Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТК 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
374 Кб
Скачать
☆

30.Көркем шығармадағы тартыс.

Тартыс – өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қайшылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастардың, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүдесіндегі керағар құбылыстардың өнер туындасындағы жинақталуы, суреттелуі.

Тартыстың ту уы туралы түрліше топшалаулар бар, олар және күні бүгін ғана сөз болып жүрген нәрсе де емес, сонау Гегельден бері қарай әр тұста бір шаң беріп келеді. Біреулер, мысалы, қақтығыс бірден бола қалмайды, ала ауыздықтан басталады. Ал, Гегль болса, бәрін әдеттегі әр түрлі жағдай суреттеліп, келе-келе ол «шытнауға», «қақрауға» тиіс те, « .. соның салдары толианған тайталастарға апаратын алауыздыққа көшуі керек» , - дейді. Әрине, осылардың қай-қайсысында да шындық бар: «тынық Дон » ә дегеннен Григорий мен Аксина арасындағы ашналық себеп болған алыс-жұлыстан емес, әншейін өзен көркінен, хутор көріністерінен, балық аулаудан, күнделік қарбаластарынан басталса, «Абай» Құнанбай бастаған қырсық пен қырқысудан емес, дала келбетінен, туған жер тынысынан, шыбынсыз жайлау жазынан басталады. Бірақ осыған қарап қисын құрастырып, шығарма жазудың жолын белгілеп «ережесін» ұсыну, біздіңше, бос әрекет. Біздің айтарымыз – тартыс туралы ойлар.

Тартысты «Абай жолы» эпопиясынан айқын көреміз және мұны автор өзі әдемі айтқан: «Абай кезіндегі қазақ даласында күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыра әлі тереңдегі ескіні мен Құнанбай обрызына жинақтадым. Ал оның баласа Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты - ескі мен жаңаның диалектикалық қарама-қарсылығын,күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болдым. Демек, Құнанбай обрызы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына орыс халқының мәдениеті арқылы еніп келе жатқан, келешегі зор жаңаның жолындағы кедергіні – ескіні көрсеу нәтижесінде туды».

Автордың өзі айтқандай, Құнанбай – күні өтіп бара жатқан көненің, Абай – енді туып келе жатқан жаңаның өкілі болса, тартыс осынау ескі мен жаңаның арасында құрылса, кең көлемдегі керағар қоғамдық мүдделер үшін кескілесе түсетін ап-ашық тұрған екі тап не ақ пен қара секілді екі ұдай әлеуметтік топ емес, екі адам және оның өзінде, бір үйдің ішіндегі туған әке мен бала болып отырған жоқ па? Ал әке мен баланы бүкіл қоғамдық шеңбердегі қарама-қарсылыққа, бір-біріне ымырасыз дұшпандыққа жеткізудің тартыс ретіндегі шым-шытырық күрделілігін өз алдына қойғанда, осыны көркем шығарма көлемінде жұрт иланғандай етіп шебер суреттеп көрсету қандай қиын және мұның өзі жазушыдан қаншалық қан мен терді қажет етеді десеңші!

Осының бәрі – сюжет арқауындағы күрделі тартысты заңды дамытып жатқан көп-көп психологиялық дәлелдің кейбір құпия сырлары ғана; оны және өзге емес, эпопия авторының өзі талдап, тарата түсіндіріп отыр.

Бұдан шығатын қорытынды: сюжеттің жаны мен жүрегі – тартыс.Ал тартыстан сюжет құрап, қалыптастыратын – компазиция.

31. СӨЗ ӨНЕРІНДЕГІ ТЕК ПЕН ТҮР

Әдеби жанр термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады.1) әдебиет-ң тектері –эпос, лирика,драма; 2) әдеби шығарм-ң түрлері –әңгіме, роман, поэма, комедия, трагедия т.б.

Өнер өмірден туады.Ал, өмір күрделі, өмір құбылыстары әр алуан, өмір процесі қиын.Ендеше, өмірден туған өнерде күрделі, әр алуан, қиын.Эпостың, лирика мен дарманың әрқайсысы осынау күрделі, қиын өмірдің өз қажетінен пайда болған. Лирика жеке басқа тән сан иірім сезімгеқұрылса, эпос адам өмірінің кезең-кезеңіне кеңірек қанат жаяды да, драма нақты қимыл әрекеттен өрбіп, өрістейді.

Жанр –даму үстіндегі ұғым.

Эпос-(баяндау деген мағ) -көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі.Өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндіігнше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр. Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр 3-ке бөлінеді:1.шағын көлемді.2.орта көлемді.3.кең көлемді.Қандай эпостық шығарма болсын, бәрібір осынау 3түрдің біріне жатады.

Лирика-әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі,шындықты адамның көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне өлеңмен жазылады.Лириканы саяси, не философиялық лирика, махаббат, не табиғат лирикасы деген секілді санаулы түрге бөліп қарастыруға болады.

Драма-(геркше-қимыл, әрекет) – әдебиеттің үшінші тегі, шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдына қолма-қол көрсететін күрделі жанр.

Әдеби түр-әдеби тек аясындағы поэтикалық құрылымның тұрақты типі.Әрбір әдеби тектің өзіне тән әдеби түрлері бар.Мысалы эпостың негізгі түрлеріне –эпопея, роман, повесть, әңгіме, поэма, лирикаға- лирикалық өлең, лирикалық поэма,жыр, драмаға- трагедия, драма, комедия, т.б жатады.

Новелла-(жаңалық,)- бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымды әңгіме.

Әңгіме- әдемі дүние:жауынгер, ұшқыш,өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, сүйкімді жанр.Шағын көлемді эпик-қ түрдің айрықша асыл үлгісі.

Поэма- өлеңді повесть, өмірде болған, не болуға тиісті күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі,эпикалықне лирикалықсипаттағы өлеңмен суреттеу. М,«Сұлушаш», «Құлагер», «Ескендір» т.б.

Проза-қазақ әдебиетінде кешеңдеу туған, бірақ орасан шапшаң дамыған сала.

Эпопея- эпостың шыңы, оның негізгі қаһарманы- халық,суреттер шындығы-халық басынан өткен кезеңді құбылыстар.

Трагедия- (текенің әні)- құдіретті күш иесі,ғаламат қайсар, ақиық ер де өр тұлғалардың жаратылыстағы, жалпы өмір-тіршіліктегі адам жеңіп болмас асыңқы, асқақ кедергілермен кескілесіне, оның жан дүниесіндегі терең тебіреністерге, өзімен өзінің іштей арпалы астарына құрылған күрделі сахналық шығарма.

Комедия- (күлкілі қызық,ән) – өмірдегі келеңсіз, керексіз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, мінездегі мінді сықақпен сынап, келекеге