психиканың дамымауынан көрінеді. Олигофрениядан зардап шегетін  балалар дамудан кенже қалады, оларда сөз кем дмиды, ал кейде мүлде дамымай қалады. Олар үш-бес жастан бастап одан  да кейін жүреді,  ауыр  жағдайда тіпті  қимылдық  дағдыны да ала  алмайды. Олардың  қимылдарының  үйлесімі  болмайды. Сыртқы  түрлері  де  едәуір сиықсыздықпен  ерекшеленеді, дене  бітімі пропорциясыз келеді. Ойлау  шұғылы  бұзылады, сезімдік жағы да төмен болады. Ерік  процестері қарапайым  құштарлықпен  шектеледі. Олигофрениядағы  психикалық   бұзылыстар  едәуір  тұрақты және  бүкіл  өмір  бойында сақталады.

  Психикалық  жетімсіздіктің  үш  дәрежесі бар. Бұларды  идиодтық,  имбецельдік  және  дебильдік деп атайды.

  Идиоттық  грекшеден аударғанда  «нақұрыстық»  деген сөздер  шыққан. Ол олигофренияның  неғұрлым  ауыр түрі. Бұған тән белгі маңайдағыларға  нашар  әсер етуі  болып  табылады. Мұнда  әдетте  сөз дамымайды. Маңайдағылардың  сөзі  өте  қиындықпен қабылданады. Сөздің мәні де түсініксіз  балады. Нақұрыстықтан азап шегетін адам маңайдағылардың  тұрақты  күтімін қажет етеді, олардың көмегінсіз тіршілік ете алмайды. Ол  маңайдағыларға да енжар  қарайды. Нақұрыстық едәуір тұрақты ауру  және ең қиындықпен жасалады.

  Имбецильдік  латын тілінде «әлсіз,  елеусіз» деген мағына беретін  олигофренияның орташа сатысы. Нақұрыстыққа  қарағанда  психикалық  даму едәуір  жоғары болады. Маңайдағыларға да жауабы да  ширағырақ болады. Ауру  сөз  қызметін меңгерген алайда сөз  қоры бірнеше ондаған сөздермен шектеледі. Ойлау  өте  қиын. Пайымдау  шектен тыс  жұтам. Дербес емес, маңайындағыларға еліктеп  көшіре  қайталайды, ауру өзіне өзі  қызмет етудің қарапайым дағдысын меңгереді. Ауру  өз бетінше тіршілік ете алмайды, сондықтан  қамқорлық пен  күтімді қажет етеді. Имбецильдің  сезімінің  ара жігінің  ажыратылуы қиын, бірақ  нақұрыстыққа қарағанда  оңайлау келеді. Афектілік  қызмет те алуан түрлі. Қарапайым жағдайларда  ауру  қысылып, жасқаншақтанып  ұялады. Сондай – ақ  жәбірленгіш  өштешкіш  болады. Кейбіреуі  ашушаңдықпен, ызаланғыштықпен  ерекшеленеді. Аурудың психикалық  ақауы  дене және неврологиялық кеселмен  ұштасады.

  Дебильдік  латынша  «әлсіз» деген ұғымды  білдіреді. Олигофренияның  жеңіл түрі.

  Дебильдік  едәуір  қиындықпен  білінеді, өйткені  имбецильдік  сияқты  дөрекілік  кеселдер  болмайды. Жігін  ажырату  әсіресе  мына  жағдайлардан  қиындай  түседі:  аурудың  жеткілікті  сөз  қоры болады, егер  жақсы механикалық  ес болса бұл одан әрі оңай емес, мұның  өзі  пайымдаудағы  әлсіздікті қиындата түседі. Дебильдікті  ақыл-ой  жағынан  жетімсіздіктің  неғұрлым  жеңіл түрінен  айыра білу керек. Парасаттық жағынана  жетімсіз  балалардың  жеке басы дамымайды:  аңғырт  келеді,  сыншылдығы  жеткіліксіз,  танымдық  қызметі  төмен  болады.

  Эндогенді  табиғат  олигофрениясы. Мұның  ішінде  ең бір  таралған  түрі  Даун синдромы  болып  табылады.

  Бұл синдромда  хромосомдар санының  өзгеруі  жүреді. Адамдағы  хромосоманың  қалыпты  саны  46 болуы  керек.

  Аурудың  сыртқы  бейнесіне мыналар тән: көзі  қитар,  ішкі  бұрышының  терісі  қатпар келеді,  шекесінде  қызыл  шұңқыры бар,  дөңгелек  жалпақ  бетті,  мұрны  кішкентай  жоғары  жақ  болады. Тіл мен жоғарғы  еріннің  ұлғаюы  байқалады. Тістері  сирек  әрі  ұсақ болады. Аузы  кішкентай  ашылып  жүреді. Басы  кішкентай,  саусақтары  жуан, әрі  мыртық  болады. Ішкі  мүшелер дамуында  сиықсыздық  кездеседі.

  Неғұрлым  зерттелген  олигофреннің  түрі  фенилкетонурия  болып табылады. Бұл  аурудың  негізі  фенилаланиннің  тирозинге  өңделуіндегі  бұзылыс  себеп  болады.  Осының  нәтижесінде  фениаланиннің  жинақталуы  мен оның  алмасуындағы  жартылай  өнімдердің  көп  мөлшерде  түзілуі  жүреді.

  Өмірінің  алғашқы  айларынан бастар ауру балаларға  фенилалин  жоқ  арнайы  диета  белгілеу  дерттің  алдын алады. Диотерацияны  бірнеше  жыл, кемінде 3-4  жыл  бойы  үздіксіз  жүргізеді. Ерте  басталған  әрі  қысқа  мерзімді  диотерапия  кеш  басталған әрі  ұзаққа  созылған  диотерапияға  қарағанда  қолайлы  әсер  етеді.

  Олигофренияның  бұл тобына  токсоплазмоз  себепші  болады. Ауру  ана токсоплазмамен  баланың  жолдасы  арқылы  ұрыққа  жұқтырады. Ерте  жұққан  ұрық  өліп  қалады.

  Олигофрения  жаңа туған  нәрестенің  гемолитті  ауруында  дамиды. Мұның  негізіне  ана қан мен ұрықтағы  антигенді  қасиеттердің  сәйкес  келмеуі  жатады.

  Олигофренияны  емдеуде  медициналық  және  педагогтық  шараларды  комплексті  түрде  кеңінен  пайдалану  қажет. Витаминотерпаия,  гаммало,  глутамин  қышқылы,  церебролизм  қолданады. Ми  қызметін  жандандырып,  церебральді  метаболизмді  күшейтетін  дәрі-дәрмектер  кеңінен  пайдаланылады.

  Психотикалық  декомпенцатцияда  дара  мөлшерде  нейролептикалық  дәрілер: аминазин,  френолон,  трифтазин,  галоперидол,  этаперазин, седуксин  және де  финилепсин  қолданылады.

  Олигофрения  терапиясындағы  негізгі  бағыттың  бірі  комплексті  емдеу – педагогикалық  шараларды  қолдану  болып  табылады.

  Ақыл – ой жағынан  артта  қалған адамдардың  мінез – құлқын  түзетудің  үлкен  маңызы  бар.

  Әлеуметтік  түзету  шараларының  мәні  оның  жеңіл  дәрежесі – дебильдікке  шалдыққандардың  едәуір  бөлігін  қоғамдық  пайдалы  еңбекке  тарту  болып  табылады. Бұл шараларды  жүргізгенде  ақыл – ойдың  жетілмеу  дәрежесін  ескерумен  бірге  назарға  ақаулық  типі  алынады. Оның  ішінде  аурудың  сезімдік  орындылығы  сияқты  жайлар  ескеріледі.

  Соттық  - психиатрлық  сараптамада  олигофреннің  айқын  білінетін  дәрежесі – нақұрыстық пен  имбецильдік  қылмыстық  жауапқа  тартуға  қабілетсіз  болып  саналады.  Ал  дебильдікте  қылмыстық  жауапқа  тартуға  қабілеттілік,  парасаттық  ақау  дәрежесіне  байланысты. Сонымен  бірге  аурудың  парасаттық  жағы емес, сондай – ақ  аффектілік,  ерік  процестері  ескеріледі. Пайымдау  деңгейі  мен сыншылдық  дәрежесін  айқындауға  айрықша  көңіл  бөлінеді.