- •1. Әдебиеттану ғылымының негізгі үш саласы.
- •2.Әдебиеттану ғылымының мақсат-міндеттері мен зерттеу объектілері
- •3.Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы
- •4. Антикалық дәуірдегі Қайта өрлеу дәуірдегі әдеби эстетикалық ойдың дамуы
- •6.Орта ғасырдағы философиялық-эстетикалық ойлардың ерекшелігі
- •7.Классицизм мен ағарту дәуіріндегі әдеби – эстетикалық ойдың даму тарихына тоқталыңыз.
- •9.Әдебиет пен эстетиканың байланысын сөз етіңіз.
- •10.Әдебиеттің эстетикалық категориялары.Әсемдік пен асқақтық категориясы
- •12. Қазақстандағы әдеби эстетикалық ойдың дамуы
- •11.Орыстың революцияшыл демократтарының әдеби-эстетикалық ой пікірлеріндегі жетістіктерге тоқталыңыз
- •13. Әдебиеттің халықтығы туралы ғылыми пікірлер.
- •14.Ш.Уәлиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегіндегі ғылыми ой-пікірлерді атаңыз.
- •16.Әдебиеттанудағы ғылыми мектептер
- •17.Жазушы шығармашылығындағы көркедік қиялы мен көркемдік ойлаудың қызметіне тоқталыңыз.
- •18.Көркем әдебиеттің образдылығы. Образ жән образдылық
- •19.Көркем образ бен оның түрлері
- •20. Характер мен тип мәселесі
- •21.Кейіпкер тілі, монолог және диалог
- •22. Пейзаж бен портрет жайын сөз етіңіз
- •23.Авторлық баяндау, суреттеу
- •24.Мазмұн мен пішіннің арақатынасы
- •25.Көркем шығарманың тақырыбы
- •26.Өмір шындығы мен көркем шындық
- •27. Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы
- •28. Сюжеттің даму сатылары
- •29.Композицияның сюжеттен тыс элементтері; эпилог пен пролог
- •30.Көркем шығармадағы тартыс.
- •32.Эпикалық жанр және оның ерекшеліктері
- •33.Лирика және оның түрлері
- •34.Драма жанрының табиғаты
- •35.Роман және оның жанрлық түрлері
- •36.Повесть туралы айтыңыз
- •37.Поэма туралы айтыңыз
- •38.Әңгіме мен новелла жайлы айтыңыз.
- •40.Ода мен арнау өлең туралы айтыңыз
- •41.Өлең , оның түрлері
- •42.Өлең құрылысы және оның жүйесі
- •43.Ұйқас және оның түрлері.
- •44.Өлең өлшемі мен ырғағы туралы айтыңыз
- •45.Троп және олардың түрлері
- •46.Метафора мен метонимияның көркемдік қызметі
- •48. Эпитет және оның көркемдік қызметі
- •49.Гипербола мен литотаның көркемдік қызметі
- •50.Тұспалдау тәсілі туралы айтыңыз
- •51.Егіздеу туралы айтыңыз
- •52.Қайталаудың жіне оның түрлері
- •53.Көркемдік әдіс
- •54.Әдеби бағыт пен ағым
- •55.Романтизм әдісі
- •56.Реализм әдісі, оның түрлері
- •57.Классицизм мен сентиминтализм ағымдары туралы
- •58.Модернизм мен постмодернизм
- •59.Стиль туралы ұғым
- •60.Характерді жасау қалай іске асатындығын айтыңыз
57.Классицизм мен сентиминтализм ағымдары туралы
Классицизм (лат. classіcus – ең үлгілі) – 17 – 19 ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт. Әдебиеттегі Классицизм Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің классиклық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Классицизм үрдісіндегі туындылардың тек тақырып, кейіпкерлерді таңдап алуында ғана емес, сонымен қатар қатынасушы адамдардың іс-әрекеттерін суреттеуінде де өзіндік өзгешеліктері бар. Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды “үш бірлікті” сақтай отырып жазу талап етілді: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік – 24 сағат ішінде ғана өтуі керек), орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана өтуі керек), оқиға бірлігі (оқиға бірінен-бірі туындап, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік желіге құрылуы шарт).
Классицизмнің негізгі принциптері
Классицизм ХУІІ ғасырда Италия әдебиетінде туып, француз әдебиетінде кең қанат жайған ағым.
Классицизм теориясының негізінде мәңгілік туралы ілім, әдемілік идеалының кемелдігі туралы түсінік жатыр. ХІХ ғасырда Стендаль «Расин және Шекспир» атты памфлетінде классицизмнің принциптерін терістей отырып, осы ілімді керіге шығарады. Ол әдемілік ұғымының қатыстылығын, өзгермелілігін, тарихилығын дәлелдейді Әдеби жанрлардың да қатаң деңгейленуі (эпопея, трагедия, комедия және т.б.) осы ілімнен туындады. Әрбір жанрдың нақты шекаралары, оның ерекшеліктері көрсетіліп, әрбір жанрға тиесілі тілі мен кейіпкерлері бекітілді (трагедия үшін – биік патетикалық тіл, асқақ сезімдер, батыр тұлғалар; комедия үшін – төмендетілген тірліктегі персонаждар, ауызекі сөйлеу тілі т.б.), себебі классицистердің пікірінше, әрбір жанрдың үлгілі шығармалары әу-баста дүниеге келіп қойған, ал жаңа кезеңдердің еншісі тек (біржола) табылған кемел идеалдардың ізімен жүру.
Классицистік әдебиеттегі көркем образдардың дерексіздігі де осыдан туындайды. Олар сананың қатаң есебінен туындап, онда жалпы, әмбебап, «мәңгілік» қасиеттер суреттелді (мизантроп, сараң т.б.). Классицистер өмір құбылыстарының өткінші, кездейсоқ, дара сипатына қарағанда «мәңгілік», әмбебап, абсолютті жақтарын сипаттауға ұмтылды. Классицистер көркем образ дерексіз схема түрінде емес, шынайы тірі жан ретінде көрінуі үшін даралық, кездейсоқтық сипат керек екенін түсіне бермеді.[1] Сонымен классицизм теориясындағы мәнді бір элемент өнердің тәрбиелік мәні туралы ілім.
Көркем шығарманы тудыру үстінде классицистер өздеріне қаншалықты дәрежеде жамандықты әшкереледік, жақсылықты қаншалықты паш еттік деп сұрақтар қойып отыратын. Классицизмнің ең мықты шеберлері өнердің үйретушілік, дидактикалық принципін жеткілікті көркем тактпен бере алды, ал дарыны аздаулары жалаң уағызға жүгініп, жауыздар мен батырлардың арасын қақ бөліп суреттеді.
Орыс ғалымы Н.А.Жирмунская 1630-1650 жылдардың аралығын драмалық жанрларда классицизмнің принциптерінің әбден орныққан кезі деп көрсетеді.[2] Классицизм теоретиктерінің ойынша сананың қарапайым талаптары сахнадағы оқиғаны жиырма төрт сағат бойына сыйдыруға (уақыт бірлігі), бір орында өтуіне драматургты міндеттейді (орын бірлігі), эстетикалық әсер заңдылықтары драматургтен сюжет сызығының бірлігін талап етеді дейді (әрекет бірлігі). Осыдан келіп орын, уақыт, әрекет – үш бірлік «ережесі» пайда болады.
Француз классицистерінің теоретигі Н.Буало болды. Көпшілік оның алдында құрақ ұшып жүгіріп, оның кекесінді бағасынан, әділ сынынан қорқатын. Алайда сыншы шын дарындарды қадірлейтін. Оның өнер теоретигі ретіндегі зор беделі күллі Еуропада ХҮІІ ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталып романтизм дәуіріне дейін дүркіреп тұрды. Буало француз классицизмі қалыптасып, өз жемісін беріп жатқан уақытта әдеби сахнаға шықты. Ол негізінен ақындардың тәжірибелерін жалпылап, қорытындысын шығарып берді. Классицизм теориясы, оның жетістіктері мен кемшіліктері Буало атымен тығыз байланысты. Н.Буалоның классицизм теориясы жөнінде жазылған еңбегі «Поэтикалық өнер» деп аталды. Буало авторларға «дарын» дегеннің түсіндірмесінен бастайды да, тым алшаққа кетіп трагедияны «қайғыға толы жүздеген өліктермен» толтыра бермеуге, ештеңеге қажеті жоқ майда-шүйдені суреттей бермеуге, тым асқақтап аспанға көтеріліп кетпеуге, тым төмендеп, былғаныш лайсаңға түсіп кетпеуге» кеңес береді.[3] Яғни жазушыларды салмақтылыққа, ұстамдылыққа, мазмұндылыққа, әр нәрсенің шегін, өлшемін сезіне алуға шақырады. «Ақиқаттан асқан әдемілік жоқ» деген Буало сөздерімен келіспеуге болмайды. Жекелеген ақындарға баға беру үстінде де ол нәзік талғам танытады. Саналылық, ақыл, ой әдеміліктің синонимі ретінде қарастырылады. Ақыры «Сананы сүйіңіз, ол сіздің өлеңіңізде өмір сүріп, оған көрік беріп тұрсын» дейді.
Француз классицизмінің бастаушысы Малерб (1555-1628) болды. Малерб мадақ өлеңдер жазатын. Оның өлеңдері салтанатты, қатаң тәртіпке бағынған, біршама суық, сезім шынайылығы жоқ болғанымен, әрқашан мифологиялық атауларға, эпитеттерге бай болатын.
Генрих ІҮ Малербті сарай ақыны етіп, камергер атағын береді. Ришелье оны Францияның қазынашысы етіп тағайындайды. Ақындардың ішінен мұндай жоғары ресми қызметке ие болғандары кем де кем. Малерб те өз жолынан жаңылған жоқ. Ол мемлекет саясатын қолдап, оның ішкі тәртібін мадақтап отырды. Малерб Францияда классицизмге жол ашты, алайда классицизмге атақ пен даңқты оның үш алыбы: Корнель, Расин, Мольер әкелді. Корнель мен Расин француз әдебиетінде трагедия жанрының өлмес үлгілерін қалдырса, комедия атасы саналған Мольер бүкіл әлемге классицистік комедияның үлгісін көрсетті.
Қазақ әдебиетінде Классицизм
Қазақ әдебиетінде Классицизм үлгісі жыраулық поэзияда, Абай, М.Жұмабаев, М.Әуезов, т.б. шығармаларында көрініс тапты.
