Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
B дегейі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47 Кб
Скачать
☆

18.Қазақстан Республикасы Конституциялық Кенестің өкілеттігін көрсетіңіз.

1. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң өкiлеттiгi алты жылға созылады.

      2. Шығып қалған немесе қызметте болу мерзiмi аяқталған жағдайда Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалады.

      3. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi қызметтерiне адамдардың шығып қалған немесе осы қызметтерде болу мерзiмi аяқталған күннен бастап бiр ай iшiнде тағайындалады.

      4. Егер Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшелерiнің өкiлеттiк мерзiмi олардың қатысуымен Конституциялық Кеңес жүргiзiп жатқан мәселенi қарау кезеңiнде аяқталса, онда олардың өкiлеттiгi қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн сақталады.

18-бап. Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiктерi

 Конституциялық Кеңес

 1) құзыретi шегiнде барлық мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан құжаттар, материалдар мен өзге де ақпараттар сұратуға және алуға, сондай-ақ белгiленген тәртiппен сарапшылық және ғылыми-консультациялық жұмысқа мамандар тартуға хақылы;

  2) Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы өтiнiш жасайды және осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

19.Мемлекеттік бақылау және оның түрлері

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

1. Бақылау ішкі бақылау және сыртқы бақылау болып бөлінеді.

 Ішкі бақылау – мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асыратын бақылау.       Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 8-бабында айқындалады.       Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды.       3. Сыртқы бақылау – бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабындакөрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру және қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау.       Сыртқы бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 10-бабында және 2-тарауында айқындалады.       Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде әкімшілік, тәртіптік іс жүргізуді қозғайды не өз құзыреті шегінде тиісті талап арызға бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.

20.Сот қадағалаудың мәні мен маңызы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]