- •1.Әкімшілік құқықтың қайнар көздерін сипаттап жазыңыз.
- •2.Әкімшілік құқықтың Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі орнын анықтаңыз.
- •3.Қр азаматының әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздерін жазыңыз
- •4.Азаматтардың атқарушы билікті жүзеге аясындағы құқықтары мен міндеттерін сипаттап жазыңыз.
- •5.Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері
- •6.Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін жазыңыз.
- •7.Мемлекеттік қызметшілер мәртебесінің негіздерін жазыңыз.
- •11.Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық құрамы
- •8.Басқару нысандары түрлерін анықтаңыз.
- •10.Басқару әдістері түрлерін анықтаңыз.
- •12.Әқімшілік жауаптылықтан босату негіздерін түсіндіріңіз.
- •13.Әкімшілік жазалардың түрлерін анықтаңыз.
- •14.Әкімшілік юрисдикция органдарының түрлерін анықтаңыз.
- •15.Әкімшілік іс жүргізуді құқықтық реттеу және оның қағидаларын көрсетіңіз.
- •16.Прокуратура органдарының жалпы қадағалау өкілеттігін көрсетіңіз.
- •18.Қазақстан Республикасы Конституциялық Кенестің өкілеттігін көрсетіңіз.
- •19.Мемлекеттік бақылау және оның түрлері
- •1. Бақылау ішкі бақылау және сыртқы бақылау болып бөлінеді.
- •20.Сот қадағалаудың мәні мен маңызы
14.Әкімшілік юрисдикция органдарының түрлерін анықтаңыз.
Уәкілетті органдардың(лауазымды адамдардың) екі негізгі түрін белгіленген
Мамандандырылған әкімшілік соттардың судьялары;
Осы Кодексте уәкілетті берілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары
Мамандандырылған әкімшілік соттардың судьялары Кодекспен өздерінің қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
Мамандандырылған әкімшілік соттардың ведомстволық қарауына жатқызылған құқық бұзушылық туралы істерді,егер тиісті әкімшілік-аумақтық берліктің аумағында мамандандырылған әкімшілік сот құрылмаса,аудандық(қалалық )соттардың судьялары қарайды
Юрисдикциялық органдарға ішкі істер органдары(полиция); мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдары; әр түрлі көлік (темір жол,су,әуе,қалалық жолаушылар,автомобиль)
органдары; мемлекеттік қадағалаудағы жүзеге асыратын(ветеринарлық) қауіпсіздік және басқалар жөніндегі ) органдар; салық қызметі органдары; заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мемекеттік тіркеудегі жүзеге асыратын органдар;қалалық және аудандық әскери комиссариаттар және т.б органдар жатады
15.Әкімшілік іс жүргізуді құқықтық реттеу және оның қағидаларын көрсетіңіз.
Әкімшілік іс жүргізу- бір жағынан заңды іс-жүргізу болса, екінші жағынан бпасқару іс-әрекет нысаны процессуалдық нормалармен реттелген құқықтық іс-жүргізу.Әкімшілік іс жүргізудің мынадай негізгі қағидалары (принциптері) бар; 1) ортақ басқарушылық-басқару заңдылықтарын көрсетеді; 2) процессуалдық-басқарушы құқық шығармашылық пен құқық қабылдаушылық аясындағы ортақ процессуалдық заңдылықтар әрекеттерінің ерекшелігін көрсетеді; Бұл қағидалардың бөліну шарты олардың өзара тәуелділік күшіне тікелей байланысты. Әкімшілік іс жүргізудің ортақ басқарушылық қағидасына көзқарастары мен іс-жүргізуге қатысатын тараптардың мүддесінің еспке алынуы, әкімшілік іс жүргізуге қоғамдық бақылау жасалуы, ұлттық тең құқылық, заңдылық жатады. Заңдылық қағидасы әкімшілік іс-жүргізуде осы іс-әрекеттің заңды табиғаты үшін ерекше мағынасы бар. Соған байланысты заңмен шектелген биліктік өкілеттілікті қолдануды қамтамасыз етеді және іс жүргізуге қатысатын барлық субъектілердің міндеттері мен процессуалдық құқықтарына кепілдік береді. Мысалы: Қазақстан Республикасы Конституциясының 60-бабында «мемлекет, оның органдары мен лауазымды адамдарының өкілеттілігі және қызметтерінің ұйымдастырылу тәртібі заңмен белгіленеді» делінген
16.Прокуратура органдарының жалпы қадағалау өкілеттігін көрсетіңіз.
1. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерулер және (немесе) заңдылықтың жай-күйін талдау жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
2. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруына;
2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәлiметтерге;
3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына;
3-1) реттеуші мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесіне;
4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргiзедi.
3. Тексерiстi прокурор сондай-ақ өзге де тиiстi құзыреттi органға тапсыруы мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерi туралы прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген мерзiмде хабарлауға мiндеттi.
4. Заңдардың қолданылуын тексеру бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келiсiмiмен оны жүргiзу мерзiмiн ұзарта алады.
5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерi мен прокурорлық қадағалау актiлерi, егер олар осы Заңда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiп пен нысандарда жасалған болса, заңда белгiленген салдарларға әкелiп саяды.
17.Әкімшілік юрисдикциялық іс жүргізуді түрлерін көрсетіңіз.
